- •5В072400 - Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары
- •Лекция сабақтарының конспектілері
- •Қабат қысымы түсінігі
- •Қысымды газ айдау арқылы ұстау:
- •Жылулық әсер ету әдістері:
- •Қабат қысымын суды айдау арқылы ұстау технологиясы
- •Қабат қысымын ұстауға арналған жабдықтар
- •Қабат қысымын газды айдау арқылы ұстау
- •Қабатқа жылутасығышты айдау техникасы
- •Ішкі қабаттық жану
- •Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •Станок-тербегіш
- •Батырмалы электроқозғалтқыш
- •Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыс (соөж) сабақтарының жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмыс (сож) сабақтарының жоспары
- •1.Статикалық қысым дегеніміз не
- •2.Динамикалық деңгей дегенміз не
- •28. Гук заңы бойынша сұйықтың әсерінен штангалардың деформациялануы (qж- 1м сұйықтың ауырлық күші, fшт- штангалар қимасының ауданы, l - штангалар тізбегінің ұзындығы, е - Юнг модулі)
- •30. Бэотс іліну тереңдігі
- •Глоссарий
- •050724 - «Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы үшін
Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары электрожетектеушісі бар көлемді плунжерлі сораптарға жатады. Бұл сораптарда алынатын сұйық қабылдаушы және айдаушы клапандар арқылы өткенде, сораптың және жетектеушінің қозғалмалы бөлшектермен тікелей әсерлеспейді. Ол олардан резиналы диафрагмамен бөлінген. Бұл берілген сораптардың қолданудың спецификасын түсіндіреді. Олар агрессивті қабат сұйығы және құрамында едәуір механикалық қоспалары (қабаттан шығатын құм т.б.) бар сұйықты шығарып алуға арналған.
Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғысы ұңғыға СКҚ -ға түсірілген батырмалы сорап агрегатынан (сораптың және электрожетектеушінің), құбырлардың жанында жүретін кабельден, СКҚ тізбегіне орнатылған жіберуіші клапаннан, сағалық жабдықтардан және жоғары бетте орналасқан басқару станциясынан тұрады.
Сурет 13.4. Диафрагмалы сораптың сүлбесі
Батырмалы агрегатта айдаушы 1 және сорушы 2 клапандары, диафрагма 3, серіппе 3 және поршень 5 болады. Поршеннің астында бұрыштық тісті беріліс 7 арқылы айналатын эксцентрик 6 орналасқан. Одан төмен электроқозғалтқыш 8 және компенсациялаушы диафрагма 9 орналасқан.
Поршеннің үстіндегі А қуысы және жетектеушінің жанындағы Б қуысы маймен толтырылған. А қуысында қатаң бекітілген май көлемі болады. Бұл қуыстан ағып кеткен майдың қалпына келуін, цилиндр тұрқысында орналасқан арнайы клапанмен қамтамасыз етіледі. Бұл клапаннан А қуысындағы артық май да шығарылады. Клапандарды диафрагмамен итеруші (толкатель) арқылы байланыстырылған көмекші поршень басқарады.
Батырмалы агрегат келесі түрде жұмыс істейді. Қозғалтқыш білігі және бұрыштық тісті беріліс айналған кезде эксцентрик 6 айналып, эксцентрикке серіппемен 4 қысылған поршень 5 жоғары және төмен қозғалады. Сүлбеде поршеннің жоғарғы орындағы жағдайы көрсетілген. А қуысының көлемі өзгермегендіктен, поршень төмен жылжыған кезде май поршеньмен босатылған кеңістікті толтырады, ал диафрагма 3 төменге түседі (диафрагманың төменгі жағдайы пунктирмен белгіленген). Сораптың клапан астындағы жұмыстық қуысында қысым төмендеп, ұңғыдағы сұйық сорапқа сорылады. Эксцентриктің келесі айналым кезінде ол поршеньді жоғары жылжытып, май дифрагмаға басып оны жоғарғы жағдайға әкеледі. СКҚ-ға 1 клапан арқылы сұйық айдалады. Сонымен айдалатын сұйық тек қана клапандарды, диафрагманы және жұмыстық қуыстың қабырғаларына ғана тиеді. Поршеннің 5 қозғалуы үшін Б қуысының көлемінің өзгеруі диафрагмамен 5 компенсацияланады.
Бұрыштық тісті беріліс және поршеннің эксцентрикалық жетектеушісі габариті шектелген батпалы агрегатта орналасқан соң, олардың қуаты 3-6 кВт-пен шектелген. Электроқозғалтқыш үш фазалы, асинхронды және маймен толтырылған. Электроқозғалтқыш білігінің айналу жиілігі 1350-1500 мин-1. Тісті берліс айналу жиілігін шамамен 2 есе азайтады. Осыған орай поршеннің бір минуттаға қадам саны 750-ге, ал қадамының ұзындығы 15 мм-ге тең болады. Құрамында 1,8%-ға дейін механикалық қоспалары бар қатты суланған сұйықтың (90%) алынуы кезінде отандық сораптар мынадай аралық жөндеу периодына ие болады - 200 тәулікке дейін. Дәл осы жағдайдағы ЭОТС (ЭЦН) сораптарының аралық жөндеу жұмысының периоды 2-3 есе кіші болады.
Негізгі әдебиеттер 1 [ 1,2,3,4,5,6,7,8, 58-104 бет], 2[1,2,3,4, 226-263 бет]
Қосымша сұрақтар 10 [113-167 бет], 7[10-78 бет].
Бақылау сұрақтары:
Штангасыз сорапты қондырғылардың классиффкациясы қандай?
Электрожетектеуші ортадан тепкіш сорап қондырғысының сипаты.
Гидроқорғаудың міндеті неде?
Кері және ағызып беруіш клапандардың міндеті неде?
Домалақ кабельдің кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?
ЭОТСҚ 5А-500-800 белгілеулері нені білдіреді?
Ортадан тепкіш сораптың жұмысшы сипаттамалары қандай?
Механикалық қоспалары бар сұйықты алған кездегі сораптың жұмыс істеу уақытын қалай көбейтуге болады?
Ұңғы сағасының жабдықтарын атаңыз.
Ұңғылық бұрандалы сораптық қондырғылардың құрылымы.
Ұңғылық диафрагмалық сораптық қондырғылардың құрылымы.
Дәріс 15. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары.
Өндіргіш ұңғыманың өнімін жинау және дайындау жабдықтары.
Мұнай мен газды жинап және тасымалдауға дайындауға арналған жабдықтар, ал қабат суын пайдалану немесе ағызып жіберу жұмыстарында мұнай мен газдың шығымын азайту бағытында үлкен роль атқарады және жіті назар аударып, көптеген қаржы талап ететін сала. Мұнайды жинау мен тасымалдауға дайындаудың металлсыйымдылығы орасан үлкен және көп мөлшерде құбырлар жүйесін, ауқымдары үлкен сепараторлар, тұндырғыштар мен резервуарларды қажет етеді.
Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сүлбесі.
Ұңғыма өнімін жинаудың жалпы жүйелік сүлбесі 15.1-суретте көрсетілген. Мұнда мұнай, газ және қабаттық суды жинау мен дайындау сүлбесі келтірілген. Жекеленген технологиялық сүлбелерге байланыссыз барлық жағдайларда кейбір процестер мен операциялар, сонымен бірге орындалатын жұмыстар мынадай болып келеді:
-эмульсияны бұзу, оны құбырмен тасымалдау мен газды сепарациядан өткізу; бұл процестер – тасымалдаушы жүйенің тұтқырлығын төмендету, парафиннің шөгуін болдырмау;
- суды мұнайдан бөлу, өлшеу-тапсыру операциясы, тауарлы және шикізатты резервуарларды толтыру.
-шайынды суларды біріншілік тазалау және құбырлардағы мұнайды деэмульсиялау, оны мұнайды дайындаудың технологиялық циклында кері қайырып отыру;
- мұнай мен судың сапасын бақылау және оларды өзара тазалау;
-тауар паркына қызмет көрсету мен мұнай сапасын жақсарту.
Біріктірілген сүлбеде (15.1-сурет) ұңғыманың өнімі өлшеуіш «Спутник» қондырғысына келіп түседі. Одан шыққан газдалған мұнайсулы эмульсия деэмульгаторда өңделіп, оның эмульсиялық брондалған қабыршағы турбулентті режимде (Re=2000-25000) кәсіпшілік құбырында қиратылады. Қиратылған эмульсия алдын ала дренажды сумен араластырылып, ары қарай секциялы тамшытүзгішке жіберіледі. Эмульсия ағынына жіберілген дренаж суы тамшытүзгіште су глобулының іріленуіне әкеліп, сепараторда ол фазаның жылдам ажырауына әкеліп соғады.
Сепаратордан шыққа дегаздалған құрамында аздаған су тамшылары бар мұнай 400 С-қа дейін ысытылады да, тамшы түзуші секциядан толық сусыздану үшін тұндырғышқа келіп түседі. Бөлінген газ компрессор арқылы газ жинағышқа келіп түседі, ал сусызданған мұнай тұщы сумен өңделгеннен кейін тамшы түзгіш арқылы тұзсыздану мақсатында тұндырғышқа жіберіледі. Ол жерден мұнай буферлі ыдысқа келіп, ары қарай сораптармен бас құрылымдарға, сонан соң мұнай магистралына жіберіледі.
Ұңғыма өнімін жинау мен дайындаудың технологиялық сүлбесі жабдықтардың негізгі тобын бөліп қарауға мүмкіндік береді.
Сурет 15.1. Мұнайды, қабат суы мен газды жинау және дайындау сүлбесі
Тораптар бойынша біріктірілген операциялар : А-сұйықты тасымалдау, тұтқырлықты азайту, парафин шөгіндісін болдырмау, эмульсияны бұзу, ағын қабатын біртіндеп ажырату; Б- орта өлшемдегі тамшыларды ірілендіру, турбулентті режимде мұнай ортасындағы дренажді су тамшысын тазалау, газды сепарациядан алдын ала өткізу, газ қосылыстарын коалесценциялау; В- газ көпіршіктерін бұзу, газды бұрып алу, су глобулын дренажды су құрамына ығыстыру, гидрофильді сұйықты сүзгіде газдың ұлғаю энергиясымен глобулды бұзу, сұйықтық флотация, суды ағызып жіберу; Г-ыстық сепарация мен деэмулсиялау, жылыту, жұқа дисперсті эмульсия бөлігіндегі брондалған қабықшаны бұзу, турбулентті режимде коалесценциялау, мұнай және су ағындарын бөлу; Д-жеңіл фракцияларды іріктеп алу, конденсатты мұнайға кайтару, тұзды жуу, ағынды бөлу, суды ағызып жіберу, мұнайды бұрып алу; Е- гидродинамикалық эффектілердің есебінен мұнайды тасымалдау мен сапасын жақсарту, мұнайдың резервуардан өту операциясын бөлініп шыққан сумен ортақтастыру; З-турбуленттік режимде лас судағы шөгінділерді ірілету және тасымалдау; И- сұйықтық гидрофобты сүзгіде суды тазалау, дренаж суының коррозионды белсенділігін азайту; 1-ұңғымалар; 2-өлшеу құрылғысы; 3-деэмульгаторды беру; 4-құбыр; 5-I, 5-II, 5- III тамшы тузушілер; 6-үшфазолы сепараторлар; 7- жолдық жылытқыш; 8-сусыздандыру сатыларының тұндырғыштары; 9-компрессор; 10- тұщы суды беру; 11- тұзсыздандыру сатыларының тұндырғыштары; 12- мұнайдың буферлі ыдысы; 13,16 - мұнай сораптары; 14- мұнай сапасын талдағыш, өлшеу құрылымы, 15 - тауар резервуары; 17 – су сорабы; 18- судың буферлі ыдысы; 19- тотықтырғыш ингибиторын беру; 20 – гидрофобты сүзгілі тұндырғыш; 21 – суды гидродинамикалық өңдеуге арналған құбыр; 22- мунайды жинағыш ыдыс; 23 – шығым өлшеуіш.
Жинағыш жабдықтарына жататындар – бұл өлшеуіш қондырғылары, біріншілей газ сепараторлары, реагент беретін құрылғы, кәсіпшілік сорап станциялар мен құбырлар.
Ұңғыма өнімін дайындау жабдықтарына – сепараторлар, тұндырғыштар, қыздырғыштар, деэмульгаторлар, резервуарлар, сораптар, тасымалдауға дайындалған кәсіпшілік өнімдерін өлшеуге арналған құралдар.
Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар.
Кен орындарын бақылап отыру үшін әр ұңғымадағы мұнай, су және газ дебиттерін өлшеу керек. Одан бөлек, ұңғыма өніміндегі механикалық қоспалардың санын білу қажет. Осы алынған мәліметтер ұңғыманың эксплуатациялау режимі мен кен орындарын толығымен бақылау нәтижесінде мүмкін болатын ауытқуларға дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, түп алдындағы аймақтын бұзылуына байланысты ұңғыма өнімінің құрамындағы механикалық қоспалар көбейеді – осыған орай, жұмыс режимін өзгерту немесе түп алдындағы аймақты бекіту керек.
Дебитті өлшеу үшін көбінесе сепарациялық - өлшегіш қондырғыларды пайдаланады. Олардың жұмысы кезінде ұңғылардан өндірілетін өнімнің әр компонентінің санын өлшеу үшін оларды бір-бірінен ажытару керек, яғни сепарациялау процесін жүргіземіз. Практика жүзінде жекеленген және топтық сепарациялық - өлшеуіш қондырғылар қолданылады.
Жеке сепарациялық - өлшеуіш құрылғы тек бір ұңғымаға ғана қызмет етеді. Ол тек бір газ сепараторынан, өлшеуіштен және құбырлық жүйеден тұрады.
Топтық сепарациялық – өзағынды өлшеуіш құрылғы (ТСӨҚ) бірпеше ұңғымаларға пайдаланылады. Ол газ сепараторынан, өлшеуіштен, таратқыш батарея мен құбырлар жүйесінен тұрады.
Ұқғымадан шыққан өнім (фонтанды, газлифтті, сорапты) таратқыш батареяға әкелінеді. Бір ұңғыманы өлшеуішке қосқан кезде, қалған ұңғымалардан шыққан өнімдер араласып, жинау коллекторына өлшеусіз түседі.
Қабат қысымы шағын болған кездегі ұңғыманың кіші дебитін өлшеу үшін өлшеуіш трап қолданылуы мүмкін. Ол өлшеу шынысы рейкамен жабдықталған. Шыны түтіктегі мұнайдың деңгейі бойынша ұңғыманың дебитін анықтайды.
Мұнай өндіретін ұңғымалардың өнімі «Спутник» өлшеуіш құралына жіберіледі. Онда ұңғының беретін өнімі мерзімді түрде өлшеуден өтеді – сұйықтағы судың пайыздық құрамы мен еркін газдардың көлемі өлшенеді. «Спутник-А», «Спутник-В», «Спутник 540» және «Спутник –Б40-24» типті қондырғылар жобаланып, жасалып шығарылған. Солардың ішінде ең көп таралған түрі «Спутник Б40 қондырғысын қарастырайық (15.2- сур.).
Ол берілген бағдарлама бойынша ұңғыманы өпшеуге автоматты түрде қосылады да, ұңғыма дебитін автоматты түрде өлшейді. «Спутник-Б40» қондырғысында мұнайдың ылғалдылығын және ондағы су мөлшерін автоматты түрде үздіксіз өлшеп отырады; автоматты түрде турбиналақ шығынөлшегіштің 15 көмегімен мұнайдан гидроциклонда бөлініп шығатын еркін газдардың көлемі анықталады. «Спутник –Б40»-та сұйықтық турбиналық шығынөлшеғіш СТШ 1-50 гидроциклонды сепаратордың технологиялық ыдысындағы сұйық деңгейінен төмен орналаетырылған.
«Спутник-Б-40»-пен, сонымен қатар «Спутник-Б» және «Спутник- А», өлшеуіштер аркылы ұңғыманың суланғаң және суланбаған дебиттерін бөлек өлшеуге болады. Ол үшін былай жасалынады. Егер, мысалы, 2 ұңғыма суланған, ал қалған 12 «Спутник-Б»-ға қосылған ұңғымалар таза мұнай берсе, онда қолмен кері клапандар 1 жабылады да, суланған ұңғымалардың өнімі сыртқы құбырмен ысырма 12 арқылы жинау коллекторына 8 келіп түседі. Таза мұнай беретін ұңғымалардың өнімдері көп жолды ауыстырып қосқыштың (КАҚ) ыдысына келіп түседі де, одан ары жинау коллекторы 6 мен сусызданған мұнай коллекторына 23 барады.
Өлшеуішке қойылған кез келген ұңғыманың сұйығы роторлы қосқыш 4 арқылы гидроциклонды сепараторға 13 жібереді. Сепаратордан газ шығатын жерінде қысым төмендеуін реттегіш 14 орнатылған, ол сепаратор мен газөлшеуіштің арасындағы қысым құламасын тұрақты деңгейде ұстап тұрады. Тұрақты қысым құламасы 16 және 16 а золотникті механизмдерге беріліп, одан ары поршенді клапанға 19 беріледі.
Ұңғымалар бойынша сұйық көлемдері келесі түрде өлшенеді. Егер деңгей өлшеуіштің қалтқысы 17 ең төменгі жағдайда тұрса, онда қалтқылы механизмнің үстіңгі вилкасы золотниктің үстіңгі қылтимасына басады, соның нәтижесінде реттегіштен 14 жоғарыланған қысым поршеньді клапанның 19 оң жағына беріліп оны жартылай жабады; сұйық беру тоқтатылады да, турбиналық шығымөлшеуіш 18 жұмысын тоқтатады. Сол уақыттан бастап сепаратордағы сұйық деңгейі көтеріле бастайды. Оның деңгейі ең жоғарғы нүктеге жеткенде қалтқылы механизмнің астыңғы вилкасы золотниктің 16а қылтимасын басып, реттегіштегі 14 жоғарылатылған қысым поршеньді клапанның 19 сол жағына әсер етіп оны ашады; жүйеде сұйықтың ағуы басталып, турбиналы сұйықөлшеуіш өтіп жатқан сұйық мөлшерін анықтайды.
Сурет 15.2 Өлшеуіш «Спутник-Б40» қондырғысының сүлбесі
1-кері клапандар; 2-ысырмалар; 3-КАҚ көп жолды ұңғымалық ауыстырып-қосқыш; 4-ұңғыманың роторлы қосқышы; 5-өлшеу сызығы; 6-ортақ сызык; 7-бөлгіш; 8 - суланған мұнай коллекторы; 9 және 12 –ысырмалар (жабық); 10 және 11- ысырмалар (ашық); 13 – гидроциклонды сепаратор; 14 – қысым төмендеуін реттегіш; 15- газдың шығымын өлшеуіш; 16 және 16а- золотниктер; 17-қалтқы; 18- турбиналы сұйык мөлшерін өлшеуіш; 19-поршененді клапан; 20- ылғалөлшеуіш; 21 –гидрожетек; 22-электрлі қозғалтқыш; 23- сусызданған мұнай коллекторы; m- ұңғымадан шығарып жіберу сызықтары.
Мұнайдың сулану пайызын анықтау үшін «Спутник»-те ылғалөлшеуіш 20 орнатылған, ол арқылы ұңғыманың барлық өнімдері өткізіліп отырады.
Сонымен қатар «Спутник-Б40-24» өлшеуіші де бар, ол «Спутник Б-40»тан тек қосылатын ұңғыма санымен ғана ерекшелінеді, яғни «14 ұңғыманың орнына мұнда 24 ұңғыманы іске қосуға болады. Ал қалған мәліметтер тура «Спутник - Б40» сияқты.
«Спутник –А» және «Спутник В» қондырғылары аса жетілдірілмеген. Бірақ «Спутник В»-да ұңғымаға берілген сұйықтың көлемдік өлшеуіші бар. Ол, егер мұнайдың құрамында парафин көп болмаса турбиналық шығым өлшегішке қарағанда дәл нәтиже береді. Егер парафин көп болса, ол өлшеуіш қондырғының ыдысына тұрып қалып, өлшеу дәлдігін кемітеді.
Соңғы жылдары көптеген фирмалар, соның ішінде конверсиялы түрлері, ұңғыманың дебитін өлшейтін қондырғыларды жобалау және жасап шығару төңірегінде көптеген жұмыстар жүргізіп жатыр. Мысалы, мобильді өлшейтін қондырғы МӨҚ, ол мұнай ұңғымаларындағы өндірілген мұнай, газ және басқа сұйықтарды автоматты немесе қолмен басқару режимінде өлшеуге арналған.
Мобильді кондырғыдан басқа стационарлы қондырғылар да шығарылып жатыр. Олардың техникалық сипаттамалары ұқсас, бірақ ұңғыма торабында жұмыс істей алады, сол себепті мұндай қондырғылар ұңғыма манифольдтарын ауыстырып қосатын құрылымдармен қосымша жабдықталған.
Мұнай кәсіпшілігінде Татарстандағы «ИТЭС» ИПО фирмасы шығарған ұңғыма дебитін өлшейтін СКЖ санақ құрылымдары кеңінен қолданылады,.
Қазіргі кезде мұнай газ өндіретін аймақтарда жылжымалы АСМА қондырғылары пайдаланылады. АСМА-ТП қондырғысы мұнай ұңғымаларының өнімділігін өлшейтін құралдарды метрологиялық бақылау үшін және сұйықтың, мұнай мен судың тәуліктік дебитін жоғарысапалы тікелей өлшеуге қол жеткізеді. Қондырғы технологиялық және аппараттық бөлімдері бар блоктан тұрады және екі осьті автокөлік тіркемесіне орнатылған.
Жоғары газ факторы бар ұңғыманың дебитін өлшеу үшін жылжымалы сепаратор қопданылады, мұнда алдын ала бөлінген газ өлшенеді. Қалған газы бар сұйық ЗУ АСМА-ТЛ (Т) қондырғысындағы қалыпты өлшеу жүйесіне келіп түседі.
АСМА қондырғысы ұңғыманың сұйық мөлшерін масса бірліктері көрсетілген тікелей өлшеумен және ары қарай ұңғыманың тәуліктік дебитін бақылаушының есептеп шығаруына негізделген. Мұнайдағы су қоспасы ВСН-БОЗНА ылғалөлшеуішімен өлшенеді, ал ілеспе газдың тәуліктік көлемі АГАТ-1М газ санағышымен есепке алынып және қалыпты жағдайға келтіріліп отырады.
Негізгі әдебиеттер 1 [1-2, 280-295 бет], 2 [1-5, 436-459 бет], 4[8.1-8.5, 401-467 бет]
Қосымша әдебиеттер 10 [ 402-451 бет].
Бақылау сұрақтары:
1. Жинау жабдықтары қандай негізгі элементтерден тұрады?
2. Ұңғыманы дайындауға арналған қондырғы қандай негізгі элементтерден тұрады?
3. Ұңғыма дебитін өлшеуге арналған жабдықтарды атаңыз.
4. Жинау жүйесіндегі талдау әдісі қандай факторларды анықтайды?
5. Өзіндік ағымды жинау жүйесі дегеніміз не?
6. Жоғары ағымды жинау жүйесі дегеніміз не?
7. Сұйықты газдан бөлу жабдықтарын атаңыз.
8. Ұңғыма өнімінің көлемін өлшеу әдістері қандай?
9. Мұнайды тұзсыздандыру жабдықтарын атаңыз.
10. Құбыр жүйесінің классификациясын атаңыз.
Тәжірибелік сабақтарының жоспары (семинарлық)
№1- Тәжірибелік сабақ. Гидроқұмағысты перфорациясы кезіндегі есептер.
Тапсырма: Сұйықтың шығының, кварцті құм мөлшерін, ағыстың қабатқа максималды ену тереңдігін, арынның гидравликалық шығындарын есептеу.
Әдістемелік ұсыныс: Перфорация процессін талдау және сорапты агрегаттардың параметрлерін зерттеу. Гидроқұмағысты перфорация кезінде СКҚ тізбегінің айырылуын болдырмау.
Қос.: 1 (13-20)
Бақылау сұрақтары
1. Ұңғыларды қаңдай мақсатпен перфорациялайды?
2. Сұйықтың керекті мөлшерін қалай аңықтайды?
3. Кварцты құмның керекті мөлшерін қалай аңықтайды?
4. Тізбектің шекті тереңдігін қалай аңықтайды?
5. Тізбектің бекітілмеген төменгі бөлігі СКҚ-ның ұзартылуын қалай аңықтайды?
6. Құмсұйықты қоспаны айдауға арналған сораптардың санын қалай аңықтайды?
№2- Тәжірибелік сабақ. Фонтанды көтергішті есептеу.
Тапсырма: Фонтандалудың соңғы жағдайлары бойынша көтергіштің оптимальды диаметрін аңықтау. Табылған диаметрді максималды өткізгіштік қабілетіне тексеру. СКҚ әрбір сатысының ұзындығын есептеу.
Әдістемелік ұсыныс: Ұңғылардың фонтандалу жағдайларын қарастыру. Есептеулер кезінде екіөлшемді тізбектерді таңдауға арналған графиктерді және үш өлшемді біртектіберік болаттан жасалған тізбектерді таңдауға арналған графиктерді қарастыру.
Қос.: 2 (29-24)(184)
Бақылау сұрақтары
1. Ұңғының фонтандалуы мүмкін минималды түптік қысымды қалай аңықтайды?
2. Фонтандалу периодының соңында ұңғы оптимальды режимде істейтін фонтанды құбырлардың диаметрін қалай аңықтайды?
3. Фонтанды көтергіштің диаметрін аңықтауға арналған диаграмманы қалай қолданады?
№3 - Тәжірибелік сабақ. Ұңғыларды ұңғылық штангалық сораптармен экплуатациялауға және сораптардың режимді параметрлерін аңықтауға арналған негізгі жабдықты таңдау және есептеу.
Тапсырма: ұңғының дебиті Q , мұнайдың меншікті салмағы, сораптың түсірілу тереңдігі L, сорапты қондырғының беру коэффициенті , динамикалық деңгей берілген. Таңдау керек:
- станок-тербегіш, сораптың типін, СКҚ диаметрін.
- сорапты штангалардың диаметрін және штангаларын тізбегін
- ұңғының оптималды режимін және сорап қондырғысының параметрлерін таңдау.
Әдістемелік ұсыныс: ШҰСҚ жобалаған кезде жабдықты таңдаудың ең жылдам түрі А.Н.Адонин диаграммасы көмегімен графикалық әдіс арқылы аңықтау, ал штангалар конструкциясын арнай кестелер арқылы таңдау керек.
Қос.: 2 (41-65)(185-190)
Бақылау сұрақтары
1. Штангалар конструкциясын кесте бойынша таңдау үшін не білу керек?
2. Штангалардың диаметрінің және ұзындығының стандартты номиналды қимасының қаңдай түрлері бар?
3. Штангаларды қаңдай материалдан жасайды.
№4 - Тәжірибелік сабақ. Батырмалы ортадан тепкіш электросорапты есептеу және таңдау және оның негізгі параметрлерін аңықтау.
Тапсырма: Есептік әдісті қолданып ұңғыны батырмалы ортадан тепкіш электросораппен эксплуатациялауға арналған жабдықты таңдау және сораптың жұмысы кезінде электроэнергияның меншікті шығының аңықтау:
- есептік құбырлардың диаметрін таңдау
- батырмалы сораптың жұмысы үшін қажетті арынды есептеу
- сорапты таңдау
- кательді таңдау
- қозғалтқышты таңдау
- автотрансформаторды таңдау
- 1 т сұйыққа келетін электроэнергияның меншікті шығының аңықтау
Әдістемелік ұсыныс: Негізгі жабдықтарды таңдау үшін екі әдісті қолдануға болады: есептік және номограмманы қолданатын графикалық әдіс. Номограммаларды газдың әсерін есептемей құрады.
Қос.: 3 (65-76)(192-197)
Бақылау сұрақтары
1. СКҚ керекті диаметрі қалай аңыталады?
2. Қажетті арын қалай аңықталады?
3. Қажетті кабельді қалай аңықтайды?
№5 - Тәжірибелік сабақ. Мұнай кенішінің қабат қысымын ұстауын есептеу
Тапсырма: Айдаушы ұңғылардың саның, судың шығының, айдау қысымын есептеу. ҚҚҰ арналған су және газдың қажетті мөлшерін аңықтау.
Әдістемелік ұсыныс: Қоректену контурының ұзындығы L белгілі болған да ұңғылар арасындағы қашықтықтардың әр түрлі мәндері арқылы айдаушы ұңғылардың саның аңықтайды. Айдаушы ұңғылардың сыйымдылықтарын аңықтау үшін Дюпюи формуласын қолдануға болады.
Қос.: 3 (109-116)
Бақылау сұрақтары
1. Мұнай кенішінің қабат қысымын қаңдай мақсатпен ұстайды?
2. Кәсіптерде қабат қысымын ұстаудың қаңдай әдістері бар?
3. Ұңғы сағасындағы айдалатын қысымды қалай есептейді?
4. Нұсқа сыртымен су айдау кезіндегі айдалатын судың қажетті мөлшерін қалай есептейді?
№6 - Тәжірибелік сабақ . ҚСЖ жобалауға қажетті негізгі көресткіштерді есептеу
Тапсырма: Тереңдігі H, эксил және тізбек диаметрлері D, эффективті қуаты hэф, перфорацияның берілген интервалы және басқа да берілген параметрлері болатын эксплуатациялық ұңғы үшін: жарылу қысымын, жұмысшы сұйықтың шығының, жарықшақтың радиуысын, жарықшақтың, түп алдындағы аймақтың және бүкіл дренаждық жүйенің өткізгіштігін, ҚСЖ-дан кейін ұңғы дебитін, агрегаттардың керекті саның, ҚСЖ күтілетін пайдалылығын аңықтау.
Әдістемелік ұсыныс: ҚСЖ технологиялық операфицялардың кезектілігін қарастыру. Жұмысшы сұйыққа қойылатын талаптарды қарастыру.
Қос.: 1 (197-203)(116-120)
Бақылау сұрақтары
1. ҚСЖ қаңдай қабаттарда қолданады?
2. ҚСЖ қолдануы не береді?
3. ҚСЖ технологиялық процесін толығымен баяндап беріңіз.
№7 - Тәжірибелік сабақ. Тұзқышқылды өңдеудің есептік көрсеткіштерін аңықтау
Тапсырма: Тұзқышқылды ерітіндіні дайындауға қажетті тұз қышқылының, ингибитордың, стабилизатордың және интенсификатордың қажетті мөлшерін есептеп аңықтау. Қосылатын реагенттерді есептеп судың қажетті мөлшерін аңықтау
Әдістемелік ұсыныс: HCl ерітіндісінің қабат жыныстарымен әсерлескен кездегі негізгі химиялық реакцияларды талдау. Қабат келесі жыныстардан тұрады: әк (CaCO3) және доломиттер (CaMgCO3).
Қос.: 1 (120-123)
Бақылау сұрақтары
1. Қабаттың түп алдындағы аймағын ТҚӨ қаңдай мақсатпен қолданады?
2. Тұзқышқылды ерітіндіге қаңдай реагенттерді қосады?
3. Стабилизатор дегеніміз не және оның мөлшері қалай аңықталады?
4. Интенсификатор дегеніміз не және оның мөлшері қалай аңықталады?
