- •4. Туберкулезді емдеу
- •5. Диспансерлiк есептi ұйымдастыру
- •6. Туберкулезбен ауырып, сауыққан жандарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат берiлу тәртiбi
- •Емнің стандартты үлгілері
- •I, II және III категория бойынша туберкулезге қарсы бiр құрамды дәрілермен емдеу
- •I, II және III категория бойынша 2-3 құрамды мөлшері белгіленген туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен емдеу
- •Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк бақылау
5. Диспансерлiк есептi ұйымдастыру
55. Диспансерлiк есеп және бақылау төмендегi топтарға бойынша жүргізіледі:
нөлдiк топ (0) – туберкулез ауруының белсендiлігі күмәндi жандар;
бiрiншi топ (I) – белсендi туберкулезі бар науқастар;
екiншi топ (II) – белсендiлігі жоқ туберкулезі бар жандар;
үшiншi топ (III) – туберкулезбен ауыру қаупi жоғары жандар;
56. 0 топта төмендегілер бақыланады:
АМСК жүйесі мекемелерінде жүргiзiлген стандартты диагностикалық алгоритмнен кейiн өкпедегі немесе басқа ағзалардағы туберкулездің белсенділігін анықтау мүмкiн болмаған туберкулезге күмән туғызатын жандар. Олар ТҚКҰ – да диспансерлiк есепке алынбаған белсенділігі күмәндi алғаш рет немесе қайта ауырған жандар болуы мүмкін.
туберкулезге қарсы күресетін ұйымдарда диспансерлiк есепке алынбаған, туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын анықтап, ажырату диагностикасын жүргізуді қажет ететiн балалар.
0 тобында бақыланатын жандарға зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық, құралдармен тексеру және басқа да зерттеу әдістері, соның ішінде туберкулинмен диагноз қою да жүргiзiледi. Өкпеден тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулез ауруының белсендiлiгi өзге де клиникалық зертханалық зерттеулермен дәлелденуі мүмкін.
0 тобында бақыланатын жандарға туберкулезге қарсы дәрілерді қолдануға болмайды. Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсендi түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. Туберкулиндi сынама жұққандық нәтижесінде оң болғаны анықталса, бала III Б тобына ауыстырылады.
I топта бактерия бөлетiн не бөлмейтiн белсендi туберкулезбен ауыратын барлық науқастар бақыланады:
I А – туберкулез ауруының жаңа жағдайлары (I және III категория)
I Б- аурудың қайтану жағдайлары (II категория)
I В- туберкулездiң көптеген дәрiге төзімді, негізгі және резервті топтағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем қабылдаушылар (IV категория);
I Г- негiзгi және резервтегі топтағы дәрiлермен қайта емделгеннен кейiнгi көптеген дәрiге төзімділігі бар бактерия бөлетін және де стандартты үлгіде ем жүргізу мүмкін емес науқастар (IV категория).
I А, I Б, I В топтарында бақыланатын науқастарға емдiк категорияларға сәйкес стандартты үлгідегі химиотерапия жүргiзiледi. Хирургиялық ем көрсеткіштерге сәйкес жүргiзiледi. Бақылау мерзiмi емнiң толық курсының ұзақтығына сәйкес анықталады. Ем «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген нәтижемен аяқталса, науқас II диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.
«Ем тәртiбi бұзылды» деген нәтижесі бар науқастың емін әрі жалғастыру мәселесiн ОДКК шешедi.
I Г тобында бақыланатын науқастарға туберкулезге қарсы дәрілер қолданбайды. Көрсеткіштеріне қарай симптоматикалық (патогендi) ем, соның ішінде коллапсотерапиялық және хирургиялық ем әдiстерi қолданылады. Бақылау мерзiмi – дақылдық әдістің нәтижелері теріс болған уақытқа дейiн.
II топта ем курсы сәттi аяқталған туберкулез ауруы белсенді емес жандар бақыланады. Тексерулер жылына екi рет өткізіледі. Бақылау мерзiмi: үлкен қалдықты өзгерiстерi бар жандарды – 2 жыл; кіші қалдықты өзгерiстерi бар жандарды – 1 жыл.
Туберкулез ауруы қайталанған науқастар алдыңғы жүргізілген емге сәйкес I диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.
III топта туберкулезбен ауыру қаупі жоғары жандар бақыланып, төмендегi топтарға бөлiнедi:
1) III А тобындағылар:
туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратын науқастармен қарым-қатынастағы жандар;
бактерия бөлу-бөлмеуіне қарамастан туберкулездiң белсендi түрiмен аурған науқастармен қарым-қатынастағы балалар мен жасөспiрiмдер;
бұрын белгiсiз болған туберкулез өлімі ошақтарындағылар.
Бақылау мерзiмi – қатынаста болған уақыттан бастап нәтижелi химиятерапиядан кейiн 1 жыл. Өлiм ошақтарындағы қатынаста болған жандар 1 жыл бойы бақыланады. Жан-жақты тексеру жылына екi рет жүргізіледі.
2) III Б тобындағылар:
біріншілік жұққандықтың ерте кезеңі (туберкулин сынамасының виражы);
бұрын жұққандығы бар, туберкулин сынамасы гиперергиялық нәтиже көрсеткендер;
БЦЖ вакцинасын еккенде жанама әсер байқалғандар.
Бақылау мерзiмi –1 жыл. Жан-жақты тексеру есепке алғанда және есептен шығарарда жүргізіледі.
66. Туберкулезбен ауыратын науқастар тұрғылықты жерiндегі, оқу орны орналасқан жердегі не тузету мекемелерiндегі ТҚКҰ-да диспансерлiк бақылануы тиіс.
67. Науқастың тұрғылықты жерi өзгерген жағдайда, науқастың жаңа тұрғылықты жерiндегі фтизиатр 10 күннiң iшiнде есепке алуы керек.
68. Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк бақылау тәртiбi осы Нұсқаудың 7-қосымшасында көрсетiлген.
69. Диспансерлiк бақылауға алынған науқастардағы туберкулез үрдiсi белсендiлiгiнің түсініктемесі:
1) белсендiлiгi күмән туберкулез - өкпе немесе басқа ағзалардағы алғаш рет анықталған не диспансерлік есептен шығарылған жандарда анықталған белсенділігі белгісіз туберкулезді өзгерiстер. Туберкулез үрдісінің белсенділігін анықтау үшін диспансерлік бақылаудың нөлдік (0) тобы белгіленген. Бұл топта бақылаудың негізгі мақсаты – диагностикалық шаралардың жиынтығын өткізу;
2) белсендi туберкулез – кез-келген ағзадағы туберкулез микробактериялары тудырған және де зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық белгілердің жиынтығымен сипатталатын арнайы қабыну үрдісі. Белсендi туберкулезі бар науқастарға емдік, диагностикалық, аурудың жайылуына қарсы, реабилитациялық, әлеуметтiк шаралар жүргізілуі қажет. Белсендi туберкулезі бар барлық науқастар I диспансерлiк есеп тобында бақыланады. II топта бақыланған науқасқа хирургиялық ем жүргізілгеннен кейiн, оны әрі қарай бақылау тактикасын ОДКК шешедi;
қалдықты өзгерiстер - туберкулезден сауыққаннан кейiн ағзалар мен тіндерде әр түрлi қалдықты өзгерiстер анықталуы мүмкін. Олар: тығыздалған және әктенген ошақтар, әр түрлi көлемдi фиброзды және циррозды өзгерiстер (қалдықты тазарған қуыстар да болуы мүмкін), плевралық жабысулар, өкпедегі, плеврадағы және басқа ағзалар мен тіндердегі операциядан кейінгі қалдықты өзгерiстер. Кіші қалдықты өзгерiстер: жеке (саны 3-ке дейiн), ұсақ (1 см-ге дейiн) тығыздалған және әктелген ошақтар, шектелген фиброз (2 сегмент көлемінде). Басқа қалдықты өзгерiстердің барлығы үлкен қалдықты өзгерістер болып есептеледі.
70. Бактерия бөлiнудiң тоқталғанын тiркеу:
I және II категория бойынша негізгі топтың дәрілерімен ем қабылдаған науқастарда емнің толық курсы соңында микроскопиялық зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет теріс болғанда;
туберкулездiң дәрiге төзiмдi түрi бар резервті топтағы дәрілермен ем қабылдаушы науқастарда бактериологиялық (дақылдық) зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет (бір айлық интервалмен) терiс болғанда.
Бактерия бөлiнудiң тоқталғандығы жайлы ОДКК-ның шешiмiнен кейiн науқас бактерия бөлушi ретiнде эпидемиологиялық есептен шығарылады.
Жыл сайын туберкулезге мiндетті түрде флюорографиялық тексерiлетін «қауіп-қатер» тобындағы жандар тiзiмі:
1) Тегін негiзде:
перзентхана (босану бөлiмшелері), балалар ауруханасы (бөлiмшелері), жаңа туылған және шал туылған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің қызметкерлерi;
туберкулезге қарсы күресетін ұйымдардың қызметкерлерi;
әскери қызметке шақырылушылар;
жоғарғы және арнайы орта бiлiм оқу орындарының студенттерi; училище оқушылары;
15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер;
босанған әйелдер перзентханадан шыққаннан кейiн бiр ай көлемiнде;
созылмалы бейспецификалық өкпе аурулары, қант диабетi, маскүнемдiк, нашақорлық, АИВ/ЖИТС бар диспансерлiк есепте тұрған жандар;
кортикостероидты гормондармен ем қабылдаушылар;
өкпесiнде кез-келген этиологиялы қалдықты өзгерiстерi бар жандар;
туберкулезбен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған жандар;
мектепке дейiнгi мекемелердiң қызметкерлерi;
емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметкерлерi;
жалпы және арнайы бiлiм беру мектептерінің, лицей мен гимназиялардың қызметкерлерi;
тергеуге алынғандар және сотталғандар (жылына екi рет);
Қорғаныс, iшкi iстер министрлiгi мен ұлттық қауiпсiздiк мекемелерi жүйесiнiң қызметкерлерi мен әскери бөлімшелерінің әскери қызметкерлері;
Қазақстан Республикасына түпкiлiктi көшiп келгендер.
2) Жұмыс берушi есебiнен ақылы негiзде:
тамақ өнеркәсiбi, көпшілік тамақ жейтін және азық-түлік сататын орындардың қызметкерлері;
тұрғындарға қызмет көрсету аясында жұмыс iстейтiндер;
көлiктiң барлық түрiнде адамдарды тасымалдайтындар және қызмет көрсететiндер;
орта және жоғарғы оқу орындарының қызметкерлерi;
дәрiлердi дайындаушы, бөлшектеп өлшеуші және таратушы дәрiхана қызметкерлерi,
Қазақстан Республикасына уақытша мерзімге тұруға келгендер, оның ішінде еңбек етуге келген мигранттар.
