Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есеп (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Кб
Скачать
☆

Жануарлар паталогиясы

«SC FOOD» шаруашылығында 05.07.15- 02.10.16жж. машықтану өткен уақытта өлекселерді жарып –сою жағдайлары болды. Негізінде жарып тексерілген малдарға тірі кезінде нақтылы диагноз қойылмаған.

Шаруашылықта арнайы өлген малды жарып- соятын қасапхана жоқ, бірақ 2 км қашықтықта арнайы биотермиялық шұңқыр бар. Жарып- сою жұмыстарын сол шұңқыр маңында жүргізеді.

Мен машықтану барысында 5 өлексені жарып-союға қатыстым. Барлық жүргізілген жұмыстар қатаң бақылау тәртібінде жүргізіледі. Әрбір өлексені жарып тексергеннен соң жарып сою протоколы толтырылып отырылды. Алынған патологиялық материялды арнайы зерттеу үшін зертханаға жіберілген жөн. Өйткені бұл зертхананың жабдықталуы жеткіліксіз, тек облыстық зертханада ғана толық зерттеулер жүргізіледі.Зертханаға жіберілетін материалдар тоңазытқышта сақталады.

Шаруашылықта келесі жануар өлекселерін жардық:

  1. 21.07.2016ж., ІҚМ, жынысы- еркек, тату- 67683, өлгеннен кейінгі диагноз- АСпирациялық пневмония (қосымша__).

  2. 18.08.16ж., ІҚМ, Сиыр, жасы 3ж., №,9,,6771, өлгеннен кейінгі диагноз- іріңді катаральды бронхопневмония (қосымша__).

  3. 11.09.2016ж., ІҚМ, Бұқа, жасы- 2ж., №157358653, олгеннен кейінгі диагноз-жіті тимпания (қосымша__).

  4. 13.09.2016ж., ІҚМ, Бұқа, жасы- 2ж., №157733233, өлгеннен кейінгі дивгноз- азықпен улану

  5. 17.09.2016ж., ІҚМ, Сиыр,жасы- 3ж., №09007265, өлгеннен кеінгі диагноз- өкпе гангренасы

Барлық өлген малдар биотермиялық шұңқырға көміледі.

Шаруашылықта негізінен созылмалы түрге өткен тыныс алу жолдарының аурулары саларынан мал өлімге ұшырайды.

Ветеринарлық акушерлік және гинекология

05.07.2016-02.10.2016 жж аралығында өткен машықтану кезінде біз ветеринарлық акушерлік және гинекология пәніне қатысты жұмыстар жасадық.

Шаруашылық толығымен қолдан ұрықтану жолымен көбейеді, жоспар бойынша, ылына екі мезгіл ұрықтандыру жұмыстары жұмыстары жүргізіліп отырады. Сиырлар жазғы айларда және қыс айларында төлдейді. Біз өндірістік машықтану кезінде жазғы төлдеу уақытына дәл келдік.

Негізінен шаруашылықта төлдеуден кеінгі патологиялар кездеседі. Мысалы, жатырдың түсуі, қынаптың жыртылуы, шудың кешеуілдеуі сияқты. Бірак бұл аурулар да сирек кездеседі, себебі жазғы мезгілде туатын бұзаулардың азықтануы жақсы және құнарлы, белсенді серуенде жүреді. Мысалы, қынаптың жыртылуы төл үлкен болған себептен боды.

Желінсау ауруы кездескен жоқ, менің ойымша, барлық сиырлардың еметін бұзаулары жанедарында жүреді, үнемі серуенде жүреді, күтімдері жақсы. Төлдеуден кеінгі аурулар да дер кезінде емделіп, асқыну жағдайлары болған жоқ, сол себепті эндометриттер де кездескен жоқ.

Шаруашылықта сиырлардың буаздығын және қысырығын ректалды әдіс арқылы тексереді, ол үшін қолды тік ішеке салу арқылы және де оң бүйіріне жұдырықпен тез қимылмен итеру арқылы да анықталады. Малдарда көбінесе төлдердін ірі болгандыктын себебінен туу процесі киынга түседі.

Жалпы шаруашылық акушерлік және гинеколлгия ауруларынан таза деп есептуге болады, малдардың жаппай аурулары кездескен жоқ. Бұл пән бойынша жұмыс негізінен қолдан ұрықтандыру кезінде көп кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]