Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pnevmonia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Кб
Скачать
☆

V. Науқастың қазіргі жағдайы

Жалпы қарау

Сана-сезімі: анық.

Төсектегі қалпы: белсенді.

Жалпы жағдайы: орташа: бас айналуы, жөтел мазалайды.

Дене құрылысы, конституциясы : гиперстениялық. Бойы 155, салмағы 72, ИМТ: 30

Терінің күйі: түсі бозғылт. Терінің гипер және депигментациясы, бөртпелер жоқ.

Тері асты тамырлары: кеңеймеген

Лимфа түйіндері: пальпацияланбайды.

Қалқанша безі: көлемі қалыпты, ауырсынбайды.

Бұлшық ет жүйесі: бұлшық ет дамуы жақсы.

Сүйек жүйесі: деформациялар жоқ. Қозғалуы белсенді. Пальпациялағанда ауырсынбайды..

Буындар: буындарда конфигурация жоқ, ісіну, ауырсыну, тері гиперемиясы жоқ. Функциясы бұзылмаған.

Тыныс мүшелерін тексеру.

Тыныс алуы мұрын арқылы, еркін.

Кеуде сарайын қарау: гиперстениялық. Симметриялы. Кеуденің екі жағы дем алуға бірдей қатысуы: оң жағы қалыңқы. Тынысы қалыпты, кеуделік. ТЖ: 24 мин.

Кеуде сарайы пальпациясы: ауырсынбайды, дауыс дірілі әлсіреген.

Өкпе перкуссиясы.

Салыстырмалы перкуссия: тұйық дыбыс. Орта бұғана сызық бойымен 5-6 қабырға аралықта.

Топографиялық перкуссия: өкпе ұшының биіктігі алдынан 2 см және артынан 7 мойын омыртқаға сәйкес

Өкпенің төменгі шекарасы:

Оң жақ:

Қолтықтың алдыңғы сызығы– 8 қабырға

Қолтықтың ортақ сызығы– 9 қабырға

Қолтықтың артқы сызығы – 10 қабырға

Жауырын сызығы– 11 қабырға

Омыртқа жанындағы сызығы - Th 11.

Сол жақ:

Төс жанындағы сызық – 6 қабырға

Бұғана ортасы сызығы– 7 қабырға

Қолтықтың алдыңғы сызығы– 8 қабырға

Қолтықтың ортақ сызығы– 9 қабырға

Қолтықтың артқы сызығы – 10 қабырға

Жауырын сызығы– 11 қабырға

Омыртқа жанындағы сызығы - Th 11.

Өкпе аускультациясы: қатаң тыныс, оң жақты өкпенің төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген және ұсақ көпіршікті сырыл.

Жүрек-тамыр жүйесін тексеру.

Жүрек маңын қарау: жүректе және құрт тәрізді өсінді аймағында пульсациялар байқалмайды.

Пальпация: жүрек ұшы соққысын орналасуы: 5 қабырға аралық бұғана орта сызығынан 1 см ішке. Ауданы: 2 см. Биіктігі: орташа. Күштілігі: орташа. Резистенттілігі: резистентті емес.

Перкуссия:

Шекарасы Шала тұйық дыбыс Толық тұйық дыбыс

Оң жақ төстен 1 см сыртқа төстің сол жағында

Жоғарғы сол жақта 3 қабырға сәйкес сол жақта 4 қабырға сәйкес

Сол жақ орта бұ,ана сыз-н 1 см ішке шала тұйық дыбыстан 1см ішке

Тамыр будасының өлшемі- 5 см.

Аускультация: жүрек тондары анық , ырғақты.

Білезік артериясында пульстің қасиеттері:

-синхрондылығы: синхронды .

-жиілігі: 92 мин

- ырғақтылығы: ырғақты.

- толықтылығы: орташа

-кернеулігі: орташа

Артериялық қан қысымын : 110/80

Ас қорыту ағзаларын тексеру.

Ауыз қуысын қарау: тіл түсі қалыпты, ылғал, жабынды жоқ. Қызыл иек, жұмсақ таңдай қалыпты түсте. Ауыз қуысында жағымсыз иіс жоқ.

Ішті қарау: Пішіні дұрыс, симметриялы. Іштің тыныс алуға қатысады, көзге көрінетін іштегі перистальтикалық және антиперистальтикалық қозғалыстар жоқ.Тері асты веналар анастомоздар, жара және операциядан кейін пайда болған тыртықтар жоқ.

Пальпация:

Беткей: іш жұмсақ, ауырсынбайды, тері асты лимпома пальпацияланбайды, ішкі ағзалардың ұлғаюы жоқ, грыжалық тесіктер жоқ.

терең пальпациясы: сол жақ мықын аймағында ауырсынусыз , тегіс, конс тығыз эластикалық сигма тәрізді ішек анықталады. Соқыр ішек, көлденең тоқ ішек пальпацияланбайды.

Бауырдың пальпациясы: бауыр жұмсақ, қыры сүйірлеу, ауырсынбайды, беті тегіс.

Өттің маңын пальпациялау: Курвуазье симптомы, Френикус-Феномен, Ортнер, Мерфи, Кер симптомдары теріс.

Көкбауырды перкуссия: 10 қабырға бойымен -7 см. Көлденең -5 см.

Пальпация:пальпацияланбайды.

Зәр шығару жүйесін тексеру.

Бел аймағын қарау: ісінуі, қызаруы жоқ.

Пальпация: бүйрек пальпацияланбайды.

Перкуссия: Пастернацкий симптомы теріс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]