Күйдірілген бұйымдарды глазурьлеу
Фасадты керамикалық плиткаларды әрлеудің бірнеше тәсілдері бар. Солардың ішінде ең көп тарағаны – глазурьлеу.Глазурь тек әрлеу қасиеттерін беріп қана қоймай, сонымен бірге сыртқы факторлар әсеріне тұрақтылығын да қамтамасыз етеді.
Глазурь (‘Glasur’ деген неміс сөзі, ‘Glos’ – шыны деген сөзден шыққан) - күйдіру арқылы біріктірілетін қалыңдығы 0,15-0,3 мм шыны тәрізді массаның керамикалық бұйымға жағылатын қабат. Химиялық құрамы бойынша глазурь сілтілік, сілтілі – жерметалдар силиаттары, алюмосиикттар, алюмоборсиликаттар шыныларынан тұруы мүмкін. Глазурь керамикалық бұйымдарды кірленуден, қышқыл мен сілтінің әсерінен қорғап, олардың су өткізбеушілік және талапқа сай декоративті қасиетін қамтамасыз етеді.Глазурьлер мөлдір немесе терең, түсті немесе түссіз болуы мүмкін.
Глазурьға қолданылатын негізгі шикізаттар: кварцты құм, каолин, дала шпаттары, қорғасын тотықтары, бор қышқылы, бура, сілтілер және сілтілі жерметалдар тұздары, т.б.пайдаланылады.Оларды шикі түрінде немесе балқытылған (фритта) күйінде қолданады. Балқытылып дайындалатын глазурь фритталанған деп аталады. Фритталанған глазурь дайындау үшін оның компоненттерін майдалап ұнтақталған дала шпаттары, кварц, каолинмен араластырып ванналы пештерде балқытады. Балқыған шихтаны грануляциялық бассейнге жібереді. Алынған фриттаны алдымен жүгірпелерде майдалап, кейіннен каолинмен (10%) және сумен араластырып, шарлы диірменде ұнтақтайды. Шарлы диірменде ұнтақтап болған соң глазурьді шликерлі сүзгілер, электромагнитті сепоратор арқылы өткізіп, арнайы араластырғыштарға жібереді. Глазурь осы араластырғышта келесі қолданылуына дейін үздіксіз араластыра отырып сақталады. Глазурь ылғалдылығы 40 – 50%, тығыздығы 1.89 – 1.42.
Глазурьді суспензияны керамикалық плиткаларға шашырату немесе құю әдісімен глазурьлеу конвейерлерінде жағады.
Шашырату әдісімен глазурьді пневматикалық форсункалар немесе дискілі ортадан тепкіш шашыратқыштармен жағады.
Құю әдісі арзандау және күйдірген соң бұйым бетінің біртегіс глазурьленуін қамтамасыз етеді. Бірақ сонымен бірге, глазурьлеу алдында және соңында бұйымның шет жақтаулары мен төменгі бөлігін глазурь ақпаларынан тазалауға қажетті күрделі қайта топтастырылатын қондырығлар мен механизмдер қажет етеді. Білікті принциппен жұмыс істейтін қондырғылар бір уақытта 4 – 6 қатар плиткаларды глазурьлеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар аралас типтегі глазурьлеу де кең тараған. Алдымен құю әдісімен ашық түсті негізгі қабат жағылады да, кейіннен оның үстінен түсіодан қоюлау глазурь қабаты шашыратылады. Осының нәтижесінде плиткалар мраморлы өрнекті суретпен әрленеді.
Нақты курстық жобада плиткаларды глазурьлеу үшін фритталанған алтын сары түсті мөлдір глазурь таңдалды. Глазурьлеу құйма әдісімен жүргізіледі. Глазурь құрамы проценттік қатынаста келесідей болады:
фритта ................................................ 90
каолин..................................................10
темір тотығы (100% жоғары) ..............3
фритта құрамы:
қорғасын суригі - 75%
кварцты құм - 25%.
Глазурьлеу процесі арнайы глазурьлеу машиналарында жүргізіледі. Глазурьді құю температурасы 950˚С. Пропеллерлі араластырғыштан вакуум арқылы арнайы резервуарға келіп түсетін ыстық глазурь біртекті жұқа қабатпен плиткалар бетіне жағылады. Глазурьленген плиткаларды екінші ретті қайта күйдіру үшін пешке жібереді.
