- •Тақырыбы: Терінің анатомиясы. Тері бөртпелерінің біріншілікті және екіншілікті морфологиялық элементтері. Патогистология.
- •Эпидермис.
- •Меншікті тері- дерма.
- •Теріасты май қабаты
- •Терінің қанайналым жүйесі.
- •Терінің лимфа жүйесі
- •Терінің жүйке- рефлекторлы аппараты
- •Терінің безді аппараты.
- •Шаштар.
- •Терідегі негізгі патологиялық бұзылыстар
- •Әдебиет:
- •Қорытынды сұрақтар.
- •5. Әдебиет:
- •6. Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы:Акне. Этиологияcы, патогенезі, клиникасы, диагностика, емі.
- •5. Әдебиет
- •6. Қорытынды сұрақтры:
- •Тақырыбы: «Тері типтері. Тері жағдайын инвазивті емес әдістермен анықтау».
- •Дәріс тезистері:
- •Терінің жағдайын бағалаудағы инвазивті емес әдістер.
- •5. Әдебиет:
- •6. Қорытынды сұрақтары
Терінің безді аппараты.
Май бездері.
Май бездері сөл бөлу қасиетіне қарай голокринді, яғни май бездерінің сөл түзілуі физиологиялық дегенерация мен май бездері жасушаларының ыдырауымен байланысты.
Май бездері табан және алақан мен табаннан басқа барлық теріде орналасқан. Май бездері негізінен шаш фолликулаларымен байланысты және шаш фолликуласына өзінің қысқа шығарушы түтігін ашады. Тағы да тері беткейіне(бет, жыныс мүшесінің басы, сүт емізігі) ашылатын шығарушы түтігі бар бездер бар. Май безінің сөлі тері майы.
Май безінің сөл бөлігі біртипті. Перифериялық бөлімде бірнеше сөл бөлу жасушалары орналасқан. Цитоплазма ұяшықтарында май болады.Секретті жасушалар шығарушы түтікке жақындағанда шекаралары анық емес, май бөлшектерінің мөлшері үлкейеді, ядросы бозарады, цитоплазма құрылымы біркелкіленеді, без саңылауы бөлінеді.
Тер бездері
Секреция механизмі бойынша бойынша тер бездерін 1. Эккринді немесе бөлуші, секреция элементтерінің өлуінсіз жүреді.
2.апокринді, голокринді тип, сөл бөлу кезінде секреторлы жасушалар бұзылады.
Тер бездері қарапайым түтікті без, рефлекторлы сөл бөледі және терморегуляцияда маңызды. Адам терісінде 3млн. аса кездеседі. Сөл бөлуіне қарай эккринді және апокринді болып бөлінеді. Эккринді бездерде секреция кезінде жасушалар сақталады, ал апокринді –жоғарғы бөлігінің жасушалары бұзылып, секретке айналады. Тәулігіне тер бездері 300 ден 800 мл ге дейін, ал физикалық жаттығу кезінде 1 литр тер бөледі.
Эккринді немесе мерокринді бездер еріннің қызыл қиюлары, кіші жыныс бездерінің терісі, жыныс мүшесінің басы және шеткі салдан басқа терінің барлық жерінде кездеседі.
Әсіресе алақан, табан, маңдай, сүт безі, іш терілерінде көп. Олар дерма мен теріасты май қабаты шекарасында орналасқан соңғы бөлімнен және шығарушы түтіктен тұрады.Соңғы бөлімі бір қабатты кубты немесе призмалы жасушалармен көрінетін спиральді оралған шумақшаларды ұсынады.
Ашық және қоңыр түсті экзокриноциттерді бөледі, ашық гликоген, қоңыр- сиаломуциннан тұрады. Гистиохимияда оларда РНҚ, қышқыл фосфатаза, аминопептидаза анықталады.
Эккринді бездің соңғы бөлімі базальді мембранамен оралған.Без түтігі дермальді және эпидермальді бөлікке ие, ол тер шыңына ашылады.Дермальді бөлігі базальді мембрана деңгейінде жатады және кубты эпителийден тұрады. Эпидермальді бөлігі бір қатарлы ішкі және көп қатарлы сыртқы жасушалардан тұрады. Бұл қатардың құрылымы ерекше құрылысты, тонофиламенттермен ерекшеленеді, беткейге жақындағанда кератиносома және кератогиалинді гранулалар пайда болады.
Жыныс бездерінің қызметі жыныс бездерімен байланысты, сондықтан жыныстық жетілуге дейін ол жетілмеген, ал қарттарда қызметі керісінше төмендеген.Апокринді тер бездері қолтық шұңқырларында, артқы өтіс аймағында, кіндік аймағында, шап және маңдайда орналасады.
Бұл бездер де соңғы бөлім, дермальді және эпидермальді түтік бөлігінен тұрады.
Шаштар.
Шаштардың бірнеше түрін бөледі:1. Ұзын(бастың шашты бөлігі, сақал, мұрт, қолтықасты шұңқыры, шат, жыныс мүшелері).
2.қылшықты(қас, кірпік)
3.мамықты(бет, дене, шеткі бөлімдер)
Шаш өзектен, теріден көтеріліп тұратын(шаштың бос бөлігі), және дерманы қоршаған түбінен тұрады.Шаштың ең терең кеңейген бөлігін шаш баданасы деген атқа ие, ол шаш өсуін қамтамасыз етеді.
Шаш түбі мен баданасы дәнекер тінді қалтамен қапталған дермада орналасқан ерекше эпителиальді қалтадан тұрады, ол шаш фолликуласы деп аталады. Шаш фолликуласы цилиндр формалы жіне өздігінен кеңейіп тері бетіне ашылады, оны шаш фолликуласының шұңқыры дейді, ол шаш өзегіне оңай өтеді.
Шаш баданасы үнемі бөлінуші және көп мөлшерде пигменттен тұратын полигональді жасушалардан тұрады.
Шаш өзегі кератинирленген жасушалардан тұрады. Шаш түбі 3 қабаттан тұрады: милы, қыртысты, кутикула.
Милы зат тек ұзын шаштарда болады және мүйізделетін жасушалар, ядро қалдықтарынан тұрады.Қыртысты зат- шаштың негізгі бөлігін құрайды, ұршық тәрізді мүйізгекті жасушалардан құралып, көп көлемде пигментке ие. Шаштың кутикуласы мүйізгекті пластиннен тұрады және пигмент болмайды.
Шаш фолликуласының дәнекертінді фолликуласы аз мөлшердегі эластикалық және аргирофильді талшықты жұмсақ дәнекер тінінен тұрады. Шаш фолликулалары көп мөлшерде жүйке аяқшаларымен қоршалған.
Шаш бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады, ол жиырып шашты көтереді, май бездері қысылып тері майының бөлінуіне әкеледі.
