- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
- •Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар
- •Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •1 Вариант
- •4. Созылмалы бронхиттің ауыр даму симптомдарын көрсетіңіз:
- •7. Созылмалы бронхитта кіші қан айналымындағы гипертензияға алып келмейтін себеп:
- •8. Созылмалы обструкциялы бронхитта сыртқы тыныс күйінің сипаты:
- •2 Вариант
- •2. Созылмалы бронхиттегі бронхообструкциялы синдромға жатпайды:
- •4. Ем мақсатында бронхоскопиялық лаваж жасау ең тиімді:
- •5. Созылмалы обструктивті емес бронхиттің өршуіне тән:
- •6. Созылмалы обструкциялы бронхиті және созылмалы өкпе-текті жүрек белгілері бар науқаста жүрекшелер тахикардиясының пароксизмі (ұстамасы) пайда болды, ұстаманы тоқтатудың таңдамалы дәрісі:
- •7. Созылмалы обструкциялы бронхитті емдеудің мақсаты:
6. Ұсынылатын әдебиеттер:
7. Негізгі:
Справочник по пульмонологии. Под ред. А.Г.Чучалина и М.М.Ильковича. Издательская группа «ГЭОТАР-Мед». 2013.
Клинические рекомендации. Пульмонология/ Под ред. А.Г.Чучалина. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2005.
Клиникалық хаттама 2013 www.rsrz.kz
А.И. Синопальников, Р.С. Козлов. Внебольничные инфекции дыхательных путей. Рук-во для врачей. – М.:Премьер МТ, Наш город. 2007.
Болезни органов дыхания: учебное пособие / Ред. Н. Р. Палеев. - М.: Медицина, 2000.
Рациональная фармакотерапия заболеваний органов дыхания: Рук-во для практикующих врачей/ А.Г. Чучалин, С.Н. Авдеев и др. – М.:Литтерра. 2004.
Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов. – М.: Мед. Литература, 2002.
П.С. Кривонос, В.Л. Крыжановский. Неотложные состояния в пульмонологии: Методические рекомендации, Минск, 2000.
Қосымша:
И. М. Лаптева, В. Л. Крыжановский. Атипичные пневмонии.- Минск, 2004.
М.Д. Машковский, Лекарственные средства / М.Д. Машковский. – М.: Медицина, 2005.
Д.А. Харкевич, Фармакология / Д.А. Харкевич. – М.: Медицина, 2005.
А.В. Хапалюк. Общие вопросы клинической фармакологии и доказательной медицины: Учебное пособие.-Мн., БГМУ, 2003
1- ші модуль « Пульмонология» №2 тақырып. «Созылмалы бронхит:этиопатагенез, клиникасы, диагностикасы, емі».
1 Вариант
1. Профилактикалық тексеруде науқас 5-6 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН:
А. жедел бронхиттің
В. бронхоэктазды аурудың
С. созылмалы іріңді бронхиттің
D. созылмалы катаральды бронхиттің
Е. созылмалы обструктивті бронхиттің
2. М. атты 48 жасар науқасты шырышты- іріңді 50 мл көлеміндегі қақырықты жөтел, дене қызуының 38оС дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың өршуі жиілей түсті. Өкпеде тынысы әлсіз, барлық өкпе беткейінен құрғақ және ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН:
А. пневмония
В. өкпе туберкулезі
С. бронхоэктазды ауру
D. созылмалы іріңді бронхит
Е. созылмалы катаральды бронхит
3. Созылмалы обструктивті емес бронхиттің емдік шараларына аталған шаралардың қайсысы жасалмайды? Клиникалық хаттама 2013 ж. №8 14.2
А. интоксикацияны төмендету
В. вирустық инфекциямен күресу
С. бронхообструкцияны жою
D. қабынуға қарсы ем
Е. бронхтардың дренаждық қызметін қалпына келтіру
4. Созылмалы бронхиттің ауыр даму симптомдарын көрсетіңіз:
А. рентгенологиялық тексеру мәліметтері бойынша бронх бұтасы тарамдарының жақындасуы және деформациясы бар
В. рентгенологиялық тексеру мәліметтері бойынша айқын эмфизема мен пневмосклероз бар
С. ТСТ1/ӨТС < 40%
D. өкпе артериясы үстінде ІІ тон акценті, оң мәнді Плеш симптомы, ЭКГ-ң S-типі
Е. қақырық жоқ тұрақты жөтел
