Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Организмнің биоритміне байланысты дәрілік заттардың көрсететін әсерлері.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58 Кб
Скачать
☆

Дәрілік заттардың мөлшері

ДЗ әсері оны бір рет қабылдағандағы мөлшерімен анықталады. Препараттың мөлшеріне емнің тиімділігі ғана емес, сонымен қоса, қауіпсізідігі де байланысты. Кейбір науқастарға орташа терапевтік мөлшер жеткіліксіз болып табылып, мөлшерін жоғарлатуды талап етеді, бірақ, қажетті әсерге қол жеткізгенімен жанама әсерлер туындамайды.

ДЗ жеке сезімталдылық фармакодинамика мен фармакокинетикаға әсерін тигізетін әр түрлі факторларға байланысты: науқастың жасына, жынысына, дене салмағына, АІТ ДЗ жасуша ішіндегі молекулалармен немесе жасушаішілік құрылымдармен тікелей әсерлесіп, жасушаның тіршілігін жоюға әкеледі. Мұндай әсер ету механизімі антибиотиктерге, вирусқа қарсы ДЗ, цитостатиктерге тән.

ДЗ мөлшерін латын тілінің «D» әріпімен белгілеп, келесі түрлерін ажыратады:

  • көмекші мөлшер – қан құрамында ДЗ терапевтік концентрациясын қамтамасыз етуге қажетті ДЗ мөлшері;

  • тәуліктік мөлшер – тәулік бойы қолданылатын ДЗ мөлшері;

  • курстық мөлшер – емдеу курсына қажетті ДЗ мөлшері;

  • әсер көрсететін минимальды мөлшер (пороговая) – фармакотерапевтік әсер көрсететін ДЗ минимальды мөлшері;

  • жоғары бір реттік терапевтік мөлшер – орташа терапевтік мөлшерді қолданғанда жеткілікті фармакологиялық әсер туындамаған жағдайда қолданылатын ДЗ мөлшері;

  • жоғары тәуліктік терапевтік мөлшер – орташа терапевтік мөлшерді қолданғанда жеткілікті фармакологиялық әсер туындамаған жағдайда қолданылатын ДЗ тәуліктік мөлшері;

  • токсикалық мөлшер – ағзаға қауіпті токсикалық әсер көрсететін ДЗ мөлшері;

  • тиімді мөлшер (эффективті) – препараттың токсикалық зерттеулер кезінде эффект берген мөлшер;

  • летальды мөлшер – өлімге әкелетін ДЗ мөлшері.

Дәрілік заттардың жанама әсері

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) анықтамасы бойынша, ДЗ жанама әсері немесе ДЗ жағымсыз әсері дегеніміз – бұл ДЗ ауруларды алдын-алу және емдеу үшін ұсынылған мөлшерде қолданғанда дамыған кері әсерлер.

ДЗ жанама әсерлерін есепке алу өте күрделі мәселе болып табылады, өйткені, көп реакцияларды жанама әсер деп бағаламайды, бағалаған күннің өзінде тіркеп, тиісті орталықтарға хабарлама жібермейді.

Көптеген елдерде жанама әсерлерді тіркеп, сараптама жасайтын арнайы орталықтар бар. Бұл аймақтық орталықтардың жұмысын Ұлттық орталықтар бақылап отырады. БДҰ ұйғарымы бойынша Швецияда ДЗ сирек кездесетін жанама әсерлерін тіркейтін біріккен халықаралық орталық бар, бұл орталық әр елдің дәрігерлері жіберген жанама әсерлерді есепке алып, мәліметтер базасын құрастырады.

ДЗ жанама әсерлерін анықтауда тіркеуге дейінгі зерттеулер негізгі ақпарат көзі болып табылады, бірақ, бұл зерттеулерге қатысатын науқастардың саны аз болғандықтан (бірнеше мыңдаған) және ДЗ қабылдау ұзақтығының қысқалығына байланысты барлық жанама әсерлерді анықтап үлгермейді. Сондықтан да, көптеген ауыр жанама әсерлер ДЗ тіркеген соң, маркетингтен кейінгі кезеңде анықталып жатады. Мұндай жанама әсерлерді тіркеуге алу дәрігерлердің мойнына жүктелген, бірақ көп елдерде дәрігерлер оған қажетті жауапкершілікпен қарамайды.

1976 жылы Вере ДЗ жанама әсерлерінің негізгі аурудың клиникалық көрінісін бұрмалайтындығын дәлелдеп, жанама әсерлердің анықталмауының 5 негізгі себептерін атап көрсетті:

  1. Жанама әсерлер көбіне кездейсоқ дамиды және ДЗ қабылдаумен байланысын анықтау қиынға соғады.

  2. Кейбір ДЗ салдарынан туындаған жанама әсерлер негізгі аурудың көрінісін беруі мүмкін.

  3. Жанама әсерлер ДЗ қабылдауды тоқтатқан соң, уақыт өте дамуы мүмкін.

  4. ДЗ негізгі аурудың қайталануын (рецидив) тудыруы мүмкін.

  5. Науқастың негізгі ауруы тым күрделі болса, ДЗ жанама әсерін байқау қиынға соғады.

Көптеген жанама әсерлер ДЗ қабылдаған уақыт пен мөлшеріне байланысты дамиды (кесте 16).