- •Жоспары:
- •Бүйрек және жүктілік Жүктілік кезіндегі бүйректің және зәр шығару жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •Жүктілік кезіндегі физиологиялық өзгерістер
- •Жүктіліктің асқынулары
- •Зәр шығару жүйесінің инфекциясы.
- •Жүктілердегі артериялық гипертензия
- •Преэклампсия
- •Эклампсия.
- •Бса бар әйелдердегі жүктілік
- •Жүкті әйелдердегі бүйректің жедел зақымдалуы (бжз)
- •7 Курстың «Бүйрек және жүктілік»
- •Бағалау парағы
Эклампсия.
ОЖЖ зақымдалуы (эклампсия) преэклампсияның үдеуі нәтижесінде дамиды, әдетте преэклампсияға босану алдында немесе босанғаннан кейінгі аптада болады. Эклампсияның даму мүмкіндігін көрсететін белгілер:
Қорқу, қобалжу сезім, бет терісінің қышуы
Бас ауруы, көрудің нашарлауы («жарық жарқылы», бейнелерді бұлыңғыр көруі)
Эпигастрий аймағындағы ауру-сезімі
Гиперрефлексия
Протеинурияның жоғарлауы
Эклампсия эпилептикалық ұстамаларды еске түсіретін клонико-тоникалық тырысулармен көрінеді және міндетті түрде артериалық гипертензиямен қосарласады, АГ ауыр болмауы да мүмкін. Эклампсия ОЖЖ-ң ишемиялық зақымдалу белгісі болып табылады, ол ми қан тамырларының тарылуымен және тамырішілік гиперкоагуляциямен байланысты. Сирек жағдайда созылмалы АГ және преэклампсия бірге қосылса, геморрагиялық инсульт болуы мүмкін. Босандыру эклампсияның алдын алу болып табылады. Преэклампсияның ауыр түрлерінің бірі HELLP – синдром (Hemolysis, Elevated liver enzymes, Low platelet count). Бұл кезде жайылмалы қан тамырлық дисфункция және коагулопатия нәтижесінде симптомды кешен түрінде көрінеді: гемолиз, аминотрансферазалардың жоғарылауы және тромбоцитопения. Бұл кезде АГ және протеинурия аз ғана болуы мүмкін. HELLP – синдром қайта жүктілік болғанда 2 есе жиі көрінеді.
Преэклампсияның бұндай түрінде «әдеттегіге» қарағанда болжамы нашар, өйткені бұл кезде жиі БЖЗ дамиды және ана және баланың өміріне қауіп төнеді. HELLP – синдром белгілері жедел босандыруға көрсеткіш болып табылады. Көптеген жағдайларда бұл синдром босанар алдында дамиды. Өте сирек жағдайда HELLP – синдром босанғаннан кейін алғашқы күндері дамиды.
Жүктілердегі АГ емі. Жүктілерде антигипертензивті терапия медикаменттердің ұрыққа және ана денсаулығына жағымсыз әсерлерінің мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. АҚҚ-н тез және қатты түсіруден сақ болу керек.
Антигипертензивті емді диастолалық қан қысымы 100 мм.с.б.-нан асқанда бастауды ұсынады. Алайда, ағзаларда паренхиматозды зақымдалуы (миокард гипертрофиясы, ретинопатия) бар әйелдерде медикаментозды емді ДАҚҚ 90 мм с.б. болғанда тағайындай береді. Антигипертензивті ем жүктіліктің алғашқы триместрінде ДАҚҚ 90-99 мм.с.б дейін әлсіз жоғарылауы кезінде жүргізілмеуі де мүмкін, өйткені мұндай науқастардың көбісінде АҚҚ физиологиялық төмендеуі байқалады. Бірінші таңдаулы болып табылатын препарат - Метилдопа, оның дозасы АҚҚ бақылай отырып, тағайындалады.
Жүктілерде қолданылатын антигипертензивті дәрілердің сипаттамасы
Дәрілер, топтары |
Жүктілердегі зерттеу нәтижелері |
- метилдопа |
Қауіпсіздігі және әсері рандомизацияланған зерттеу нәтижесінде дәлелденген |
β2-адренэргиялық рецепторлардың агонистері: - атенолол - метопролол |
|
- лабетолол |
|
- гидралазин |
|
|
Әсері мен қауіпсіздігі тек аз уақыт бақыланған және кейбір бақылауда ғана көрсетілген.
|
Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары, ангиотензин ΙΙ рецепторларының тежегіштері сияқты дәрілер қарсы көрсетілген. Жүктілік кезінде диуретиктерді мүмкіндігінше қолданбау қажет, тек жүктілікке дейін ұзақ мерзім қолданса немесе ауыр тұзға сезімтал АГ бар болған жағдайда ғана қолданылады.
Преэклампсияның емі. Преэклампсияны емдеудің негізгі әдісі - жедел босандыру болып табылады. Нәрестенің туылуы мен плацентаның шығуы патологияның әрі қарай үдеуін тоқтатады. Преэклампсияға күдік туған кезде жүкті әйел шұғыл түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс. Қатаң төсектік режим тағайындалады. Босандыруға көрсеткішті бағалау жүргізіледі, ең алдымен ұрықтың жетілу дәрежесі бағаланады.
Егер босануға жақын қалса, босандыруды тездету қажет
При сроке беременности < 34 недель – сбалансированный подход в отношении состояния матери и исхода для плода.
Жүктіліктің мерзімі 34 аптаға жетпесе – ана жағдайы мен ұрыққа әсері қатысында теңдестірілген амал. Тұрақты түрде клинико-лабораторлы мониторинг жүргізу.
Ананың жағдайы тұрақты болған жағдайда 24-48 сағат аралығында консервативті ем жүргізілуі мүмкін – қауіпсіз медикаментозды гипотензивті ем қолдану мүмкіншілігінің сұрақтарын шешу
Ұрық өкпесінің жетілуін тездету үшін кортикостероидтарды енгізу
Егер плацентаның перфузиясы ұрықтың қажеттілігіне жауап бермесе – босандыру қажет
Эклампсияның алдын алу және ұстаманың өзін емдеу үшін магний сульфатын 4 г к/т 20 минут ішінде, кейіннен 48 сағат ішінде, 1,5 г/сағ енгізу көрсетілген. Тырысуға қарсы ем – диазепам 10-20 мг к/т.
Эклампсия босанудан кейін ерте кезеңде дамуы мүмкін болғандықтан, босанудан кейін дереу 24 сағат ішінде MgSO4 енгізу қажет. Жүктіліктің аяғында және босану уақытында ауыр АГ – ның емі ретінде гидралазин, лабетололды қарқынды ем режимінде к/т енгізеді, бірақ АҚҚ – ның күрт және айқын төмендеуінен сақтану қажет. (ДАҚҚ 90-110 мм.с.б. деңгейінде ұстап тұру қажет). Кальций каналдарының тежегіштері жақсы нәтиже беруі мүмкін, егер науқасқа магний сульфатын енгізсе, бұл топтың препараттарын қолдануға болмайды. Бұл препараттардың нәтижесі болмаса диазоксид қолданылады. Ұрыққа ауыр токсикалық әсер ететіндіктен натрий нитропруссидін мүмкіндігінше қолданбау қажет.
Тромбоцитопения 20-40 мың/мкл-дан төмен болған кезде - тромбоконцентрат, микроангиопатия және ұю факторының жетіспеуі кезінде – ЖМП (жаңадан мұздатылған плазма), БЖЗ дамыған кезде – диализ жүргізіледі.
Эклампсияның ізашарларында, АҚҚ – ның нәтижесіз бақылануында, креатинин, зәр қышқылы, бауыр ферменттері белсенділігі жоғарылағанда, тромбоцитопения дамығанда, сонымен қатар ұрық жағдайы нашарлаған жағдайларда әйелді шұғыл түрде босандыру қажет.
Соңғы жылдары преэклампсияның алдын алу шаралары ретінде аз мөлшерде ацетилсалицил қышқылын қабылдау, сонымен бірге жүкті әйелдер тағам мөлшерінің кальцийға байытылғаны жайлы мәліметтер талқылануда.
