- •Мазмұны
- •Аннотация
- •1.1.Мультивибраторлар туралы жалпы түсінік
- •Сурет-1. Мультивибратордың сұлбасы
- •Сурет-2. Автогенератор режиміндегі мультивибратордың сұлбасы
- •Сурет-3. Транзисторлы мультивибратрдың сұлбасы
- •1.2. Мультивибраторлардың логикалық элементтерін есептеу
- •Қуат күшейткішінің в классы режиміндегі екі тактылы каскады.
- •1.3. Операциялық күшейткіштегі симметриялық мультивибратолар
- •Біртактылы а классы режиміндегі қуат күшейткіші
- •Сурет-4. Операциялық күшейткіштің сұлбалық түрі
- •Сурет -5
- •Сурет-6 Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Журавлева л.В. Радиоэлектроника. М.: Высшая школа, 2005
- •Бобровников л.З. Радиотехника и электроника – м.: Недра, 1990, 374 с.
- •Қосымша
Сурет -5
t1- уақыт сәтіне дейін операциялық күшейткіштің кірістеріндегі кернеу U0 >0 деп алайық. Бұл операциялық күшейткіштің шығысында U шығ =-U- шығmax ,ал инвертирламайтын кірісінде U+ = -χ U- шығmax кернеулері болуын анықтайды, мұнда χ = R1/(R1+R2) – оң кері байланыс тізбегінің беру коэффициенті
/1.12-сурет/ . Сұлбаның шығысында - U- шығmax кернеуінің болуы, R – резисторы арқылы С конденсаторы зарядтау процесіне себепші болады. Конденсатор астарларындағы кернеу полярлығы жақшасыз көрсетілген /1.12б,-сурет /. t1 - уақыт сәтінде опрециялық күшейткіштің инвертирлайтын кірісінде экспанета бойынша өэгеретін кернеу инвертирламайтын кірістегі кернеу шамасына жетеді. /1.12в,-сурет /. U0 - кернеуі нолбге тең болады, бұл жағдайда операциялық күшейткіштің шығысындағы кернеудің полярлығы өзгертеді: U шығ =-U+ шығmax . U+ - кернеуі белгісін өзгертіп χ U+ шығmax - ке тең болады, сонда U0 <0 болып өзгере бастайды. t1 уақыт сәтінен бастап конденсатордың -χ U- шығmax деңгейінен қайта зарядталуы басталады. Конденсатор R резисторы U+ шығmax деңгейіне қайта зарядталуға ұмтылады. Осы жолғы конденсатордың астарларындағы кернеу полярлығы жақшаның ішінде көрсетілген. t2 – уақыт сәтінде конденсатордағы кернеу χ U+ шығmax мәніне жетеді де, U0 кернеуі тағы нольге тең болып /себебі U0= U+ - U- /, бұл операциялық күшейткіштің қарама– қарсы күйге ауысып қосылуына әкеледі. Әрі қарай сұлбадағы процесиер жоғарыда айтылғандай қайталанады. Осы симметриялы мультивибратордың импульсының ұзақтығы tu=τln(1+2R1/R2), (17) егер U+ шығmax = U- шығmax деп есептесек, мұнда τ=CR.
Сурет-6 Қорытынды
Қазіргі электрондық құрылғылар өте күрделі және көп элементті болып келеді. Мысалы, элктрнды есептеу машиналарының құрамында шамамен 10000000 элемент бар. Әрине элементтер саны көбейген сайын құрылғының салмағы, көлемі және бағасы артады, ал сенімді жұмыс жасау мүмкіндігі азаяды. Аталған мәселелерді шешуде электрондық құрылғыға кіретін элементерді кішірейтуге және олрды атқартын қызметіне қарай топтастырып жасау маңызды орын алады. Мәселен күшейткіш каскадты,түрлендіргішті т.б. бір элемент етіп жасаса, құрылғыны жинастыру, жөндеу жұмыстарының жеілдейтіні хақ. Бірнеше ұсақ электронды элементтерден тұратын және белгілі бір жұмысты атқаратын электрондық аспаты интеггралдық микросұлба деп атайды. Мұндағы «интегралдық » сөзі «жиынды» деген мағынаны береді. Интегралдық микросұлбаның негізгі параметрлері жинастыру тығыздығы мен интеграциялық дәрәжесі. Жинастыру тығыздығы деп интегралдық микросұлбаның бір текше сантиметр көлемінде орналасқан элементтердің санын айтады. Микросұлбаның интеграциялық дәрежесі оның құрамындағы элементтердің жалпы санымен анықталады. Әдетте, егер микросұлбаның құрамында он элементке дейін болса,-бірінші интеграциялық дәрежелі, онннан жүзге дейін болса екінші интеграциялық дәрежелі, жүзден мыңға дейін элемент болса- үшінші интеграциялық дәрежелі деп саналады. Интегралдық дәрежесі мыңнан артық элементпен анықталадын сұлбалар үлкен интегралдық микросұлба деп аталады. Жасалу технологиясына қарай интегралдық микросұлбалар жартылай өткізгішті және гибритті болып екіге бөлінеді. Жартылай өткізгішті интегралдық микросұлбаларда оның барлық элементтері және оларды жалғау жартылай өткізгіш материалының ішінде немесе үстінде орындалады. Жартылай өткізгіштің үсті диэлектрик болып есептелетін силицийдің қос тотығымен жабылған, ал элементтердің арасындағы изоляция міндетін Р-типті силиций атқарады. Элементтер метал қабықшалармен жалғанған. Жартылай өткізгіштің көлемі ішінде диодтарды, транзисторларды, резисторларды және конденсатрларды жасауға болады. Конденсаторлардың сыйымдылығы ретінде р-п өтпесінің сыйымдылығы пайдаланылады. Жартылай өткізгішті интегралдық микросұлбаларды жасау технологиясы өте күрделі және көп қаржы жұмсауды керек етеді. Сондықтан оларды пайдалану өте көп мөлшерде шығарғанда ғана тиімді.
Қазіргі интегралдық микросұлбалардың интеграциялық дәрежесі өте жоғары және функциялық қолданымы жан- жақты болып келеді. Интегралдық микросұлбалардың басты кемшілігі берер қуатының аздығы.
