Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шойын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30 Кб
Скачать
☆

Қасиеттері, таңбалануы және қолданылуы.

Сұр шойынның құрамында көміртегі темірмен механикалық қоспа- графит – түрінде кездеседі. Сұр, жоғары берікті және соғылғыш шойындар өнеркәсіпте кеңінен қолданылады, олардың көпшілігі барлық көміртек немесе оның бөлігі графит түрінде болады. Графит төмендетілген қаттылықты, кесумен жақсы өңдел-гіштігін және де үйкелу коэффициентінің төмендігінен жоғары үйкелуге қарсы қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге графит қосымшасы беріктік пен созымдылықты төмендетеді, өйткені қорытпаның металдық негізінің тұтастығын бұзады. Сұр, жоғары берікті және соғылғыш шойындар графит қосымшаларының түзілу жағдайларымен және олардың пошымымен ерекшеленеді, ол құймалардың механикалық қасиеттеріне әсер етеді. Химиялық құрамы бойынша сұр шойын әдеттегі (қосындыланбаған) және қосынды болып бөлінеді. Әдеттегі сұр шойын – күрделі құрамымен қорыт-палар, Ғе-С-Sі негізгі элементтерінен және тұрақты қоспалардан Мn, Р, S тұрады. Сұр шойындардағы бұл қоспалардың мөлшері мына шекте болады: 2,2-3,7%С, 1-3%Sі, 0,2-1,1%Мn, 0,02-0,3%Р, 0,02-0,15%S. Аздаған мөлшерде әдеттегі сұр шойындардаСr, Nі, Сu-ңболуы мүмкін, оларды кеннен өндіреді. Бұл элементтердің барлығы дерлікграфиттендіру жағдайларына, графит қосымшалар мөлшеріне, металдық негіздің құрылымына, демек шойынның қасиеттеріне ықпалын тигізеді. Сұр шойынның механикалық қасиеттері металдық негіздің қасиеттеріне, ең бастысы, графит қосымшаларының мөлшеріне және өлшем-деріне тәуелді. Шойындардың беріктігі, қаттылығы және тозуға беріктігі металдық негіздегі перлит мөлшерінің жоғарылауымен өседі, ол құрылымы бойынша болаттарға ұқсас. Графиттің шешуші ықпалы мына төмендегілерге байланысты, беріктігі өте аз, оның қаңылтақтары тілік немесе жарықтар сияқты металдық негізді тесіп өтіп оны әлсіретеді. Созғанда (жүк түсудің ең қатал түрінде) графит қосымшаларының шеттері бойынша қирау ошақтары оңай қалыптасады. Сол себептен сұр шойын созуға нашар қарсыласады, беріктігі мен созымдылығы төмен. Созғандағы салыстырмалы ұзаруы () негіздің құрылымына байланыссыз 0,5 аспайды. Неғұрлым графит қосым-шалары ірі және пошымы тура сызықтылау болса, солғұрлым сұр шойынның үзілуге қарсыластығы төмен болады. Және, керісінше неғұрлым графит қосымшалары ұсақ және бытыраңқы болса, солғұрлым олардың теріс ықпалы аз болады. Сұр шойынның ентаңбасы СЧ әріптерінен (серый чугун) және санбелгі-лерден тұрады, санбелгілер созғандағы уақытша кедергінің мәнін көрсетеді, МПа (5.3-кесте).

Ферритті сұр шойындарСЧ10, СЧ15, СЧ18әлсіз-және орташа күш түсетін тетікбөлшектер үшін пайдаланады: қақпақтар, қосу бөліктері, реттеуіш дөңгелектер, беріліс тұрқылары, ішпектер, сораптар және бекіткіш тораптар, тежеуіш барабандар, ұстастыру тегершіктері, т.б.

Феррит-перлиттісұр шойындарСЧ20, СЧ21, СЧ25 көтеріңкі тұрықтық және өскелеңдік жүктемелерде жұмыс істейтін тетікбөлшектер үшін қолда-нылады: цилиндрлер жиынтығы, қозғалтқыштардың картерлері, цилиндр піспектері, ұстау барабандары, әртүрлі станоктардың табандары, тісті доң-ғалақтар, т.б. құймалар.

Перлитті түрлендірілген сұр шойындар СЧ30, СЧ35, СЧ40 СЧ45 ең жоғары механикалық қасиеттерге ие, ең бастысы, ұсақ бытыраңқы графит қосымшаларынан тұрады. Олардағы графит қосымшаларының ұсақталуы сұйық шойынды темірлі силициймен немесе силикокальциймен (0,3-0,6 қосынды қоспа массасынан) түрлендіру арқылы жетіледі. Түрлендірілген шойындар жоғары жүктемелерде немесе тозудың ауыр жағдайларында жұмыс істейтін тетікбөлшектер үшін пайдаланылады: тісті доңғалақтар, цилиндрлер жиынтығының қауыздары, жалғаусырықтар, тартқыш біліктер, т.б. Бұл ентаңбалы шойындар жоғары саңылаусыздыққа ие. Осы себеппен де оларды сораптардың, сыққыштардың (компрессоры), тежеуіш ауа қысымы (пневматика) ұсақ аспаптарының және сулы жетектердің тұрқылары үшін кеңінен қолданады.

Көтеріңкі температураларда жұмыс істейтін тетікбөлшектер үшін қосын-ды сұр шойындар қолданылады: қызуға тұрақтылар (қосымша Сr, Аl тұрады), қызуға беріктілер (Сr, Nі, Мо). Магнитті емес, аустенит құрылымымен хромникельді шойындар да қолданыс табуда. Олардан магниттер үшін тіреуіштер, ажыратқыштардың қақпақтары, т.б. жасалынады.

Соғылатын  шойын-өте  тұтқырлы, оны  ақ  шойынның  қорытпасын  күйдіру  арқылы  алады, яғни 950 С температурада  ұзақ  тұрғызып, жайлап  суытады. Нәтижесінде графит  үлпек  түрінде  болады. Бұндай  түрдегі  шойын  өте  сапалы.  Соғылатын  шойынды  автомобиль, ауылшаруашылық  және  тоқыма  машиналары  құрылысында   кең  қолданады. Одан  тозу  жағдайында жұмыс  жасайтын  және  ауыспалы  жүктемелерді  қабылдауға  қабілетті  беріктігі  жоғары  бөлшектерді  жасайды. Мысалы, артқы  көпірдің  картері, тежегіш  колодкалар, алтылықтар т.б. Соғылатын  шойындар жоғары  антикоррозиялық қасиеттермен  сипатталады  және  ылғалды  ауа, газ  және  су  ортасында   жұмысқа  пайдалануға  бейім.

Беріктігі  жоғары  шойын-шойынды  магний  элементімен модификациялау. Мұндай  шойынның  құрамындағы  графит  шар  түрінде  болады. Айрықша  ерекшелігі:  механикалық  қасиеттері ( құрылымында графиттің  шар  түрінде  болуы), жоғары  беріктігі  және  иілгіштігі. Осындай  қасиеттерінің  бар  болуына  байланысты  беріктігі  жоғары шойын  көміртегілі  болатпен  бәсекеге  түседі  және  соғылатын  шойын мен  болатан  арзан. Беріктігі  жоғары  шойынның  механикалық  қасиетері  оны  ауыр  жағдайда  жұмыс  жасайтын  машина  бөлшектерін  жасауға  пайдалануға  мүмкіндік  береді.