- •Жобаны іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
- •Обьектінің сипаттамасы
- •Маркетинг жоспары
- •2 Сурет. 2011-2015 жылдар аралығындағы 5 – 30 жасқа дейінгі
- •2 Кесте.
- •Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері
- •Қаржылық жоспар
- •3 Кесте.
- •4 Кесте.
- •Тәуекелді бағалау
- •Инвестициялардың қаржы- экономикалық негіздемесі
- •3 Сурет. – Есептік кезеңдегі жоба бойынша ақша ағымы
- •Қорытынды
Маркетинг жоспары
Бәсекелес ортаны қарастырмастан бұрын тұтыну нарығының жағдайына тоқталу керек.
Алдағы жылдары демалыс қызметтеріне соның ішінде би мектептерінің қызметтеріне деген сұраныс ұлғаймақ.
Казіргі таңда арнайы яғни эксклюзивті билерді үйрететін би мектептері танымал болуда. Бірақ Алматы қаласы бойынша би мектептеріндегі бағалар жоғары, қарапайым тұтынушылар үшін қолжетімді емес болып отыр.
2015 ж Алматы қаласы бойынша спорт және демалыс ұйымдарының көрсеткен қызметтері 16 млрд. теңгені құрап отыр. (1-ші сурет қара)
Сурет 1. Алматы қаласы бойынша спорт және демалыс қызметін ұйымдастырудың құрлымы 2015 жыл бойынаша.
(Ақпарат Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Комитеттің мәліметі бойынша құрастырылған , www.stat.gov.kz)
Алматы қаласы бойынша 2015 жылы спорт және демалыс қызметін ұйымдастырудың құрылымында би және балет мектептері қызметінің үлес салмағы 0,8 пайыз құрады. Бұл Алматы қаласындағы спорт және демалыс қызметін ұыймдастыруда би мектептерінің әліде болса да жеткілікті деңгейде дамымағанын және игерілмендігін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен азаматтар арасында би мектептері мен олардың қызыметі туралы дұрыс ой-пікір қалыптастыру шараларды жүргізуді талап етіп отыр. Ол үшін нақты іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Атап айтқанда:
- мектеп, балабақша, университет және өзгеде оқу орындарында би үйрету мектебінің қызметін жарнамалау;
- буклет, брошюра қағаздарын басу арқылы жарнамалау;
- арнайы журналдар мен газеттер, сайттарда жарнамалау.
Негізі қандайда бір қызмет пен кәсіпті жарнамалау арқылы істі алға қарай жылжытудың негізгі жолы болып табылады. Қосымша жарнамалау ретінде би кештері мен би жарыстарын өткізуге болады. Осындай іс шаралар қатысушыларды ынталандырады.
Бүгінгі күні Алматы қаласында 200 астам би мектептері мен студиялар бар. Алматы қаласының тұрғындарының саны 1,5 миллионнан астам, және бұл көрсеткіш күнен күнге өсуде екенін ескерсек би үйрету мектептері қызметіне сұраныс ұлғайатыны сөзсіз.
2 Сурет. 2011-2015 жылдар аралығындағы 5 – 30 жасқа дейінгі
Алматы қаласы бойынша тұрғындардың саны
Алматы қаласы бойынша би мектептері қызметінің орташа ақысы:
2 Кесте.
№ |
Сабақ түрі |
Бағасы |
1 |
Айлық абономент (10 сабақ) |
14 000 - 27 000 теңге |
2 |
1 реттік сабақ |
1 500 - 4 000 теңге |
3 |
Жеке сабақтар ( үйретуші бір үйренуші ) |
3 000-7 000 теңге |
4 |
Бағыт бойынша би үйрену сабағы |
18 000 - 35 000 теңге |
Би мектептерінің негізгі клиенттері балалар, жас -өспірімдер, 30 жасқа дейінгі жас адамдар және зейнеткерлер. Олардың мақсаттары денсаулығын жақсарту мен биді кәсіби деңгейде үйрену.
Бүгінгі күні нарықтағы күшейіп келе жатқан бәсекеге қарамастан би мектебі болашағы бар бизнес ретінде қарастыруға болады.
