Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-сын. Д.т. 2011-2012ж. САБА ЖОСП-ЛАРЫ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Кб
Скачать
☆

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Ежелгі Египетте шығармалардың қандай түрлері болған?

  2. Пирамидалар не үшін салынды?

  3. Сфинксті неден жасаған?

  4. Египетте қандай ғылыми білімдер дамыған?

  5. Египеттегі шонжарлар тобына кімдерді жатқызамыз?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір – екі оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Табиғат жағдайлары.

  2. Ассирия мемлекетінің құрылуы.

  3. Урарту.

  4. Ассирияның отаршылдық саясаты.

  5. Мәдениеті.

  1. Вавилонның солтүстігінде пайда болған ірі мемлекеттің бірі – Ассирия деп аталды. Ол қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік –шығыс бөлігінде пайда болған еді. Бұл аймақта Қосөзеннің оңтүстігімен салыстырғанда құнарлы жазықтар өте аз болды.

  2. Ассирия жеріндегі ежелгі елді мекендер уақыт өте келе шағын мемлекеттерге айналды. Солардың бірі Ашшур қала мемлекеті болды.

  3. Ассирияның солтүстігінде, негізінен қазіргі Армения жерінде ежелгі Урарту елі өмір сүрді. Бұл, негізінен таулы өлке еді. Мұнда да Ассириядағы сияқты егістікке қолайлы жер аз болды. Сондықтан да урартулықтар мал бағымен ерте айналысты. Урарту жері сондай-ақ тасқа, ағаш пен әр түрлі металға бай болды.

  4. Б.з.б. ҮІІІ ғасырда Ассирияның қуаты арта түсті. Бұл кездегі Ассирия билеушілері әскердің санын көбейтті. Елдегі ішікі басқару жүйесін жетілдіру мақсатында үлкен аймақтарды шағын аудандарға бөлді.

  5. Ассириялықтар мәдениеті туралы айтқанда көз алдымызға қос дөңгелекті арбадағы садақ тартып келе жатқан жауынгерлерінің суреттері мен қанатты алып бұқаның салтанатты мүсіні келеді. Ашшурбанипал кітапханасы есімізге түседі.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Жаңа тақырыпты төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бекітеміз.

Сұрақтар:

  1. Ассирияның табиғат жағдайлары қандай? Оның Қосөзеннің оңтүстігінен айырмашылығы неде?

  2. Ассиря мемлекеті қалай құрылды? Оының әскери қуатының артуы туралы не айтасың?

  3. Ежелгі Урарту мемлекеті қай жерде пайда болған?

  4. Ассиря қандай жерлерді жаулап алды? Ондағы саясатының отаршылдық мәнін неден көреміз?

  5. Ашшурбанипал кітапханасының ерекшелігі неде?

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген сұрақтарға жауап бере бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 10 оқу, мазмұнын айту.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.