2 Кесте
-
Операция
Мағынасы
&&
Және
||
Немесе
!
емес
! операциясының артықшылығы көбейтуден жоғары және тек жай жақшалардың ғана артықшылығы одан жоғары болып табылады. && операциясының артықшылығы || операциясының артықшылығынан жоғары және екеуінің де артықшылығы қатынас операциясының артықшылығынан әлде қайда төмен.
a>b&&b>c||b>d
былай интерпретацияланады:
((a>b)&&(b>c))||(b>d),
яғни b a мен c-ның аралығында жатады немесе b d-дан үлкен.
Мысал:
int main ( )
{ float x, y;
cin>> x;
if (x > 0)
y = x*x + 1;
else
y = x + 4;
cout<<”x=”<<x<<” y=”<<y<<’\n’;
return 0;
}
1.2. Шартсыз өту операторы
Оны келесі түрде жариялауға болады.
goto белгі;
Белгі – бұл кез - келген идентификатор.
Мысалы:
goto a2;
goto операторы одан кейін жазылған инструкциядан бастап программаның жалғасуы керектігін көрсетеді.Программада міндетті түрде белгісі,одан кейін қойылған қос нүкте және өткел орындалуы тиіс инструкциясы бар жол болуы керек.
Мысалы:
a2: k=5;
Программада белгілерді қарастыру қажет емес. С++ тілінде шартсыз көшу операторын қолдану міндетті емес,себебі ол программаның құрылымдық түрін құртады.
1.3. switch таңдау операторы
Switch операторы бірнеше баламалардың ішінен біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Және ол келесі түрде жазылады:
switch (өрнек)
{case константа1: вариант 1; break;
. . .
case константа n: вариант n; break;
default: вариант : break;}
2-суретт
е
сәйкес иллюстрация көрсетілген:
Switch операторында бүтін өрнек жақша ішінде есептелінеді (оны селектор деп атайды), және оның мәні барлық константалармен салыстырылады.Сәйкестік болған жағдайда керекті нұсқа орындалады (бір немесе бірнеше инструкциялар ).Оператордың жазылуындағы барлық константалар әртүрлі болуы қажет. default (басқалар) өзекті сөзі бар нұсқа басқа бірде-бірі сәйкес келмегенде орындалады (Егер default сөзі болмаса және салыстыру нәтижелері теріс болса,онда бірде-бір нұсқа орындалмайды).Қандай да бір нұсқаның таңдалуынан кейін келесі тексерулерді тоқтату үшін switch операторынан шығуды қамтамасыз ететін break операторы қолданылады.
Мысалы:
#include<iostream.h>
int main( )
{
char y;
cin>>y;
switch(y)
{
case ‘1’: cout<<“1 бұтақ”<<’\n’; break;
case ‘2’: cout<<“1 бұтақ”<<’\n’; break;
case ‘3’: cout<<“1 бұтақ”<<’\n’; break;
default:
cout<<“1,2,3 бұтақтары жұмыс істемейді”<<’\n’;break;
}
return 0;
}
Cin оперторы у айнымалысын енгізеді. Оның мәні switch операторында case операторының барлық константаларымен салыстырылады. Егер ‘1’ символын берсек, экран бетіне мына қатар шығады:
1 бұтақ
Break операторы бойынша switch ауыстырып қосқышынан шығу орындалады және программа өзінің жұмысын тоқтатады.Егер ‘2’ немесе ‘3’ символдарын енгізсек, онда экран бетіне мына қатар шығады :
2 бұтақ
немесе
3 бұтақ
Басқа кезкелген символды енгізгенде басқару default өзекті сөзіне көшеді және экранда мына жол пайда болады:
1,2,3 бұтақтары жұмыс істемейді.
