- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •4. Глоссарий
- •1.Дәрістер
- •Жер бедері мен ауа райы.
- •«Әнші тау» құпиясы.
- •Жануарлар дүниесі.
- •8 Тақырып. Мутациялық өзгергіштік.
- •9 Тақырып. Биометрияның негіздері.
- •10 Тақырып. Саңдық белгілерді тұқым қуалау.
- •4 Тақырып. Тұқым қуудың хромосомолық теориясы.
- •5 Тақырып. Жыныс генетикасы.
- •6 Тақырып. Тұқым қуудың молекулярлік негіздері.
- •11 Тақырып. Популяциялар генетикасы.
Жануарлар дүниесі.
Қорықтың жер бедерінің күрделілігі, ауа райының әр белдеудегі әр түрлілілігі оған сәйкес өсімдік түрлерінің көптігі жан- жануарлар түрлерінің кең таралуына әсерін тигізеді. Мұндағы құстардың 200- ден аса, ал сүтқоректілердің 40- тай түрлері тіршілік етеді. Қорықтың шырша орманында самырсын құсы, шырша торғайы, шиқылдақ торғай, қызылқұйрық торғай, тоқылдақтар мекендесе, орманды дала белдеуінде кәдімгі мысық торғай, қарашымшық, бұлбұл, маубас жапалақ, қара қарға, үкі, кептер, құр және басқа да алуан құстар тірілік етеді. Таудың биік құздарында ұлар мен қозықұмай ұшырасады. Қорықтың Іле өзені бойындағы шөлді бөлімшесінде қорғауға алынған құстың бірі- қырғауыл. Жетісу қырғауылы біздің еліміздегі тауық тұқымдас құстардың ең ірі және сұлуы. Алматы төңірегіндегі қоры 3000- нан асып отыр. Шөлді өңірде, сонымен қатар жылқышы, бұлдырық құстары тіршілік етеді. Жылқышы- түн құсы. Қауіпті сезсе, жерге бұға қалады. Түсі мекенлеген ортасына сәйкес келеді. Тоқылдақтар көп мөлерде ағаш қоңыздарын құртады. Тіпті бір қарлығаштың өзі бір жазда 500 мыңнан 1 млн- ға дейін насикомды жойып, үлкен пайдасын тигізеді. Қорықта елік, таутеке, арқар, марал, қоңыр аю, барыс, сусар, тиін сияқты аңдар бар. Әсіресе, орманды- дала белдеуінде елік көбірек кездеседі. Кейбір жылдары 1000 га жерді елуге жуық елік мекендейді. 1975 жылы қорық қызметкерлерінің жүргізген санағына қарағанда, онда 560- тай елік бар екендігін анықтайды, ал 1974 жылы оның саны 450- дей еді. Бұл тұяқты жануар жүзге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Қыс айларында тау етектерінде тебіндеп жайылады. Тауда қар қалың түсіп, қыс аса суық болған жылдары елікті қорық қызметкерлері әр жерге шөп тастап, үстеме қоректендіреді. Сөйтіп, олар бұл жануарлардың қыстан аман шығуына қамқорлық жасайды. Елікпен бірге тау биігін жайлаған хайуанаттың бірі- таутеке. Ол қорықта альпі және субальпі белдеулерін қоныс еткен. Жазда Алатау қойнауында мәңгі мұзға жақын жүреді де, қысқа қарай шырша орманына жақындап жайылады. Әсіресе қаңтар - ақпанда таутекені таудың күнгей беткейінен көбірек кездестіруге болады. Қорықшылардың 1974 жылы вертолетпен жүргізген есебі бойынша таутекенің саны 560 - тан асып отыр.
Құстар мен аңдардан басқа Іле Алатауының етегінде кездейсоқ қалқантұмсық жылан, тау жоталарының күнгей беткейін ала отырып, 2000- 2200 м дейін биіктікке өрмелеп шығады. Көбінесе тастар арасында ұшырасып қалады. Қорықта «Алай кесірткесі» деп аталатын кішкентай кесіртке тіпті альпі белдеуіне дейін таралған. Көктемде көбею кезінде оның еркегінің бауыры күміс түсті дақтар араласқан қызыл қоңыр болады.
Талғар өзенінің арнасындағы тастар үстінде кішкене торғай шырылдап ұшып кейде қалықтап барып, ағыны қатты суға барып сүңгиді. Мөп-мөлдір су түбінде оның кішкентай тастарды түрткілеп, безек қағып жүргені анық көрінеді. Бұл – сушыл қоңыр торғай еді. Тіршілігінің барлығы сумен байланысты. Негізгі қорегі су насекомдары, олардың личинкалары болып табылады. Күні бойы дамыл таппай ұшуы да осыдан. Көктемде барлығы жұптасып, өз территорияларын жақсы қорғайды. Ерте көбейеді. Наурызда бұлар ұя сала бастайды. Осы кезде қоразы көп сайрап «күй салтанатын» өткізеді. Сушыл қара ұясын судаға тастар ұясына салады. Ұясын шар тәрізді етіп «есік» шығарып, сондай ғажап жасайды. 3 – 6 жұмыртқа салып, балапан басады. Су түбінде 1 минуттай болады, жалпы ұзындығы 3 – 4 шақырымдай жол жүреді. Қыстың 25 – 30 градус суығына қарамай, мұз астында қорек іздеуге жақсы бейімделген.
Талғар өзенінің аңғарындағы жабайы алма ағаштарында ұшып – қонып, әсем құс – мысықторғай немесе сарғалдақ жүреді. Қоразының түсі айқын сары, тек қанаттары сарғыштау дақ араласқан қара келеді. Тауға 1500-1900 метр биіктігінің аралығында көтерілетін құс. Мысықторғай қара торғайдан (скворец) сәл үкенірек. Бір нәрседен сезіктенген кезде мысық тың мияулағанындай дыбыс шығарады. Балапандары қорек сұрағанда «ки-ки-ки» деп дауыстап ауыздарын ашады. Ұясын аспалы тор қылып ағаштарға салады. Көктемде 3 – 5 жұмыртқа салып, шығарады. Балапандарын тәрбиелеуге еркек-ұрғашысы бірдей жұмылады. Насекомдармен қорекктеніп, біраз пайда келтіреді.
Қара шымшық та ағаш бұтағына қонып, «и-хи-хи-хи-хи» тәрізді үн шығарып шырылдайды. Әдетте суға жақын бұталы тоғайды мекендейді. Іле Алатауындағы 600- 2600 м биіктікте тіршілік етеді. Қоңызқұрт, моллюскалармен, ал күз бен қыс айларында долана итмұрын, ұшқыт жемістерімен қоректенеді. Ұясын ағаш ұтағының қуысына салады. 5 жұмыртқа басады. Ал сары шымшық болса, тәулігіне 6 000 – дай ұсақ жәндіктерді ұстап, бау – бақша, орман зиянкестерімен күресіп, шаруашылыққа маңызды рөл атқарады. 1965 жылы осы қорыққа 145 – дейін қорғауға жіберілген.
Тянь – Шянь тауларында шырша мен арша өскен жерде құр паналап, тек қыста ғана қорегін ағаш бұтақтарына теріп жейді. Ал негізінен жерде тіршілік етеді. Сәуірдің аяғында көбейе бастайды, көбеймес бұрын олардың қораздары ұрғашы құр үшін шайқасады. Бұл құстың саны қорықта өте аз.
Іле Алатауында шырша оманында мекен ететін құс – самырсын. Ол ұзақтан сәл кішірек, ақшыл жолақтары бар, қоңыр – қызыл келген құс. Ағаштың басында отырып, адам көзіне көрінбеуді ұнатады. Шыршаның зиянкестері: сүген, ізтұмсық, қоңыздар, ағаш қандаласы, насекомдар және личинкалар жерге түскен жапырақтармен қоректенеді. 4 – 6 жұмыртқасы басады.
Кекілік – өте өсімтал құс. Салмағы 600 грамм. Қорегі тау өсімдіктерінің жемісі мен тамырлары. Ол 7 –ден 20 – ға дейін жұмыртқа салып, балапан ұшырады.
Субальпі белдеуінде ағаш бұтақтары төңірегінде мекендейтін қара ала торғай. 4 балапан шығарады. 1980 жылдардан бастап қорғауға алынды негізгі қорегі – тауда өскен ағаш жемістері мен ұсақ насеком, салмағы 3 килограммға жетеді.
Қорықтың Іле өзені бойындағы бөлімшесінде қорғауға алынған құстың бірі – қырғауыл. Тау тұқымдас құстардың ең ірісі де сұлуы. Алматы төңірегінде қоры 3 000 – нан асып отыр.
1975 жылы қорық қызметкерлерінің жүргізген санағына қарағанда, онда 560 – тай елік бар екен. Ал 1974 жылы оның саны 450 – дей еді. Елік тұяқты жануар, 100 – ге жуық өсімдіктен мен қоректенеді. Елік пен бірге тау биігін жайлаған хайуанаттың бірі – барыс. Кейде оны «Ілбіс» деп атайды. Ол өте сирек кездесетін бірте – бірте жойылып бара жатқан, ал Алматы қорығында 5 – ақ түрі кездеседі. Қызыл кітапқа етгізілген, халық тарапынан қамқорлыққа алынған. Барыс - ерекше сымбатты, күшті және епті аң. Таутекелерді еліктерді, жүгіріп жүріп жейді. Жемтігіне 15 мертдей биіктен атылып, олжа қылады.
Сілеусін – 1970 жылы Талған өзені бойында қорғауға алынған жыртқыш аң. Алатау өңірінде сілесіннің саны өсіп келе жатқындығы байқалды.
Шырша орманыныда, әсіресе тау жотасының теріскей беткейінде, тау сусары да молайып келе жатыр. Зоология институтының ғылыми қызметкерлері А. К. Федосенко мен Ю. С. Лобачевтің зерттеулеріне қарағанда, Талғар өзенінде 7 тау сусарының түрі мекендеген. Ал 1963 жылы олардың саны 12 – ге өсті.
Ақкіс пен аққалақ та Алатау етегінде көбірек кездесетін жыртқыш аңдар. Мекендері – орман, ал қысқа қарай қорек іздеп, тау етектеріне қарай түседі.
Қорық жерінде жыртықыш аңдарының ірісі - қоңыр аю да баршылық. Қыста тау үңгірлерінде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Күзде жабайы алма мен өрік өскен бақтарды жейді. Кейбір жерде қасқыр да кездесіп қалады.
Тақырып: Қазақстанды ресурстық тұрғыдан аудандастыру.
Сұрақтар:
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерстерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.Кез-келген мемлееттң ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуы қамтамасыз етуі тиіс:
Оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі.
Жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.
Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.
Тапбиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Мұндай аудандардың мынадай түрлері бар: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар – табиғаттағы қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық аудандар Жер шарының шамамен 1,6-2,0% құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық (Калахари) резерваты: 5,3 млн. га; Вуд-Баффало (анада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гоббий қорығы (Монғолстан) – шамамен 4 млн. га.
Қазақстанда 2 ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түр себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті – халықты реакциялық қамтамасыз ету.
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады.
Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді:
Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Ауданы 73 мың га. Бес өсімдік белдеулеріне 1000-нан астам өсімдіктер, құстардың 130-дан астам түрл
Тақырып 8. Аса бағалы және белгілі шикізаттық өсімдіктердің
қазіргі кездегі қорларының жағдайы.
айыруға болады.
Тақырып 10.Жануарлар әлемінің биоресурстары .
Сұрақтар: Жануарлардың түрлері, сирек кездесетін. Қызыл кітапқа енген
жануарлар.
Қорықтың жер бедерінің күрделілігі, ауа райының әр белдеудегі әр түрлілілігі оған сәйкес өсімдік түрлерінің көптігі жан- жануарлар түрлерінің кең таралуына әсерін тигізеді. Мұндағы құстардың 200- ден аса, ал сүтқоректілердің 40- тай түрлері тіршілік етеді. Қорықтың шырша орманында самырсын құсы, шырша торғайы, шиқылдақ торғай, қызылқұйрық торғай, тоқылдақтар мекендесе, орманды дала белдеуінде кәдімгі мысық торғай, қарашымшық, бұлбұл, маубас жапалақ, қара қарға, үкі, кептер, құр және басқа да алуан құстар тірілік етеді. Таудың биік құздарында ұлар мен қозықұмай ұшырасады. Қорықтың Іле өзені бойындағы шөлді бөлімшесінде қорғауға алынған тұқымдас құстардың ең ірі және сұлуы. Алматы төңірегіндегі қоры 3000- нан асып құстың бірі- қырғауыл. Жетісу қырғауылы біздің еліміздегі тауық отыр. Шөлді өңірде, сонымен қатар жылқышы, бұлдырық құстары тіршілік етеді. Жылқышы- түн құсы. Қауіпті сезсе, жерге бұға қалады. Түсі мекенлеген ортасына сәйкес келеді. Тоқылдақтар көп мөлерде ағаш қоңыздарын құртады. Тіпті бір қарлығаштың өзі бір жазда 500 мыңнан 1 млн- ға дейін насикомды жойып, үлкен пайдасын тигізеді. Қорықта елік, таутеке, арқар, марал, қоңыр аю, барыс, сусар, тиін сияқты аңдар бар. Әсіресе, орманды- дала белдеуінде елік көбірек кездеседі. Кейбір жылдары 1000 га жерді елуге жуық елік мекендейді. 1975 жылы қорық қызметкерлерінің жүргізген санағына қарағанда, онда 560- тай елік бар екендігін анықтайды, ал 1974 жылы оның саны 450- дей еді. Бұл тұяқты жануар жүзге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Қыс айларында тау етектерінде тебіндеп жайылады. Тауда қар қалың түсіп, қыс аса суық болған жылдары елікті қорық қызметкерлері әр жерге шөп тастап, үстеме қоректендіреді. Сөйтіп, олар бұл жануарлардың қыстан аман шығуына қамқорлық жасайды. Елікпен бірге тау биігін жайлаған хайуанаттың бірі- таутеке. Ол қорықта альпі және субальпі белдеулерін қоныс еткен. Жазда Алатау қойнауында мәңгі мұзға жақын жүреді де, қысқа қарай шырша орманына жақындап жайылады. Әсіресе қаңтар - ақпанда таутекені таудың күнгей беткейінен көбірек кездестіруге болады. Қорықшылардың 1974 жылы вертолетпен жүргізген есебі бойынша таутекенің саны 560 - тан асып отыр.
Құстар мен аңдардан басқа Іле Алатауының етегінде кездейсоқ қалқантұмсық жылан, тау жоталарының күнгей беткейін ала отырып, 2000- 2200 м дейін биіктікке өрмелеп шығады. Көбінесе тастар арасында ұшырасып қалады. Қорықта «Алай кесірткесі» деп аталатын кішкентай кесіртке тіпті альпі белдеуіне дейін таралған. Көктемде көбею кезінде оның еркегінің бауыры күміс түсті дақтар араласқан қызыл қоңыр болады.
Талғар өзенінің арнасындағы тастар үстінде кішкене торғай шырылдап ұшып кейде қалықтап барып, ағыны қатты суға барып сүңгиді. Мөп-мөлдір су түбінде оның кішкентай тастарды түрткілеп, безек қағып жүргені анық көрінеді. Бұл – сушыл қоңыр торғай еді. Тіршілігінің барлығы сумен байланысты. Негізгі қорегі су насекомдары, олардың личинкалары болып табылады. Күні бойы дамыл таппай ұшуы да осыдан. Көктемде барлығы жұптасып, өз территорияларын жақсы қорғайды. Ерте көбейеді. Наурызда бұлар ұя сала бастайды. Осы кезде қоразы көп сайрап «күй салтанатын» өткізеді. Сушыл қара ұясын судаға тастар ұясына салады. Ұясын шар тәрізді етіп «есік» шығарып, сондай ғажап жасайды. 3 – 6 жұмыртқа салып, балапан басады . Барыс - ерекше сымбатты, күшті және епті аң. Таутекелерді еліктерді, жүгіріп жүріп жейді. Жемтігіне 15 мертдей биіктен атылып, олжа қылады.
Сілеусін – 1970 жылы Талған өзені бойында қорғауға алынған жыртқыш аң. Алатау өңірінде сілесіннің саны өсіп келе жатқындығы байқалды.
Шырша орманыныда, әсіресе тау жотасының теріскей беткейінде, тау сусары да молайып келе жатыр. Зоология институтының ғылыми қызметкерлері А. К. Федосенко мен Ю. С. Лобачевтің зерттеулеріне қарағанда, Талғар өзенінде 7 тау сусарының түрі мекендеген. Ал 1963 жылы олардың саны 12 – ге өсті.
Ақкіс пен аққалақ та Алатау етегінде көбірек кездесетін жыртқыш аңдар. Мекендері – орман, ал қысқа қарай қорек іздеп, тау етектеріне қарай түседі.
Қорық жерінде жыртықыш аңдарының ірісі - қоңыр аю да баршылық. Қыста тау үңгірлерінде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Күзде жабайы алма мен өрік өскен бақтарды жейді. Кейбір жерде қасқыр да кездесіп қалады.
Тақырып 11 Популияцияның икеиділігінің бөлшектері
демографиялық
Сұрақтар: Популияция ұғымы. Популияцияның тіршілікке икемділігінің
генетикалық анализі. Популяцияларды сақтау стратегиялары.
Популяция дегеніміз Н.В. Тимофеев-Ресовскийдің анықтауы бойынша өмір сүретін ортақ мекені бар, сол жердің жағдайына бейімделген, туыстас жиынтықтардан оқшауланған аралық кеңістікте, мезгілдік, физиологиялық, генетикалық және өзара шағылыса алатын бір түрге енетін организмнің жиынтығын айтады. Мысалы, Колгуев аралындағы бұғылар қиыр Солтүстік материктегі бұғылардан теңізбен бөлінген.
Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғангда «попилус» - «халық, топ» деген мағынаны білдіреді.
Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне, т.б. көптеген себептеріне байланысты.
Популяция өзінің биологиялық құрылымы ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын қызметі арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы даралар санымен, және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларымен өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады.
Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының ең маңызды көрінісі – табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни популяцияның кемуі болып табылады.
Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж.) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы мәлімделер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен популяцияны сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.
Жабайы түрлер – табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі және әсіресе, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор, дәрі-дәрмектердің таптырмайтын көзі болып табылады.
Популяция – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурсармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.
Қарапайым жүйелерді тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет.
Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзалардың түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белглі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн. жыл. Түрлердің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмр сүретін түрлер – «тірі қазбалар» да бар.
Жалпы алғанда жердің геолгиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.
Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады.
Түрлерді санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылыуының 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану (30-35 %), содан кейінгі орында азық қорының кемуі (4%), зиянкестерді жою (3%) және кездейсоқ жемтік (2%) тұр.
Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қна тіс сүйекткрі үшін ғана 80 мың африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы басты себептерінің бірі олардың сырттан әкелінген түрлері мен бәсекелестікке қабілетсіз болуы. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларда, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.
Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құстар және 64 сүтқоректілер) және өсімдіктерді 20 түрі жойылып кетті.
Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық түрлердің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефі, өзен арналарын өзгертеді,батпақтарды құрғатады, белгілі бір өзіне қажетт ағаш түрлерінен тұратын бағалы ормандарды ғана өсіреді.
Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекеленген экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.
Тақырып 12 Популияцияларды сақтау стратегиялары
Сұрақтар: Жойылу типі бартүрлер. Әлемдік және Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер.
Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуан-түрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғат ресурстары мен табиғатты қорғаудың Халықаралық одағы бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.
Қызыл кітапқа сирек және жойылу қаупі төніп отырған ағзалар енгізілген. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қызыл кітапқа енген түрдің шамамен санының кему себебі, таралу территориясы (ареал) қорғау үшін орындалатын іс-шаралар және т.б. мәліметтер көрсетіледі. Қызыл кітапқа енген барлық түрлер бірнеше категорияларға бөледі: жойылу қаупі төніп тұрған түрлер (арнайы қатал қорғау шаралар қажет), кеміп келе жатқан (тіршілігін сақтау үшін саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жатқан), сирек (жойылу қаупі жоқ, бірақ саны аз немесе шектелген территорияларда ғана кездеседі), анықталмаған (қамқорлыққа алуға негіз бар, бірақ олар туралы мәліметтер аз).
Қызыл кітаптағы түрлердің тізімі үнемі өзгеріп отырады. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады. Ал тізім басқа тіршілік күйі нашарлаған түрлермен толықтырылады.
Қазақстанның қызыл кітабы. Өркениеттң дамуы Жердің табиғат байлықтарының кемуін шекті дәрежеге дейін кемітеді. 1948 жылы Халықаралық табиғат қорғау және табиғат ресурстарының Одағының құрылуына әкеледі. Бұл Одақтың мәліметтері бойынша 1600 жылдан 1973 жыл аралығында Жер бетінен сүтқоректілердің 63 түрі және құстардың 94 түрі жойылып кеткен. ХТҚО-ның ұсынысымен Қызыл кітап ұйымдастырылды. Қызыл кітапқа енгізілген түр территориясында мекендейтін әрбір мемлекет адамзат алдында оны сақтап қалуға жауапты.
Қызыл кітаптың бірінші томы 1963 жылы , ал 1972 жылы оның бес томы жарық көрді. Онда сүтқоректілердің 236 түрі, құстардың 287, қосмекенділердің 36 және бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі, балықтар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің тізімдері кірді.
1972 жылдан бастап жаңа категория – қалпына келген түрлер енгізілді. Мұндай мәліметтер жасыл бетте басылды. 70-жылдардан бастап ұлттық Қызыл кітаптар шығарыла бастады.
Қазақ ССР-ның Қызыл кітабының бірінші томы 1978 жылы жарық көрді. Оғын республика территориясында мекендейтін сирек және жойылып бара жатқан жануарлар кірді. 1981 жылы өсімдіктер туралы екінші томы жарық көрді. Бірінші томға сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 қстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі және балықтардың 4 түрі енгізіліп, толық сипатталған. 1984 жылдың соңына қарай омыртқалы жануарлардың тағы 13 түрі қосылды. Республикамыздың Қызыл кітабына жыртқыш жануарлардың 15 түрі енген (қызыл қасқыр, европа құндызы, қар барысы, гепард, түркістан сілеусіні, қарақал, бархан мысығы және т.б.)
Құстардын қызғылт және бұйра бірқазан, ақ және қара дегелек, фламинго, шиқылдақ-аққу, дуадақ, қырандарыды атауға болады. Мензбир суыры тек Батыс Тянь-Шаньнің эндемигі болып табылады. Ол тек Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында ғана кездеседі.
Қазақстанның Қызыл кітабына бауырымен жорғалаушылардан кесірткелердің үш түрі және жыландардың 5 түрі енгізілген. Бұлардың ішіндегі ең ірі және ең сирек кездесетіні – сұр варан. Оның ұзындығы бір жарым метрге жетеді. Республикада тек Сырдарияның солтүстік жағалауында ғана кездеседі.
Қазақстанда мекендейтін қосмекенділердің 11 түрінің біреуі – жетісу тритоны Қызыл кітапқа енгізілген.
Сырдария Қаратауын іс жүзінде реликтер мұражайы десе де болады. Мұны Қызыл кітапқа енген 40 түр өседі. Мсалы, үшқұлақты астрагал, Батыс Тянь-Шаньнің сирек эндемиктерінің 50 түрі Қызыл кітапқа кірген: Грейг қызғалдағы, Кауфман қызалдағы, Талас қайыңы, жабайы жүзім, зеравшан аршасы және т.б.
Сирек өсімдіктердің барлығын атап шығу мүмкін емес. Қазақстандағы жойылу қаупі төніп тұрған түрлердің басым көпшілігі ареалының шағын болуымен сипатталады.
Сирек және жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалу үшін оларды қорықтарда, кіші қорықтарда қорғауға алынған. Егер жануар инемесе өсімдіктің саны популяцияның минималды мөлшрінен төмен болса (мысалы гепард, берқара терегі), онда оларды сақтап қалу үшін қолдан көбейтіп, өсіреді. Бұл жұмыстарды Қазақстан ҒА-ның ботаникалық бағы, хайуанаттар бағы жүргізеді.
Тек мемлекеттің қолдауымен,ғалымдар мен көпшілік халықтың бірлескен қызметі нәтижесінде ғана флора мен фаунаны қалпына келтіруге болады.
Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс-әрекетін бір арнаға бағыттауы керек.
Популяцияның тіршілікке икемділігін сақтауға қажетті қорықтық аудандар
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерстерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.
Кез-келген мемлееттң ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуы қамтамасыз етуі тиіс:
Оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі.
Жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.
Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.
Тапбиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Мұндай аудандардың мынадай түрлері бар: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар – табиғаттағы қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық аудандар Жер шарының шамамен 1,6-2,0% құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық (Калахари) резерваты: 5,3 млн. га; Вуд-Баффало (анада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гоббий қорығы (Монғолстан) – шамамен 4 млн. га.
Қазақстанда 2 ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түр себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті – халықты реакциялық қамтамасыз ету.
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады.
Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді:
Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Ауданы 73 мың га. Бес өсімдік белдеулеріне 1000-нан астам өсімдіктер, құстардың 130-дан астам түрлері, сүтқоректлерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.
Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жыл құрылған. Ауданы 198 шаршы км. Аралдың флорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді, сүтқоректілердің 6, амфибийлердің 2, құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олар 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.
Алматы. 1931 жылы құрылған. Алматы облсының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ,
Организмге енген сансыз антиденелердің әрқайсысына берілетін арнаулы иммундық жауап қазіргі кезде иммунологиядағы ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Иммуноглобулиндер үш түрлі генетикалық тіркес емес жүйелермен кодталады. Бірінші топтағы локустар ауыр тізбектерсинтезін, екінші жеңіл тізбек к-синтезін, ал үшіншісі жеңіл -тізбегінің синтезін қадағалайды. Иммундық жауап деген организмнің бөгде
Тақырып 13. Адам жасанды биоценоздарды жасаушы.
Сұрақтар: Антрофагендік факторлар.
Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады.
Түрлерді санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылыуының 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану (30-35 %), содан кейінгі орында азық қорының кемуі (4%), зиянкестерді жою (3%) және кездейсоқ жемтік тұр.Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қна тіс сүйекткрі үшін ғана 80 мың африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы басты себептерінің бірі олардың сырттан әкелінген түрлері мен бәсекелестікке қабілетсіз болуы. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларда, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.
Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құстар және 64 сүтқоректілер) және өсімдіктерді 20 түрі жойылып кетті.Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық түрлердің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефі, өзен арналарын өзгертеді,батпақтарды құрғатады, белгілі бір өзіне қажетт ағаш түрлерінен тұратын бағалы ормандарды ғана өсіреді.
Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекеленген экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.
Тақырып 14. Өсімдік, бунақдене,балықтар, құстар, сүтқоректілерді
жер аудару және жерсіндіру.
Буынаяқтылар типі-Arthropoda.
Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама. Буынаяқтылар типінің классификациясы. Быунаяқтылар типінің филогенеясы.
Буынаяқтылар типі басқа барлық жануарлар типтеріне қарағанда түрге өте бай, 1500000 астам түрлерден тұрады. Суда және құрылықта тіршілік етеді, оларға буынды аяқтар және бунақты дене тән. Барлық буынаяқтылар мынадай негізгі белгілермен сипатталды: Гетерономды бунақталу тән. Буылтық ққұрттардың бунақтары біркелкі гомономды болса, буынаяқтылардың бунақтары дене бөліктерінде әртүрлі сипатта орналасқан. Ұқсас бунақтардың топтары дененің ерекше бөлімдерін немесе тагмаларды құрайды. Көбінесе танманың үш түрін ажырату қалыптасқан: бас, кеуде, құрсақ. Тагмамен оның бунақтары бір-бірімен қосылып кетуі де мүмкін.
Буынаяқтылардың денесін құрайтынбунақтардың саны систематикалық топтарда әртүрлі болғандықтан азайып тұрақтану тенденциясы байқалады. Бас жақтауынан немесе акроннан және төрт бунақтан тұратын бас бөлімінің бунақ құрамы тұрақты. Акрон полихеттердің простомиумына гомологты, ал оның өсінділері, антеннулалары немесе мұртшалары пальпаларға сәйкес келеді. Кеудесі және әсіресе құрсағы өзгергіш. Денесі аналь жақтауы телсмонмен аяқталады, ол буылтық құрттардың пигидиіне гомологты. Полихеттердің параподиіне филогенетикалық дамыған буынаяқтылардың аяқтары денемен буындар арқылы қозғалмалы түрде жалғасады және бірнеше буындардан тұрады. Аяқтарының буылтық құрттардың параподиінен айырмашылығы күрделі қозғалыстар жасау қабілетінде. Әртүрлі тагмаларда орналасқан аяқтары ұқсас емес қызметтер- қорегін ұстау, ұсату және қозғалыс, тыныс алу т.б. атқаруға икемделген. Көпшілік Arthropoda-ның құрсақ буынаяқтарындағы аяқтары жойылып кеткен. Буынаяқтылардың денесі сыртқы қаңқа құратын хитинді кутикуламен қапталған. Қаңқасы склериттер мен жұмсақ жарғақтар сияты қатты тақталардан тұрады. Дененің әр бунағы 4 склериттермен қапталған: арқа тақтасы-тергит дорзалды, вентралды –құрсақ тақтасы немесе стернит және олардың арасында –бүйір тақталары орналасады. Жануарлардың денесінің сырты қатты қаңқамен қапталғандықтан олар түлеу арқылы өседі. Ескі кутикула мезгіл-мезгіл денеден түсіп қалады. Arthropoda-ның денесінде кірпікшелі эпителий болмайды. Ол буынаяқтылардың күшті кутикулалануына байланысты ерекшелігі, себебі олардың жабыны ғана емес , сол сияқты ішек, жыныс жолдары және басқа мүшелері кірпікшелер даму мүмкіндігін болдырмайтындай кутикуламен астарланған. Arthropoda- ның бұлшықеті тұтас тері бұлшықет қапшығын жасамайтын жеке бұлшықет будасынан тұрады. Буынаяқтылардың ас қорыту жүйесі үш бөлімнен тұрады- алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектер. Қан айналу жүйесі орталық жиырылғыш мүше- жүректің пайда болуымен сипатталады. Буынаяқтылардың тыныс алу мүшелері әртүрлі. Бір жағдайларда аяқтары түгелдей немесе кейбір бөлімдері суда тыныс алуға бейімделген желбезектерге айналады. Құрылықтағы түрлерінің ауамен тыныс алатын мүшелері- өкпелер де –түрі өзгерген аяқтар болып табылады. Олар тек жынысты жолмен көбейеді және әрқашан да дара жынысты.Сыртқы жыныс деморфизмі айқын байқалады. Буынаяқтылар типінің класқа бөлінуі:
1. Желбезектыныстылар тип тармағы-
1.1. Шаян тәрізділер класы-
2. Кеңірдектыныстылар тип тармағы-
2.1. Көпаяқтылар класы-
3. Трилобиттәрізділер тип тармағы-
3.1. Трилобиттер класы-
4. Хелицералылар тип тармағы-
4.1. Семсерқұйрықтылар класы-
Arthropoda типінің ата тектері көпқылтандылар класындағы қарапайым полимерлі буылтық құрттар болған. Денесінің бөлімдерге бөлінуі, бас және кеуде аяқтарының жіктелу сипаты мен дәрежесі және дернәсілдік кезеңдерінің ерекшеліктері бойынша буынақтылардың тип тармақтары бір бірінен айқын ажыратылады. Буылтық құрттардың буынаяқтыларға ауысуы құрылысының күрделенуі арқылы жүзеге асты: жұқа кутикуласы қатты сыртқы қаңқаға айналды, тері-бұлшықет қапшығы жеке еттерге ыдырады, аралас дене қуысы пайда болды. Аяқтары ауыз мүшелеріне айналды.
Тақырып 6. Балықтар және Қосмекенділер кластары.
Балықтар және қосмекенділер кластарына жалпы сипаттама. Балықтар мен қосмекенділердің классификациясы. Балықтар мен қосмекенділердің филогенеясы.
Балықтардың 20 мыңнан астам түрлері белгілі. Ерекшеліктері қозғалмалы жақтарының болуы. Көкірінде, құрсағында қозғалыс органдары қос қанаттарының болув. Иіс сезімі, танау тесіктері жұп. Желбезек жапырақшасының эктодермадан пайда болуы. Балықтардың денесінің қабыршақтармен қапталуы. Бүйір сызықтарының болуы. Балықтар қорегін активті түрде тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап, оған тез бейімделе алады.
Шеміршекті балықтар сүйегі шеміршектен тұрады, жүзу торсылдағы болмайды. Ауыз қуысы желбезек саңылауларын аралап өтіп, жұтқыншаққа жалғасады. Тыныс алу органдары - әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншаққа , ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әрқайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделермен юөлінген. Жүрегі екі камерадан: жүрекше және қарыншадан тұрады. Шеміршекті балықтарда тұйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Зәр шығару жүйесі мезонефрос деп аталатын алғашқы бүйрек. Аналық жыныс бездері жұп болады. Ұрғашыларында зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады. Аталықтарында вольфов каналы зәр және жыныс жолы қызметін атқарады. Сүйекті балықтарда қаңқасы сүйекті болады. Желбезек аралық перделері болмайды. Желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қақпағы болады. Жүзу торсылдағы болады. Ұрықтануы сырттай жүреді.
Амфибилер суда және құрлықта да тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан қос мекенділер деп аталады. Ерекшеліктері: желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып тұрады. Қан айналу системасы өзгеріске ұшыраған. ҮШ камералы жүрегі бар. Терісі қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Бес саусақты аяқ пайда болған. Аяқтар әлсіз, денесін тік көтеріп тұра алмайды. Ұрықтануы ұылдырық шашау арқылы жүреді. 3000 жуық түрлері белгілі терісі жалаңаш болады. Сүйекті, мүйізді қабыршақтары жоқ. Эпидермісінде бездер өте көп, терісін құрғап кетуден сақтайды. Терісінде улы бездер көп. Омыртқа жотасы: мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөліктерінен тұрады. Мойны бір ғана омыртқадан ғана тұрады. Құйрық блімі уростил деп аталытын бір ғана сүйекшеден тұрады.
Ас қорыту жүйесі: ауызы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақ тарылып өңешке айналады. Тілдерінің формасы түрліше болады. Тілінің үстіңгі бетінен желім шығып тұрады. Осы шырыштың жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстайды. Есту органы балықтарға қарағанда күрделі. Амфибилерде ішкі құлақпен қатар ортаңғы құлақ болады. Бүйір сызығы
Амфибилердің личинкаларына тән. Зәр шығвру түтікшелері клоакаға ашылады. Аталықтарында зәр шығару мен ұрық жолының қызметін бір ғана вольфов каналы атқарады. Аналықтарында зәр шығару қызметін вольфов каналы атқарады да, жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқарады. Даму жұмыртқа ұрықтанғаннан кейін 8-10 күннен соң итшабақ деп аталатын личинка шығады. Итшабақ құйрығының көмегімен қозғалады. Кейін артқы аяқтар шыға бастайды. Құйрықсыз түрлерінде құйрық қысқара бастайды.
Құстар омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше тобы. Құстардың денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерінің іші қуыс, тісі болмайды, тіс қызметін мүйізді тұмсықтар атқарады. Құстардың терісі жұқа, ешбір бездері болмайды,тек құйрық түбірінің үстіңгі жағында құймышақ безі болады. Құймышақ безі су құстарында жақсы дамыған. Ол қауырсынға су жұқпауын қамтамысыз етеді. Құстардың денесі біртегіс қауырсынмен қапталмайды Қауырсыны бар жерін птерилия, жоқ жерін аптерия деп атайды. Құстардың бұлшықеттері тіршілік әрекетіне қарай күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа жүруге, өрмелеуге және тамағын табуға мүмкіңндік береді. Төс сүйегінің қырына бекінген төс еті құстың жалпы салмағының 20% жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да қанаттарын жоғары көтеруге мүмкіндік береді.
Омыртқа жотасы мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құймышақ – құйрық бөлімдерінен тұрады. Иық белдеуі жауырыннан каракойдтан және бұғанадан тұрады. Каракоид жақсы дамыған бір ұшы төспен, бір ұшы тоқпан жілікпен жалғасады. Оң және сол жақ бұғаналары бірігіп кеткен. Ол иық белдеуіне серпінділік береді. Артқы аяқтар сүйектері жақсы жетілген жүргенде құстың барлық салмағы артқы екі аяғына түседі. Құстарда тіс болмайды. Тіс қызметін тұмсығы атқарады. Қоректену тәсіліне, азық түріне қарай тұмсығының формасы әр түрлі. Дәнмен қоректенетін құстардың тұмсығы дәнді шоқып жеуге икемделген біз тұмсықты. Қаздардың тілі етті болып келеді. Кейбір құстардың өңешінде азықты уақытша сақтайтын жемсау болады. Өңеш безді қарынға жалғасады. Безді қарыннан қорек етті қарынға түседі. Жүрегі 4 камералы 2 жүрекше 2 қарынша. Артерия және вена қаны өз алдына жіктелген. Құстардың сезім органдары көруі жақсы дамыған. Түн құстарының және қыранның көз алмалары үлкен. Естуі өте жақсы дамыған.қауіп қатерді алдымен құлақтары арқылы сезеді. Кейбір түрлерінде ғана иіс сезу дамыған. Құстардың зәр шығаруы ұрықтарында –мезонепрос-дене бүйрегі болса, ересектерінде метонепрос мықын бүйрек деп аталатын бүйрек болады. Тыныс алуы ұшуға байланыста ерекшеленген. Құстарда өкпесі және ауа қапшықтары болады. Ұшқанда кеудусі керіліп тұрадыда, көкірек бөлімі үлкейіп, кішіреймейді. Сол кезде ауа қапшықтары арқылы тыныс алады.
Жыныс органдары: Аталық жыныс бездері бұршақ пішінді екі бүйрегінің үстінде ілініп тұрады. Жыл маусымына қарай олардың көлемі өзгереді. Көбею кезінде үлкейеді. Әр қайсысынан тұқым түтігі шығады. Ол несепағармен қатарласа отырып клоакаға барып енеді. Шағылыс органы кейбір құстарда ғана болады. Шағылысқандар аталығының спермасы, ұрғашысының клоакасының ішіне құйылады. Ұрғашысының жыныс органы сол жақ аналық безімен сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады. Оң жақ жыныс безі нашар дамыған себебі құстардың қатты қабықты жұмыртқа тууына байланысты.
Сүтқоркетілер – Мammalia
Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең күрделісі. Сүтқоректілердің 4000 ға жуық түрлері белгілі. Географиялық жер бетінің бөліктеріне түгелдей тараған.
Ерекшеліктері:
Бұлардың орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Сүтқоректілер тірі туады. Баласын сүтпен қоректендіреді. Дене температурасы тұрақты. Денесін түктер қаптап жатады. Түктер біріншіден денесін салқыннан қорғаса. Екіншіден денесіндегі тері астындағы май қабаты жылу реттелуіне себепші болады. Терісінде бездері көп.
Тіршілік ету ортасына байланысты дене пішіндері әр түрлі.
Сүтқоректілердің тері жамылғысы сыртқы эпидермистен оның астыңғы қабаты нағыз теріден тұрады. Түк, тырнақ, тұяқ, мүйіз, түрлі бездер осы эпидермс қабатынан пайда болған. Нағыз тері немесе кутис қабаты жақсы жетілген. Кутистің астыңғы қабаты жұмсақ талшықты ткандерден тұрады, оған май жиналады. Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Мамық немесе түбіт түк, қылшық, сезгіш, түк, немесе вибристар. Сүтқоректілердің түктері жаңарып белгілі бір маусымда түлеп отырады. Сезгіш түктер жануарлардың бас мойын төс бөліңмдерінде орналасқан. Тері бездері құрлысына және атқаратын қызметіне қарай тер, май, иіс, сүт бездері болып бөлінеді.
Ет жүйесі өте жақсы жетілген, көптеген бұлшықеттерге жіктелген. Құрсақ қуысын көкірек қуысынан бөліп тұратын диафрагма – көкет болады.
Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан тұрады. Мойын омыртқаларының саны тұрақты жетеу. Арқа омыртқалары 12 – 15 бір ұші арқа омыртқасыны екінші ұшы төс сүйегіне бекінген қабырғаларды нағыз қабырғалар, ал екінші ұшы төс сүйегімен жалғаспаған қабырғаларды жалған қабырғалар деп атайды.
Миы үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен. Ас қорыту жүйесі күрделі. Еріннен басталады. Киттерде, кловакалы жануарларды ерін болмайды. Жақтың ішкі жағын ауыз қуысы дейді, Қоректік заттар осында сілекей бездің және тістің әсерімен өзгерістерге түседі. Сілекей шығаратын 4 жұп бездері болады. Сілекей құрамынжа крахмалды ыдырататын фермент болады.
Сүтқоректілердің тістерінің саны әр түрлі. Сүтқоректілерді топқа бөлуде тұрақты систематикалық белгі болып табылады.
Ауыз қуысы арт жағында жұтқыншақ орналасады. Оған өңеш жалғасады. Қарын көптеген сөл шығаратын бездері болады. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны өте күрделі. Төрт бөлімнен тұрады.
Үлкен қарын – ішкі бетінде қатты бүрі болады.
Жұмыршақ – ішкі беті торы ұяшықтарға бөлінген.
Жалбыршақ – ішкі беті көлденең орналасқан қатпарлардан тұрады.
Ұлтабар.
Үлкен қарынға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетімен ашиды. Одан жұмыршақ қарынға, күйіс қайцырғанда ауызға келіп түседі. Ауызда үсақталып әбден сілекеймен араласады.
Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақты өңешпен жалғастыратын жіңішке саңылау арқылы жалбыршақ қарынға одан ұлтабарға барады.
Тақырып 15. Негізгі ауылшаруашылық малдардың жеке генетикасы.
Балықтар және қосмекенділер кластарына жалпы сипаттама. Балықтар мен қосмекенділердің классификациясы. Балықтар мен қосмекенділердің филогенеясы.
Балықтардың 20 мыңнан астам түрлері белгілі. Ерекшеліктері қозғалмалы жақтарының болуы. Көкірінде, құрсағында қозғалыс органдары қос қанаттарының болув. Иіс сезімі, танау тесіктері жұп. Желбезек жапырақшасының эктодермадан пайда болуы. Балықтардың денесінің қабыршақтармен қапталуы. Бүйір сызықтарының болуы. Балықтар қорегін активті түрде тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап, оған тез бейімделе алады.
Шеміршекті балықтар сүйегі шеміршектен тұрады, жүзу торсылдағы болмайды. Ауыз қуысы желбезек саңылауларын аралап өтіп, жұтқыншаққа жалғасады. Тыныс алу органдары - әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншаққа , ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әрқайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделермен юөлінген. Жүрегі екі камерадан: жүрекше және қарыншадан тұрады. Шеміршекті балықтарда тұйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Зәр шығару жүйесі мезонефрос деп аталатын алғашқы бүйрек. Аналық жыныс бездері жұп болады. Ұрғашыларында зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады. Аталықтарында вольфов каналы зәр және жыныс жолы қызметін атқарады. Сүйекті балықтарда қаңқасы сүйекті болады. Желбезек аралық перделері болмайды. Желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қақпағы болады. Жүзу торсылдағы болады. Ұрықтануы сырттай жүреді.
Амфибилер суда және құрлықта да тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан қос мекенділер деп аталады. Ерекшеліктері: желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып тұрады. Қан айналу системасы өзгеріске ұшыраған. ҮШ камералы жүрегі бар. Терісі қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Бес саусақты аяқ пайда болған. Аяқтар әлсіз, денесін тік көтеріп тұра алмайды. Ұрықтануы ұылдырық шашау арқылы жүреді. 3000 жуық түрлері белгілі терісі жалаңаш болады. Сүйекті, мүйізді қабыршақтары жоқ. Эпидермісінде бездер өте көп, терісін құрғап кетуден сақтайды. Терісінде улы бездер көп. Омыртқа жотасы: мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөліктерінен тұрады. Мойны бір ғана омыртқадан ғана тұрады. Құйрық блімі уростил деп аталытын бір ғана сүйекшеден тұрады.
Ас қорыту жүйесі: ауызы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақ тарылып өңешке айналады. Тілдерінің формасы түрліше болады. Тілінің үстіңгі бетінен желім шығып тұрады. Осы шырыштың жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстайды. Есту органы балықтарға қарағанда күрделі. Амфибилерде ішкі құлақпен қатар ортаңғы құлақ болады. Бүйір сызығы
Амфибилердің личинкаларына тән. Зәр шығвру түтікшелері клоакаға ашылады. Аталықтарында зәр шығару мен ұрық жолының қызметін бір ғана вольфов каналы атқарады. Аналықтарында зәр шығару қызметін вольфов каналы атқарады да, жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқарады. Даму жұмыртқа ұрықтанғаннан кейін 8-10 күннен соң итшабақ деп аталатын личинка шығады. Итшабақ құйрығының көмегімен қозғалады. Кейін артқы аяқтар шыға бастайды. Құйрықсыз түрлерінде құйрық қысқара бастайды.
Құстар омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше тобы. Құстардың денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерінің іші қуыс, тісі болмайды, тіс қызметін мүйізді тұмсықтар атқарады. Құстардың терісі жұқа, ешбір бездері болмайды,тек құйрық түбірінің үстіңгі жағында құймышақ безі болады. Құймышақ безі су құстарында жақсы дамыған. Ол қауырсынға су жұқпауын қамтамысыз етеді. Құстардың денесі біртегіс қауырсынмен қапталмайды Қауырсыны бар жерін птерилия, жоқ жерін аптерия деп атайды. Құстардың бұлшықеттері тіршілік әрекетіне қарай күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа жүруге, өрмелеуге және тамағын табуға мүмкіңндік береді. Төс сүйегінің қырына бекінген төс еті құстың жалпы салмағының 20% жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да қанаттарын жоғары көтеруге мүмкіндік береді.
Омыртқа жотасы мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құймышақ – құйрық бөлімдерінен тұрады. Иық белдеуі жауырыннан каракойдтан және бұғанадан тұрады. Каракоид жақсы дамыған бір ұшы төспен, бір ұшы тоқпан жілікпен жалғасады. Оң және сол жақ бұғаналары бірігіп кеткен. Ол иық белдеуіне серпінділік береді. Артқы аяқтар сүйектері жақсы жетілген жүргенде құстың барлық салмағы артқы екі аяғына түседі. Құстарда тіс болмайды. Тіс қызметін тұмсығы атқарады. Қоректену тәсіліне, азық түріне қарай тұмсығының формасы әр түрлі. Дәнмен қоректенетін құстардың тұмсығы дәнді шоқып жеуге икемделген біз тұмсықты. Қаздардың тілі етті болып келеді. Кейбір құстардың өңешінде азықты уақытша сақтайтын жемсау болады. Өңеш безді қарынға жалғасады. Безді қарыннан қорек етті қарынға түседі. Жүрегі 4 камералы 2 жүрекше 2 қарынша. Артерия және вена қаны өз алдына жіктелген. Құстардың сезім органдары көруі жақсы дамыған. Түн құстарының және қыранның көз алмалары үлкен. Естуі өте жақсы дамыған.қауіп қатерді алдымен құлақтары арқылы сезеді. Кейбір түрлерінде ғана иіс сезу дамыған. Құстардың зәр шығаруы ұрықтарында –мезонепрос-дене бүйрегі болса, ересектерінде метонепрос мықын бүйрек деп аталатын бүйрек болады. Тыныс алуы ұшуға байланыста ерекшеленген. Құстарда өкпесі және ауа қапшықтары болады. Ұшқанда кеудусі керіліп тұрадыда, көкірек бөлімі үлкейіп, кішіреймейді. Сол кезде ауа қапшықтары арқылы тыныс алады.
Жыныс органдары: Аталық жыныс бездері бұршақ пішінді екі бүйрегінің үстінде ілініп тұрады. Жыл маусымына қарай олардың көлемі өзгереді. Көбею кезінде үлкейеді. Әр қайсысынан тұқым түтігі шығады. Ол несепағармен қатарласа отырып клоакаға барып енеді. Шағылыс органы кейбір құстарда ғана болады. Шағылысқандар аталығының спермасы, ұрғашысының клоакасының ішіне құйылады. Ұрғашысының жыныс органы сол жақ аналық безімен сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады. Оң жақ жыныс безі нашар дамыған себебі құстардың қатты қабықты жұмыртқа тууына байланысты. Сүтқоркетілер – Мammalia
Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең күрделісі. Сүтқоректілердің 4000 ға жуық түрлері белгілі. Географиялық жер бетінің бөліктеріне түгелдей тараған.
Ерекшеліктері:
Бұлардың орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Сүтқоректілер тірі туады. Баласын сүтпен қоректендіреді. Дене температурасы тұрақты. Денесін түктер қаптап жатады. Түктер біріншіден денесін салқыннан қорғаса. Екіншіден денесіндегі тері астындағы май қабаты жылу реттелуіне себепші болады. Терісінде бездері көп.
Тіршілік ету ортасына байланысты дене пішіндері әр түрлі.
Сүтқоректілердің тері жамылғысы сыртқы эпидермистен оның астыңғы қабаты нағыз теріден тұрады. Түк, тырнақ, тұяқ, мүйіз, түрлі бездер осы эпидермс қабатынан пайда болған. Нағыз тері немесе кутис қабаты жақсы жетілген. Кутистің астыңғы қабаты жұмсақ талшықты ткандерден тұрады, оған май жиналады. Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Мамық немесе түбіт түк, қылшық, сезгіш, түк, немесе вибристар. Сүтқоректілердің түктері жаңарып белгілі бір маусымда түлеп отырады. Сезгіш түктер жануарлардың бас мойын төс бөліңмдерінде орналасқан. Тері бездері құрлысына және атқаратын қызметіне қарай тер, май, иіс, сүт бездері болып бөлінеді.
Ет жүйесі өте жақсы жетілген, көптеген бұлшықеттерге жіктелген. Құрсақ қуысын көкірек қуысынан бөліп тұратын диафрагма – көкет болады.
Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан тұрады. Мойын омыртқаларының саны тұрақты жетеу. Арқа омыртқалары 12 – 15 бір ұші арқа омыртқасыны екінші ұшы төс сүйегіне бекінген қабырғаларды нағыз қабырғалар, ал екінші ұшы төс сүйегімен жалғаспаған қабырғаларды жалған қабырғалар деп атайды.
Миы үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен. Ас қорыту жүйесі күрделі. Еріннен басталады. Киттерде, кловакалы жануарларды ерін болмайды. Жақтың ішкі жағын ауыз қуысы дейді, Қоректік заттар осында сілекей бездің және тістің әсерімен өзгерістерге түседі. Сілекей шығаратын 4 жұп бездері болады. Сілекей құрамынжа крахмалды ыдырататын фермент болады.
Сүтқоректілердің тістерінің саны әр түрлі. Сүтқоректілерді топқа бөлуде тұрақты систематикалық белгі болып табылады.
Ауыз қуысы арт жағында жұтқыншақ орналасады. Оған өңеш жалғасады. Қарын көптеген сөл шығаратын бездері боМалдың мінез- құлқының айырмашылығы генетикалық факторлар және қоршаған ортамен анықталады. Әртүрлі генотипті малдар өндірістік технологиясының жағдайларына әртүрлі әсер етеді. Малдың жерсінуі мен жүйке жүйесі қызметінің типі арасында жоғары корреляция бар. Стреске төзімділік машинамен сауғанға жылдам үйренеді. Г.А.Стакан және басқалары қойлардың мінез-құлқының типтерінің генетикалық бақыланатынын көрсетті. Өойлар мен қозыларының мінез –құлықтарының арасында дұрыс байланыс бар. Мінездері биязы қойлардың өнімдері жоғары және стрестік фактрлерге берік болады. Академик Д.К Беляевтің басшылығымен күміс қара түлкілердің адамға үйренуі жөнінде ұзақ уақыт селекциямы жүргізілген. Түлкілердің адамға жауапкершілігі немесе жуастығы баллмен анықталған Бастапқы шыққан популяциясы – 0,96 балл деп алынған Қолға үйретілген 18 ұрпақ бойы жүргізілген сұрыптаудың нәтижесінде қолға үйренген түлкілер шығарылған Үйренушіліктің орташа бағасы-2,4 балл болған.
8.2. Зертханалық сабақтардың тақырыптары.
Тақырып 1. Ауылшаруашылық малдарының кариотипін зерттеу.
Мақсаты: Негізгі ауылшаруашылық малдарының кариотипімен танысу.
1 тапсырма. Хромосомалардың морфологиясың анықтау. Хромосоманың морфологиялық құрылысының үш түрін жазып алып, сүретін салу қажет. Кестені толтыру.
2 тапсырма. Хромосомның саның анықтау. Микрофотографияны пайдалана отырып хромосоманың диплоидты жиынтығын анықтау.
3 тапсырма. Кариограмманы құрастырып, кариограммалық талдауға қортынды жазу.
Бақылау сұрактары
Хромосоманың құрылысы қандай.
Кариологиялық талдаудың негізін түсіндіру.
Кариотиптің анықтамасын беріңіз.
Негізгі малдардың кариотиптерің атаңыз.
Тақырып 2. Моногибридтік және талдаушы будандастыру
Мақсаты: Осы будандастырулардың айырмашылығын түсініп, мал шаруашылығында пайдалану мақсатың білу.
1 тапсырма. Негізгі генетикалық анықтамаларды біліп, Г.Мендель қолданған әріптер символикасымен танысу.
2 тапсырма. Бірінші тұқымды гибридтарды талдау және Мендельдің бірінші заңына сәйкес есептер шешу.
3 тапсырма. Екінші тұқымды гибридтарды талдау және Мендельдің екінші заңына сәйкес есептер шешу.
4 тапсырма. Талдаушы буданддастыруға есептер шешу.
Бақылау сұрактары
Моногибридтік будандастыру дегеңіміз не.
Моногибридтік будандастырудан қандай заңдылықтар шығады.
Талдаушы будандастыру дегеңіміз не.
Мал шаруашылығында талдаушы будандастыруды қандай мақсатта қолданады.
Тақырып 3. Дигибридтік және полигибридтік будандастыру
Мақсаты: Екі және одан да көп белгілер бойынша тұқым қуалау заңдылықтарын талдау.
1 тапсырма. Дигибридтік тұқымдыларды талдау және Мендельдің үшінші заңына сәйкес есептер шешу.
2 тапсырма. Талдаушы дигибридтік буданддастыруға есептер шешу.
Бақылау сұрактары
Дигибридтік будандастыру дегеңіміз не.
Полигибридтік будандастыру дегеңіміз не.
Мендельдің үшінші заңының негізі.
Тақырып 4. Аллельді емес гендердің әсерлесуі
Мақсаты: Гендердің өзара әсерлесі түрлеріне түсінік беру.
1 тапсырма. Комплементарлық бойынша генетикалық талдау өткізіп, есеп шешу.
2 тапсырма. Эпистаз бойынша генетикалық талдау өткізіп, есеп шешу.
Бақылау сұрактары
Аллельді емес гендердің әсерлесуінің түрлерін айтыңыздар
Эпистаз дегеніміз не. Мысал келтіріңіз.
Комплементарлық дегеніміз не. Мысал келтіріңіз.
Тақырып 5. Аллельді емес гендердің әсерлесуі
Мақсаты: Гендердің өзара әсерлесі түрлеріне түсінік беру.
1 тапсырма. Модификациялық гендер бойынша генетикалық талдау өткізіп, есеп шешу.
2 тапсырма. Полимерлік гендер бойынша генетикалық талдау өткізіп, есеп шешу.
Бақылау сұрактары
Модификаторлық гендер дегеніміз не. Мысал келтіріңіз.
Полимерия дегеніміз не. Мысал келтіріңіз.
Тақырып 6. Гендердің тіркес тұқым қуалауы
Мақсаты: Белгілердің тіркес тұқым қуалау ерекшеліктерімен танусы.
1 тапсырма. Толық және толық емес гендердің тіркес тұқым қуалауың зерттеу. Нақты мысалдарда қарау қажет.
2 тапсырма. Өсімдіктермен жануарлар белгілерінің тіркес тұқым қуалау бойынша есеп шешу.
Бақылау сұрактары
Тіркес тұқым қуалау дегеніміз не.
Терминдерді түсініңдіру керек – а/ тәуелсіз тұқым қуалау, б/ тіркес тұқым қуалау.
Кроссоверлі және кросоверлі емес гаметалар дегеніміз не.
Тақырып 7. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы
Мақсаты: Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалау ерекшеліктерімен танусы.
1 тапсырма. Бірінші ұрпақтың жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауын зерттеу.
2 тапсырма. Типтік есепті шешу.
Бақылау сұрактары
Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныстың анықтамасын беріңіз.
Қандай малдарда еркегі гетерогаметалы, қайсысында – аналық.
Қандай белгілер жыныспен тіркескен тұқым қуалайды.
Гемизоталы особьтің гомозиготалы және гетерозиготалы особьтардаң айырмашылығы қандай.
Тақырып 8. Тұқым қуалауда нуклеин қышқылдарының ролі
Мақсаты: Нуклеин қышқылдарың зерттеу.
1 тапсырма. Организмге қажетті ақұыз, гормондар және ферменттер аминоқышқылының тізбесің зерттеу.
2 тапсырма. Клеткада ақұыз синтезінің модельдеуін зерттеу.
Бақылау сұрактары
Ақұыз синтезіне қандай заттар қажет.
Рибонуклеин қышқылдарының түрлері.
ДНК және РНК-ның айырмашылығы неде.
Генетикалық кодтың анықтамасын беріңіз.
Тақырып 9. Вариациялық қатар құру және оның қисық сызығын өрнектеу
Мақсаты: Вариациялық қатар құрудың негізгі принциптерімен танысу.
1 тапсырма. Вариациялық қатар құрып, оның қисық сызығын өрнектеу
Бақылау сұрактары
Вариациялық қатар қалай құралады.
Вариациялық қатар дегеніміз не.
Варианта дегеніміз не.
Кластарға варианттар қалай түсіріледі.
Тақырып 10. Статистикалық коэффициенттердің және екі іріктеудің арифметикалық орталарының айырмашылығының нақтылығы
Мақсаты: Нақтылық критерийдің үш деңгейімен танысу және оны зоотехнияда пайдалану.
1 тапсырма. Кіші іріктелген жиынтыққа орташа арифметикалық, орташа квадраттық ауытқу, вариациялық коэффициентті және қателіктерді есептеуді үйрену.
2 тапсырма. Үлкен іріктелген жиынтыққа орташа арифметикалық, орташа квадраттық ауытқу, вариациялық коэффициентті және қателіктерді есептеуді үйрену.
Тақырып 11. Корреляциялық байланысты анықтау
Мақсаты: Белгілердің арасындағы корреляция және регрессия коэффициенттерін есептеп шығару әдісімен танысып және осы көрсеткіштерді селекциялық жұмыста қолдануды меңгеру.
Тапсырма. Кіші іріктелген жиынтыққа корреляция коэффициенттің есептеу.
Бақылау сұрактары
Корреляция дегеніміз не.
Пішіні мен бағыты бойынша қандай корреляциялар болады.
Белгілердің арасындағы оң және теріс корреляция коэффициентінің мәні бойынша олардың айырмашылығы неде.
Тақырып 12. Хи-квадрат әдісі
Мақсаты: Хи-квадрат әдісін генетикалық және селекциялық жұмыстарда пайдалану мүмкіндігімен танысу.
Тапсырма. Хи-квадрат есептеу керек.
Бақылау сұрактары
Хи-квадрат әдісі қандай селекциялық сұрақтарды шеше алады.
Нольдік гиптезаның мәне неде.
Қандай шектеулер Хи-квадрат әдісінің қолданылуына кедергі жасайды.
Тақырып 13. Популяцияның сандық белгілерінің тұқым қуалау өзгергіштігің бақылау
Мақсаты: Тұқым қуу коэффициентің қолданып, популяцияның сандық белгілердің талдауың үйрену.
1 тапсырма. Сандық белгілер бойынша популяцияның генетикалық талдауын жүргізу.
2 тапсырма. Тұқым қуу коэффициентің есептеуің үйрену, есеп шешу.
Бақылау сұрактары
Тұқым қууғыштық дегеңіміз не.
Тұқым қуу дегеніміз не.
Тұқым қуу коэффициентің қалай есептейді.
Тақырып 14. Малдардың популяциясы құрылымың талдау
Мақсаты: Популяциядағы гендердің жиілігін анықтау тәсілдерімен танысу. Белгілі популяцияның генетикалық құрылымын талдау.
1 тапсырма. Есеп шығару мысалың пайдаланып фенотип жиілігін анықтау.
2 тапсырма. Есеп шығару мысалың пайдаланып генотип жиілігін анықтау.
3 тапсырма. Есеп шығару мысалың пайдаланып жеке аллельдердің жиілігін анықтау.
Бақылау сұрактары
Популяциядағы фенотип жиілігі дегеніміз не.
Популяциядағы генотип жиілігі дегеніміз не.
Екі және үш аллельді гендердің жиілігін қалай анықтайды.
Харди-Вайнберг формуласы.
Тақырып 15. Антигендік факторлар және полиморфты ақуыздың тұқым қуалауы
Мақсаты: Ауылшаруашылық малдардың селекциясында иммуногенетикалық әдістерің зерттеу.
1 тапсырма. Иммуногенетикалық символиканы және әдістерді зерттеу.
2 тапсырма. Малдардың қан топтарың пайдалана отырып, ұрпақтың шығу тегін анықтау.
3 тапсырма. Малдардың қан белоктарың пайдалана отырып, ұрпақтың шығу тегін анықтау.
Бақылау сұрактары
Антиген мен антиденеге анықтама беріңіз.
Селекция жұмысында иммуногенетикалық әдістер не үшін пайдаланады.
8.3 Студенттердің оқытушы басшылығымен өздік жұмыстарының сабақ жоспары
Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/
1 тақырып. Кіріспе. Генетика және биометриянің пәні, міндеті және әдістері.
Семинар сұрақтары
Тұқым қууғыштылық және оның түрлері.
Өзгергіштік және оның түрлері.
Генетикалық зерттеулердің әдістері
Генетиканың негізгі даму кезеңдері
Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/
2 тақырып. Тұқым қуудың цитологиялық негіздері
Семинар сұрақтары
Клеткалардың көбею және ұрықтану кезендерінде тұқым қуу мәлеметтерің беру.
Мейоз
Гаметогенез
Ұрықтану
Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағат/
Тақырып 1. Ауылшаруашылық малдарының кариотипің зерттеу.
1 тапсырма. Тұқым қууда митоздың ролің зерттеу.
2 тапсырма. Тұқым қууда мейоздың ролің зерттеу.
Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/
3 тақырып. Тұқым қуудың Г.Мендель ашқан заңдылықтары.
Семинар сұрақтары
Тұқым қуудың гибридологиялық әдісі,
Доминанттылық түрлері.
Гендердің летальдық әсері.
Аллельді емес гендердің әсерлесуі
Зертханалық сабақтын жоспары /4 сағат/
Тақырып 2. Моногибридтік және талдаушы будандастыру
1 тапсырма. Моногибридтік будандастыруда белгілердің тұқым қууың зерттеу.
2 тапсырма. Талдаушы будандастыруда белгілердің тұқым қууың зерттеу.
Тақырып 3. Дигибридтік және полигибридтік будандастыру
1 тапсырма. Дигибридтік будандастыруда белгілердің тұқым қууың зерттеу.
2 тапсырма. Полигибридтік будандастыруда белгілердің тұқым қууың зерттеу.
Тақырып 4. Аллельді емес гендердің әсерлесуі
1 тапсырма. Белгілердің тұқым қууың аллельді емес гендердің әсерлесу кезіңде комплементарлықтың қызметін зерттеу.
2 тапсырма. Белгілердің тұқым қууың аллельді емес гендердің әсерлесу кезіңде эпистатикалық қызметін зерттеу.
Тақырып 5. Аллельді емес гендердің әсерлесуі
1 тапсырма. Белгілердің тұқым қууың аллельді емес гендердің әсерлесу кезіңде ген-модификаторлардың қызметін зерттеу.
2 тапсырма. Белгілердің тұқым қууың аллельді емес гендердің әсерлесу кезіңде полимерлік қызметін зерттеу.
Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/
