- •2. Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар оқу жоспарында қарастырылмаған
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.4. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •2.Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3.Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •5.Пәннің оқу-әдістемелік картасы
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •2. Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы (Sillabus)
- •4. Негізгі әдебиет
- •5. Қосымша әдебиет
- •6. Ш.Есенов атындағы кмТжИу поқ шығарған оқу құралдары
- •8. Әдістемелік ұсыныстар (қолдағы бары)
- •11. Сөж материалдары
- •12. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
- •14. Дәріс жинағы
- •1. Тәрбиенің мақсаттылығы;
- •2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
- •3. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
- •4. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
- •5. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- •6. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
- •Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
- •Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.
- •2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы.
- •1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, лекция, кітаппен жұмыс.
- •2. Көрнекілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері
- •3. Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар.
- •3. Оқыту әдістерін таңдау және қолайлы етіп пайдалану.
- •1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
- •2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
- •1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі
- •2. Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы
- •1. Оқу сапасын диагностикалау
- •2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері
- •4. Бағалаудағы қателіктер
- •V. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •VI. Педагогикалық кадрлар
- •VI. Білім беру нәтижелерінен күтілетін жетістіктерді бағалау жүйесі
- •VIII. 12 жылдық білім беру жүйесін басқару
- •Iх. 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары
- •7. Практикалық (семинар) сабақтардың жоспары
- •8.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9.Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыс, курстық жұмыс (жоба) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:
- •11. Тәжірибелерді (оқу, өндірістік және дипломалды) өту бойынша әдістемелік нұсқаулар, құжаттардың есеп түрі
- •12. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау мен бақылауға арналған материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары; өзіндік даярлығы үшін сұрақтар тізбесі, емтихан билеттері және т.Б.).
- •«Педагогика» пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары сынақ кітапшасының соңғы цифрына сәйкес келуі тиіс
- •Сырттай бөлім студенттеріне арналған бақылау жұмысының тақырыптары
- •13.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы)
- •14. Аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың мамандандыру тізбесі
2. Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.).
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б.Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды.
Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.).
БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси).
БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді.
БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;
- əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;
- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі;
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;
- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.
Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару қиын.
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні - оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).
Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.
Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.
Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.).
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады.
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.
Қашықтан оқу технологиясы –бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру).
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.). Көптеген зерттеулер нəтижесінде ғалымдар оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б.Эльконин). Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.). БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді. Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.). Модульді оқу технологиясына орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі. Қашықтан оқу технологиясы –бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.
Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау
Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау
ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудағы жаңа тәсілдері
№28 дәріс
Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау
Халыққа білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесі
Педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері
Мектепішілік басқарудың негізгі функциялары
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
Педагогтар біліктілігін көтеру
2. Педагогикалық сараптау міндеттері
3. Педагогикалық сараптау технологиясы
Халыққа білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесі
Жалпы басқару дегеніміз – қойылған мақсатқа сәйкес шешімдер қабылдау, басқару объектісін ұйымдастыру, бақылау, реттеу, нақты ақпаратқа сүйене отырып талдау және қорытынды шығару. Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару субъектісі болып Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, қалалық, аудандық білім бөлімдері табылады.
Жалпы білім беретін мектеп күрделі әлеуметтік жүйе ретінде мектепішілік басқарудың объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару – тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қажет нәтижені алуға бағытталған, оның объективтік заңдылықтарын тану негізіндегі мақсатты саналы өзара іс-әрекеті. Процеске қатысушылардың өзара іс-әрекеті кезекпен, өзара байланысқан әрекеттердің немесе функциялардың (педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу) тізбегі ретінде құралады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері
Педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен практикасында бірқатар төмендегі негізгі принциптер бөліп көрсетіледі:
1) Педагогикалық жүйелерді басқаруды демократия-ландыру және ізгілендіру.
2) Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық.
3) Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді үйлесуі.
4) Басқарудағы бір бастаулық (единоначалие) пен коллегиалдықтың бірлігі принципі.
5) Білім беру жүйелерін басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы принципі.
Мектепішілік басқарудың негізгі функциялары
Тұтас педагогикалық процесті басқарудың бір функциясы – педагогикалық талдау (анализ). Ол ерекше орын алады: кез келген цикл талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Оның бірнеше түрі бар (Ю.А.Конаржевский, Т.И.Шамова): параметрлік талдау (білім процецісінің барысы мен нәтижелері туралы күнделікті ақпараттарды зерттеуге, оны бұзатын себептерді анықтауға бағытталған), тақырыптық талдау (педагогикалық процестегі тұрақты, қайталанатын тәуелділіктерді, тенденцияларды қарастыру), қорытынды талдау (кең уақыттық, кеңістіктік және мазмұндық шектерді қамтиды, тоқсан, оқу жылының аяғында жүргізіледі).
Басқарудың келесі функциясы – мақсат қою және жоспарлау. Кез келген педагогикалық жүйені басқару процесі мақсатсыз және жоспарлаусыз жүзеге асырылмайды. Оны жетілдіру педагогикалық жүйенің ұздіксіз даму қажеттігіне байланысты.
Мектепті басқарудағы ұйымдастыру функциясы жүйенің қозғалысы, оның компоненттерінің оптимальды өзара әрекеттесуі үшін қажет.
Мектепішілік бақылау функциясы күрделі мәселенің бірі. Бақылау басқару циклінің барлық функцияларымен тығыз байланысты. Мектепішілік бақылау функциясының ерекшелігі – оның мұғалім тұлғасына әсер етуінде. Егер бұл жас мұғалім болса, оның шығармашылық қалыптасуына әсер етеді, ал тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби позициясы мен беделіне әсер етеді.
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
Мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу орны қабырғасымен шектеліп қана қоймайды, ол оның кәсіби қызметінің өне бойында жалғасады. Мұғалімнің кәсіби білімінің үздіксіздігі оның шығармашылық қабілеттерінің және дамуының алғышарттары және жеке педагогикалық тәжірибесінің тұрақты өсуінің шарттары болып табылады.
Әдістемелік жұмыс педагогикалық іс-әрекеттің инновациялық бағыттылығын қалыптастыру үшін ұйымдастыру негізі ретінде қызмет етеді. Көптеген мектептерде басшылар немесе педагогтардың ұсынысымен әдістемелік жұмыстың ұйымдық үйлестіру органы - әдістемелік кеңестер құрылады. Мектеп және педагогикалық кеңестен ерекшелігі - әдістемелік кеңестің функциясы - әр мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыру.
Әдістемелік жұмыстың формалары: мұғалімдердің пәндік әдістемелік бірлестіктері, проблемалық семинарлар мен практикумдар, алдыңғы қатарлы тәжірибе мектебі, жас мұғалім мектебі, проблемалық (инновациялық) топтар, педұжымның таңдалған ғылыми-әдістемелік тақырып бойынша жұмыс жасап, ізденуі, ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, жекелеген мұғалімдердің немесе әдістемелік бірлестіктердің шығармашылық есептері.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формаларының тиімділігі оған деген ұжымның құлшынысынан, қызығушылығынан және мүмкіндіктерінен тәуелді.
Педагогтар біліктілігін көтеру
Мұғалімдер, тəрбиешілер, мектеп жетекшілерінің біліктілігін (квалификация) көтеруге басшылық – білім саласындағы басқару қызметі бағыттарының маңызды да мəнділерінің бірі. Бұл қызмет төмендегідей аса маңызды əрі қажетті бірліктерден құралады:
- мұғалімдер жəне тəрбиешілердің оқушылармен жүргізетін оқу-тəрбие жұмыстарының формалары мен əдістерін пайдалану жəне қолдану шеберлігін жетілдіру, үздіксіз күрделене дамудағы білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз ету;
- мектептегі оқу-тəрбие процесінің мүмкіндігінше жоғары деңгейде жабдықталуы мен барша деңгейдегі жаңашыл-жасампаз іс-əрекеттердің орындалуына жағдай жасау;
- мектептің даму бағытын айқындауға байланысты педагогикалық ұжым қызметіне дем беріп, оны жетілдіру;
Кəсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде жетілдіріп баруы міндетті. Бұл мақсатта келесідей іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін:
- негізгі жұмыс орнында үзіліссіз өткізілетін қысқа мерзімді тақырыптық оқулар (соңғы емтихан, сынақ не нақты кəсіби қызмет мəселесіне орай реферат қорғаумен бітеді);
- сала, ұйым, мекеме деңгейінде жүргізілетін тақырыптық не проблемді орташа мерзімді семинарлар (жұмыстан үзіліссіз);
- мамандардың кəсіби қызмет бағытында біліктілік көтеру мекемесінде ұзақ мерзімді оқуы.
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім жəне ептіліктер игеру жəне кəсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды меңгеру үшін кəсіби қайта дайындық (екінші мамандық алу) оқулары ұйымдастырылады.
Қайта дайындық нəтижелері бойынша кəсіби іс-əрекеттің белгілі саласында жұмыс алып бару құқығына кепіл мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Педагогикалық сараптау міндеттері
Елде қабылданған мұғалімдердің кəсіби дайындығын жетілдіру жүйесі – сараптау (аттестация) – педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды да тиімді құралы есептеледі. Сараптау мақсаты- кəсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тəрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашыл ынта дамыту, сонымен бірге нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекеленген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың əлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Бұл орайда мұғалім жұмысының сапасы мен оның еңбек ақысы арасындағы сəйкестікті ұстану көзделген.
Кəсібилік деңгейіне сəйкес педагогтың біліктілік категориясын тағайындау да осы сараптау қызметінің нəтижесі.
Сараптау принциптері: еріктілік, жариялылық, жүйелілік жəне тұтастық, шынайылылық.
Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы- оның нəтижелілігі жəне оқу-тəрбие процесінің сапасы – есепке алынады. Ол əр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі.
Біліктілік категориясын иемдеуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы: дəрістер тобын көрсету, сыныптан тыс оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтихан» (əңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-əдістемелік немесе тəжірибе-эксперименттік жұмысты қорғау жəне т.б.
Категория иемдену үшін сараптан өтуді қаламаған мұғалімдердің жалақысы тариф негізінде білімі жəне еңбек стажына орай белгіленеді.
Кей жағдайда нақты мұғалімнің біліктілік деңгейі мен оның тағайындалған қызметіне сəйкестігін анықтау үшін сараптау жұмысы əкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен де өткізілуі мүмкін.
ҚР Білім жəне ғылым министрлігі бұйрығына орай қабылдаған «Мемлекеттік жəне жеке меншік білім мекемелерінің педагогикалық жəне басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелеріне» сəйкес үш түрлі сараптау комиссиясы түзіледі:
- бас сараптау комиссиясы – республикалық деңгейдегі басқару органы тарапынан ҚР, облыстар құрамында түзіледі;
- аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия – жергілікті жердегі білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;
- білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы – оның педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады.
Əр комиссия өз құзырына сай мəселелерді шешеді. Сараптау комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі – біліктілік категориясын тағайындау. Қазіргі күнде əрекеттегі Ережелерге орай үш біліктілік категориясы белгіленген:
- ең жоғары , оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;
- бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды;
- екішші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.
Мұғалім не басшы қызметінің бағамы, екі кешенді көрсеткіштер бойынша іске асырылады: қызмет нəтижелерін қорытындылау (шығармашылық есеп, ғылыми-əдістемелік не тəжірибе-эксперимент жұмыс түрінде) жəне практикалық іс-əрекеттің эксперттік бағамы əртүрлі баламадағы психикалық –педагогикалық экспертиза).
Категория құжаттық материалдар (стаж, мінездеме, мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстарын өткені жөніндегі сертификат) негізінде беріледі.
Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдасуымен, қойылатын талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау жəне эксперттеу əрекеттерімен, іскерлік жəне көңілге қонымды жағдайлардың жасалуымен байланысты келеді. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының стратегиясы жəне тактикасын белгілеуде маңызды рөл атқарады.
Педагогикалық сараптау технологиясы
Педагогикалық сарап мақсаты – бұл мұғалімдердің оқу-тəрбие қызметінің тиімділігін шынайы анықтап (диагностикалап), оның нақты бағасын шығару. Ал мұғалімнің педагогикалық деңгейіне берілетін баға ол оқытып, тəрбиелеп жатқан шəкірттердің оқу іс-əрекеттерінің нəтижелілігіне байланысты болатыны əбден түсінікті. Осыдан мұғалім бағасы мен шəкірт тəлім-тəрбиесіндегі нəтижелілік көрсеткіштері ажыралмас бір процестің екі тарапы. Біріншісі –негізі сабақ болған білім беру, оқыту процесінің тиімділік деңгей бағасы, ал екіншісі – нəтиже, яғни оқушының оқудағы үлгерімі (дамуы) мен тəртіптілік дəрежесіне берілетін баға.
Мұғалім еңбегін бағалауға қойылатын жалпы талаптар екі өлшем-шекке (критерийге) негізделеді: нəтижелілік өлшем жəне процестік өлшем.
Нəтижелілік өлшем-шек (педагогикалық қызмет нəтижесі). Оқушының пəн бойынша үлгерімін жəне олардың тəртіптілік деңгейін анықтауда ескрілетін жəйттер:
- пəндік нақты білім қоры;
- игерілген білімдерді пайдалана білу (сауатты жазу, есептеу жəне т.б.);
- табиғат жəне қоғамда жүріп жатқан оқиғалар мен құбылыстардың мəнін түсіну;
- оқушының дербестігі, өз бетінше іс-əрекет жасау дəрежесі;
- оқуға, білім жинақтауға байланысты ізденіс, ептілік мүмкіндігі;
- тапсырылған іске жауапкершілігі, мектептегі тəртіп ұстанымы, қоғамдық пайдалы еңбектегі белсенділігі, эстетикалық жəне тəн-дене мəдениетіне орай талғамы.
Əрине, оқу-тəрбие жұмыстарының оқушы арқылы көрінетін нəтижелері мұғалім қызметін бағалауда қажет-ақ, дегенмен, олармен шектелу шынайылыққа нұқсан.
Сондықтан, мұғалімнің өз педагогикалық қызметін белгілі дəрежеде орындап баруы үшін үнемі, тынымсыз жүргізетін іс-əрекет процесін ескерген де жөн. Бұл тұрғыдан назар аударарлық ұстаз əрекеттері; яғни процестік өлшем- шектері:
- мұғалімнің өз біліктілігін көтеру жұмыстары;
- өткізетін сабақтарының сапасы, оқу жəне тəрбие жұмыстары;
- оқыту жəне тəрбиелеу барысында əр оқушыға жекелей қатынас жасаудағы мұғалім ептілігі;
- ата-аналармен жұмыс, бала тəрбиесіне байланысты отбасыға педагогикалық жəрдем ұйымдастыра білу.
Мұғалімдерді сараптау үш кезеңмен жүргізіледі:
Алғашқы кезеңде білім мекемесінде Педагогикалық кеңес қаулысымен сараптау комиссиясы түзіліп, оны сол мекеме басшысы бекітеді.
Сараптау жөніндегі Ережеге сəйкес мұғалімнің (педагогикалық қызметкердің) сараптан өтуіне қажет жеке құжаттары дайындалады: сарапқа түсу жөніндегі арызы, біліктілік көтергені жөніндегі құжаттар көшірмесі, бақылау- қадағалау не басқа біліктілік жұмыстарын орындағаны туралы эксперттік комиссия шешімі, сараптау парағы, білім беру мекемесі басшысының бұйрығынан көшірме.
Екінші біліктілік категориясын алу үшін мұғалім мектеп сараптау комиссиясына , бірінші категория үшін – аудандық комиссияға, жоғары категория үшін – аймақтық, облыстық комиссияға арыз береді.
Екінші кезең - мұғалімнің біліктілік деңгейін, оның кəсіби қызметінің нəтижелілігін бағалауды ұйымдастыру;
Үшінші кезең – сараптау комиссияларының шешім қабылдауы жəне сол шешімдердің нəтижесі бойынша бұйрық жариялау.
Сараптау комиссияларының шешімдерінің негізінде білім басқару органдары мен білім беру мекемелерінің басшылары педагогикалық қызметкерлерге біліктілік категорияларын беру жөнінде бұйрық шығарады, белгіленген разрядтар бойынша еңбек ақы деңгейін тағайындайды.
Жоғарыда əңгіме тиегі болған біліктілік көтеру жүйесінің тиімділігі көптеген жағдайды ескеруден іске асатынын байқауға болады, атап айтсақ, ол – басқару сапасы, мұғалімдер мен тəрбиешілердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге деген басшылар мен мектеп ісін ұйымдастырушылардың көзқарас – қатынасына байланысты, яғни, біліктілік көтеру мектеп директорларының тұлғалық сапасына , аудан, облыс, жалпы елдегі оқу ісін басқарушы, ұйымдастырушылардың мұғалімге болған ықылас – ниет сипатына тəуелді.
№29 дәріс
Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау
Жоспары
1. Оқу сапасын диагностикалау
2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері
3. Оқу іс-əрекеттерінің нəтижелерін бағалау
4. Бағалаудағы қателіктер
