Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 3.docx-803722259.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169 Кб
Скачать
☆

1. Еркін қауымдастық теориясы (Еуропалық тәжірибе):

19 ғ. басында қоғамдық істер мен мүлікті мемлекеттік шенеуніктер басқарды – бұл жүйе қоғамдық шаруашылықты құлдырауға әкелді.

Аталмыш теорияның басты идеясы – община (қауымдастық) мемлекеттің негізін қалаушы (яғни дербес әрекет ету құқығына ие).

Теорияның қағидалары:

1) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауымдастық мүшелерімен сайлануы;

2) Қауымдастық істерінің меншікті және мемлекетпен тапсырылған істерге бөліну туралы ереже;

3) Жергілікті өзін-өзі басқару - бұл мемлекеттіктен айрықшаланатын қауымдастық істерін басқару;

4) Жергілікті өзін-өзі басқару органдары – мемлекеттің емес, қауымдастық органдары;

5) Меморгандар қауымдастық өкілеттігіне араласу құқығына ие болмайды (олар тек қауымдастықтың өз өкілеттігінен тыс шықпауын қадағалайды).

Теорияның Жағымды жақтары:

1) Жергілікті мәселелердің жылдам да тиімді шешілуі;

2) Жергілікті өзін-өзі басқару жердің тарихына жүгінеді;

3) Үш билік буындарымен қатар (атқарушы, заң шығару және сот), мысалы, 1831 ж. бельгиялық конституцияда төртінші жергілікті (муниципалды) билік буыны мойындалды.

Жағымсыз жақтары:

1) Территория мен мемлекеттің жекелеген қызығушылықтарының қайшы қойылуы;

2) Қауымдастық құқықтарына қол сұқпаушылық және олардың мемлекеттен тәуелсіздігі (мемлекет территориясы бір бірінен тәуелсіз өзін өзі басқарушы территориялардан құрылуы керек).

2. Қоғамдық (қоғамдық-шаруашылық) теория:

Басты мәні – жергілікті өзін-өзі басқару іс-әрекетінің мемлекеттік емес, шаруашылық табиғаты.

Негізгі идеясы – барлығын мемлекет басқарады, ал өзін-өзі басқару жергілікті шаруашылық ісін басқарады.

Теорияның жағымды жағы – ол еркін қауымдастық теориясымен салыстырғанда қауымдастық пен мемлекетті тікелей қайшы қоймайды.

Жағымсыз жағы – ол өзін-өзі басқарушы территориялық бірліктер мен жеке құқықтық бірлестіктерді шатастырды (өнеркәсіптік компаниялар, қайырымдылық қоғамдар).

3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік теориясы:

Басты мәні – орталықтан басқару жергілікті билік органдарының іс-әрекетін бақылайды;

Бақылаудың мақсаты – олардың іс-әрекетінің заңдылығын қамтамасыз ету;

Аталмыш теорияның негізін қалаушылар - Рудольф Гнейст және Лоренс Штейн.

Аталмыш теорияға сәйкес өзін-өзі басқару - бұл жергілікті мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру формаларының бірі;

Алайда орталық мемлекеттік басқарумен салыстырғанда жергілікті өзін-өзі басқару үкіметпен тағайындалатын шенеуніктермен емес, жергілікті басқару нәтижелеріне қызығушылық тудыратын жергілікті тұрғындармен сайланатын органдармен басқарылады.

3. Жергілікті басқарудың негізгі модельдері.

Әлемде жергілікті өзін-өзі басқарудың келесідей модельдері бар:

I. Англосаксондық модель (Англия, ақш, Канада, Австрия):

- Вертикаль бойынша басқарудың болмауы;

- Жергілікті басқаруда Үкіметтің өкілдері жоқ;

- Тек лауазымды тұлғалар ғана емес, олардың орынбасарлары сайлана алады;

- ЖОО іс-әрекеті бақыланбайды.

II. Континенталды модель (Германия, Франция, Италия, Африка – Францияның бұрыңғы колониялары, Латын Америкасы)

- Мемлекеттік басқару мен ЖОО тікелей үйлесімділігі;

IІI. Кеңестік модель - жоспарлы-директивті – барлық деңгейлер барлық мәселелерді шешумен айналысады (Қытай).

Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруға неғұрлым қолайлы форма - әлеуметтік-экономикалық салада жергілікті өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік бақылауды көздейтін француздық модельдің басым болуымен жергілікті өзін-өзі басқарудың аралас формасы.