Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_sheptik_ba_1179_ylau_Mamandy_1179_1179_a_kirispe.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23 Мб
Скачать
☆

44 Билет

Электр торабы.

Электр тораптары – электр энергиясын ұзақ қашықтыққа таратуға арналған құрылғылар жиынтығы. Электр қондырғылары: қосалқы станциялар, әуе, кабель электр беріліс желілері, тарату құрылғылары.

Жіктелуі:

- ток бойынша: айнымалы, тұрақты.

- кернеу бойынша: 1000 В-қа дейін:127, 220, 380, 660 В, жоғары кернеулі: ВН – 400 кВ-қа дейін. СВН – 400-1000 В, УВН – 1000 кВ жоғары.

- схема конфигурациясы бойынша:

- тұйықталған, тұйықталмаған.

- атқаратын қызметі бойынша:жүйеқұраушы тораптар, кернеуі 330-1150 кВ – қуатты электр станцияларын біріктіріп және олардың қызметтерін бірыңғай басқару объектісі ретінде қамтамасыздандырып, біріктірілген энергожүйе қалыптастыру қызметін іске асырады, сонымен қоса электр энергиясын қуатты электр станцияларынан таратуды қамтамасыз етеді. Жүйеқұраушы тораптардың режмидері біріккен диспетчер орталығында басқарылады. Энергожүйелерді байланыстыратын 330-1150 кВ кернеулі тораптарды, жүйеаралық деп атайды;қоректендіруші тораптар (аудандық) - жүйеқұраушы тораптардың қосалқы станцияларынан және 110-220 кВ электр станцияларының қоректендіру орталықтарына эл.энергиясын тасымалдайды.Қор.тораптар әдетте тұйықталған болып келеді; таратушы тораптар аудандық қос.станцияларының төменгі кернеу шиналарынан тұтынушыларға аз арақашықтықта энергияны тасымалдайды. Бұл тораптар тұйықталмаған режимде жұмыс жасайды. Таратушы тораптар тұтынушы сипаттамасына байланысты өндірістік, қалалық, ауылдық б.б.

Қойылатын талаптар:

Электр тораптары тұтынушыға тиісті сападағы электр энергиясымен қамтып (тұрақты кернеу мен жиілікте), сонымен бірге электрлік және өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандыру қажет. Бұл талаптар орындалу үшін қолданылатын материалды, конструкциясы және тірек ұзындығы, сымдардың типі және олардың қимасы дұрыс таңдалу керек. Электр тораптарындағы кабельдер мен сымдардың қималары экономкалық тұрғыда үнемді болып, келесідей талаптарға сай таңдалады: а) электр тогымен қыздыру; б) механикалық беріктілік; в) керену шығыны; г) экономикалық токтың тығыздығы.

2000 жылдың ортасынан бастап Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі ТМД елдерінің энергия жүйелерімен қосарлас режимде жұмыс істейді. Бұл электр энергиясымен мемлекетаралық сауда үшін технологиялық негізді қалыптастыруға және тұтынушылар үшін белгіленген сенімділік және сапа стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды. Қазақстан БЭЖ-нің қосарлас жұмыс шарты Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдерінің энергия жүйесі арасындағы параллельді жұмысы туралы тиісті шарттармен регламенттеледі (Қазақстаннан - "КЕGОС" АҚ).        Жоспарлауға, электр энергиясының өзара транзитін ұйымдастыру мен бақылауға және электр энергиясының мемлекетаралық ағымын реттеуге (қуатты реттеу жөніндегі қызметті және қуат қорын жеткізуді қоса алғанда) байланысты ашық және бәсекелестік мемлекетаралық электр энергетикасы нарығын қалыптастыру мәселесі ТМД, ЕурАЗЭҚ-қа қатысушы елдердің шеңберінде шешілетін болады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы мына негізгі қағидаттарға сүйенеді:        елдердің тең құқықтығы, өзара тиімділігі және тараптардың басқа мемлекеттердің энергия жүйелерінің ішкі басқару мәселелеріне араласпауы;        электр энергиясының ішкі нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаттарын дербес белгілеу;        импорт пен экспортты қоса алғанда, электр энергиясын келісім-шарттық жеткізудің және тұтынудың теңгерімін өзінің энергия жүйесі шегінде қамтамасыз ету үшін Жүйелік операторлардың жауапкершілігі.        Энергия жүйелері Қазақстанның энергия жүйесімен қатар жұмыс істейтін мемлекеттердің электр энергетикасының қайта құрылымдау деңгейін теңестіруге қарай шектес елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қуаттарды реттеуге арналған шарттарды жасасу тәжірибесі кеңейтілетін болады.

ТМД Бірыңғай электр энергетика жүйесінің (БЭЖ) бүгіні мен келешегі. Электр станцияларының қуатын арттыру мен оларды пайдаланудың тиімділігін жақсарту ТМД Бірыңғай электр энергетикасы жүйесін жасау жұмыстарын аяқтаумен тікелей байланысты. ТМД-да 11 Біріктірілген электр энергетика жүйесі бар: Солтүстік, Орталык, Сібір, Орал, Батыс Сібір, Солтүстік Қазакстан, Онтүстік Украина, Солтүстік Кавказ, Күнгей Кавказ, Орта Азия және Қиыр Шығыс. Қазіргі уақытта осы 11 жүйенің 9-ы — Орта Азия мен Қиыр Шығыстан басқасы — БЭЖ құрамына кіреді. БЭЖ құрамында жұмыс жасайтын электр станцияларда ТМД-да өндірілетін барлық электр энергиясының 90%-і өндіріледі. Қазіргі уақытта жеке жұмыс жасап тұрған 2 жүйені БЭЖ құрамына қосу бағытында іргелі істер атқарылуда. Осы екі жүйе де БЭЖ құрамына қосылғанда ТМД-да өндірілетін барлық электр энергиясының 97—98% -і БЭЖ құрамында жұмыс жасайтын электр станцияларда өндірілетін болады.

Солтүстіктегі Воркутадан Оңтүстіктегі Күнгей Кавказға дейін, Батыстан Шығыстағы Читаға дейін 8 белдеулік сағат жерді қамтып жатқан БЭЖ 230 млн-нан аса адам тұратын 10 млн. км2-тан аса жер бетін алып жатыр. Бұрынғы одақта жұмыс жасап тұрған электр станцияларының қуаты 1990 жылдың аяғында 346,5 млн. кВт шамасында болды.

ТМД-да 100-ден аса жұмыс жасап тұрған аудандық энергия жүйесі бар. Олардың орташа қуаты 3 млн. кВт шамасында болады, ал ең үлкендерінің қуаты 10 млн. кВт-тан асады. Қатарласа жұмыс жасайтын аудандық энергия жүйелері Біріктірілген энергия жүйесін құрайды. Олардың қуаты 10-нан 50 млн. кВт-қа дейін жетеді.

Қазақстанда 9 аудандық энергия жүйесі бар: Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Алтай, Қостанай, Оңтустік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды.

ТМД-ның батысы мен шығысы арасындағы байланысты күшейту үшін алғаш рет кернеуі 1500 кВ, қуаты 6 млн. кВт, ұзындығы 2,5 мың км болатын Екібастұз — Тамбов тұрақты ток электр желісі салынуда. Бұл электр желісінің іске қосылуы Европада орналасқан АЭС-да түнгі уақытта өндірілген электр энергиясын тиімді түрде Солтүстік Қазақстан мен Сібір энергия жүйелеріне беру және Сібір СуЭС-ларында өндірілген арзан электр энергиясын, керісінше, қажетті уақытында Европаға жеткізу мүмкіндігін туғызады.

Алдағы уақытта Орта Азия мен Қиыр Шығыс Біріктірілген энергия жүйелерінің ТМД БЭЖ-не қосылуына және әрбір энергия жүйесінің жалпы қуатының артуына байланысты. БЭЖ-ның тиімді де сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін энергия жүйелерінің арасындағы энергия ағыны шамасын арттыру мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Сонымен бірге туындайтын басқа да күрделі мәселелерді тиімді шешу үшін, игерілген кернеудегі ЭЖЖ сапасын жетілдіру мақсатында біраз шараларды да іске асыру қажет:

әрбір фазадағы өткізгіштер санын арттыру және олардың өзара орналасуын жетілдіру арқылы өткізу мүмкіндіктері жоғары 500—750 кВ ЭЖЖ салу; элегазды (SF6) кешенді тарату қондырғыларын жасау жұмыстарын қарқынды жүргізіп, оларды өндіріске кеңінен енгізу; аса күрделі тұйықталған және әр түрлі кернеуден тұратын электр желілерінде болатын энергия ағынын басқару мәселелерін шешу; қуаты аса жоғары электр желілерінде болатын қысқа тұйықталу токтарының шамасын азайту.

Айнымалы ток 750 және 1150 кВ ЭЖЖ мен 1500 кВ тұрақты ток желісі ТМД БЭЖ-нің үстіміздегі ғасырда және келесі ғасырдың алғашқы жылдарында сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз ете алады. Сондықтан бұл

уақытта кернеу шамасы бұдан да жоғары ЭЖЖ-лер жасау жұмыстарын тек ғылыми тұрғыдан ғана қарастырған жөн.