Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшериева реферат ЕГ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90 Кб
Скачать
☆

Өндірістік шаңды гигиеналық бағалау мақсатында келесі негізгі әдістер қолданылады:

  1. Ауа бірлігі көлемінде шаң құрамын өлшеп анықтау.

  2. Шаң бөлшектерінің дисперстілік құрамын анықтау.

  3. Шаң бөлшектерінің химиялық құрамын анықтау.

Шаң бақылау құралдарын шартты түрде шаң жинағыш және шаң өлшегіштер болып бөлінеді.

Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануына бақылау әдістері мен құралдары көптеген, оларды екі топқа біріктіруге болады:

  1. Тікелей әдістері-шаңның сынамаларын алу құрамында дисперстік фазаны бөліп алу, соңынан шаңның массасын өлшеу әдістері;

  2. Жанама әдістері-шаңның массалық концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді. Жанама бақылауда мына әдістер қолданылады: радиациялық-оптикалық; радиоизотоптық, электрлік немесе электрондық; депреометрлік, пьезометрлік және т.б.

Жанама өлшеуде қолданылатын құрылғылардың қате шамасын өлшенетін шаң бөлшектерінің шамасына, дисперстілігіне және химиялық құрамына байланысты болады. Радиоизотопты құрылғылар нақтырақ болып келеді.

Соңғы уақытта пьезометрлік құрылғылар шықты, олар жоғары сезімталдыққа ие, ауадағы шаң бөлшектерінің аз концентрациясын өлшеуге арналған құрал болып табылады.

Ауа сынамасын алу әдістері және сынаманы талдау.

Ауа сынамасын алу негізінен 2 әдіспен – аспирационды және бір кезеңді шектелген сыйымдылықты ыдыстарға алумен іске асырылады. Бірінші әдіс, ауаның салыстырмалы аз көлемдегі зерттейтін заттарды анықтаудың жоғары сезімталдықты әдіс болмаған жағдайда қолданылады. Екіншісі, жоғары әсер болған жағдайда, сонымен қатар қысқа мезгілді технологиялық процесстер кезінде қолданылады.

Ауа сынамасын шыны ыдыстар және пластмассалық қаптарға, сұйықтықтар, сорбенттер және сүзгіш материалдарға алынады.

Ауа сынамасын алуға арналған құралдар мен аппараттар келесі аспирациялық қондырғылар болып табылады: электрлі аспираторлар, шаңсорғыштар және басқа шығын көзі және шығын өлшегіш қондырғылары бар қондырғылар.

Алынған ауа сынамасын талдау үшін әртүрлі әдістер қолданылады:

  1. Фотометрлік.

  2. Газды хромотография.

  3. Жұқа қабатты хромотография.

  4. Қағазды хромотография.

  5. Полярография.

  6. Экспресс әдістер.

  7. Стандартты шкалалар бойынша ерітіндінің колориметриясы.

  8. Реактивті қағаз қолданылатын колориметрия.

  9. Индикаторлы түтікшелер қолданылатн сызықты колориметрлік әдіс.

Одан басқа бүгінгі күнде ауаны талдау үшін атомды-абсорбциялық спектрофотометрия, хромато-массопектрометрия, нейтронды-активациялық, флюоресцентті, лазерлік және басқа әдістер қолданылады.

Дірілді өлшеу әдістемесі.

Өлшеуді жүргізу кезінде Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген «Өндірістік дірілді өлшеу және гигиеналық баға беру бойынша әдістемелік нұсқауларында» келтірілген жалпыға бірдей ережелерді басшылыққа алу керек.

Жалпы дірілге бақылау жасауда жұмыс орнына дірілді беретін барлық діріл көздері кіргізілуі керек. Өлшеу нүктелері, яғни дірілбергіштерді орналастыру орындары, дірілдеуші беткейде, оператордың денесімен жанасу үшін арналған орындарда орналастырылуы тиіс:

  1. Отырғышта, жұмыс алаңында, аяқ қойғыш және оператормен қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс аумағы еденінде;

  2. Жұмысшының қолының тұтқаларымен, басқару тетіктерімен және т.б. жанасу орындарында.

Діріл қабылдағышты зауыттық нұсқауда келтірілген тәсілмен бекіту керек. Жалпы дірілді өлшеуде қатты төсемді алаңдарда немесе серпімді емес тұғырлы орындықтарда дірілқабылдағыш тікелей осы беткейлерге магнитте бұрандада, мастиктерде бекітілуі керек. Бұдан бөлек, дірілқабылдағыш бұрандада қатты құрыш дискіге бекітіліп, еден мен тұрып тұрған адамның аяғының арасына немесе отырғышпен отырған адамның тұлғасының арасына орналастырылады. Жергілікті дірілді өлшеуде қабылдағышты бұрандамен бақылау нүктелерінде орнатады.

Әрбір нүктеде діріл қабылдағышты тегіс, біртекті алаңқайда бірінен кейін бірі үш өзара перпендикулярлы бағыттарда орналастырылады. Егер барлық ось бойынша бірдей рұқсат етілген деңгейлер қалыптастырылған болса дірілдің максимальды бағыты бойынша өлшеуге рұқсат етіледі.

Таңдалынған бақылау нүктесінде дірілқабылдағышты орнатқаннан кейін тұтқаларын келесі тетіктерге бірінен кейін бірін қалыптастыра отырып діріл өлшегіш аспапты қосады:

  1. «жылдамдық» немесе «тездік» тетігіне.

  2. Діріл өлшегіштің тілі бар аспабының «тұрақты тетігіне». Жалпы дірілді 10секундтан кеме емес, жергілікті 1секундтан кем емес уакыт аралығында спиралды 1секундтан кем емес уақыт тұрақтылығында өлшеу ұсынылады.

  3. Октавалық сүзгілер немесе түзетілген мәндерге;

  4. Есептеулерді алу үшін қажетті диапазондарға.

Есептеулерді тілшіктердің орташа қалпы бойынша жүргізіледі. Аспаптың көрсеткіштерін діріл өлшегіштің тұрақты уақыт тәртібіндей бірдей уақыт аралықтарынан кейін түсіреді. Жалпы есептеулер саны жергілікті діріл үшін-3кем емес,жалпы технологиялық діріл үшін-6, жалпы транспорттық және трнаспортты-технологиялық діріл үшін-30болады, ал одан әрі өңдеуді қажет етеді.

Дірілдің шектік рұқсат етілген деңгейлері 8 сағаттық дірілдік әсер ұзақтығына қалыптастырылған.

Тұрақсыз, уақыт бойынша тербелмелі, үзілісті дірілдер үшін дірілмен қатынас ауысымның жарты уақытын алса, баға беруді, келесі шамалардың негізінде есептелетін діріл жылдамдығы немесе діріл тездігінің түзетілген эквивалентті деңгейлері бойынша жүргізіледі.