- •1. Жоспары:
- •1. Патриотизм туралы идеялар.
- •2. Ағартушылар мен жазушылар еңбегіндегі патриоттық сезім.
- •1.Патриоттық сезімді дәлелдейтін оқиғалар
- •1.Жоспары:
- •1. Қазақстандық патриотизм.
- •Практикалық (Семинар) сабақ №4 Тақырыбы:" Мектеп окушылары бойында патриоттық сезімді қалыптастыру"
- •1.Жоспары:
- •1.Мектеп окушылары бойында патриоттық сезімді қалыптастыру
- •2. Әскери патриоттық тәрбиенің бағытының ғылыми әдісі.
- •Семинар сабақ №5 Тақырыбы:" Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты-жастарды Отанды қорғауға дайындау"
- •1.Жоспары:
- •1. Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты-жастарды Отанды қорғауға дайындау.
- •Семинар сабақ №6 Тақырыбы:" Кіші, орта және ересек жастағы оқушыларды әскери- патриоттық тәрбиелеу.
- •1.Жоспары:
- •І. Кіші, орта және ересек жастағы оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу.
- •Семинар сабақ №7 Тақырыбы: «Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы »
- •1. Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы.
- •Семинар сабақ №8
- •1.Қазақ халқының тарихи-революциялық, әскери және еңбек даңқы орындарына саяхат ұйымдастыру және оны жүзеге асыру.
- •Семинар сабақ №9 Тақырыбы: «Қазақстандық патриотизмнің негіздері мен қалыптастыру жолдары».
- •1.Қазақстандық патриотизмнің негіздері мен қалыптастыру жолдары
- •Семинар сабақ №10 Тақырыбы: «Оқу орындарында қорғаныс-көпшілік жұмыстарының әр алуан формалары мен әдістерін пайдалану»
- •1.Жоспары:
- •1. Оқу орындарында қорғаныс-көпшілік жұмыстарының әр алуан формалары мен әдістерін пайдалану.
- •Семинар сабақ №11. Сабақтың тақырыбы:Қазақ елінің қаһармандық тарихы
- •1.Жоспары:
- •1991 Жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.
- •Семинар сабақ №12. Тақырыбы:" Қылмыстық сипаттағы өмірге қауіпті жағдайда адамдардың өзін-өзі қорғауы
- •1. Жоспары:
- •1. Қылмыстық сипаттағы өмірге қауіпті жағдайда адамдардың өзін-өзі қорғауы
- •Семинар сабақ №13
- •1.Жоспары:
- •1. Оқушы жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне басшылық жасау.
- •2.Мектеп директорының міндеті:
- •3.Директордың оку-тәрбие жұмысы жөніндегі орыңбасары:
- •Семинар сабақ №14,15
- •1.Жоспары:
- •1. Соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
- •2.Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.
- •3.Қорғану жолдары.
- •4. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
- •5. Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас.
- •4. Бақылау сұрақтары:
2. Әскери патриоттық тәрбиенің бағытының ғылыми әдісі.
Әскери патриоттық тәрбие жастардың әскери іске деген қызығушылығын арттыруға, әскери мамандықтарды игеруге және оларды Қазақстан Қарулы Күштері қатарында азаматтық борышын өтеуге дайындауға бағытталған. Әскери-патриоттық тәрбиенің өзегіне Отан қорғаушы жастарда моралъдық-саяси және психологиялық сапаны қалыптастыру жатады. Отан қорғаушы жастарға қажетті моральдық-саяси және психологиялык сапаны қалыптастыруға салыстармалы түрде бір-бірінен дербес және сонымен қоса бір-бірімен тығыз байланыстағы 2-элемент моральдық-саяси .және психологиялық дайындық кіреді. Саяси-моральдық және психологиялық дайындықтың біртұтас процесінде саяси-моральдық шынығу маңызды орынға ие болады. Бұл жастардың бойында Отанды қорғаудың саяси-моральдық сапасын қалыптастырады, бұдан қоғамдық және мемлекеттің құрылымның саясатпен байланысы, саяси идеялық, өнегелік көзқарастар мен сенімдер өз Отанын қолына қару алып қорғауға дайындығы, патриоттығы, интернационалдығы, саяси қырағилығы өз елін қарулы соғыста қорғауға ішкі дайындығы көрінеді. Жоғарғы саяси-моральдық сапалықтың негізінде жастардың өз Отанын қорғауға деген психологиялық дайындығы іске асады.
Әскери-патриоттық тәрбиенің келесі бағытына әскери патриоттық тәрбиені жүргізу барысында оқушыларда жауапкерлік, өжеттілік қалыптасатын әскери-техникалық дайындық және соның құрамына кіретін әскери білім, жауынгерлік шеберлік, тәртіптілік және ұйымшылдық, Әскери және Теңіз-Флотының жолдастығы әскери ант, әскери жарғы, бұйрықтар мен жарлықтарды командирлер мен басшылардың талаптарын мүлтіксіз орындау, және т.б. жатады. Бұл жерде жастарды алғашқы әскери даярлау және көпшілік-қорғаныс жұмыстары үлкен рөл атқарады.
Әскери-патриоттық тәрбиенің үшінші бағытына жастарды дене жағынан тәрбиелеу жатады. Оның мақсатына жастарда дене жағынан шыдамдылықты, күнделікті өмірде және әскери қызметте, сонымен қатар соғыс жағдайында аса зор дене күшін қажет ететін еңбекті қажырлылыкден көтеруге қабілеттілікті қалыптастыру жатады.
Дене жағынан шынығу – бұл онсызда маңызды сергектік пен оптимизмнің көзі ғана емес, сонымен қатар ол еңбек етуге және Отан қорғауға дайындық, бос уақытын тиімді пайдаланудың түрі. Жас жеткіншіктерді тәрбиелеудегі дене тәрбиесі мәдениеті мен спорттың үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды Қазақстан Республикасының Конституциясында заңды түрде бекітілген, Қазақстан Республикасының негізгі заңында үкімет азаматтардың шығармашылық қабілетін, талантын толық пайдалануға қажетті нақты мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасауды мақсат етіп қойған.
Статистиканың көрсеткеніндей, оқушылар мен оқушы жастардың арасында мыналардың, шамадан артық салмағы барлардың, ауруға бейімдердің, көзі нашар көретіндердің, тұлғасындағы және тірек-қимыл апараттарындағы ауытқушылығы барлардың пайызы жоғары. Мамандардың ойынша, оқуда үлгермеушілердің 58%-ның өз құрбыларынан қалауының себебі, тек қана еріншектігі мен ауруының салдарынан екен.
Сонымен әскери қызметке жастарды дене жағынан дайындау ерекше назар аударуға тұрарлық мәселе. Жас адамның дене жағынан дамуы, оның денсаулығының жағдайы, осы құрметті әрі ауыр міндетті орындауда ерекше маңызға ие.
Тәрбиенің басқа да түрлері сияқты әскери-патриоттық тәрбиеге де белгілі ұйымдық құрылым тән. Ол бірқатар мемлекеттік жүйелермен, саяси-қоғамдық, қорғаныш және басқа да ұйымдармен әр түрлі әлуметтік ұйымдарды іске асырылады. Әскери-патриоттық тәрбие әрқашанда елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайту мәселесін шешуде маңызды орындардың бірін алады. Әсіресе қазіргі жағдайда оның алатын орыны айрықша зор.
Төртіншіден, әскери-патриоттық тәрбиенің рөлінің артуы айтарлықгай дәрежеде ғылыми-техникалық революцияның әскери істің дамуына әсерімен, армия және флот жауынгерлерімен жастардың әскери дайындығына қойылатын талаптардың артуы себепші. Жаңа сападағы қару-жарақ түрлерін жасау, қолданыстағы әскери техника түрлерінің соғыс сипаттамасын жақсарту, барлық қарудың түрлерін күрделендіруге және қызмет көрсетуде әлдеқайда көп еңбек сіңіруді керек қылатын процестерге әкеледі.
Қазіргі заманда әскери техниканы мүлтіксіз меңгеруге деген жалғыз ықыластың тіпті қызу талпыныстың өзі де жеткіліксіз. Оған терең білім мен жалпы жоғары мәдениет қажет. Қазақстан сарбаздары қазіргі заманда озық техниканы, ракеталық-кешендерді, дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен ұшатын самолеттерді және басқа да соғыс құралдарын игерулері үшін, арбада орнатылған пулемет кезіндегідей бастауыш сауаттылық жеткіліксіз, олардың физика, математика, химия, радиотехника және басқа да білім негіздерінен хабары болуы тиіс.
Бесіншіден, әскери-патриоттық тәрбиенің рөлінің артуы күрделі жаңа соғыс қарулары мен техникаларын қолдануда салыстырмалы түрде алғанда қысқа мерзім ішінде қатардағы жауынгер, сержант және старшиналардың игеруімен байланысты. Тәжірибенің көрсеткеніндей, бұл міндетті нәтижелі орындауда әскер қатарына шақырылғанға дейін моральдық-саяси және психологиялық дайындықты игерген және алғашқы әскери дайындыққа қол жеткізген, әскери мамандықпен, әскери тәртіппен танысқан, Қазақстан Қарулы Күштерінің салт-дәстүрлерін білетін сарбаздар жақсы атқара алады. Ақыр соңында, әскери-патриоттық тәрбиені күшейтудің қажеттілігі осы тәрбие саласындағы кейбір айтарлықтай маңызды кемшіліктермен тығыз байланысты. Өткеннің тоқырау кезіндегі селқостық, немқұрайлық сияқты құбылыстары әскери-патриоттық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына айтарлықтай дәрежеде өз әсерін тигізді. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткеніндей, жастардың белгілі бір бөлігі қамсыздық, бейқамдық және жәйбарақаттықпен уланған болып шықты. Әскерге шақыру жасындағы жастарда міндетін өтеуден бас тарту сияқты келеңсіз фактілер кездеседі.
Қазақстан халқын, әсіресе жастарды Отан қорғаудағы қасиетті парызын орындауға дайындауда әскери-патриоттық тәрбиені күшейтудің маңызды әлеуметтік-саяси, идеологиялық және әскери-техникалық дайындығын күшейту қажеттілігіне себепші маңызды факторлар міне осындай.
Сонымен, әскери-патриоттық тәрбие - күрделі динамикалық процесс. Оның міндеттерін Қазақстан халқын, әсіресе жастарды елімізді қорғаудағы бірыңғай жүйенің барлық құрылымдарының элементтерін үйлестіре байланыстырған жағдайда ғана ойдағыдай нәтижелі шешуге болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сабақтағы патриоттық тәрбиеге калыптастыру жолдары.
2.Әскери патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттары.
3.Патриотизмді қалыптастыруда дене жағынан шынығуы.
4.Патриоттық тәрбиедегі қоғамдық қозғалыстар.
5.Патриоттық сезімнің негізгі мақсаты.
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.
2. Студенттерді бағалау.
6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:
1.Мектеп окушылары бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.
2.Әскери патриоттық тәрбиенің ғылыми әдісі.
7. Үй тапсырмасы:
1.Әскери патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттары.
2.Патриотизмді қалыптастыруда дене жағынан шынығуы.
8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1. Организация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию. (под. ред. Ф.Е.Штыкало). Москва, «Просвещение» 2000г.
2. Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010
