Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ЖНЕ СЙЛЕУ Й ЖМ.СЫЗ.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248 Кб
Скачать
☆

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:_____________

Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ы.Алтынсариннің Кел,балалар, оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Қазақ тілі пәніне қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік. Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

ә/ өлеңді мәнерлеп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

Кел, балалар, оқылық!

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдынан

Іздемей-ақ табылар.

Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған.

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған.

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

б/ Дәптермен жұмыс

в) Сөздік жұмыс жүргізу.

Сергіту кезеңі: Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз шынығып алайық.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?

Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?

Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?

Тауып оқу

Ү. Қорыту: Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:_____________

Тақырыбы: Тіл және сөйлеу.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Сөз және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмысы

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Қазақ тілі пәніне қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ.

Ондай болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс: Балалар тіл адамға не үшін қажет?

Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыту. Ауызша орындату.

  • Тілді не үшін мұра етіп қалдырғысы келгенін оқушылардан сұрау, ой қозғату.

  • Дәптермен жұмыс: Күн ретін, көркем жазуға Аа Аа Аа А Астана жаздырту.

2-жаттығу. Мақалды түсініп оқыту, жатқа жазу.

  1. Өнер алды – қызыл тіл.

  2. Сөзден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан жүйрік жоқ.

  1. Сөз қадірін айтқан білер,

Жол қадірін жортқан білер.

1-жаттығудағы мәтіннің мазмұнына бұл мақалдардың қайсысы сәйкес келеді.

Сергіту кезеңі: Әдемі біз баламыз,

Әртүрлі қимыл саламыз,

Әсем ұл мен қыз болып,

Әлемге әйгілі боламыз.

4-жаттығу. Төмендегі сызба бойынша сөйлеудің әрбір мақсатына байланысты шағын әңгіме құрастырып, дәлел келтіру.

Сөйлеу мақсаты

Хабарлау, түсіндіру

Көндіру, сендіру.

Сезімдерімізді, ойларымызды бөлісу.

Хабарлау, түсіндіру: Сөйлеу бізге не үшін қажет?

Сезімдерімізді, ойларымызды бөлісу деген мағынаны қалай түсінеміз?

Көндіру, сендіру деген нені білдіреді?

І

жай

се

ңіл

Ү. Бекіту:
5- жаттығу.Торкөздерге тиісті сөздерді қой. Осы сөздерді қатыстырып, өз ойынды айтып бер.

күй

күй

кө

-

қа

с

е

з

і

м

ж

а

й

-

к

ү

й

қ

а

т

ы

н

а

с

к

ө

ң

і

л

-

к

ү

й

С

Ж

зім

нас

Қ

ты

К

Көңіл күйіңді білдіретін мысал келтір.

Ү. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Тіл бізге не үшін қажет екен?

Бекітемін:_________________________