- •Жарнама.
- •Табыс қайдан келеді?
- •Экономика
- •Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз. Тапсырма №3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
- •1.«Үнем» түбірлес сөздерді жиі естиміз.
- •Экономиканы білу-пайда.
- •(Три важнейших вопроса экономики)
- •(Сущность теневой экономики)
- •Маркетинг-бизнестің өзегі (Маркетинг-стержень бизнеса)
- •Экономикаға қатысты терминдер
- •Нарықтың жүрегі-ақша.
- •Ақшадан қажет не?
- •Қаржы нарығы: оның мәні мен құрылымы (Финансовый рынок: его значение и структура)
- •Нарықтық экономика.
- •(Налоговая система рынка)
- •Нарықтың түрлері.
- •Сұраныс пен ұсыныс
- •Нарықтың инфрақұрылымы (Инфраструктура рынка)
- •Нарыққа қатысты қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер ( Крылатые слова, пословицы и поговорки, имеющие отношение к рынку)
- •Қазақ мақалдары
- •Инфляцияның түрлері (Виды инфляции)
- •Мазмұны
- •Икапова Дана Сарқытқызы
- •2014Жылы баспаға жіберілді
- •050043, Алматы қ-сы, Рысқұлбеков к-сі,
Табыс қайдан келеді?
Еңбектің де түрі көп, табыс табу, табыс жасауды әркім әрқалай түсінеді. Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жетеді. Табыс табу, пайда болу-ол да үлкен өнер, үлкен еңбек. Себебі табыс жасау халықтың тұрмыс-дәрежесін көтереді.
Әрбір өнеркәсіптің қарапайым жұмысшысынан бастап директорына дейін өздерінің еңбектерінің табыс әкелуін ойлау керек. Табыс көбейген сайын өнеркәсіптің жағдайы жақсарады, жалақы көбейеді, тұрмыс көтеріледі.
Кез-келген өндіруші еңбектенгенде, біріншіден, пайдалы өнім шығаруда ойланады, екіншіден, табыс әкелуді ойлайды.
Әр өнім бағасы неден тұрады, оны ескерсек, ол бағада өнім үшін кеткен шығындар, жалақы, қосымша табыс бар. Егер өндірісте табыс болмаса, мемлекет қалай көтеріледі. Өнімді шығаруға кеткен шығындар табыс әкелмейді, табысты еңбек әкеледі. Табыс тек өндірісте болады.
Ал өндіріс берген өнімді сату үшін сатушылар шығады. Сатушыға да пайда керек. Өндіруші сатушы үшін де табысының кішкене бөлшегін бөледі. Өндіруші өзінің тауарының өткендігін ойлайды. Ал сатушы нарықты зерттей отырып, қай өнім өтімді соны алады.
Тапсырма№1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Баға-цена
Ескеру-учитывать
Еңбек-труд
Еңбекқор-трудолюбивый
Еңбектену-трудиться
Жұмысшы-рабочий
Жалақы-заработная плата
Жету-достигнуть
Зерттеу-исследование, изучение
Көбею-увеличиваться
Көтеру-поднять
Қабілетті-восприимчивый
Қарапайым-простой, примитивный, скромный
Мемлекет-государство
Өнеркәсіп-промышленность
Өнер-искусство
Өтімді-ходовой
Өндіруші-производитель
Өнім-продукция, выработка
Пайда-прибыль
Табыс-доход
Тұрмыс дәрежесі-уровень жизни
Тапсырма№2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма№3. Сөйлемдерді мәтінге сүйеніп, толықтырыңыздар.
1.Табысқа ... ғана жетеді.
2.Табыс табу бұл...
3.Табыс көбейген сайын... көбейеді, ... көтеріледі.
4.Кез-келген өндіруші еңбектегенде табыс әкелуді...
5.Табысты...әкеледі.
6.Өнімді сату үшін... керек (шығады).
7.Сатушыға да ... керек.
Тапсырма№4. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
1.От простого рабочего завода до директора
2.Любой производитель думает о прибыли.
3.Доход приносит труд.
4.Доход бывает только в производстве.
5.Чтобы продавать продукцию нужны продавцы.
6.И продавцам, и производителю нужна прибыль.
7.Продавец старается продать ходовой товар.
Тапсырма№5.Грамматиканы еске түсірейік.
«Үшін» септеулік шылау.
1.Табыс табу үшін.
2.Жалақы үшін жұмыс істеу.
3.Пайда үшін сату.
Тапсырма№6.Қазақ тіліне аударыңыз.
1.Чтобы продавать продукцию нужны продавцы.
2.Производитель для продавца создает условия.
3.Для производителя важна прибыль.
4.Чтобы доход был больше, нужно хорошо работать.
5.Чтобы иметь прибыль производители выпускают ходовой товар.
Практикалық сабақ №7.
Тауар
Біз күнделікті тіршілікке қажетті заттарды базардан, дүкеннен сатып аламыз. Міндетті түрде түріне, түсіне, сапасына, бағасына қарап, әрине, сапалы, арзан зат сатып алуға тырысамыз. Мұндай сатылатын және сатып алынатын заттарды тауар дейді.
Сонымен, құны бар және қоғамда айырбас, сатып алу-сату жолымен бөлінетін еңбек өнімін, сол сияқты қажеттілікті қанағаттандыратын және рынокқа жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын заттарды тауар дейді.
Тауар тұтыну мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тартымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, т.б. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Әрбір тауардың тұтынушылық құны, адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады.
Тапсырма №1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз:
Зат-вещь, предмет
Түс-цвет, сон, сойти, обеденное время
Сапалы-качественный
Айырбас-обмен
Құны-цена
Қолайлы-удобный
Кепіл-залог
Құжат-документ
Тұтынушылық-потребительский
Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Қажетті заттарды қайдан сатып алуға болады?
2.Заттарды сатып аларда неге назар аудару керек?
3.Қандай заттарды тауар дейді?
4.Әр тауардың несі болады?
Тапсырма №4. Грамматиканы еске түсірейік:
Барыс септік (Дательный падеж)
Сұрақтары: Кімге? Неге? Қайда?
Мәтіннен Барыс септігінің жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыздар.
Тапсырма №5. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар:
Качественный, дорогая вещь, цена товара, обратить внимание покупателя, в целях потребления, каждого товара, документы человека.
Практикалық сабақ №8.
