Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

Ұзындыққа секіру техникасы мен оқыту әдістемесі

Мақсаты мен міндеттері: 1. а) Аяқты бүгіп ұзындыққа секіру техникасын үйрету. ә) Кіші 150 гр допты лақтыруды жетілдіру. б) 60 метрге жүгіруді қайталау, уақытқа жүгіру. 2. а) Аяқ, қол бұлшық еттерін жетілдіру. 3. Адамгершілік қасиетті сезіндіру, бір - бірін құрметтеуге тәрбиелеу. Керекті құралдар: ысқырғыш, 150 гр кіші доптар. Сабақ барысы: Дайындық бөлімі 12мин: 1. Сапқа тұрғызу. Рапорт беру. Сәлемдесу. Сабақ мақсатымен таныстыру (1мин. 30 сек.) Оқушылардың сыртқы келбетіне мән беру. 2. Саптағы жаттығулар: солға, оңға, кері – айнал (30сек.) саптағы жаттығуларды 1 - 2 есепте орындау. 3. Алға адымдап бас(30сек.) ара қашықтық 1 метрден. Спорттық жүріспен желе жүру(30сек.) қол шынтақтан бүгулі. 4. Жүгіру (бір қалыппен сапты бұзбай жүгіру, 2мин.) 5. Спорттық жүріске көшу(30метр, қол дене қапталында). 6. Жәй жүріс(30метр ара қашықтықты сақтап жүру). 1) тыныс алу жаттығуларын орындау: 1 – 2 қолды екі қапталмен көтеру. 3 – 4 түсіреміз(25метр, қолды көтерген кезде демді ішке тартамыз, түсірген кезде демді шығарамыз. Тоқтаймыз. 1 - 2 - 3 санға саналамыз. 7. Орында тұрып қыздырыну жаттығуларын орындау. Б. т. аяқ йық деңгейінде қол белде тұру. Басты алға еңкейту, 2 - б. т 3 - басты арқа еңкейту 4 – б. т 5 - сол қапаталға 6 - б. т 7 - оң қапталға 8 - б. т(4рет, арқаны тік ұстаймыз, йықты көтермейміз). 2) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол қапталда тұру. 1 - 4 – білекті айналдыру. 5 - 8 – шынтақтан айналдыру(2 рет алға, бір қалыпты орындаймыз). 9 - 12 - йықтан айналдыру 3) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол кеуде деңгейінде( екі рет артқа, артқа сермегенде жауырын бір - біріне тию керек). 1 - 2 бүгулі қолды артқа серпу, 3 - 4 жазулы қолды серпу( 5, 6 рет, Қолды бүкпейміз оң қапталға бұрыла, сол қапталға бұрыла орындаймыз). 4) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол йықта тұру. 1 - оң аяққа, 2 - ортаға, 3 - сол аяққа еңкею, 4 – б. т.(7 - 8рет, тереңірек еңкейеміз, аяқ бүгілмейді). 5) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол алда жоғары ұстап тұру. 1 - қайшылап сол аяқты оң қолға көтеру, 2 - б. т. 3 - қайшылап оң аяқты сол қолға көтеру. 4 - б. т.(5 - 6 рет, Аяқты көтерген кезде тізені бүкпеу, биігірек көтеру, денені бүкпеу). 6) Б. т. сол аяқ алда бүгулі қол тізеде жартылай отыру. 1 - 2 серпіліп отыру сол аяққа 3 - 4 оң аяққа(5 - 6рет, тереңірек отыру). 7) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол артта тұру. 1 - 4 оң аяқпен сол бағытта секіру. 5 - 8 сол аяқпен оң бағытта секіру(4 - 5рет, арқаны тік ұстаймыз).

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы және

оқыту әдістемесі

Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық Жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Біздің заманымыздан.бұрын 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі. Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар, негізінен, 20 ғасырда өтті. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960, Рим қаласы) 4*100 метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Сонымен қатар (1966 – 2000 жылдар аралығында), С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов, Б.Күреңкеев КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарда жүгіріп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Кедергілі жүгіруден 2000 жылы О.Шишигина Сидней Олимпиядасының алтын медалін жеңіп алды; қ. Жеңіл атлетика.

Сабақтың тақырыбы: 60 метр қашықтыққа жүгіру Сабақтың мақсаты: а) Денсаулықты жақсарту, ептілікті, төзімділікті дамыту б) Білім беру, сауықтыру, дене бұлшық еттерін шынықтыру в) Тәрбиелеу, достықты, мейрімділікті нығайту Сабақ әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау, машық жұмыстар Сабақ түрі: Жаңа білім алу Пән аралық байланыс: Волеология, Биология. Көрнекі құралдар: Денсаулық, спортқа байланысты суреттер. Денсаулық, мектептегі дене шынықтыру журналдары. Секундамер Сабақ барысы: Ұйымдастыру Дайындық бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызып, сынып түзеліңдер, тік  тұрындар деген бұйрық беріп сәләматсыздарма оқушылар деп сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасын тыңдап сабақта жок оқушыларды журналға белгілеу.

Жүру кезінде орындалатын жаттығулар

Қол жоғарда аяқ ұшымен жүреміз;

Қол желкеде өкшемен журеміз;

Қол алда жартылай отырып жүреміз;

Қол желкеде толықтай отырып жүреміз;

Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар

Бір қалыпты алаңды айналып жүгіреміз;

Қол белде, оң жақ сол жағымызбен ауысып жүгіреміз;

Қол алда тізені қолға тигізіп жүргіземіз;

Қол артта өкшені қолға тигізіп жүгіреміз.

Бір орында жасалатын жаттығулар

1. Б.Қ-қол белде аяқ иық денгеиінде басты оңға 4рет,солға 4рет Айналдырамыз;

2. Б.Қ: Аяқ иық деңгейінде, қолды иыққа қойып алға, артқа иығымызды айналдырамыз;

3. Б.Қ Қол кеуде тұсында аяқ иық көлемінде 1,2 алға, 3,4 оңға. 1,2 алға 3,4 солға қолды ашып жаямыз;

4. Б.Қ сол қол белде, оң қолды жоғары көтереміз 1,2 оңға 3,4 солға иілеміз.

5.Б.Қ Қолымыз белімізде, аяқ иық көлемінде белімізді оңға 4 – рет, солға 4- рет айналдырамыз

6. Б.Қ.Н.Т. 1.Қол жоғары шалқайамыз 2.Қол едеңде еңкиеміз. 3.Қол алда отырамыз 4.Б.Қ.

7. Б.Қ Қолымызды алдымызда созамыз,сол аяқты оң қолды,оң аяқты сол қолға тигіземіз. 8. Б.Қ аяқ денгиінде,тіземізді 1,2,3,4 ішке қарай 1,2,3,4сыртқа қарай айналдырамыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Өтілген сабақтан сұрақтар қойып үй тапсырмасын текскру.

1.    Қозғалмалы ойындардың түрлерін атаңыз? 2.    Қозғалмалы ойындардың ішіндегі, оймен ойнайтын ойын түрі? (тоғызқұмалақ,шахмат) 3.    Көкпар ойынын неше топ, немен ойнайды? 4.    Қазақ халқын әлемге таратқан қазақ балуаны

Жаңа сабақ:

Қысқа қашықтыққа жүгірмес бұрын 20-30 метр қашықтыққа  жүгіру керек. Қысқа қашықтыққа төменгі сөреден жүгіреді. Қысқа қашықтыққа аяқты сілтей әрі кең адымдап жүгіру керек және шапшандықты біртіндеп арта берген дұрыс. Қысқа қашықтыққа (60,80,100,200 метр) жүгірген кезде аяқты сермей ұшымен басу керек. Жүгіру кезінде денені дұрыс және еркін ұстаған жөн. Қысқа қашықтыққа жүгіудің ерекшеліктері, жүгіруші жүгірер алдында түрегеліп тұрмай, бір тізесін жерге тигіз қалпында болады, яғни төменгі сөреден жүгіреді. Жүгірер алдында жерге бір тізелеп, екі қолын сөре сызығына тіреп отырады. Сөре сызығынан 30-35 см кейін жерге кішкене шұңқыр қазалады. Ал екінші аяғын сөре сызығыан 70-85 см ұзындығындай қашықтыққа екінші шұңқыр қазылады. Шұңқырдың терендігі жүгірушінің табаның үштен бір бөліндей болуы керек. ,,Сөреге ‘’- деген пәрмен естілген бетте екі қолды жерге тейгізіп, екі иық сөре сызығының үстінде немесе сәл алға шыққан қалыпта бір тізелеп отырады. ,,Дайындал’’- деген пәрмен берілгенде жүгіруші, артта  тұрған тізесін сәл көтеріп, жамбас иықтан сәл жоғары болу керек, дәл уақытында әрі дұрыс бстауга өзін жинақтап, ден шығаруды кідірте тұрады ,, Жүгір’- деген пәрмен берілгенде жүгіруші қолды сермей тез әрі қуатты қимыл жасайды. Жүгіру кезінде жүрек қан тамырлары, бұлшық ет буынга күш түседі.

IV. Машықтық жұмыс:Қысқа қашықтыққа 60 метірге жүгіруді, уақыт есептей орындау.

V. Бекіту: Өтілген сұрақтан сұрақтар қойып оқушылардын білімдерін тексеру. 1. Сөреге деген пәрмен берілгенде не істейміз? 2. Жүгіру кезінде адамның қай жеріне күш түседі? 3. 60 метрге жүгірмес бұрын не істейміз? 4. Сөренің қандай түрлері бар? 5. Жүгіру шапшандығы неге байланысты?

VI. Үйге тапсырма: Өтілген сабақты үйден оқып, әдіс тәсілдерді бірнеше рет қайталап, дайындалу.

VII. Қортынды: Оқушыларды сапқа тұрғызып, организмдерін бастапқы қалыпқа келтіру, жақсы көрсеткіш көрсеткен сабақты жақсы меңгерген оқушыларда атап өту, бағалау. Сабақты аяқтау, оқушылармен қоштасу.

Граната лақтыру техникасы және

оқыту әдістемесі

Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жарықшақты қол гранатаны лақтыру тәсілдеріне үйрету Уақыты: 45 минут Өткізілетін жері: 10 сынып, тактикалық алаңы. Көрнекілік құралдар: Оқулық гранаты, АӘД оқулығы Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут - Қаруды көтеріп, қысқа аялдама жасап жүріп келе жатқанда қандай ату тәсілдерін қолдануға болады? - Ашық жерлердегі әуе нысаналарын жою үшін автоматшы (пулеметші) атуды қандай жағдайларда жүргізеді? - Автоматшы (пулёмётшы) жергілікті заттар артынан ату үшін қандай жағдайда орналасады? - әуе нысаналарын ордан (байланыс жолынан) тұрып ату қалай жүргізіледі? б) негізгі бөлім - 25 минут АЕ. Т. 6. Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері. Гранатты лақтыру келесі тәсілдермен жүргізіледі: лақтыру үшін оңтайлану және гранатты лақтыру. Гранатты жарақтау: «Гранаттарды дайында!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен жүргізіледі. Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен металл қалпақшасын алады немесе тығынды корпус түтігінен бұрап шығарады. Содан кейін сол қолмен гранатты ұстап тұрып, оны оң қолмен сөмкенің ұясынан шығарып, тұтандырғышы алынады. Тұтандырғышты орталық түтікке қойып, шегіне дейін бұрап енгізеді - гранат лақтыруға дайын. Жарықшақты қол гаранаттарын лақтыру түрлі жағдайларда жүргізіледі: түрегеліп тұру, тізерлеп тұрып, жатқан қалпында, сондай - ақ ЖҰМ - нан, танкіден, БТР және жаяу реттегі қозғалыста (тек шабуыл гаранаттары). Гранатты лақтыру кезінде оның ұшу жолында ағаш бұтақтары, қалың өскен шөп, сым темір және т. б. кедергілер болмайтындай жерлер таңдалады. Гранатты лақтыру. «Гранатпен – ат!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен де жүргізіледі. Гранатты лақтыру үшін оны қолға алып, саусақтармен ағытқыш иінтірегін гранат корпусына қысып ұстайды; ағытқыш иінтірегін одан әрі қысып, екінші қолмен сақтандырғыш мұрындық ұшын қысады, ағытқыш иінтірегін қысылған жағдайда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады, гранатты құлаштап нысанаға лақтырады. Бір орында тұрып гранатты лақтыру кезінде нысанаға тура қарап, гаранатты оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Оң аяқты тізеден бүгіп, денені оңға бұрып, қол төменге және артқа доға бойынша гранатпен сермеу жүргізіледі, оң аяқты дереу түзетіп, денені нысанаға бұрып гранатты лақтырады. Лақтыру кезінде дененің салмағын сол аяққа түсіріп, қаруды артқа ұстайды. Тізерлеп тұрып гранатты лақтыруда гранатты оң қолда, қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады да, қолдарымен жерді тіреп, одан күш алып қозғалады. Оң аяқты біраз артқа беріп, сол аяқпен тізерлеп тұрады да, гарантты құлаштап лақтырады. Оң аяқты түзете, нысанаға қарай кеудені бұра алға беріп, гранатты лақтырады; қаруды алып, атысқа дайындалады. Адымдап немесе жүгіріп келе жатқанда гранатты лақтыру кезінде гаранатты жартылай бүгілген оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Сол аяқтан адымдау кезінде гранат ұстаған қолды алға және төмен ұстайды; екінші адымда қол төменнен доға бойынша қозғалып осымен бір мезгілде оңға бұрылады; үшінші қадамда сол аяқты нысанаға қарай бағытпен ұшына басып және оң аяқты тізеден бүгіп, денені бұру және қолды сермеу аяқталады. Жүру жылдамдығын пайдаланып лақтыруға аяқтың, дененің және қолдың күшін бірінен соң бірін жұмылдырып, гранатты иық тұсынан өткізіп лақтырады. Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін қаруды қалқаға қойып, гранатты оң қолға алып, сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады; оң аяқты артқа қояды; белімен еңкейіп, екі аяқты сәл бүгіп, гранат ұстаған қолды шегіне дейін кері қояды; сол қолға сүйеніп, еңсені күрт жазып гранатты нысанаға лақтырады да, ізінше оқпанға жасырынады. Гранатты тік нысана боп саналатын терезесінен және есігінен лақтыру кезінде оны түзу сызыққа жуық траектория бойынша, оны көздеген жерге күшпен тік бағытта лақтырады. Мұнда нысананың жоғарғы шетінен көздеген жақсы, өйткені гранат ұшу аяғына қарай жылдамдығын баяулатып, біртіндеп төменге бұрылады. Лақтыруды орнынан тұрып, тізерлей не жатып орындағаны дұрыс. Қарсыластың оқпанда, орда орналасқан тірі күшін жою үшін гранатты көкжиекке 35 - 40 градус бұрышпен лақтыру керек, бұл кезде гранат нысанаға аспалы жолмен түсіп, ор арқылы аз домалауы және сыртқа қарай домалап кетпеуі көзделеді. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтрек ұрыстық серіппе әсерінен жанына қарай аутқиды да соққышқа энергияны хабарлайды. Соққыш өзі істік темірімен капсюль - тұтандырғышты жарады. Капсюль - тұтандырғыштан шыққан от баяулатқышты жарады. Капсюль - тұтандырғыштан шыққан от баяулатқышты тұтатады және одан өтіп капсюль - детонатор жарылып, гранаттыңжарылғыш зарядын жарады. Гранаттың корпусы жарылып, тұтандырғыштың жарықшақтары жан - жаққа ұшады. в) Қорытынды бөлім - 10 минут. Сұрақтар мен тапсырмалар: - жарықшақты қол гаранттарын лақтыруға дайындық қалай жүргізіледі? - түрегеліп тұрып жарықшақты қол гранатын лақтыру тәсілдері қалай орындалады? - лақтыру үшін гранаттың жарақталуы туралы айтыңдар. - Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру тәсілдері қандай?

Бір орнында тұрып граната лақтыру кезінде – нысанаға тура қарап, гранатты оң қолда , ал қаруды сол қолда ұстап тұрып,  сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алады. Оң аяқты  тізеден бүгіп , денені оңға бұрып, қол  төменге және артқа  доға бойынша  гранатпен сермеу жүргізіледі,  лақтыру кезінде  дененің  салмағын сол аяққа  түсіріп, қаруды артқа  ұстайды. 

Тізерлеп граната лақтыруда -  гранатты оң қолда , қаруды сол қолда  ұстап тұрып , сақтандырғыш  мұрындықты жұлып алады. Денені артқа  бере және оны оңға бұрып, гранатты құлаштап, көтеріңкірей отырып, иықтың үстінен лақтырады да , қимыл соңында дереу сол аяққа еңкейеді. 

Жатқан қалпында граната лақтыру- кезінде  қаруды жерге қойып, гранатты оң қолға алады. Сол қолмен  сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алады да, қолдарымен жерді тіреп, одан күш алып қозғалады. Оң  аяқты  біраз артқа беріп, сол аяқпен тізерлеп тұрады да, гранатты құлаштап лақтырады. Оң аяқты  түзете , нысанаға қарай  кеудені бұра алға беріп, гранатты лақтырады: қаруды алып, атысқа оңтайланады. 

Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін – қаруды топыраққа  қалқаға қойып, гранатты  оң қолға алып, сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алады; оң аяқты мүмкіндігі болғанша  артқа қояды. Белмен еңкейіп, екі аяқтыда  сәл бүгіп , гранат ұстаған қолды, шегіне дейін кері қояды; сол қолға сүйеніп, еңсені күрт жазып гранатты  нысанаға лақтырады да  ізінше орға , оқпанаға жасырынады. 

Гранатты  лақтыру кезінде  ағытқыш иінтірек ұрыстық серіппе әсерінен жанына қарай ауытқиды да, соққышқа  энергияны хабарлайды. Соққыш өзі істік темірмен  капсюль- тұтандырғышты  жарады. Капсюль- тұтандырғыштан шыққан  от баяулатқышты  тұтатады және одан өтіп  капсюль – детонаторға  беріледі. Капсюль- детонатор жарылып,  гранаттың  жарылығыш  зарядын жарады. Гранаттың  корпус жарылып,  тұтандырғыштың  жарықшақтары жан –жаққа  ұшырайды. 

  Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру: 

- Үйренуші болат дулыға кию керек. 

- Гранаталар  мен тұтандырғыштарды оқтауда алдында тексеру керек,  ақаулықтар байқалса командирге  хабарлау керек. 

- Бірнеше гранаталар  лақтыру кезінде алдыңғы гранат жарылғаннан соң кемінде 5 секунд  өткенен кейін лақтыру  керек. 

- Қол гранаталарын лақтыру ауданының  радиусы  кемінде 300 метр жерді қоршау керек. 

- Қорғаныстағы  және танкіге қарсы гранаталарды  лақтыру кезінде  офицер  жетекшілігі және т/б бөлімше командирі шешеді.

- Гранаталармен тұтандырғыштар  беру орны 25м  қашықтықта жабдықтау керек. 

Қазақстан жеңіл атлеттерінің

Рио олимпиядасындағы жетістіктер

Рио-де-Жанейро қаласында төрткүл дүниені дүркіреткен дүбірлі дода - XXXI Жазғы Олимпиада Ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан атынан үкілеп жіберілген ұлттық құрама ел үмітін ақтап, 200-ден астам мемлекет ішінен жалпы есепте 22-орынға ие болды. Қазақстан қоржынында 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль бар.

Айта кетелік, Рио Олимпиадасына Қазақстаннан 104 спортшы 26 спорт түрінен өнер көрсетті.  Осылайша, 2016 жылдың 20 тамызындағы жағдай бойынша 1996 жылғы Атланта Олимпиадасынан бері тәуелсіз Қазақстанда Олимпиада чемпиондарының саны - 19-ға жетті.  

Рио төрінде Қазақстан қоржынына ең алғашқы медальді дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг салған болатын. Моңғолияның тумасы, бүгінде Қазақстанның ұлттық құрамасында жаттығатын Галбадрах 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола медаль еншіледі. Қола үшін болған белдесуде ол Куба чемпионы Даярис Местре Альвареспен күш сынасып, «иппон» әдісімен қарсыласының жауырын жер иіскетті.

 Оның ізін ала дзюдошы Елдос Сметов ел қоржынын күміс медальмен толықтырды.

Ол финалда ресейлік балуан Беслан Мудрановпен белдесіп, негізгі уақытта тең дәрежеде өнер көрсетті. Өкінішке қарай қосымша уақыттың соңғы секундтарында ресейлік спортшы айласын асырып кетті. Осылайша Елдос Сметов Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Елдостың бұл жүлдесі олимпиаданың алғашқы күні Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль.  

Елдос Сметов - қазақстандық дзюдошы, халықаралық дәрежедегі Қазақстанның спорт шебері, 2015 жылғы әлем чемпионы, 2010 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ол 1992 жылы 9 қыркүйекте Таразда дүниеге келген.

Олимпиада Ойындарында ауыр атлеттерімізге ерекше назар аударылғаны анық. Қазақстанның саңлақтары Илья Ильин, Жасұлан Қыдырбаев, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло мен Светлана Подобедовалар допинг дауы салдарынан Олимпиада жарыстарынан шеттетілгеннен кейін, спорттың осы түрі  ойсырап қалғандай күй кешкен едік. Барша әлемнің спорттағы  білгірлері  «енді Қазақстанның шама-шарқы нешік?!» деп сын көзбен қарағаны да жасырын емес. Дегенмен бұл жолы да Алексей Ни жетекшілік ететін ұлттық құрама еңсемізді түсірген түсірген жоқ, ту сыртымыздан ала көзденіп отырғандардың есінен тандырғаны да шындық.  

Рио Олимпиадасында зілтемір көтеруден 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 23 жастағы Нижат Рахимов - алтын, 22 жастағы Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейінгі салмақ) - күміс, 23 жастағы Карина Горичева (63 келіге дейінгі салмақ), 25 жастағы Фархад Харки (62 келіге дейінгі салмақ), Александр Зайчиковтар (105 келіге дейінгі салмақ) - қола медаль алған болатын, сондай-ақ, 24 жастағы Маргарита Елисеева (48 келі) бесінші, 24 жастағы Чонтей Арли (56 келі) 4-ші орындарға қол жеткізді.

Ауыр атлет Нижат Рахимов Рио-2016 Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, Илья Ильиннің жоқтығын білдірмеді. Олимпиада ойындарының рекордын жаңартқан Нижаттың өнері барша әлем жұртшылығының таңдайын қақтырды.  Рио Олимпиадасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нижат Рахимов жұлқа көтеру сайысында 165 келі көтерді. Ал, серпе көтеруде қазақстандық спортшы 214 келіні бағындырды. Сөйтіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтиже көрсетіп, Рио Олимпиадасының чемпионы атанды.

 

«Рио Олимпиадасына жан-жақты дайындалдым. Тынбай жаттықтым. Тер төгіп еңбек еттім. Маған бапкерлерім көмектесті. Сол үшін оларға шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әкеме де айтар алғысым шексіз. Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлықтарыңызға рахмет! Мен Олимпиадаға барар алдында айтқанмын, қазір де қайталап айтамын: Менің қарсыласым тек қана зілтемір. Зілтемірмен ғана сайысқа түсемін. Басқа қарсылас көзіме көрінбейді», - деді Н. Рахимов толқып.

Нижат Рахимов 2015 жылғы Әлем чемпионы. Жасы 23-те. Ұлты әзербайжан. Баку қаласында туған. 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Бүгінде Атырау қаласында тұрады.  

Тағы бір ауыр атлетіміз Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Күміс жүлдегер атанып қана қоймай, қазақ қыздары ішінде ауыр атлетикадан Олимпиадада жүлде алған тұңғыш спортшы болып тарихта қалды.   

«Маған қызу қолдау көрсеткені үшін Қазақ еліне шын жүректен үлкен алғысымды білдіремін! Елбасына айтар алғысым шексіз! Бізді керемет күтіп алып жатырсыздар! Біз сіздердің қолдауларыңызды үнемі сезініп жүрдік. Рахмет! Алға Қазақстан!», - деді ол Алматыға жетіп,  тілшілерге берген алғашқы сұхбаттарының бірінде.  

Сонымен қатар, Жазира енді алдағы Токио Олимпиадасында чемпион атануға күш салатындығын жеткізді.

«Енді, бұл Олимпиадада алтын медальға қол жеткізуді жоспарлаған едім. Алайда, жаттығу барысында аздап қателіктер кетті. Жарақат алып қалдым. Соны емдетемін деп алтын уақытымды жоғалтып алдым. Бірақ, өзім бәрібір көңілімді түсірген жоқпын. Риода сәл қиындау болды. Бірақ, қолымнан келгенінің барлығын жасадым.  Аллаға шүкір, күміс жүлдеге қол жеткіздім. Бұған да жете алмай жатқандар бар ғой. Сол жете алмай жатқандарға осындай медальдарға жете берулеріне тілектеспін. Қазақ елі жасасын! Енді алдағы Токио Олимпиадасына дайындаламын», - деді Ж. Жаппарқұл.   

Бұл спорт түрінде қола медаль алған Фархад Харки, Александр Зайчиков пен Карина Горичевалар да елдің үмітін ақтады деп толық сеніммен айта аламыз.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының бас бапкері Алексей Ни журналистерге берген сұхбатында Қазақстан құрама командасы Рио Олимпиадасындағы өнеріне жоғары баға берді.

Оның айтуынша, Олимпиадада әрбір медаль - қажырлы еңбектің жемісі.

«Рио Олимпиадасында барлығы 8 атлетіміз өнер көрсетті. Қоржынға 5 медаль түсті. Екі атлет төртінші орын, ал бір атлет бесінші орын алды. Бұл Олимпиадада екінші құрам өнер көрсетті десе де болады. Бес атлет Олимпиада тұғырына бірінші рет көтеріліп отыр. Осы жәйттерді ескерер болсақ, команданы жоғары дәрежеде өнер көрсетті деуге әбден болады», - деді А. Ни.

Сонымен қатар, Алексей Ни  Жазира Жаппарқұлға Олимпиада чемпионы атануына өзіне деген сенімділік жетіспегенін айтты.

«Жазираға қытайлық қарсыласын жеңе алатындығына деген сенімділік жетіспеді. Оның үстіне, жұлқа көтеруден екінші орын алған соң, босаңсып қалды. Үшінші мүмкіндіктен айырылмау керек еді. Серпе көтеруде бірінші мүмкіндікті сәтсіз аяқтады. 140 келіні көтеру керек еді. Екінші мүмкіндікте - 144, ал үшінші мүмкіндікте 147 келіні көтеру керек болатын. 147 келіні көтеру - Олимпиада чемпионы болу деген сөз. Қытайлық қарсыласы 145 келіден  әрі аса алмас еді. Бар мүмкіндігі сол болатын. Өздеріңіз де көрдіңіздер ғой, ол үшінші мүмкіндігін сәтсіз аяқтады. Жазираға бір мүмкіндік жетіспеді. Егер, ол 147 келіні көтергенде қытайлық атлет 148-ді көтере алмас еді. Жазираға жеңімпаздық рух, тәжірибе, салқынқандылық жетіспеді. Бірақ, ең бастысы Жазира қытайлық қарсыласын жеңуге болатындығын сезді. Ал бұл, баға жетпес тәжірибе. Ал тәжірибе - сенімділік кепілі», - деді А. Ни.

Бұдан басқа, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері басқа да атлеттеріміздің өнеріне баға берді.

 

«Карина Горичева жоғары дәрежедегі халықаралық жарыстарға қатысып көрмеген атлет. Олимпиадаға бірінші рет барып, үшінші орынға көтерілді. Бұл жақсы жетістік. Мұндай дүбірлі дода Каринаның өзіне деген сенімділігін арттыра түседі. Ал, Фархад Харки кезінде Әлем біріншілігінде 14-ші орынды иеленген. Соған қарамастан Олимпиадада қола жүлдеге ие болды. Бұл да жетістік. Маргарита Елисееваға келер болсақ, ол өз салмағында жеңіске жетуі тиіс еді. Бірақ тәжірибе жетіспеді. Бір сөзбен айтқанда психологиялық тұрғыда «жанып кетті». Ал Зайчиковтың мүмкіндігін қабылдауға болатын еді. Әттең, қазылар алқасы қабылдамай тастады. Бізге әдейі қиянат жасады. Алтын медальді бергісі келмеді», - деді Алексей Ни.

Ауыр атлетикамыз бір төбе болса, боксымыз бір төбе. Бұл жолы да Қазақстан құрамасының еншісіне медаль жаудырған боксшыларымыз жарап тұр. Әлемнің екі дүркін ең үздік бапкері Мырзағали Айтжанов гүрзі жұдырық жігіттерді жақсылап баптап келіпті Бірден барлық салмақта Олимпиада жолдамасын алған әлемдегі үш құраманың бірі Қазақстан болды. Рио-2016 додасын сәтті өткізген боксшылар ел намысын абыроймен қорғап, 1 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль олжалады. Бокста жалпы есепте Қазақстан құрамасы Өзбекстан, Куба және Франциядан кейін төртінші орынды иеленді.       

Айта кетейік, біздің құрамада Данияр Елеусінов 69 келіде алтын алса, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов пен 91 келіде өнер көрсететін Василий Левит күміс еншіледі. Тағы екі боксшымыз жартылай финалда сүрініп, үшінші орынға табан тіреді. Олар - аса ауыр салмақтағы Иван Дычко мен 75 келіге дейінгі салмақтағы Дариға Шәкімова.  

Боксшылардың бәсекелерін көргендердің ішінде Данияр Елеусіновтің өнеріне тәнті болмаған жан жоқ шығар. Осы орайда ерекше тоқталып өтер жайт, Тәуелсіздіктен бергі алты Олимпиадада қазақ боксшыларынан жетеуі чемпион атаныпты. Данияр Елеусінов соның жетіншісі болып тарихта қалды.  

Данияр Елеусінов финалда ерекше ынта-жігерімен жұдырықтасты. Қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей, 3:0 есебімен жеңіске жетіп, Рио Олимпиадасының чемпионы деген атаққа қол жеткізді.

Жартылай финалда Данияр Франция спортшысы Сулейман Сиссокодан басым түскен еді.  

Олимпиада чемпионы атанған жерлесіміз осыған дейін 2013 жылы Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, ол 2010  және 2014 жылдардағы Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық санаттағы спорт шебері. Данияр Батыс Қазақстан облысының тумасы, қазіргі уақытта Астанада әкесі Марат Елеусіновтің қол астында жаттығады.

Еске сала кетейік, 69 келі салмақ «қазақтың салмағы» деп аталып кеткен еді. Осыған дейінгі үш Олимпиада ойындарында осы салмақта үш боксшымыз чемпион атанды. 2004 жылы Афина Олимпиадасында Бақтияр Артаев, 2008 жылы Бейжіңде Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Лондонда Серік Сәпиев жасындай жарқылдаса, міне, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында төртінші спортшымыз Данияр Елеусінов чемпион атанды.

«Тұп-тура 16 жыл армандадым. 2000 жылы Сидней Олимпиадасында Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымов ағаларымыз чемпион атанғанда мен кішкентай бала болатынмын. Бала болсам да сол ағаларыма қызығып, мен де Олимпиада чемпионы болсам ғой деген асқақ арман пайда болды. Сол арманым өсе келе мені спортқа жетеледі. Міне, бүгін нәтижесін көріп отырсыздар. Адам шынайы армандап, шынайы талпынса, бәрі де орындалады екен», - деді ол «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Бұл орайда күміс медальға қол жеткізіп, мерейі үстем болған Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовтің де ерен еңбегін атап өткен жөн.  

Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкомен финалда жұдырықтасып, төрешілердің қиянат етуімен жеңіліс тапты. Олимпиада финалында Евгений Тищенко Василий Левитті жеңгеннен кейін залда отырған жанкүйерлер ресейлікке жеңісті алып берген төрешілер шешіміне реніштерін білдірді.  

Естеріңізге сала кетсек, спортшылар 91 келіге дейінгі салмақ санатында айқасқан болатын. Кездесу аяқталғаннан кейін төрешілердің  шешімімен жеңіс 2015 жылғы әлем чемпионы ресейлік Евгений Тищенкоға берілді. Мұндай шешімге риза болмаған көрермендер айқайлап, наразылықтарын танытты. Тіпті бірқатары «Қазақстан!» деп ұрандатқан да болатын.  

Алғашқы раундта В.Левит барынша белсенділік көрсетіп, ресейліктің қорғанысын бұзып-жара бүйірінен, басынан соққылар жасады. Е.Тищенко да аянып қалмай, қарсы ұмтылғанымен В.Левит ара қашықтықты дұрыс ұстай білді. Нәтижесінде ресейлік аздаған жарақат  алып, бірінші раундтың қорытындысында В.Левитке басымдық берілді.

Екінші раундта да Қазақстан боксшысы барынша белсенділік танытып, қарсыласына дәл соққылар жасағанымен төрешілер жеңісті ресейлік боксшыға ұстатты.

Үшінші кезеңде де В.Левит ресейлікті ауыр соққылардың астына алды. Алайда, жекпе-жектің қорытындысында төрешілер жеңісті ресейлікке беріп жіберді.  

Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан боксшысы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың арасындағы жекпе-жектің шешіміне барша әлем наразылық танытты десе де болады. Washington Post, Eurosport сынды әлемдегі беделді басылымдар Левиттің алтын медалін «ұрлап» алды деп жар салды.  

Ауыр атлетикадан, бокстан алтын медаль алу Қазақстан үшін қалыпты жайт болса, жүзуден Олимпиадада ешкімге дес бермеу - еліміз үшін таңсық еді. Жүзуші Дмитрий Баландин Рио-2016 жарысында алтын еншілеп, айды аспанға бірақ шығарды. Небәрі 21 жастағы Дмитрий бұның алдында тек құрлықтық жарыстарда жүлде алып келген балғын спортшы болатын және оның Олимпиада тұғырына көтерілетіні ешкімнің үш ұйықтаса да түсіне кірмеген шығар. Дегенмен ол АҚШ пен Ресей спортшыларын артта қалдырып, нағыз сенсация жасады. Бұл жеңіске о баста Дмитрийдің өзі де сенбепті.   

«Барынша медальға таласамын деп ойладым. Бірақ, нақты «медаль аламын, чемпион атанамын» деген ой болған жоқ. Финалдық жарыста ең соңғы сегізінші жолақта жүздім. Алғашқыда бұл жолақ маған ұнамады. Басқалар бір - бір бірімен қарайлас жүзгенде қатарыңдағы қарсыласыңды көрмей жалғыз жүзу қиын сияқты болды. Кейін пайдасын көрдім. Жалғыз жүзгенде қарсыласым қалай жүзіп келеді деп алаңдамайды екенсің. Ойыңда тек қана жеңіске жету, бар күшімді соған салдым. Мәреге келгенде қарасам, менің тұсымда бірінші деген жазу жанып тұр. Мен оны бастапқыда шеткі жолақта жүзгенім үшін «бірінші жолақ» дегенді көрсеткен сан екен деп ойладым. Чемпион болдым деген ой мүлде болған жоқ. Кейін басқалар келіп менің қолымды алып, құттықтай бастағанда ғана мәреге бірінші келгенімді түсіндім», - деді ол қазақстандық тілшілерге берген сұхбатында.

Оның өнеріне тәнті болған танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин  Дмитрий Баландинді Риодағы жеңісімен құттықтады. «Дмитрий Баландинді Риодағы жүзу бойынша алғашқы олимпиадалық «алтынымен» құттықтаймын!», - деп жазды GGG Туиттерде. Дмитрий Баландин 2014 жылы оңтүстіккореялық Инчхон қаласында өткен Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанғанда, есімі көпке аян болды. Азиадаға дейін оны тек арнайы мамандар ғана білетін. Сол жарыста Дмитрий үш қашықтықтағы (50,100 және 200 метр) брасс бойынша алтын медаль жеңіп алып, Азиаданың рекордын жаңартқан еді. Осы жеңістен кейін елдің спорттық жетістіктерін бақылаушылар Дмитрийді Қазақстандағы жүзу спортының басты үміті деп атады.

Еркін күресте ерлерден гөрі, қыздарымыз елге үлкен олжамен оралды. Бір күміс, екі қола алып берген балуан қыздарымыздың арқасында Қазақстан күрестен жалпы есепте 11 орынға ие болды.  

Әйелдер күресінен  Гюзель Манюрова күміс жүлдегер атанды.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен 75 келі салмақтағы қазақстандық балуан Гюзель Манюрова финалда канадалық балуан Эрик Уибеден ұтылды.  

Ол осыған дейін, жартылай финалда Ресейдің 2010- 2011 жылдардағы бірнеше мәрте чемпионы Екатерина Буркинаға қарсы күресте нағыз спорттық сенсация жасаған еді.

Ұпай жағынан ұтыла тұрса да, Г.Манюра жекпе-жекті өз пайдасына таза жеңіспен аяқтаған. Айқастың соңына дейін 8 секунд қалғанда қазақстандық балуан ресейлік қарсыласын шалқасынан сұлатып салды.

Бұдан бұрын Олимпиаданың алғашқы белдесуінде ол Еуропа чемпионы, венгрлік Жанетт Неметті 12.2 есебімен ұтып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.  

Ал осыдан шамалы уақыт бұрын 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Екатерина Ларионова қола жүлде үшін тартыста АҚШ спортшысы Елена Пирожкованы жеңіп,  Қазақстан қоржынына кезекті қола медальді салған еді. Бұл спортта қола медальді тағы бір балуан қызымыз Элмира Сыздықова жеңіп алған болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Олимпиада Ойындарында 2 алтын, 5 күміс 9 қола еншілеп, бұл жолы да ел үмітін ақтады. Бұрын ел аузында болмаған жас спортшылар толағай жетістіктерге қол жеткізіп, ағалар ізін жалғастырып кетті. Дмитрий Баландин, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева,  Екатерина Ларионова, Элмира Сыздықова, Қайрат Ералиев, Абылайхан Жүсіпов, Дариға Шәкімова сынды жас өскін спортшылар үлкен қарым-қабілеттерін көрсетіп, әлемде Қазақстан спорт державаларының қатарындағы ел екендігін дәлелдеп берді. Төрт жылдың ішінде олардың тәжірибесі толысып, күш-қуаттары арта түсетіні анық. Алдымызда 2020 жылы болатын Токио Олимпиадасында осы жас спортшылардан көп үміт күтеміз!