Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_1160609599145902101.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Кб
Скачать
☆
  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз, лабораторлы анализдерді және қосымша зерттеулер нәтижесін интерпретациялаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

19. Бала 7 жаста, жедел ауырған. Мұрынмен тыныс алуының қиындауы, жөтел, бас ауруы, дене температурасының 38,3 º С дейін жоғарлауы пайда болған. Соңғы 3 күнде жөтелі күшейген, температурасы 37,1 – 37,3 ºС. 4-ші күннің соңында бетінде бөртпе, мұрыннан шырышты бөлінді пайда болған. Түскен кезде науқаста қатты әлсіздік, температурасы 38,5 ºС. Екіжақты коъюнктивит. Жөтелі жиі, құрғақ. Жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабатында дақты энантема. Аранында жайылған гиперемия. Бетінде дақты-папулезді бөртпе, бірігуге тенденциялы. Өкпеде аускультативті – қатаң тыныс.ЖҚА: Нв- 95 г/л, Эр-2,9×1012, ТК- 0,9, Л-2,7 ×109, Э-2%, Т-3%, С- 31%, Л-64%, ЭТЖ-5 мм/сағ.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз,лабораторлы анализдерді және қосымша зерттеулер нәтижесін интерпретациялаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

20. Қыз бала 6 жаста, ауруыныі 3-ші күнінде келіп қаралған. Аурудың басталуы жедел, дене температурысының 39,4º С дейін жоғарлауынан, бас ауруынан, құсудан, делсалдық, әлсіздік, жұтынған кезде тамағының аздап ауырсынуынан басталған. Қарағанда: жартылай ашулы ауызбен тыныс алады, дауысы басылған, мойын клетчаткасының ісінуі, ауырсынусыз, бұғанадан төмен 3-ші қабырғаға дейін. Аранында бадамша бездерінің, доғаларының шамалы гиперемиясы, тілше ісінген. Екі бадамша беткейінде тығыз сұр жабын, шпателмен қиын алынады. Жақасты лимфа түйіндері бұршақ өлшеміне дейін ұлғайған, ауырсынусыз. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек шекаралары қалыпты. АҚ 100/60 мм.с.б. Білектің бүккіш беткейіне теріішілік сынама жасағанда папула түзілген, диаметрі0,6 см, айналасы шектелген гиперемия. ЖҚА: Нв- 110 г/л, Эр-3,4×1012, Л-12,3 ×109, Т-4%, С- 71%, Л-25%, ЭТЖ-12 мм/сағ.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз,лабораторлы анализдерді және қосымша зерттеулер нәтижесін интерпретациялаңыз

  3. Ем тағайындаңыз. Эпидемияқарсы шаралары.

21. Бала 1 жас 6 айда. Ауырғанына 2-ші күн. Дене температурасының 39ºС дейін жоғарлауынан, құсудан, мазасыздықтан басталған. Клиникаға ауыр жағдайда түсті. Есі бұлыңғыр. Кезеңді түрде қатты мазасыздық. Анасының айтуы бойынша бала өзгерген, күндізгі уақытта ұйқылы, түнде ұйықтамайды. Айқын мазасызданады, қатты жылайды. Жүрмейді, отыра алмайды. Қарағанда селқос, кеңістікте дезориентациялы. Ерін треморы, жылағанда қол-аяқтарының треморы байқалады. Тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Склералары иктериялы. Сіңірлік рефлекстері жоғары. Әр сұйықтық ішкен сайын құсады, соңғы құсуы кофе қойыртпағы тәрізді. Температурысы 38 ºС, қол-аяқтары суық,цианоздалған. Инъекция орынынан қан кету. Сұйықтық іше алмайды.Токсикалық ентігу ТАЖ - 48 рет минутына. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ- 146 рет минутына. Іші үрленген. Бауыры қабырға доғасы бойымен, пальпацияда ауырсынады, қамыр консистенциялы. Көкбауыры ұлғайған. Анамнезінен: 2 ай бұрын ауыр ішек инфекциясына байланысты СЗП алған. Қанның б\х анализінде: билирубин- 262 мкмоль/л, тура- 25 мкмоль/л, тура емес- 237 мкмоль/л, АЛТ – 1,2 мккат/л, АСТ- 0,98 мккат/л, креатинин – 160 мкмоль/л, мочевина- 10,6 мкмоль/л, HbsАg теріс. Жалпы ақуыз -40 г/л, альбумидер – 35%, глобулиндер- 45%. Қанның серологиялық анализі: анти Hbs Ig M- оң, Hbcor Ig M- оң, анти- Hbe антидене- оң.