Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. .т. саб. ж. 4 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Тәуке ханды сипаттау.

Тәуке хан

  1. Тәуке ханды одан бұрыңғы хандар арасында қандай хандармен салыстыру болады ? Нақты мысал келтіру.

  2. Тәуке ханның заң жинағының ерекшеліктері ?

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 42-43, оқу, мазмұндау.

Сынып: 7 «а». Сабақ №: 57 Күні:_______________

Пәні: Ортағасысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандғының ішкі және сыртқы саясаты.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға Қазақ хандығының 17-18 ғ.ғ. қалыптасұан жалпы саяси жағдай туралы білім қалыптастыру;

Дамытушылық : Тақырыпқа сәйкес тест, тірек - сызбалар құра білуге, картамен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдылану.

Тәрбиелік : Қазақ тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерінің халқына сіңірген тарихы еңбегін бағалай білуге оқыта отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Тәуке хан билік басына келген кезде Қазақ хандығы қандай күйде болды ?

  2. Тәуке хан елді қалпына келтіру үшін қандай шаралар қолданды ?

  3. Осы кезде қандай елдермен қарым-қатынас жақсара түсті ?

  4. «Жеті Жарғының» тарихи маңызы қандай ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Есім ханның басқару кезеңі.

  2. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары.

  3. Қазақ-орыс қарым-қатынастары.

III. Жаңа сабақ.

1624-1625 жж. Есім елге қайтып, өз ордасын Түркістанда тікті. Бірақ екеуінің арасында билік үшін күрес тоқтамады. 1627 ж. Есім  хан қалмақтарға жорыққа кеткен кезде Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан Түркістанға Есім хан  Ордасына өз отрядын жіберіп, олар ханның әйелін, балаларын тұтқынға алып, адамдарын соққыға жығады. Кейін Ташкент маңында Есім хан мен Тұрсын арасында шайқас болып, Тұрсын сұлтан қаза болды. Есім хан Тұрсын ханды қолдап, бейбіт елдің тыныштығын бұзған Қатаған руын да жазалайды. Бұл оқиға тарихта «Қатаған қырғыны» атанады.

Бұхар ханы Имамқұл «Ташкентті билеу туралы» грамотаны Есімге табыс етеді. Осылайша Есім хан екінші рет билікке келді.

Ішкі алауыздықтың қаупін жақсы түсінген Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық ескі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Есім ханның бұл заңдары «Есім ханның ескі жолы» деп аталды.

Тәуке хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одағы жоңғарлардың қазақ жеріндегі тегеуірінін уақытша әлсіретті. Олардың 1680 жылғы Оңтүстік Қазақстанға шабуылы кезінде Тәуке хан әскерімен болған Түркістан қаласы ғана тонаудан аман қалды. Жоңғар шапқыншылығы Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың біртіндеп өмір сүруін тоқтатуының елеулі себептерінің бірі болды. Сонымен қатар жоңғар шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын тоқтатты, бейбіт жұрттың шаруашылығына үлкен залал келтірді. Тоқтаусыз өзара қырқыс, Орта Азия билеушілерімен тұрақсыз қарым-қатынас Қазақстандағы ауыр экономикалық және саяси жағдайды тудырды. Қазақ хандығының әлсіреуі тек мемлекеттің тұтастығына ғана әсер етіп қойған жоқ, этникалық әсері болды. Билік, жайылымдық жер мен қалалар үшін талас-тартыс қоғамдық-мәдени дамуды баяулатты, мемлекеттікті нығайтуға және оның көмегімен халық пен оның жерін қорғауға кедергі жасады. Тәуке хан ыдырай бастаған хандықта саяси ахуалды біршама қалпына келтірді. Ол хан билігін күшейтуге, сепаристік күштерді басуға, халықтың бірігуіне бірқатар шаралар қолданды. Оның тұсында құқық қорғау мен мемлекет құрылғысының негізгі қағидаларын белгіленген салт-дәстүр құқығының жинақ нормасы “Жеті жарғы” құрастырылды.

Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.

Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.

XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді .

Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.

Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.