Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс 5 ЭКОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34 Кб
Скачать
☆
  • Транзиторлы (тұрақсыз, аллахтонды) микрофлора адам организмінде ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды. Адам организмімен оның қалыпты микрофлорасы бірегей эко жүйе (эндоэкология) құрайды. Ересек адамдарда орта есеппен микробтардың 10 14 дарасы кездеседі.

  • Микрофлораның саны мен сапасы адамдардың жасына, жынысына, кәсібіне т.б қарай әр түрлі болады.

  • Нәресте дүниеге келгенде стерильді болады, алғашқы ауамен, жанасқан заттардан микробтар еніп, біртіндеп тұрақты микрофлора қалыптаса бастайды.

  • Микробтарға ең бай орган – тоқ ішек, оның 1 г-да (нәжістің) 10 12 дәрежеге дейін микробтар кездеседі, олардың 90% анэробтар құрайды.

  • Микробтардың негізгі орналасатын жерлеріне қарай: тері микрофлорасы, конъюктива, құлақ, жоғары тыныс жолдарының микрофлорасы деп ажыратады. Қалыпты микрофлораның пайдалы және зиянды әсері бар.

  • Қалыпты микрофлораның пайдалы жақтары:

  • организмнің бейспецификалық резистентілігін қамтамасыз етеді.

  • патогенді және шіріткіш микробтарға антогонистік әсер етеді.

  • тұз-су алмасуға, ішектің газдық құрамын реттеуге, ақуыздар, көмірсулар, майлы қышқылдар алмастыруға қатысады.

  • организмді витаминдермен, антибиотиктермен, фременттермен қамтамасыз етуге қатысады.

  • стероидты гормондардың және өт тұздарының рециркуляциясына қатысады.

  • шырышты қабаттарды физиологиялық қабынуға қатысып эпителияның жаңаруына әсерін тигізеді.

  • ішектегі канцерогенді заттарды ыдыратып антимутагендік әсер етеді.

  • экзогендік субстраттарды және метаболиттерді қорытуға және детоксикациялауға қатысады.

  • қалыпты микрофлораның кейбір өкілдерін санитариялық көрсеткіш микроорганизм (СКМ-СПМ) ретінде пайдаланады.

Қалыпты микрофлораның зиянды жақтары:

  1. жұқпалы ауруларға микробиологиялық диагноз қою кезінде кедергі жасайды.

  2. организмнің иммундық жүйесінің қызметі нашарлағанда (ауырып тұрғанда, операциядан кейін, үсікке, күйңкке қайға қасіретке шалдыққанда т.б) әр түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін (екіншілік инфекция, сепсис).

  3. қалыпты микрофлораның (тоқ әшектегі) өкілі Cl. Perfringens жарақат арқылы түскенде газды инфекция қоздыруға себепкер болады.

  4. әр түрлі дәрі –дәрмектерді, әсіресе антибиотиктерді, ретсіз қолданғанда дисбактериоз пайда болады.

Дисбактериоз

  • Микрофлораның қалыпты қызметінің бұзылуы нәтижесінде дамитын жағдайды дисбактериоз және дисбиоз дейді.

  • Дисбактериоз кезінде қалыпты микрофлора құрамына кіретін бактериялардың арасында тұрақты сандық және сапалық өзгерістер пайда болады.

  • Дисбиоз кезінде микроорганизмдердің басқа топтарының (вирустар, саңырауқұлақтар т.б) арасында өзгерістер пайда болады.

Дисбактериоз қалыптасуына әсер ететін факторлар:

  1. антибактериялық емдік препараттарды, әсіресе антибиотиктерді ретсіз қолдану.

  2. су, топырақ, ауа құрамындағы улы заттар.

  3. тағамдық ереженің бұзылуы

  4. иммунды тапшылық туғызатын ішкі ағзалар аурулары (қатерлі ісіктер, эндокриндік бұзылыстар, ауыр операциялар т.б)

  5. радиациялық сәуленің әсеріне шалдығу т.б

Дисбактериоз кезінде байқалатын клиникалық өзгерістер:

Инфекциялар дамуы, диарея (іш өту), іш жүрмей қалу, гастрит, колит, ойық жара ауруы, қатерлі ісіктер, аллергия, несеп-жыныс жолдарының аурулары, кариес, артрит, бауырдың зақымдануы, гипо- және гиперхолестеринемия, гипо- және гипертензия және т.б.

Дисбактериоз түрлері (классификациясы):

  1. этиологиясы яғни себепкер микробы бойынша (стафилококкты, кандидалы, ассоциацияланған т.б)

  2. компенсациялану дәрежесіне қарай (компенсацияланған, субкомпенсацияланған, декомпенсацияланған).

  3. клиникалық көрінісі бойынша (латентті, жергілікті, кең жайылған –бактериемиямен асқынатын)

  4. шартты-патогенді микробтар (ШПМ-УПМ) санына қарай дисбактериоздың 4 дәрежесін анықтайды.

Дисбактериоз диагнозын қою әдістері:

  1. зерттелетін заттардағы микробиоценоз өкілдерінің түрлік құрамын және санын бактериологиялық әдіспен анықтау. Ол үшін зерттеу затын сериялық сұйылтып тиісті аэробтарға сеуіп, таза дақылын бөліп алып, түрлерін, патогенділігін және 1 мл/г заттағы санын анықтап ақырғы диагноз қойылады. Бұл- негізгі әдіс.

  2. қосымша әдіс ретінде зертелетін заттар құрамындағы микробтық метаболиттерді –дисбиоз маркерлерін (майлы қышқылдар және олардың гироокисі, майлы қышқылды альдегидтер, фременттер т.б) анықтау.