Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Колдас ТР-ЭПС-каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.1. Сурет

Айлық бағдарламасы

Есептік стойлдар саны

Мтқк-8=

Мтқк-8к=

САЖ-2=

СКЖ-3=

Мтқк-7=

Мтқк-6=

СТҚК-4=

СТҚК-6=

Мтқк-4=

Мтқк-3=

СКЖ=

СТҚК-3=

Шартты белгіленуі:

- ТҚК-3 -АЖ-2

-ТҚК-6 - АЖ-3

2.6. Электровоз депосы ғимаратының жоспарын жасау.

2.6.1. Көптеп таралған электровоз және мотор-вагон деполарының ғимараттары тікбұрышты жіне сатылық түрде болады. Олардың қатарында стойлды бөлімдер, өндірістік бөлмелерді, дайындау дайындау цехының шеберханалық бөлімдері және қызметке қажетті бөлімдері орналасқан.

Тік бұрышты және сатылық деполарда тура өту жолдары болғаны дұрыс, бұл арқылы бір жолда екі –үш стойлды қиындықсыз орналастырып қоюға және электровоздарды шығаруға мүмкүндік болады

Ағынды жөндеудің АЖ-3 цехынан басқа, барлық цехтарда қиындықтар тудырады және маневр жасауды төмендетеді.

Доңғалақ-мотролы блоктарды жоспардан тыс жөндеуде ауыстырғанда, жылжымалы құрамды ТҚК-4 кезінде доңғалақ жұбын шығармай құрсауды жону, арнайы жабдықталған стойлдарда орындалады.

Деподағы дайындау цехының шеберханалар бөлмесінің құрамына кіретіндер: механикалық, темір ұсталар, әзірлеу цехы, электрлі және газосварка, слесарлық әзірлеу,электрлі-аппаратты, тоққабылдағыштар,аккумуляторлық, автотоқтатқыштық, автоматтық және редукторларды жөндеу, контрольді-өлшеу жабдықтары және басқа бөлімдер (қосымша 4-кестені қара).

Ағынды жөндеудің ТҚК-8 орындайтын депоға келесі бөлімдерді жасайды: электромашиналық кептіріп-сорғыту, доңғалақты құрсаулық, малярлық, трансформаторлық, тураөткізгіш қондырғылар, гальваникалық, термикалық, ТЧВ суарылуы және т.б сынақ жасау бекеті.

2.6.2. Депоны жоспарлау. Цехтардың, бөлімдердің шеберханалардың өзара орналасуы және олардың әрбірінің жеке жоспарлануында еңбектің және өндірістің ұйымдастырылу үшін жағдайлар қарастырылуы қажет.

Өндірістік өзара қатнастағы жеке бөлімдердің детальдарды жеке байланыстарды тасымалдауды қысқартуға, материалдарды және қол жабдықтарды, электрэнергиясын тұтынатын ағын көздерін рационалды орналастыру,сығымдалған ауаны, буды еңбек қорғау талаптарын сақтау, өрт қауіпсіздігін және басқада арнайы шарттарды орындау қажет.

Бұл талаптарға сәйкес электромашиналық, доңғалақты-құрсаулық, трансформаторлық және басқа бөлімдерде жөндеумен байланысқан және жылжымалы құрамның ірі тораптарын тасымалдау жұмыстары АЖ-3 цехына жақын орналастырылады, арбаларды жөндеу позициясы осы цехтың кранастындағы жерде жасалынады. Механикалық, сваркалық, термикалық және басқа қызмет көрсететін бөлімдерді орналастыру барысында ең басты назарда АЖ-3 және АЖ-2 цехтарын ескеру қажет.

      1. Цехтарды және депо бөлімдерінің бір түрге келтіру өлшемдері.

Жаңа электровоз депосын жобалау кезінде барлық жұмыстарға арналған кешенді стойлдарға [7, 8, 91] технологиялық жобалау нормаларын қолданады. Стойлдарды бір түрге келтіру өлшемдері, цехтардың және шеберхана бөлімдеріне электровоздардың барлық серияларын пайдалануда қолданылады.

Депо ғимаратының өлшемдері стойлдардың бөлімдерін орналастыру үшін 1-3 кестенің қосымшаларында келтірілген, ал электровоз депосының жылдық бағдарламадағы ағынды жөндеудің ТҚК-8 техникалық қызмет көрсетудің 300 бірлік жылына орындалатын шеберханалық және бөлімдердің шамалық ауданы –қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.

Депо жоспарының ғимаратын сызу кезінде құрылыс құрылымдарының өлшемдерін сақтау қажет: қақпа, есік, терезе, өткелдермен өту жолдары, іргетастарын және т.б.

Барлық ғимараттардың ұзындығы құрылыс адымының 6 немесе 12 метрге қысқа, демек жабындардың және мостовой крандардың жүктемесін көтеретін, колонналар үшін 6 немесе 12 метр болуы керек.

Ғимараттың ені (қабырғаның остері бойынша) 6 метрге қысқа., сондықтан ереже бойынша ТҚК-8 цехтарының стойлдарының енін 30метрге тең, ал барлық қалған цехтарға (ТҚК-7,ТҚК-6, ТҚК-4, және ТҚК-3) және әзірлеу цехтарын қосқанда 24метрге тең.

ТҚК-8 цехын салу үшін шеберханалық бөлімдердің электромашинды, доңғалақты-құрсаулық, трансформаторлық, аппараттық, түзеткіштік қондырғылар және т.б. бөлімдердің енін 12 немесе 18 метр болады

Депоның стойлдық бөлімдегі қақпаның ені 4,4 метр, терезелері-4метр, ал қабырға аралықтары -2метр. әзірлеу цехының бөлімдеріндегі есіктің және қақпаның өлшемдері жұмысшы адамдардың және цехтар арасында жүретін көліктер (электрокар,рельсті электрлендірілген арбалар, автотежегіштер және жүк автокөліктері, темір жол плаформалары) қызмет жасайтын мүмкүндіктері болуы керек сонымен қатар қолданатын көліктердің габариттеріне сәйкес болуы тиіс.

ТҚК-8 цехының салынатын терезелер, әзірлеу цехының енін әдетте 2метр қабырға аралықтарын 1метр шамасында болады.

Сібірдегі жағдайларда барлық терезелер екі қабатты әйнекпен қапталады. Деподағы ең басты назар аударатынымыз әзірлеу цехының өндірістік бөлімдерге жарықпен қамтамасыздандару керек. Осыған байланысты депоның стойдық бөлімдері зенитті фанарлармен жабдықталады.

Жобаланатын депоның ғимаратына белгілі бір архитектуралық кескін бері қажет: терезелердің орнын және қабырға аралық дәліздерді реттеп көрсетіп , есіктердең, қақпалардаң және өткелдерден көліктердің, адамдардың еркін өтуіне ыңғайлы болуы тиіс.

Депо ғимаратының жоспарын сызу барысында ең бастапқыда ғимараттың қабырғаларындағы есіктердің, терезе орындарының, қақпалардың, колонналардың, тексерілетін және көлденең канавалардың, ауыр жабдықтарға арналған іргетастрдың, енді немесе қысқа колеялы цех аралық жүретін көліктерге арналған жол және одан соң бөлімдер арасындағы және жеке бөлімдердің аралық қабырғалары сызылып көрсетілуі керек. Депода және басқа өндірістерде адамдарға арналған қажетті бөлімдер және санузельдер еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай болуын ескеру қажет.

2.6.4. Депоның стойлдық бөлімдерін құрастыру, электровоздардың желілік жүрген жолы, жылына 50 млн. лок.км құрайтын болса, онда ағынды жөндеудің ТҚК-8 және ТҚК-7 түрлері көрсетіледі, ал техникалық қызмет көрсетудің ТҚК-4 және жоспардан тыс жөндеудің ереже бойынша жөндеудің әртүрі бойынша бірліктен аспайды. Сондықтан жоғарыда келтірілген стойлдарды бір түрге келтіру өлшемдерінұзындығы бойынша барлық стойлдарды бір ғимараттағы ТҚК-8 цехын құрастыру қажет. Осы жағдайда ТҚК-8 және ТҚК-7 жүйесіндегі жөндеулерді қолдану үшін бағдарламаның ТҚК-8 көлемінде мақсатқа лайықты 100 электровозға жөндеу жүйесін ұйымдастыру ТҚК-8 цехында тек қана жөндеудің ағынды түрлері жасалады. ТҚК-7 және ТҚК-4 жасау кезінде және жоспардан тыс жөндеуді ұйымдастыру бөлімдерінің жеке блоктарында (үш жолға екі ғимарат) жасалынады. Бұл ғимаратта 6 стойл жасалғанда, әрбір жөндеу түріне және техникалық қызмет көрсету үшін 2 стойлдан келтірілген.