Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өзін-өзі тексеру.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Физикалық маятник қозғалысының дифференциальды теңдеуін шығарыңдар. Математикалық және физикалық маятниктер өзінше динамикалық түрде эквивалентті жүйелерді ұсынады деген пікірді қай мағынада түсіну керек?

  2. физикалық маятниктің келтірілген ұзындығы деген не? Ол жүйенің физикалық параметрлері қалай өрнектеледі?

  3. Неге маятникті жұмсақ айналатын күші бар сызықты емес тербелістік жүйелерге жатқызады?

  4. Бағдарламада қолданылып отырған маятник моделі қандай параметрлермен сипатталады?

  5. Консервативті маятниктің дифференциальдық теңдеуін өрнектейтінді интегралдамай-ақ фазалық траекториясының теңдеуін қалай алу керек?

  6. Фазалық жазықтықтың абцисса осіне қатысты фазалық траекторияның симметриясы жүйесінің қандай қасиеттерімен байланысты? Ордината осіне қатысты симметрия?

  7. Үйкеліс жоқ кезде маятниктің кіші тербелісінің фазалық траекториялары қандай түрге ие болады? Амплитуданың ұлғаю өлшеміне байланысты фазалық траекториялар қандай өзгерістерге ұшырайды?

  8. Маятник тербелісінің амплитудасы ұлғайған кезде потенциалды және кинетикалық энергияның орташа мәндерінің қатынасы қалай өзгереді?

  9. Сепаратристің теңдеуін, яғни тербелістің фазалық траекториясын және консервативті маятниктің төңкерістерін бөлетін қисықтың теңдеуін шығарыңыз.

  10. Төменгі күйдегі маятникке төңкерілген күйге жету үшін қандай минимал бастапқы бұрыштық жылдамдықты хабарлау керек?

  11. Нық тепе-тең күйден лимитациялық қозғалыстың шартында төңкерілген күйге жету үшін маятникке қанша уақыт керек?

  12. Фазалық жазықтықтың қай нүктелері ерекше деп аталады? Неге маятниктің тыныш күйіне тепе-теңдіктің төменгі күйінде және төңкерілген күйінде фазалық жазықтықтың ерекше нүктелері сәйкес келеді? Бұл күйдің әрқайсысына ерекше нүктелердің қандай типтері сәйкес келеді?

  13. Маятниктің қозғалысын төңкерілген күйдің кіші айналысында бейнелейтін жуық дифференциальды теңдеуін шығарыңыз.

  14. Фазалық портреттегі маятниктің қандай сапалы өзгерістері әлсіз тұтқырлы үйкеліс модуліне қосуды шақырады?

№4 Лабораториялық жұмыс

Өзін - өзі тексеру сұрақтары

  1. Лабораториялық жұмыста моделденетін физикалық жүйені (торсиондық пружиналық осциллятор) жазыңыз. Пружиналық осцилляторды қандай физикалық параметрмен сипаттайды? Осциллятордағы синусоидалық сыртқы қозу қандай жолмен жүргізілді?

  2. Қолданылған лабораториялық жұмыстағы осциллятордың математикалық моделін қандай параметрлер сипаттайды? Моделденетін физикалық жүйеге қарағанда модель неге аз сандық параметрмен сипатталады? Физикалық жүйенің параметрі арқылы қандай параметрге сәйкес моделдерді жеткізеді? Осциллятордағы сыртқы қозу қандай параметрмен сипатталады?

  3. Еріксіз тербелісте болатын осциллятордың механикалық күйі қандавй ауысулармен сипатталады?

  4. Лабораториялық жұмыста моделденген торсиондық осциллятордағы еріксіз тербелістің дифференциалдық теңдеуінің шешімін шығарыңыз. Бұл теңдеудің осындай осциллятордағы меншікті тербелісті бейнелейтін теңдеуден айырмашылығы неде?

  5. Гармоникалық осйиллятордағы еріксіз тербелістің дифференциалдық теңдеуінің жалпы шешімін қалай жазуға болады? өтілген тұрақтыдағы теңдеудің жалпы шешімінің мәні немен анықталады? Қандай физикалық интерпретацияны еріксіз тербелістің жалпы шешімінің әрқайсысына бөлек ұсынуға болады?

  6. Осциллятордың еріксіз тербелісінің қандай түрін қондырылған тербеліс деп атайды? Практикада осциллятордың қондырылған тербелісін қандай физикалық жағдайда жүзеге асыруға болады? Фазалық траекторияда қондырылған тербелістің қандай түрі қолданылады?

  7. Қондырылған еріксіз тербелістің амплитудасын және фазасын қандай осциллятордың физикалық параметрі сыртқы қозуын жиілікпен анықтайды?

  8. Резонанстың пайда болуы немен аяқталады? Жылдамдық резонансы және аралас резонанс қандай жағдайда бақыланады?

  9. Осциллятордағы сыртқы қозудың жиілігі қондырылған тербелістің фазасына және амплитудасына қалай тәуелді? Фазалы – жиіліктік және амплтудалы – жиіліктік осциллятордың мінездемесінде қалай аталады (немесе резонанстық қисықтық)?

  10. Үдемелі резонанс (қондырылған тербелістің амплитудасының мәні) биіктігі және резонанстық қисықтың ұзындығы қандай физикалық параметрмен анықталады?

  11. Егер қоздырушы шатун кейбір орташа күйдің айналасында берілген өте жай тербелістік қозғалыс жасаса, торсионды осциллятордың роторының құрылған тербелісі қандай амплитудамен және қандай фазада болады?

  12. Қондырылған тербелістің резонанстық жағдайы қандай фазалық қатынаста сипатталады? Резонанс кезіндегі ротордың бұрыштық жылдамдығы және еріксіз тербеліс фазасының шатуны қатынасы туралы не айтуға болады?

  13. Қондырылған амплитуда шатунындағы және ротордағы амплитудалық резонанстың қатынасы қандай осцилляторды сипаттайтын физикалық ұзындықпен анықталады?

  14. Үйкеліс жоқ кезде, қондырылған тербеліс амплитудасы жағдаында дифференциалдық теңдеудің жеке шешімін қолдануға болады?

  15. Осциллятордың қондырылған кездегі еріксіз тербелісі қандай энергия алмасуымен жүреді? Сыртқы қозудағы жиілік резонанстық жиіліктен төмен болғанда, резонанстық жиілікпен сәйкес келгенде және ол резонанстық жиіліктен жоғары болғандағы жағдайларды қараңыздар?

  16. Еріксіз тербеліс қондырылған кезінде осциллятордағы кинетикалық және потенциалдық энергияның орташа мәнінің қатынасы сыртқы қозудың жиілігіне қалай тәуелді? Еріксіз тербелістің кинетикалық және тікелей күшті қозуын салыстырыңыз?

  17. Осциллятормен жұтылған және шашыраушы еріксіз тербеліс жасаған орташа қуаттың спектральды тәуелділіктің анықтамасын беріңіз? Қандай қисықтықты Лоренцтік контур деп атайды?

  18. Еріксіз тербелістің жалпы жағдайдағы қондырылған процесс ұзақтығы қандай параметрмен анықталады? Сыртқы қозу болғаннан кейін бірден, яғни ауыспалы процессіз тербелістің қондырылуы қандай жағдайда жүзеге асады?

  19. Егер ротор тепе – тең күйде болса, онда сыртқы әсері қосылғанға дейін резонанстың баптау шарттарында ротордың амплитудалық тербелісі қандай заң бойынша біртіндеп өседі?

  20. Осциллятордың тербеліс амплитудасы резонанстың нақты баптау шартында ауыспалы процесс уақытында өшуі мүмкін бе?

  21. Меншікті жиілікке жақын қозу жиілігі болғанда, ауыспалы соғулардың пайда болуының физикалық себебін түсіндіріңіз. Қоздырушы шатунның қозғалысы және ротордың тербелістері арасындағы фазалық байланыстан тәуелділікте энергияның берілетін бағытының көзқарасы бойынша соғу процесін қарастырыңыз. Өшетін меншікті тербеліс және қондырылған тербеліс суперпозициясы ауыспалы процесс ретінде қарастыра отырып, спектральдық тілде соғудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

  22. Пуанкаре қимасы дегеніміз не? Пуанкаре қимасын қарастыра отырып қондырылған еріксіз тербеліс процесінің фазалық траекториясын түсіндіріңіз?

  23. Механикалық осцилляторда серпімді пружинаның массивті роторы, аналогты еріксіз тербелістің индуктивті катушкасы және резисторы қандай тербелмелі контурдың процесінде конденсатордан тұрады? Механикалық осциллятордың аналогты резисторынан не пайда болады?

№5 лабораториялық жұмыс