Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-сын. .т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276 Кб
Скачать
☆

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығының қалай дамығанын айтып беріңдер.

  3. Көшпелі мал шаруашылығы үшін ертедегі тұрғындар малдың қандай түрін таңдаған?

  4. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшыдан қандай айырмашылығы бар?

Кейін бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір-екі оқушы тақырыптың мазмұнын айтады

ІІІ

Мұғалім сабақ басында тақырыпты тақтаға жазып, оқушыларды сабақ мақсаттарымен таныстырып өтеді.

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон.

  2. Көшпеліліредің баспанасы.

Көшу дегеніміз табындар мен отарлардың соңынан бір жайылымнан екінші жайылымға сенделіп жүру емес. Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, жазда – жайлауға, қыста – қыстауға үзбей көшіп жүрген.

Қыстау – жылы қоралары бар тұрақты орын. Ерте көктемде мал сонда төлдейді.

Көктемгі жайылым – көктеу әдетте шоқылар мен қыраттарда орналасқан. Көктеу – қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және төл алынып жатқан кездегі мал бағылатын қора маңындағы жайылым.

Жайлау – малды алысқа ұзатып жаятын жайылым.

Күзеу – қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым.

Киіз үй өте қарапайым және тұруға ыңғайлы. Оны аз уақытта, шамамен, 1 сағат ішінде тігуге және жығуға болады. Киіз үй негізгі екі бөліктен – жабуға арналған киізден және ағаш қаңқадан құралған. Киіз басу үшін қой жүні пайдаланылды. Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады: кереге – киіз үйдің негізі, ол айқасқан қабырғаға ұқсас. Керегеге байланған уықтар шаңырақты көтеріп ұстап тұрады. Шаңырақ дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалады.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

№3 тапсырма.

  1. Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыр.

  2. Көктемгі жайылым қайда орналасқан?

  3. Малшылар қыс жақындағанда қай жерге қоныстанған?

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген кестені дәптерлеріне сыза бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 13 оқу, мазмұнын айту, соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.