- •Стандарт
- •Стандарт «Чепец» байламын салу техникасы
- •Стандарт Екі көзге таңғыш салу техникасы
- •Стандарт «Рыцарь қолғабы» таңғышын салу техникасы
- •«Дезо» таңғышын салу техникасы
- •Стандарт «Масақ» таңғышын салу техникасы
- •Стандарт «Биялай» таңғышын салу техникасы
- •Стандарт Мойынға сегіз тәрізді таңғыш салу техникасы
- •Стандарт
- •Стандарт Иық сүйегіне Крамер жақтауын салу техникасы
- •Стандарт
- •Стандарт
- •Стандарт Иыққа Эсмарх резеңкелі бұрамасын салу техникасы
Стандарт
Бір құлаққа таңғыш салу техникасы
Мақсаты: емдік - диагностикалық
Көрсеткіштері:бір құлақтың жыртылған жарақаттарында, құлақ аурулары кезінде
Әзірле: ені 10-12 см-ге дейінгі ұзындығы стандарт бинт, қайшы.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз
Науқасқа іс-шара барысын түсіндіріңіз
Ені 10-12 см- ге дейінгі бинтті алыңыз
Сол жақ құлақтың жарақатында бекітуші орамды бас сүйек күмбезінің оң жағынан бастап, оң жақ құлақтың жарақатында бекіуші орамды бас сүйек күмбезінің сол жақ бөлігінен бастап ораңыз
Бинттің ұшын сол қолда, басын оң қолда ұстаңыз
Маңдай және шүйде аймағын айналдыра орап бекітуші орам жасаңыз.
Бинтті маңдай бөлігінен құлақтың жоғарғы бөліміне қарай айналдыра ораңыз
Маңдай және шүйде бөлігіне бір рет бекітуші орам жүргізіңіз
Құлақтың төменгі бөлігі толық жабылғанға дейін алдыңғы іс-әрекетті бірнеше рет қайталаңыз
Маңдай және шүйде бөлігінде бекітуші орам жасап таңғыш салуды аяқтаңыз
СМЖ 05-
Астана қаласы әкімдігінің
«Медициналық колледж» МКҚК
№ 2 арнайы пәндер ЦК
қаралды және бекітілді
ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева
Хаттама « » 2015 ж.
Стандарт
Балтырға жақтау салу техникасы
Мақсаты: транспорттық иммобилизация
Көрсеткіштері: балтыр буыны жарақаттарында
Әзірле: сатылы Крамер жақтауы, бинт, қайшы, жастықша, бір реттік қолданылатын қолғап, ҚҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты тегіс қатты жерге жатқызып, тыныштандырыңыз
Іс –шара барысын түсіндіріңіз
Санның ортасынан табанға дейінгі қашықтықты өлшеп алып, жақтауды соған сәйкес тік бұрыштап бүгіп, майыстыр
Балтырдың іш жағына жастықша салып, оны бинтпен бекітіп ораңыз
Сатылы Крамер жақтауын алып сан мен балтырдың сырт жағынан салып, тізе және балтыр табан буынына бекіт
Бинтпен салынған жақтаудың сыртынан айналдырып ораңыз
Жақтаудың дұрыс қойылғанын тексеріңіз
Қолғапты шешіп ҚҚЖҚ тастаңыз
СМЖ 05-
Астана қаласы әкімдігінің
«Медициналық колледж» МКҚК
№ 2 арнайы пәндер ЦК
қаралды және бекітілді
ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева
Хаттама « » 2015 ж.
Стандарт Иыққа Эсмарх резеңкелі бұрамасын салу техникасы
Мақсаты: уақытша қан тоқтату
Көрсеткіштері: қызыл және көк қантамырлардан қан кету
Әзірле: Эсмарх резеңкелі бұрамасы, бір реттік қолданылатын қолғап, стерилді бинт, стерилді орамал, қалам, қағаз.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды өңдеп бір реттік қолданылатын қолғапты киіңіз
Науқасты тыныштандырыңыз, іс –шара барысын түсіндіріңіз
Иықтың орта жеріне, матадан жасалған стерилді орамалды салыңыз
Эсмарх резеңкелі бұрамасын орап қан кету тоқтағанға дейін қысып тартыңыз.
Алдыңғы орамға қатарластырып келесі орамдарды салыңыз, бірақ 2-ші орам 1-ші орамнан бос болуы керек.
Ілмектің көмегімен бұраманың соңғы бөлігін бекітіп, байлаңыз.
Резеңке бұұраудың дұрыс салынғанын тексеріңіз
Резеңке бұраудың айналымының біріне бұрауды салған уақытын көрсетіп қағаз қойыңыз
Науқасты жатқын күйінде тасымалдағыз.
