Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кк тріктер мемлекеті. Шыыс жне Батыс трік аандытары..docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆

2. Денсаулық сақтау объектілерін жобалауға, салуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған жобалау құжаттамасын бекітуге, жаңадан салынған, қайта жаңартылған денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беруге осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды болған кезде рұқсат беріледі.       5. Құрылысты жобалау кезінде топырағында органикалық, химиялық, радиациялық сипаттағы ластанулары бар, бұрын қоқыс үйінділеріне, ассенизация алқаптарына, мал қорымдарына, бейіттерге пайдаланылған аумақтардағы жер учаскелерін бөлуге жол берілмейді.       6. Денсаулық сақтау объектілері тұрғын үй құрылысының аумағына, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден қашықтағы көкжелек немесе табиғи аймақтарға, қалалық, кенттік және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес орналасуы тиіс.       7. Болу режимі ерекше науқастарға арналған мамандандырылған денсаулық сақтау объектілерін (психиатриялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық) және науқастардың ұзақ уақыт бойы болуына арналған қуаты 1000 төсектен астам кешендерді қала маңындағы аймаққа немесе шеткері аудандарға, мүмкіндігінше – қоныстану аумағынан кемінде 500 метр (бұдан әрі – м) қашықтықты сақтай отырып, жасыл массивтерде орналастыру керек.      

«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер

       1. Осы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.       2. Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы аумақтық бөлімшелері аумақтық медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады.       3. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары (дезинфектанттар, инсектицидтер, родентицидтер) пайдаланылады.       4. Осы Санитариялық қағидалардың орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.       5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:       1) алдын алу іс-шаралары – профилактикалық іс-шаралар;       2) аса қауіпті инфекциялар – өлім-жітім жоғары болып (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар), адамдардың көпшілігіне тез таралатын және жұғатын, адамнан адамға берілетін ауру;       3) бактериологиялық мониторинг – халық арасында және сыртқы ортаның объектілерінде тырысқақ вибрионының пайда болуын уақтылы айқындау мақсатында бактериологиялық зертханалық бақылау жүйесі;       4) далалық материал – қоздырғыштың айналымын анықтау мақсатында оларға зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынған қоршаған ортаның объектілері, зооноздық инфекциялардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар мен таратушылар;       5) дезинсекция – жәндіктерді және басқа да буынаяқтыларды жою;       6) дератизация – кеміргіштерді жою;       7) инфекцияны таратушылар – оба қоздырғышының берілуінің трансмиссиялық тетігін айқындайтын, әсіресе буынаяқтылар, атап айтқанда қансорғыш жәндіктер мен кенелер;       8) инфекцияны тасымалдаушылар – табиғатта ауру қоздырғышының қоры болып табылатын, бірінше кезекте кеміргіштер мен басқа да сүтқоректі жылықанды жануарлар;       9) карантин – карантиндік аурулардың әкелінуінің, сыртқа шығарылуының және өзге де таралуларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын әкімшілік және медициналық-санитариялық шектеу іс-шараларының кешені;       10) карантиндік аурулар – жоғары жұқпалылық дәрежесімен және жоғары өлім-жітімдікпен сипатталатын инфекциялық аурулар;       11) қауіп төндіретін аумақ – адамдардың тырысқақпен сырқаттануы жағдайларының туындау қаупі бар аумақ;       12) қорғаныс аймағы – инфекцияны тасымалдаушылар және/немесе таратушылар жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;       13) оба – инфекциялық үдеріс өте тез дамитын және ауыр өтетін, науқастардың өлім-жітім деңгейі жоғары болатын және эпидемиологиялық әлеуетімен адамды және кейбір үй жануарларын зақымдайтын аса қауіпті табиғи-ошақтық зооноз;       14) обаның табиғи ошағы – сырттан келмей, бұрыннан белгісіз ұзақ уақыт ауру қоздырғышының айналымы жүзеге асырылатын жер бетінің учаскесі;       15) обаның табиғи ошақтылығы (энзоотия) – оба қоздырғышының табиғи экожүйелерде адамға қатынасынсыз өздігінен тіршілік етуі;       16) реконвалесцент – ауырып жазылған адам;       17) уытты емес тырысқақ – қой эритроцитін гемолиздеуші және холероген шығармайтын, тырысқақ вибриондарынан туындаған ауру;       18) тырысқақ – қой эритроцитімен гемолизденбейтін және холероген шығаратын, тырысқақ вибриондарынан туындаған жұғу дәрежесі жоғары, организмнің сусыздануымен, уланумен және гастроэнтеритпен, су-тұз, белок алмасуының бұзылуымен сипатталатын, қоздырғышы ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін антропонозды бактериялы инфекциялық ауру;       19) эпидемиялық асқыну – эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуді талап ететін қоздырғыштың халық арасында таралуы;       20) эпидемиялық ошақ – науқас адамның (мәйіттің) болған орны.

Өндірістік гигиена және санитария

 

Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек гигиенасы еңбек процесстерінің және өндіріс ортасының адам ағзасына әсер етуін түсінеміз.

         Еңбек гигиенасы санитарлық – гигиеналық, ұйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді.

         Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.

Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді, кәсіпорынның аумақтары сияқты, сондай ақ олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасап шығару. Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра қана қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың бірден бір себебі болуы да мүмкін.

         Цехтарда жоғары температураның болуы бірден барлық жұмысшылардың жағдайларын нашарлата бастайды, бас айналу және ұйқышылдық пайда болады. Ал төменгі температурада жұмысшыларға сырт киіммен жұмыс істеуге тура келеді, ол қозғалысты ауырлатады.

         Төмен (жаман) жарықтандыру кезінде жұмыс жасау көзге тез арада зақым келуін және ауыр жарақатқа әкеліп соғу мүмкіндіктерін туғызады.

         Цехтардағы ауа ортасының шаңмен және газдармен ластануы, сонымен қатар шуыл адам ағзасына өте зиянды.

         Санитарлық - гигиеналық талаптың жобалануы үшін, сондай - ақ кәсіпорындарды санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп ескеріледі «СЭТ өндірістік объектілерді жобалау» (ҚР ДСМ №334, 08.07.05ж. бұйрығында).

         Құрылғыға гигиеналық талаптардың және өндірістік кәсіпорындардың өзіне келесі кезеңдерді қосады: құрылыс алаңын талдау; кәсіпорынды аумақтық сәулелендіру; өндіріс және қосалқы ғимараттардың орналасуы; канализация және сумен жабдықтау; отын жүйелерінің құрылысы, желдету және жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау.

         Бұл барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және кәсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді.