- •Лимфа жүйесінің құрылым принципі
- •Лимфа және лимфа айналу
- •Лимфаның жасалуы
- •Лимфаның құрамы мен қасиеттері
- •Лимфа түзілу туралы теориялар. Людвигтің фильтрациялық теориясы
- •Гейденгайнның секреторлық теориясы
- •Ашердің Целлюларлық теориясы
- •Лимфа жүйесінің негізгі қызметтері
- •Лимфодинамикалық негізгі көрсеткіштер
Лимфаның жасалуы
Лимфаның құрамы плазманікіне өте ұқсас болғандықтан оны қаннан пайда болған деп есептейді. Қан капиллярларынан су мен плазмада еріген біраз заттар тканьге, одан әрі лимфа капиллярларына өтеді. Өйткені қан капиллярларының қабырғасы жартылай өткізгіш, бірақ таңдап өткізгіш мембрана; онда ультрамикроскопиялық саңылаулар бар; осылар арқылы үзілу жүреді.Капиллярлардың артериялықбөліміндегі 30-35мм. Hg қысым судың плазмадан ткань сұйықтығына өтуін жеңілдетеді. Ал бұған белгілі дәрежеде онкотикалық қысым /25 мм. Hg/ кедергі келтіреді. Филтрациялық қысым = /30-35/=6-10мм. Hg. Бірақ бұл айырмашылық лимфа жасауға жеткіліксіз.
Лимфаның құрамы мен қасиеттері
Лимфа – мөлдір сарғылт түсті сұйық . түрлі органдардан ағатын лимфаның құрамы әртүрлі . мысалы ішектен шыққан лимфа құрамында негізінен альбуминдер ғана болады , глобулиндер болмайды. Ал бауыр лимфасының құрамында қан плазмасындағы мөлшерде белоктар ұшырасады. Аш мал лимфасы 1,015 шамасында түзсіз мөлдір сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, гормондар, тұздар, ферменттер, витаминдер және антиденелер кезедеседі. Құрамы жағынан лимфа белоктар плазма белогына ұқсас, бірақ олардың мөлшері өте аз.белоктардың ең аз кқнцентарциясы (1- 2 пайыз) аяқтардан, теріден, еттен шығатын лимфада кездеседі. Себебі бқл органдар капиллярларының өтімділік қасиеті өте төмен. Белоктар мөлшерінің аз болуына байланысты лимфаның тұтқырлығы мен тығыздығы плазмамен салыстырғанда төменірек. Лимфа құрамында хлоридтер мен бикарбонаттар концентрациясы көбірек. Оның әрекетшіо ортасы сілтілік, сутектік көрсеткіші қан плазмасынан жоғары. Лимфада эритроциттер болмайды,аз мөлшерде лимфоциттер, моноциттер және гранулоциттер кездеседі.Лимфа құрымнда тромбоциттер болмағанымен фибриногеннің болуына байланысты ол ұйыйды. Лимфа құрамы мен мөлшері ол ағып шыққан ағзаның физиологиялық күйіне қарай өзгертіп отырады.Мысалы, майлы азық жегеннен кейін ішек лимфасының құрамында май тамшылары көбейіп, ол сүт түстес жағдайға келеді. Лимфа бауырда қарқынды түзіледі. Ағза массасының әрбір килогармына шаққанда бауырда 21-36 мл, жүректе- 5-18, көк бауырда- 3-12, аяқ еттерінде- 2-3 мл лимфа түзіледі. Көкірек өзегі арқылы қанға малдың ірі массасының әрбір килограмына шаққанда сағытына 2 мл лимфа құйылады. Салмағы 500 кг сиыр қанында тәулігіне 24 л лимфа қосылады. Ағзалардан ағатын лимфа мөлшері қан қысымы жоғарлағанда, органға келген қан мөлшері артқанда, вена қанының ағуы нашарлағанда, денедегі қан мөлшері көбейгенде, органдар қызметі күшейгенде артады.
Лимфа түзілу туралы теориялар. Людвигтің фильтрациялық теориясы
Қан капиллярларындағы қысымды көтерсе, олардан сұйықтықтың тінге фильтрацмя жоғарлайды, ал қысымды азайтса керсінші сұйықтық тіннен капиллярға өтіп, лимфа түзілуі азаяды. Қан капиллярындағы,тін аралық сұйықтықтағы және лимфа капиллярындағы лимфа түзілуі гидростсатикалық қысымның айырмашылығына байлынсты.Егер қолқаны байлап, құрсақ қолқасындағы қысым, 0дейін жетсе, лимфа түзілуі жүреді, яғни қысымға байланысты емес,ал бауырдың лимфа тамырларын байлағанда, лимфа жойылады, яғни лимфпа бауырда түзіледі. Старлинг лимфа түзілуіне қан капиллярындағы тін аралық сұйықтықтағы лимфа капиллярындағы осмостық және онкостық қысымдырдың айырмашылығына байланысты деген. Плазма ірі молекулалары белоктары қан капиллярлар қабырғасынан өте алмайды. Өздерінің гидрофильдік қасетіне байланысты. Суды өздеріне тартып алады. Сондықтан онкостық қысым жоғарласа, лимфа түзілу азаяды, ал онкостық қысым төмендесе лимфа түзілуі көбейеді.Қан капиллярлардың артериялық жағында қысым 30-35 мм с.б. тең болғандықтан судың қаннан тінге өтуін қамтамасыз етеді.Қан капиллярларының веналық жағында гидростатикалық қысым 17мм с.б. онкостық қысымнан (27 мм с.б) төмен. Осыған байланысты капиллярдың веналық жағында фильтрация жойылады да,белоксыз тін аралық сұйықтық кері қанға сіңеді.Сонымен қан капиллярының артериялық және веналық жақтарында лимфа түзілуінің қарқыны реттелуді.
