Сывороткалы ауру
Бұл өте ауыр дамитын аллергиялық реакция. Көбінесе сіріспеге қарсы емдік сарысу енгізілгеннен соң дамиды. Кейде сывороткалы ауру симптомдары құрамында белок және жануар заттарынан жасалған препараттарды енгізгенде байқалады (м: инсулин, АКТГ, бауыр препараттары).
Себебі: аурудың пайда болу жиілігі белок препараттарының түріне, қасиетіне, мөлшеріне, қабылдау жиілігіне байланысты. Сәбилер бұл аурумен кем ауырады, адамның жасына қарай, аурудың дамуы жиілейді. Аурудың инкубационды кезеңі 7-12 күннен, кейде бірнеше сағаттан 8 аптаға дейін созылады. Аурудың дамуында иммунды жүйенің араласуы байқалады.
Клиникасы: аурудың жедел кезеңі — науқастың температурасы 37 град
устан 39-40 градусқа дейін көтеріледі,буындарында ауру, қимыл қозғалыстың бөгелуі, кейін сарысу егілген жерде бөртпе пайда болып, о л денесінің барлық жерінде анықталады. Ауру кезінде жүрек қан тамырлар жүйесі де зақымданады, бүған байланысты науқаста: жүрегінің тұсында ауру, ентігу, жүрегінің жиі соғуы, кейде қан қысымы төмендейді. Ауыр жағдайда - өкпе, бауыр, бүйрек зақымданып науқаста гемолитикалық анемия дамуы мүмкін. Аурудың жеңіл және ауырлығы орташа түрінің дамуы 5-7 күнге созылуы мүмкін. Ауыр формасының дамуы 2-3 аптаға созылады. Кейде ауру жиі қайталап, дамуы бірнеше айга созылуы мүмкін.
Емі:
1. Сывороткалы аурудың формасына қарамастан науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс. Жеңіл формасында науқаста кальций препараттары (кальций хлор немесе кальций глюконат 10% - 10,0 кок тамырға) және антигистаминді препараттар (димедрол, супрастин, тавегил немесе диазол) ішке беріледі және аскорутин таблеткасы.
2. Ауырлығы орташа және ауыр формасында - глюкокортикоидты гормондар преднизолон 20-30 мг тәулігіне беріледі, мөлшері біртіндеп кемейтіледі, 2-3 аптадан соң берілуі тоқтатылады.
3. Гепаринотерапия тәулігіне (гепарин 10000-20000 ЕД) стационарда беріледі. Бұл патогенетикалық терапияға кіреді.
Болжамы: Ішкі ағзалар зақымданбаса — науқас толық сауығып кетеді.
Профилактикасы:
Емдік сарысу қатаң түрде организм қажеттілігіне қарай салынуы керек немесе «Безредко» тәсілімен аз мөлшерде бөлініп берілуі керек.
Егер науқас анамнезінде аллергиясы болса, онда сіріспеге қарсы емдік сарысу орнына ірі қара мал сарысуынан жасалған сіріспеге қарсы анатоксин немесе адам сарысуынан жасалған «иммундық гамма глобулин» (человеческий гамма глобулин) салуға болады (бычий столбнячный анатоксин).
Егер бұл аталған препараттар болмаса, онда науқасқа емдік сарысуды салардан алдын, науқас организімінің емдік сарысуға сезімталдыгын анықтау үшін байқау (тест) жүргізу керек.
Егер байқау кезінде 20 минут ішінде реакция + болса — терісінде қышыма бөртпе пайда болса, онда науқастың емдік сарысуды алуына болмайды.
Науқас стационар дан шыққан соң, сывороткалы аурудың қайталауының алдын-алу үшін науқасқа жылқының еті мен қымызын қолданбауын айту керек.
