- •Жарыққа қатынасты өсімдіктердің типтері
- •Жарық –ботанико-географиялық фактор ретінде
- •Фотопериодизм
- •Ауаның ластануы
- •Ауаның радиоактивті заттармен ластануы.
- •Дәріс- 1. Өсімдіктерді қорғау химиясы және технологиясы
- •Халықаралық экологиялық құқық
- •Торпырақтың өсімдік қоректенуіндегі маңызы
- •Дәріс-2. Өсімдіктердің минералды қоректенудің экологиясы.
- •Өсімдіктің қоректенуі. Өсімдік қоректенгенде міндетті түрде топырақты қолданады. Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты.
- •Топырақтардың орташа химиялық құрамы, %
- •Топырақтың радиоактивтігі
- •Мазмұны: топырақ туралы түсінік және топырақтану ғылымының даму тарихы
Халықаралық экологиялық құқық
Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі мен қайнар көздері.
Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық тәсілдермен қорғау халықаралық құқықтың салыстырмалы тұрғыдан айтарлықтай жаңа саласы болып табылады. Оның қағидалары мен нормалар жүйесінің қалыптасуы бүгінгі күнге дейін жүріп жатыр.
Күн тәртібінде тұрған жаҺандық экологиялық мәселелер қанша дегенмен барлық мемлекеттердің мүдделеріне әсері бар, сол себепті оларды шешуде барлық елдер жұмыла кірісуі қажет.
Қазіргі таңда қоршаған ортаның жай күйіне байланысты кейбір сандар үрей туғызады. Осылайша, жер шарының құрылықтардың үштен бір бөлшегінің шөл далаға айналу қауіпі бар; Соңғы 50 жылда әлемнің орман қорының көлемі екі есе азайған; Жануарлардың мыңдаған түрлеріне жойылу қауіпі төніп тұр; Жер шары тұрғындарының тең жартысына су ресурстарының тапшылығы тән.
Аталған проблемалардың көпшілігіне антропагендік сипат тән, яғни олардың қандай да бір дәрежеде адамзаттың қызметіне байланысты.
Экологиялық қауіпсіздік халықаралық қауіпсіздіктің бірден бір бөлшегі. Осыған орай, халықаралық құқықта экологиялық мәселелерге арналған нормативтік база қалыптасқан.
Халықаралық экологиялық құқық – халықаралық құқық субьектілерінің қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануын, Жердегі қолайлы өмір сүру жағдайларын сақтауды реттеуге бағытталған, нормалар мен қағидалардың жүйесі.
Халықаралықаралық экологиялық мәселелер:
Табиғи ресурстардың сарқылуы;
Қоршаған ортаны ластау;
Экожүйелердің қалпына келмейтіндей жойылуы;
Кейбір биологиялық түрлердің жоғалуы;
Экологиялық ахуалдың нашарлауы.
Халықаралық экологиялық құқықтың басты міндеті – қоршаған ортаны адамның физиологиялық өмір сүруінің негізі ретінде қорғау.
Қоршаған орта кем дегенде үш элементтің жиынтығы: тірі табиғат обьектілері, жансыз табиғат обьектілері және жасанды табиғат обьектілері.
Тірі табиғат обьектілері- флора мен фауна, жер шарының жануарлар мен өсімдіктер әлемі.
Жансыз табиғат обьектілері-гидросфера, атмосфера, литосфера, ғарыш кеңістігі.
Жасанды табиғат обьектілері-бұл адамдардың қолымен жасалған және оның өмірі мен табиғи ортаға айтарлықтай әсер ететін обьектілер (плотиналар, дамба, канал, шаруашылық кешендер, полигондар, мегаполистар, қорықтар және т.б.)
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
Табиғи ресурстарды ұтымды, негізді пайдалану режимдерін бекіту;
Қоршаған ортаны ластаудын алдын алу, келген зиянды қысқарту.
Халықаралық жауапкершілікті бекіту.
Табиғи ескерткіштер мен резерваттарды қорғау;
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттердің ғылыми техникалық ынтымақтастығын реттеу
Қоршаған ортаны қорғаудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу.
ЮНЕП регитрына сәйке, халықаралық экологиялық құқықтың негізін құрайтын, әлемде мыңға жуық шарттар әрекет етуде. Олардың ең маңыздылары:
Флора мен фаунаны қорғау саласында: 1933 ж. Флора мен фаунаны олардың табиғи қалпында сақтау туралы Конвенция; 1940 ж. Әлемнің батыс жарты шарындағы табиғатты және жануарлар дүниесін қорғау туралы Конвенция; 1946 ж. Кит аулау кәсібін реттеу туралы халықаралық конвенция; 1950 ж. Құстарды қорғау туралы халықаралық конвенция; 1951 ж. Өсімдіктерді қорғау туралы халықаралық конвенция; 1958 ж. Ашық теңізде балық аулау мен оның ресурстарын қорғау туралы конвенция; 1968 ж. Тасымалдау кезінде жануарларды қорғау туралы Еуропалық конвенция; 1973 ж. Жойылу қаупі төніп тұрған жабайы фауна мен флораның түрлерімен халықаралық сауда саттық туралы Вашингтон конвенциясы. 1979 ж. Бір жерден екінші жерге ауысып отыратын жабай жануарлар туралы Конвенция. 1973 ж. Еуропадағы поляр аюларын қорғау туралы Келісім, 1980 ж. Антарктиканың тірі теңіз ресурстарын қорғау туралы; 1983 ж. Тропикалық ағаштар туралы халықаралық Келісім. 1992 ж. Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенция. 1986 ж. Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінің табиғатын қорғау туралы Конвенция.
Атмосфера туралы: 1979 ж. Үлкен қашықтықта атмосфераны трансшекаралық ластау туралы Конвенция; Осы конвенция шеңберінде бірнеше құжаттар әрекет етуде: 1985 ж. Күкірттің шығарылуын 30 пайызға қысқарту туралы Хельсинки Хаттамасы; 1988 ж. Озот оксидінің шығарындыларымен күрес туралы София Хаттамасы; 1985 ж. Озон қабатын қорғау туралы Вена Конвенциясы. 1992 ж. Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ шектелмелі Конвенциясы.
Теңіз ортасы бойынша: 1982 ж. Теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы. 1954 ж. Теңіздің мұнаймен ластануын болдырмау туралы Халықаралық конвенция. 1972 ж. Қалдықтар мен және басқа да заттармен теңіздердің ластануын болдырмау туралы Лондон Конвенциясы. 1992 ж. Трансшекаралық су жолдарын және халықаралық өзендерді пайдалану мен қорғау туралы Конвенция. 1976 ж. Жерорта теңізін ластанудан қорғау туралы Барселона Конвенциясы.
Мемлекеттердің әскери қызметінен, яғни соның салдарынан қоршаған ортаны қорғау туралы: 1963 ж. Атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы Мәскеу шарты. 1977 ж. Қоршаған ортаға әсер ету құралдарын әскери немесе басқа да жауынгершілік мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы Конвенция.
Экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша: 1969 ж. Мұнаймен ластаудан келген зиян үшін азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенция; 1972 ж. Әлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы Конвенция. 1998 ж. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты.
Ал, екіжақты және аймақтық шарттар, көп жағдайда халықаралық және трансшекаралық өзендер мен бассейндерди, жергілікті флора мен фаунаны, карантиндік шараларға байланысты қатынастарды реттейді. Мысалы, 1992 жылы Қазақстан мен Ресей су обьектілерін бірлесіп пайдалану туралы шартқа қол қойған; 27 наурыз 1995 жылы Вашингтонда АҚШ пен Қазақстан Үкіметтері арасында қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім жасалды.
Халықаралық экологиялық құқықтың маңызды ерекшелігі ол көбінесе ұсыныстық сипаттағы құжаттардан тұратындығы: декларация? Резолюция және халықаралық ұйымдардың шешімдері, басқаша айтқанда «жұмсақ құқық». Міндетті заңи күші болмаса да, аталған халықаралық құжаттар осы саладағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мен стратегиялық даму негіздерін қалыптастырады. Бұндай ұсыныстық сипаттағы құжаттардың жақсы жері ол болашақта әр мемлекеттің лайықты даму моделін көрсетуінде.
Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғау саласындағы неғұрлым беделді ұсыныстық құжаттарға:
1982 ж. Әлемдік табиғат Хартиясы (БҰҰ Бас Ассамблеясының 37-шақырылымымен мақұлданған);
1972 ж. Қоршаған орта мәселелері бойынша БҰҰ Стокгольм декларациясы;
1992 ж. Рио-де-Жанейродағы қоршаған орта және даму бойынша Конференция құжаттары.
1992 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен
