Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шойын болат ондырысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46 Кб
Скачать
☆

Шойындар

         Шойын болатқа қарағанда құрамында көміртегі мөлшерінің жоғары болуымен және құйылу қасиетінің өте сапалы болуымен ерекшеленеді. Ол қалыпты жағдайда қысым арқылы өңделуге қабілетсіз№ Шойын құрамында кремний, марганей, фосфор және күкіртқоспалары болады.Арнайы қасиеттер бар шойындар құрамында  — қоспалы элементтер – никель, хром, мыс ,молибден және т.б болады. Сұр және ақ шойындар қасиеттері бойынша ерекшеленеді.

Ақ шойындар — өте қатты және морттылығы жоғары, олар кескіш аспаппен жақсы өңделмейді, ақ шойыннан қыздырылған шойын алуға болады.

Сұр шойын – бұл құйма шойын. Сұр шойын арзан құрылымдық материал болып есептеледі. Оның жақсы құйылу қасиеттері бар, кесумен жақсы өңделеді, тозуға төзімді, тербелмелі және ауыспалы жүктеме барысында тербелістерді жою қабілеті бар. Тербелістерді жою қабілеті демпфирлеу қабілеттілігі деп аталады. Шойынның демпфирлеу қабілеттілігі болатқа қарағанда 2 – 4 есе жоғары.

1412-80 ГОСТ – қа сәйкес сұр шойындардың төмендегідей маркалардың (таңбалары) шығарылады (жақшаның ішіндегілер – қаттылықтың сандың мәндері) : СЧ 10(143-229); СЧ 15(163-229) ; СЧ 20 (170-241) ; СЧ 25 (180-250) ; СЧ 30(181-255) ; СЧ 35(197-269) ; СЧ 40 (207-285) ; СЧ 45 (229-289).

Беріктігі төмен сұр шойын – 300 МПа беріктігіне ие және СЧ 30-ға дейінгі маркаға сәйкес. Маркадағы әріптер шойын атауының қысқартылып белгіленуі, ал одан кеінгі екі мәнді сан – беріктік шегі.

Беріктігі жоғары сұр шойын — СЧ 35 СЧ40-қа дейінгі маркаларға сәйкес. Бұл шойындардың беріктігі шойынның қоспалануы және модификациялануымен қамтамасыз етіледі.

Беріктігі жоғары шойын – магниймен модификацияланған сұр шойынның бір турі болып табылады.7293-79 ГОСТ бойынша беріктігі жоғары шойынның келесі маркаларын шығарады (бірінші сан – созылу барысындағы беріктік шегі, екінші сан – созылу,жақшадағы қаттылықтың сандық мәні).

Беріктігі жоғары шойынның механикалық қасиеттеріоны ауыр жағдайда жұмыс жасайтын , машина бөлшкетерін жасауға пайдалануға мумкіндік береді.

Соғылатын шойын – пластыналы шойынның белгілі атауы.Соғылатын шойынды ешкашан өңдемейді. Оны ақ шойнның қорытпасын күйдіру арқылы алады.

Соғылатын шойынды автамабильді, ауылшаруашылқ және тоқыма машинаналары құрлысында кең қолданады.Одан тозу жағдайында жұыс жасайтын және ауыспалы жүктемелерді қабылдауға қабілетті беріктігі жоғары бөлшектерді жасайды.Мысалы ; артқы копірдің картері, тежегіш колодкалар, алтылықтар және т.б. Соғылатын шойын жоғары антикоррозиялық қасиеттермен сипатталады және ылғалды ауа, газ жән су ортасында жұмысқа пайдалануға байім.

Арнайы қасиеттері бар шойындар

         Мұндай шойындар машина жасау саласында қолданады Мысалы:

Магнитті шойын электрлі машина рамаларының, щиттердің және т.б. корпусын жасау үшін қолданылады. Осы мақсат үшін шар тәрізді графиті бар ферритті шойын қолайлы болып табылады

Магнитсіз шойын түрлі электрлі машина қабатын және бондажын жасау үшін қолданылады. Бұл үшін құрамында 7-10% марганец және 7-9% никель бар никельді-марганейті шойынды, сондай-ақ, құрамында 9,8% марганец және 1,2-2,0% мыс бар марганецті мысты шойынды пайдаланады.

Аустенитті шойын – қышқылға төзімділігі бойынша, сілтіге төзімділігі бойынша және ыстыққа төзімділігі бойынша жоғары көрсеткіштері бар. Мысалы:

1.Низерит – құрамында 14% никель, 2% хром, 7% мыс бар.

2.Никросилал – құрамында 5% кремний, 18% никель, 2% хром бар.

Ыстыққа төзімді шойын – құрамында 20-25% АЛЮМИНИЙІ БАР ШОЙЫН.

Арнайы қасиеттері бар шойындарға ферроқорытпаларды – ферромарганецті, ферросилицийді және т.б. жатқызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]