Начало формы
Науқас 43 жаста гинекологиялық бөлімшеге субмукозды жатыр миомасы диагнозымен жоспарлы оперативті ем алуға госпитализацияланды. Операция көлеміне қандай фактор әсер етеді//
миоматозды түйіннің локализациясы//
миоматозды түйіннің өлшемі//
темір жетіспеушілік анемия//
+жатыр мойны жағдайы//
жатыр денесінің көлемі
***
Науқас 45 жаста әйелдер кеңесіне етеккірі 1,5 ай кешігуінен кейін жыныс жолдарынан орташа мөлшерде қанды бөліністің болуына шағымданып келді. Қынап арқылы қарау кезінде: жатыр мойны эрозияланған, "қарашық" симптомы (+ +), жатыр ұлғаймаған, тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз, қосалқылары екі жағындада ұлғаймаған, күмбезі терең. Мүмкін болатын диагноз//
ішкі жатыр денесі эндометриозы//
жатырдан тыс жүктілік//
кілегей астылық жатыр миомасы//
+перименопаузальды кезеңдегі дисфункциональды жатырлық қан кету//
жатыр денесінің қатерлі ісігі
***
Науқас 28 жаста ішінің төменгі бөлігінде ауырсынуға, етеккір кезінде және етеккір алдында ауырсынудың күшеюіне, 5 жыл бойы жүктіліктің болмауына шағымданады. Науқас өзін 3 жыл бойы науқаспын деп санайды. Анамнезінде жүктіліктің 5-6 аптасында өздігінен түсік болған. 20 жасында аналық без кистасына байланысты операция жасалған, оң жақ аналық безі резекциясы жасалған. Гистологиялық зерттеу қорытындысын науқас білмейді. Қынап арқылы қарау кезінде: жатыр мойны эрозияланбаған, жатыр орналасуы қалыпты, қозғалуы шектелген, қалыпты өлшемде, ауырсынусыз, оң жақ және артқы жағында ісікті түзіліс анықталады, көлемі 8 х 8 см, тугоэластикалық консистенциялы, аз қозғалмалы, жатырдың беткей артқы бүйір жағына жабысқан, орташа ауырсынумен, сол жақ қосалқылары ұлғаймаған, жыныс жолдарынан бөліністері кілегейлі. Мүмкін болатын диагноз//
түйіннің бірі ішперде астында орналасқан жатыр миомасы//
+оң жақ аналық без эндометриоидты кистасы//
оң жақ аналық без абсцессі//
дисгерминома//
аденомиоздің түйіндік түрі
***
Науқас К., 45 жаста аналық безінің қатерлі ісігі диагнозымен жоспарлы хирургиялық ем жүргізуге стационарға келіп түсті.Науқасқа жүргізілетін ем тактикасы//
комбинирленген антибактериальды және инфузионды терапия//
лапароскоп көмегімен жатырдың оң жақ қосалқыларын алып тастау, кейін гормональды терапия жүргізу//
қынап үстілік жатыр ампутациясы қосалқыларымен//
полихимиотерапия сәулелік терапиямен бірге//
+чревосечение, пангистерэктомия, шарбы май резекциясы, операциядан кейінгі полихимиотерапия
***
Гинекологиялық бөлімшеге оперативті емге аналық бездің эндометриоидты кистасы бар науқастарға оптимальды ем тактикасын анықтаңыз//
Мини-лапаротомия, консервативті миомэктомия//
7 күн бойына антибактериалды терапия, чревосечение әсері болмаған жағдайда оң жақ жатыр қосалқыларын және сол жақ жатыр түтікшесін алып тастау//
+Чревосечение, 6-12 ай бойына гормональды терапиямен жалғасатын, оң жақ аналық бездің резекциясы//
6ай бойына гонадотропин-релизинг-гормоны агонистерін қолданудан әсері болмаған жағдайда, лапароскопияның,оң жақ аналық без резекциясын қолдану//
Лапаротомия, оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау, полихимиотерапиямен жалғасатын сол жақ аналық без резекциясы
***
86
30 жастағы науқас әйелдер кеңесіне 7 жыл бойы контрацепциясыз ретті жыныстық қатынас бола тұра жүктілік болмауы шағымдарымен келді. Алғаш етеккірі 14 жастан, 5-7 күн бойы, 35-45 күн сайын, әлсіз, ауырсынусыз. Қарау кезінде: әйел қалыпты дене бітімімен, тәбетінің жоғарылауы. Қынап арқылы қарау кезінде: сыртқы жыныс мүшелері дамуы қалыпты, әйел типті түктену, жатыр денесі көлемі кішірейтілген, екі жақты жатыр қосалқылары аймағында 3 х 4 х 4 см көлемде тығыз, қозғалмалы, ауырсынбайтын түзіліс пальпацияланады. Функциональды диагностика нәтижесіне сүйенсек, базальды температура монофазалы, кариопикнотикалық индекс 60-70%. Күйеуінің спермограммасы патологиялық өзгеріссіз. Ықтимал диагноз//
+аналық безінің поликистозы//
генитальды инфантилизм//
жыныс жолдарының туберкулезі//
аналық безінің екі жақты дермоидты кистасы//
белгісіз генезді бедеулік
***
Науқас 43 жаста, гинекология бөлімшесіне жатырдың кілегейасты миомасын хирургиялық емдеу үшін келіп түсті. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны гипертрофияланған, деформацияланған, жатыр денесі жүктіліктің 8-9 аптасына сай ұлғайған, тығыз, ауырсынбайды, екі жақты қосалқылары өзгеріссіз, бөліністер кілегейлі.
Операцияның көлемі//
пангистерэктомия//
қосалқыларынсыз жатырдың қынапүстілік ампутациясы//
консервативті миомюэктомия//
+жатыр қосалқыларысыз экстирпациясы//
жатыр дефундациясы
***
Науқас 38 жаста әйелдер кеңесіне ішінің төменгі жағында кезеңді түрде ауырсынуға, әсіресе сол жағында. Етеккір қызметі бұзылмаған.Анамнезінде: екі мерзімінде босану және екі медициналық түсік,асқынусыз. Науқаста қосалқыларының созылмалы қабынуы, амбулаторлы ем алған. Гинекологиялық статус: қынап ерекшеліксіз, жатыр мойны эрозияланбаған, жатыр орналасуы қалыпты, ұлғаймаған., ауырсынусыз.Оң жақ қосалқылары анықталмайды, сол жағында овоид тәрізді, мөлшері 10 х 12 см беткейі тегіс, тугоэластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауырсынусыз, күмбезі терең, бөліністері кілегейлі.Мүмкін болатын диагноз//
созылмалы сальпингоофориттің өршуі сол жақты тубоовариальды түзіліспен//
түйіннің бірі ішперде астында орналасқан жатыр миомасы//
+сол жақ аналық без кистомасы//
аналық без қатерлі ісігі//
сол жақ аналық без эндометриоидті кистасы
***
Науқас М, 38 жаста сол жақ аналық без кистомасы диагнозы қойылды. Амбулаторлы жағдайда қандай қосымша әдістерді жүргізу қажет//
ішкі жыныс мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі//
асқазан және ішек рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеу жүргізу//
кеңейтілген кольпоскопия//
+диагностикалық лапароскопия//
барлығы дұрыс
***
Науқас 26 жаста гинекологқа сүт бездерінің дөрекіленуімен, ауырсынуына, аяқ балтырының және бетінің ісінуіне, ішінің үрілуіне және тершеңдікке, ашушаңдыққа шағымданып келді.Науқас өзін 3 жылдан бері науқаспын деп санайды. Көрсетілген шағымдар етеккір циклының екінші фазасында басталып, кезекті етеккір циклының келуімен басылады. Жылдар бойы симптом ауырлығы жоғарыламайды. Гинекологиялық қарау кезінде: патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Осы жағдайда предменструальды синдром түрін анықтаңыз//
цефалгиялық//
нервті-психикалық//
криздік//
+ісіктік//
атипиялық
***
Конец формы
Начало формы
Аналық без поликистозы диагнозымен науқастарда қандай қосымша зерттеу әдістері қолданылады//
аналық без биопсиясымен лапароскопия және хроматосальпингоскопия//
жатыр қуысы қабырғасымен жатыр мойны кілегей қабатын диагностикалық бөліктік қыру гистероскопиямен және биоптаттармен гистологиялық зерттеу//
ішкі жыныс мүшелерін трансвагинальды ультрадыбыстық сканирлеу//
қандағы ФСГ, ЛГ, тестостерона деңгейін анықтау//
+жоғарыда аталғандардың барлығы
***
Предменструальды синдром ісіктік түрінде қандай қосымша зерттеу әдістері қолданылады//
гормональды, функциональды диагностикалық тестпен қоса//
маммография//
бүйрек шығару қызметін зерттеу//
+жоғарыда аталғандардың барлығы//
науқасқа қосымша зерттеу әдістері қажет емес, себебі қойылған диагноз күмән келтірмейді
***
Предменструальды синдром ісіктік түрінде қандай ем қолданылады//
диетотерапию тұз, сүт, сұйықтықты шектеумен//
физио- және бальнеотерапия//
психотерапия//
комбинирленген эстроген-гестаген препараттарын етеккір циклының 5- 25 күндері тағайындау//
+жоғарыда аталғандардың барлығы
***
94
Әйел 46 жаста қан кету сипатта ретсіз етеккір циклына байланысты жатыр қуысы қабырғасымен жатыр мойны кілегей қабатын диагностикалық бөліктік қыру жүргізілді.Осы клиникалық жағдайда эндометрийдің қандай өзгерісі болуы мүмкін//
+безді – кистозды гиперплазия//
полипоз//
атипиялық гиперплазия//
эндометрий атрофиясы //
жатыр мойны қатерлі ісігі
***
Науқас 24 жаста гинекологиялық бөлімге біріншілік бедеулік диагнозымен госпитализацияланды. Анамнезінен : тұрмыста 3 жыл. Жұбайы тексерілген-сау. Етеккірі ретті, аз, ауырсынусыз. Базальды температура екі фазалы. Қынап арқылы зерттеуде: жатыр орналасуы қалыпты, ұлғаймаған, қозғалысы шектелген,қосалқылары екі жақта қалыңдаған,пальпацияда сезімтал. Күмбезі терең. Бедеулік генезі мен диагнозын анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек//
хромосальпингоскопиямен лапароскопия//
туберкулинді сынама//
трансвагинальды эхография//
+бөліктік диагностикалық қыру гистероскопиямен//
гормональды терапия
***
Науқас 40 жаста әйелдер кеңесіне жыныс жолдарынан кілегейлі-іріңді бөліністермен, қатынас кезінде қанды бөліністерге шағымданып келді. Етеккір қызметі бұзылмаған.Анамнезінде: екі босану және 9 мед. түсік. Екінші босану оперативті босану акушерлік қысқыш салумен, жатыр мойнының жыртылуымен асқынған. Босанудан кейін цервицит, жатыр мойны эрозиясы анықталған. Диатермокоагуляция жасалған. Қынап арқылы зерттеуде: жатыр мойны эрозияланған, гипертрофияланған, босанудан кейінгі жыртылысқа байланысты деформацияланған. Сыртқы ернеуі ашық, жатыр мен қосалқылары ерекшеліксіз. Күмбезі бос. Кеңейтілген кольпоскопияда көп мөлшерде ашық және жабық бездермен кең трансформация аймағы анықталады.Алдыңғы ернеуінде эктопиялық аймақ, 12 сағатта лейкоплакия.Осы науқаста қандай қосымша зерттеу әдістері қажет// +жатыр мойнының қынаптық бөлігінің беткейінен цитологиялық жұғынды зерттеу//
жатыр мойны өзегі бөлінісінен тереңдетілген бактериологиялық және вирусологиялық зерттеу //
жатыр қуысы қабырғасымен жатыр мойны кілегей қабатын диагностикалық бөліктік қыру мен биопсия//
қандағы ісік маркерлері құрамын анықттау (СА 125)//
гистероскопиялық зерттеу
***
Науқас, 32 жаста предменструальды синдромның ісіктік түрі диагнозы қойылды.Осы аурудың мүмкін патогенитикалық даму механизмі//
етеккір циклінің екінші фазасында прогестерон өңдірілуінің төмендеуі, салыстырмалы гиперэстрогенді//
ренин-ангиотензин-ангиотензиноген ІІ жүйесіндегі бұзылыс//
транзиторлы гиперпролактинемия//
гиперпростагландинемия//
+жоғарыда аталғандардың барлығы
***
Науқас Ш., 48 жаста ыстық құйылуға шағымданады.Осы симптомның мүмкін патогенитикалық даму механизмі//
люлиберин бөлінуінің жоғарылауы және осыған байланысты лютеотропиннің жоғарылауы//
орталық терморегуляция бұзылысы//
+эстроген жетіспеуіне байланысты гипоталамуста катехоламин алмасуының бұзылысы//
вегетативті жүйке жүйесінің эрго- және трофотропты бөлігінің дисфункциясы//
жоғарыда аталғандардың барлығы
***
Науқас П.-да жатыр мойнының қандай патоморфологиялық өзгерісі болуы мүмкін, Кеңейтілген кольпоскопияда көп мөлшерде ашық және жабық бездермен кең трансформация аймағы анықталады.Алдыңғы ернеуінде эктопиялық аймақ, 12 сағатта лейкоплакия//
+көп қабатты жалпақ эпителийдің базальді және парабазальді қабатының аздаған немесе айқын пролиферациясы (базальды клеткалық белсенділік) ядролық цитоплазматикалық бұзылыс ядро жағына қарай, акантоз, базальды мембрана қатынассыз//
көп қабатты жалпақ әпителийдің беткей клеткасының гипер және паракератозы, акантоз, лейкоцитарлы-лимфоцитарлы строма инфильтрациясы//
жалпақ клеткалы мүйізделмеген жатыр мойны қатерлі ісігі//
жатыр мойны қынаптық бөлігінің цилиндрлі эпителийінің аздаған дисплазиясы//
жоғарыда аталғандардың барлығы дұрыс емес
***
Науқас 46 жаста әйелдер кеңесіне көп мөлшерде ұзақ етеккір циклына ,әлсіздікке, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінде : екі мерзімінде босану,5 мед. түсік, жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуы. Соңғы 6 жылда жатыр ішілік спираль болған, бір жыл бұрын алып тастаған. Өзін 6 айдан бері аурумын деп есептейді.Дәрігерге қаралмаған. Қарау кезінде: тері қабаты ақшыл қызғылт түсті,тамыр соғысы 78 рет минутына, ырғақты.АҚҚ 125/80 мм.сб.бб. Гемоглобин 80г/л. Қынап арқылы зерттеуде: жатыр мойны эрозияланбаған.Жатыр денесі жүктіліктің 6-7 аптасына сай ұлғайған, дөңгеленген, қозғалмалы, ауырсынусыз.Қосалқылары екі жақты анықталмайды, ауырсынусыз. Күмбезі айқын, параметрий бос.Жыныс жолдарынан кілегейлі бөліністер. Жоғарыдағы клиникалық белгілер қандай гинекологиялық ауруға тән//
бір түйіннің кілегей асты орналасуымен жатыр миомасы//
жатыр денесінің ішкі эндометриозы//
созылмалы эндометрит//
+пременопаузальды кезеңдегі дисфункциональды жатырлық қан кету//
жоғарыда аталғандардың барлығы дұрыс емес
