Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция тезисі Бух есеп аудит.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3 . Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы

Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы.

Аудиттің стандарттары мен нормалары аудит жүргізілетін субъектілермен аудиторың жұмысын және біліктілігін қарап тексеруде жетекшілік нысана (бағыт) ретінде қолданылады.

Мұндай кәсіби стандарттарды құрастырумен халықаралық деңгейде 1977 жылы құрылған Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (ХБФ) кеңесімен негізі қаланған Халықаралық аудиторлық тәжірибе бойынша Комитет шұғылданады.

Халықаралық бухгалтерлер федерациясына қазіргі таңда 92 елден 129 ұлттық бухгалтерлік ұйымдар кіреді. 2000 жылы Қазақстан осы федерацияға мүше болып кірді.

Аудиторлық қызметтің халықаралық стандарттары 4 бөлімнен тұрады :

  1. Негізгі постулаттар – бұл аудиторлық қызметтің стандарттарының жалпы негіздерін құрайтын қажетті шарттар, логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға ой пікірін қалыптастыру және есептерді толтыру үшін схемалар ретінде қызмет етеді. Атап айтқанда қандай жағдайда, қай жерде нақты стандарты қолдануға болмайды.

  2. Жалпы стандарттар – бұл аудитордың алдында тұрған міндеттерді тиімді және кәсіби орындау үшін қажетті анықтау сапасы және мамандық дәрежесі.

  3. Жұмыс стандарттары – аудитордың жұмысын жоспарлаудың қажеттілігі туралы ережелер (нұсқаулар), ішкі бақылау жұмысын зерттеу және бағалау.

  4. Есеп берудің және аудиторлық есептің стандарттары – аудиттің барысында нақты қай қаржылық есеп беру тексерілетіндігіне, тиісті ережелер, қаржылық есеп беру жалпы қабылданған ережелерге сәйкес толтырылған ба. Қорытындыда қаржылық есеп берудің бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкестігі көрсетілуі тиіс.

Аудитті жүргізудің халықаралық стандарттары кәсіби деңгейі жалпы әлемдік деңгейден төмен елдерде мамандықты дамытуға мүмкіндік береді.

Әр елде халықаралық стандарттар әртүрлі қолданылады. Ол бұл стандарттардың іс жүзінде қолдану мүмкіндігіне байланысты бірнеше топқа бөлінетіндігінде :

- стандарттардың бірінші тобы - өте тез, түгел және толық қабылданатын стандарттар;

- екінші тобы – бұл мақұлданатын және аздаған өзгертулер енгізіліп барып қабылданатын стандарттар

- үшінші тобы – бұл енгізу үшін талдауды және тиісті экономикалық, саяси басқа да шарттарды ескере отырып толық өзгетуден кейін қабылданатын стандартар

- төртінші тобы - бұл осы елде дамудың тарихи тенденқияларына және ұлттық психологиясына байланысты пайдаланылуы мүмкін емес стандарттар.

Қазіргі таңда аудиттің халықаралық стандарттар жүйесі 9 топқа жинақталған 36 стандарттан және 10-шы топқа кіретін 10 ережеден (положений) тұрады. Аталған 9 топ келесідей :

  1. Кіріспе аспектілер

  2. Жауапкершілік

  3. Жоспарлау

  4. Ішкі бақылау

  5. Аудиторлық дәлелдеулер

  6. Басқалардың жұмысын пайдалану

  7. Аудиторлық қорытынды есепті ұсыну

  8. Арнайы аймақтар

  9. Ілеспе қызметтер

Аудиттің стандарты және нормативтері деп «аудит принциптерінің талабына сәйкес аудит қызметін жүргізуге белгіленген ереже нұсқауларды» айтады. Сол ереже-нұсқаулар аудиторға өз жұмысын ұйымдастыруға, аудит әдістерін анықтауға әртүрлі шаруашылық жағдайларына орынды баға беруге, аудитор қорытындысын жасауға негіз болады. Себебі аудиторлар сол стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес жұмыс істеу үшін үздіксіз өздерінің біліктілігін, мамандықтарын жетілдіріп, ізденіп, оқып қажет болса ғылыми зерттеу жүргізіп отыруды қалыптастырып өзінің мазмұнына және арналған мақсатына сәйкес аудит стандарты үш топқа бөлінеді:

1) жалпы стандарттар

2) жұмыс стандарты

3) ақпарат стандарты

Жалпы стандарттар мазмұны аудитор мамандығын, іскерлігін, мамандық сапасын, мамандықпен өз міндетін атқару, мақсатына жету жолындағы аудитордың мамандық бейнесін құрайды.

Аудитор жалпы стандарттар тұрғысынан қойылатын талаптар мен міндеттері мамандық, қызметкерлік, дербес тәуелсіздігі мен объективтігі; аудит қызметіне дайындық деңгейі, мәлімет жинау, ақпарат жасау, қызмет көрсету барысында түсініктеме беру.

Жалпы стандарттың аудитке қоятын үлкен талабының бірі – ол дербес тәуелсіздігі. Аудитор өз қызметін белгіленген бағдарламасы бойынша жүргізеді, оның тәуелсіздігі аудит қызметі заңының талабына сәйкес жоғарыда айтылған аудит принциптеріне негізделген, аудит әдістеріне сәйкес өз құқысына сүйене отырып аудиторлық тексеру жүргізеді.

Сондықтан да ешкім, ешқандай мемлекет құрылымы аудит фирмасына өз тарапынан заңсыз шешімін өзгертуге, аудитордың қызметіне немесе оның аудитор қорытындысына ешқандай әсер ете алмайды.

Сонымен қатар аудитор тәуелсіздігі тапсырушылармен жасалған келісім шарт талабына сәйкес, ол тексеруге қажет мәліметті түгелдей талап етіп алуға құқысы бар. Қаржы төлем жағынан да ешқандай тәуелділігі жоқ. Тапсырушы келісім шарт бойынша анықталған төлемді сөзсіз төлеуге міндетті.

Аудитордың қызметкерлік деңгейі жоғары болуы қажет. Тексерулер жүргізу үшін аудитор жан жақты білімді болуы қажет: бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды, мәліметті заң ғылымын, қаржы саласының ғылыми-практикалық ағымын, салық есебін тағы басқа білім саласынан біліктілігі жоғары болуы қажет.

Жұмыс стандарты дегеніміз – ол аудит қызметін жүргізу үшін дайындалған ереже-нұсқаулар жинағы. Оған жататындар: аудит қызметін жүргізу жоспары, бақылау әдісі мен бағдарламасы, мәліметтер жинау жүйесі, ішкі бақылау жұмысына баға беру.

Аудиттің негізгі мақсаты – оның жаппай тексеру жүргізу арқылы негізгі міндетін орындау, аудиторлық қорытынды жасау болса жұмыс стандарты сол аудит проқесінің барлық ағымына қажет әдіс жолын анықтайтын аудит құралы. Жалпы аудит қызметінің нәтижесі жұмыс стандартын тиімді қолданған жағдайда жоғары нәтижелі болады.

Аудит қызметінде ерекше орын алатын стандарттың ең соңғы сатысы ол- қорытынды жасау, немесе ақпарат стандарты.

Шаруашылық субъектілерінің, белгілі бір уақыт кезеңіндегі өндірістік немесе коммерқиялық шаруашылығының нәтиже көрсеткіштері өткен уақытқа сәйкес (айлық, тоқсандық, жылдық) қорытынды жасалынып бір жүйеге келтіріледі. Мысалы, өндірістік кәсіпорынды.

Қазіргі кезде дүние жүзінде экономикалық интеграқия қалыптаса бастаған кезде, дүние жүзіліктік шаруашылық, кәсіпкерлік өзара тығыз байланыста дамитын болғаннан кейін олардын арасындағы есеп, аудит жұмысы да барлық елде бірдей жүргізілуі объективтік жағдай.

Халықаралық аудит стандартын және нормативтерін халықаралық аудит қызметінің қасиеттерімен, халықаралық бухгалтер федерациясы анықтайды, тек қана барлық елде аудит жұмысы бір бағытта жүргізілуіне бағыт береді. Олар барлық елде бірдей түрде, үлгіде қолданылады деп айтуға болмайды. Себебі, әр елдің экономикалық деңгейі, даму бағыты әртүрлі. Оған қоса аудит жұмысына әр елдің саясаты, шаруашылық ерекшілігі өзінің талабын қояды.

Халықаралық қалыптасқан тәртіп бойынша аудит нормативтері төрт топқа бөлінеді:

Бірінші топта – бірден, толығымен қабылданатын аудит нормативтері

Екінші – қабылданатын нормативтер, бірақ аздаған өзгерістер жасаумен

Үшінші топ – толық қарастыруға жататын, қабылдау үшін арнайы талдау жасау арқылы жүйеге келтіріп қабылданатын нормативтер

Төртінші топ - әр елдің экономикасының ерекшелігіне сәйкес қабылдауға болмайтын нормативтер.

Мысалы, 1т – Каир, Малайзия, Нигерия халық. нормативтер –ұлттық деп саналады. Канада, Ұлыбритания, АҚШ-та өздерінің ұлттық стандарты бар, Австралия, Бразилия, Голландия – халықаралық стандарт база ретінде алынып, ұлттық қабылдайды.

Аудит қызметінде, барлық елдерді міндетті түрде қолданылатын әлементтер бар: қарастыру, бақылау, талдау, іздестіру, анықталған фактілерді дәлелдеу. Сонда да әр елдерде жүргізілетін аудит қызметінде сол елдің шаруашылық ерекшелігіне байланысты өздеріне тиімді әр түрлі әдістер қолданылуы мүмкін.

Әр елде аудит стандарты халықаралық аудит нормативтерінің үлгіміне барынша жақын болуы қажет. Сондықтан олар келесі принциптерді сақтауы қажет.

1) тәуелсіз дербестік -әрбір аудит стандартты аудит қызметі барысында тәуелсіз дербестігін қамтамасыз етуі қажет. Сырт жағынан тәуелсіздіктің әсер етуіне жол бермеуі қажет.

2) объективтілік –нормативті құжаттарға сүйене отырып, тиісті құжаттармен дәлелдеу жасауы арқылы қамтамасыз етіледі. Сол құжаттар арқылы бухгалтерлік есеп көрсеткіші дәлелденеді де аудит тексеруінің объективтілігі анықталады.

3) толықтылық – аудит қызметі өзінің негізгі мақсатын орындау үшін, тексеруді толық қамтамасыз ету үшін өзіне қажет барлық шаруашылық әрекеттерін құжаттар арқылы анықтайды.

4) дәлелдік – аудит қызметі барысында анықталған күдіктілік, сенімсіздік немесе қылмыс анықталған болса оны аудитор тапсырушымен келісе отырып шешім қабылдайды.

Аудитордын негізгі мақсаты – тапсырушыға анықталған фактілерді дәлелдеп, оған толық түсініктеме беру. Аудитор фактілерге сүйене отырып қылмыстарды сотқа немесе тіркеуге беру мақсатын қоймайды. Ондай шешімді тапсырушы қабылдайды, ал аудитор тек қана сол фактілерді дәлелдейтін құжаттар жасап береді.

Барлық елдерді аудит қызметінің қажетті деп танылған талаптары ол –сол елдің заңына және нормативтік құжаттарына, ереже-нұсқауында анықталған тәртіпке сай бухгалтерлік есептің және әдісінің мүлікті бағалау жолының , есеп айырысу тәртібінің, ақпарат жасауының орындалуы.

Қазіргі кезде ҚР аудиторлар палатасының арнайы комиссиясы халықаралық бекітілген нормативтер мен стандарт үлгісіне сүйене отырып ҚР-ның ұлттық аудит стандартын дайындайды. 1995 ж. 20-21 шілде айында өткен республикамыздың аудитор Палатасының конференқиясында ұсынылған 28 ұлттық стандарттын 12-сі қабылданды:

1.Қаржы ақпаратының аудиті, оның мақсаты мен принциптері

2.Аудит жүргізу талабы (хат-міндеттеме)

3.Аудит қызметін сапасын бақылау

4.Құжаттау

5.Аудиттің қаржы ақпаратын тексергені туралы анықтамасы

6. Қаржы ақпаратының аудиттін тексеру жасағандағы заңдылықты және нормативтік тәртіпті сақтауы

7. Ақпарат – жоспар

8. Тапсырушының кәсіпкерлігін білу

9.Ішкі бақылау және күдіктілікті бағалау

10. Аудитор дәлелділігі

11. Бірінші аудиторлық тексеру. Тексеру алдындағы қалдық

12. Кәсіпорын басшысына берілетін мәлімет

Қабылданған «ҚР-ғы аудиторлық қызмет туралы» заң және осы жоғарыда келтірілген ұлттық аудит стандарттары еліміздегі аудит қызметінің дамуына, бір жүйеде жүргізілеуін қамтамасыз етеді.

4. Аудиторлар этикасы кодексі. Аудиторлық қызметтің этикалық нормалары

Аудиторлық қызметтің негізгі мақсаты - өте жоғары деңгейдегі аудиторлар арқылы аудиторлық қызмет көрсету. Мұндай қызмет көрсету үшін тек білікті маман болып қана қоймай, өте мәдениетті, әдепті, ұқыпты, адал Адам болуы қажет. Этика – грек сөзі, аударғанда «нағыз әдепті, тиянақты, текті кісі» деген мағынаны білдіреді.

Аудиторлар этикасы Кодексі Халықаралық бухгалтерлер федерациясымен дайындалған. Осының негізінде Қазақстан республикасы Аудиторлар Палатасы, аудитор мамандығының жауаптылығын ескере отырып аудиторлар этикасы кодексін бекітуге шешім қабылдады. Бұл Қазақстандық этика Кодексі – аудиторлар мінез-құлық (тәртібі) стандарттары : жалпы мақсатқа жету үшін аудиторлармен сақталатын ең басты принциптерді анықтайды.

Аудитор кәсібінің мақсаты – барынша тиімді деңгейге жету үшін жоғары кәсіпқойлық нормаға сәйкес жұмыс істеу. Бұл негізгі төрт талапты сақтауды қажет етеді :

  1. Дұрыстық

  2. Кәсіпқойлық

  3. Қызметтің сапасы

  4. Сенім

Аудитор мамандығының ерекшелігі – ол оның қоғамның алдында жауап беретіндігінде, пайдаланушыларға қажетті ақпаратттың дұрыстығының кепілі ролін атқаратындығында. Ол қоғамдық мүддені бәрінен жоғары қоя отырып, жеке ұйымдардың қажеттілігін қанағаттандыруға тиіс.

Мақсатқа жету үшін аудитор ҚР Аудиторлар Палатасымен қабылданған «Аудиторлар кәсіби этикаы кодексімен» бекітілген аудитті жүргізу тәртібін (арнайы ережелерді) және этикалық нормаларды (негізгі принциптерді) орындауы қажет:

  1. Мінсіз кәсіби дайындық және «жақсы манералар»

  2. Шынайылық (адалдық) – аудитор өз кәсіби міндетін атқаруда шыншыл (адал) болуы қажет

  3. Объективтілік – аудитор әділ болуы және жоқ нәрсеге сенбеуі, алдын ала пішілген пікірлерді болдырмауы қажет

  4. Тәуелсіздік –аудиторлар әр түрлі қызығушылықтардан бос болуы қажет.

  5. Кәсіби біліктілік – Аудитор қызмет көрсетуге келісім бергенде, кәсіби біліктілігі, білімі және дағдысы жеткілікті деңгейде екеніне сенімді болуы керек.

  6. Құпиялылық –аудитордың тексеру жүргізілетін субъектінің келісімінсіз кәсіби қызмет көрсету барысында алынған ақпаратты (коммерқиялық құпияны қоса) жариялауға құқығы жоқ (тек тексерудің нәтижесін меншік иесіне немесе тексеруді тағайындаған органға беруі тиіс)

  7. Кәсіби жүріс-тұрысы (тәртібі) – Аудитор мамандықтың жақсы атағына сәйкес жұмыс істеуі қажет, яғни ол жеке адалдық, сыпайылық және ұстамдылық принциптерін сақтауы керек.

  8. Техникалық стандарттар – Аудитор кәсіби қызметті ресми түрде жарияланған тиісті стандарттарға : Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттарына; Қазақстан Республикасы аудиторлар Палатасымен қабылданған Заңдарға; тиісті заңдылықтар мен нормативтік актілерге сай орындау керек

Лекция№16 Аудиторлық тәуекелділік және оның маңызы.