- •II Үй тапсырмасын тексеру.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
V. Бағалау:
Аңдасова Қ. - ________;
Рамазанов А. - ________.
VI. Үйге тапсырма: қайталау, шолу.
Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Дүниежүзі тарих.
Сабақтың тақырыбы: Жапония.
Сабақтың мақсаты:
ХІХ ғасырдағы Жапонияның экономикалық жағдайы мен Токугава сегундарының билігі кезінде дағдарыстар болғаның, Жапония қоғамында капитализмнің баяу дами бастағанын әңгімелеу;
Жапониядағы Мэйдзи төңкерісі және реформалар біртұтас ұлттық мемлекет құруға жағдайлар жасағандығын айта келіп, Жапонияны одан бұрынғы кездегі жағдаймен салыстыруға үйрету;
Жапонияда болып өткен реформалардың мемлкетті күшейту ісіне қосқан үлесін ажырата үйрету, билік басындағылардың халыққа қатысты саяси бағытын ұстанғандығын анықтау.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Англияның АҚШ-пен қарым-қатынастар қандай деңгейде болды ?
Еуропа елдерінде мәдениет саласынан қандай жаңалықтар болды ?
АҚШ-тың Америка құрлығындағы елдермен қарым-қатынас туралы сипаттандар ?
Жаңа сабақ жоспары.
ХІХ ғасырдағы экономикалық жағдай, Токугава дағдарысы.
Еуропалықтардың Жапонияны ашуы.
Мейдзи реформасы. Реформалар. Капиталисттік қатынастардың дамуы.
ХХ ғасырдағы жағдайы.
III. Жаңа сабақ.
ХIХ ғасырдың басында, Токугава әулетiнiң соңғы сегундарының билiгi кезiнде Жапония қоғамы терең дағдарысқа килiктi. Елдегi шаруалар мен қала кедейлерiнiң көтерiлiстерi сегунаттың билiгiн әлсiретiп, үлкен саяси дағдарыс тудырды. Сегунат билiгiне қарсы iрi бас көтерудiң бiрi — 1837 жылы Осака қаласында Осио Хэйхатиро бастаған көтерiлiс болды. Қалада күрiш бағасының шектен тыс өсуiне орай ашаршылық басталды. Сегунат осы көтерiлiстерден кейiн, елде саяси дағдарыстың одан әрi тереңдеуiн болдырмау мақсатында бiрқатар реформалар жүргiзуге кiрiстi. Бiрақ бұл шаралар дағдарысты тоқтата алған жоқ. Елдегi халық көтерiлiстерiнiң өршуiне сегунаттың билiгiне қарсы iрi бай феодалдардың Токугава әулетiнiң билiгiне наразы топтары қосылды.
XVIII ғасырдың соңы мен ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында АҚШ, Англия, Франция, Ресей сияқты мемлекеттер бiрнеше рет Жапонияның “жабық есiк” саясатын бұзбақ болып әрекеттендi. Әсiресе АҚШ 1791—1849 жылдары Жапония жағалауларына жетi экспедиция аттандырды. Бiрақ бәрi де Токугава сегунаты тарапынан тойтарыс алып, керi оралды. Ресей Жапониямен сауда байланысын жасау үшiн 1792—1793 жылдары А.Лаксман басқарған елшiлiк кемесiн аттандырды. Жапон үкiметi ресми байланысқа рұқсат бермедi. 1804 жылы Н.Резанов басқарған елшiлiк те осылай сәтсiз оралды. Осыдан кейiн АҚШ Жапонияның “жабық есiк” саясатын күшпен күйретуге кiрiстi. 1852 жылы АҚШ командор М.Перри басқарған әскери кеменi Жапонияға аттандырды. Жапонияның “ашылуы” бiрқатар зардаптарға соқтыр- ды. Сегун билiгi жатжерлiктер алдында тiзе бүктi. Бұл сегунға қарсы бай топтардың күресiн күшейттi. Сондай-ақ Батыс елдермен жүргiзiлген сауда байланыстары Жапония үшiн тиiмсiз болып, ол экономиканы құлдырата түстi.
