Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жансая диплом готов.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.1.1 Жалпы ережелер

1.1 Химиялық зертханада техника қауіпсіздік шараларының нұсқауымен танысқан және өзіндік жұмыс жасауға рұқсат алған адамдар ғана жұмыс істей алады.

1.2 Жұмыс жасау алдында 30 минут бұрын ауа тарту вентиляциясын қосу қажет. Жұмысты арнайы киіммен жүргізу керек (халат, резиналанған алжапқыш), арнайы аяқ киім, жеке басты қорғайтын қажетті заттар (қорғаушы көзілдірік, резеңкелі қолғап, респираторлар) болуы тиіс.

1.3Жұмыстың қауіпсіздігі үшін қолданылатын заттардың физика-химиялық және уландырғыш қасиеттерімен танысып алу негізгі талап.

1.4 Жұмыс жүргізу әдістемесін тиянақты оқып алу

1.5 Жұмыс орнын таза ұстау. Жұмыс орнын істелініп жатқан жұмысқа қажетсіз реактивтерден, ыдыстардан, аспаптардан тазарту.

1.6 Химиялық заттарды атауы жоқ ыдыстарда сақтау қатаң түрде тыйым салынады.

2. Жұмыс жасар алдындағы қауіпсіздік талаптары

Жұмыс жасар алдында келесі талаптарды орындау керек:

2.1 Зертханалық құралдарды пайдалану нұсқаулықтарымен танысу. Жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын мұқият орындау жағымсыз оқиғаларды болдырмайды және жазатайым жағдайлардың болуын шектейді.

2.2 Арнайы киімдерді кию және ретке келтіру: бүкіл түймелерді қадау, жеңдердің түймелерін қадау және жұмыс жасауға қауіпті болдырмау.

2.3 Жұмыс орнын реттеу және жұмысқа кедергі жасайтын заттарды алып тастау, жұмыс үстелінде ретсіздік болмауы қажет.

2.4 Желдеткіш жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру керек. Желдеткіш жүйелерінің істен шығуы, герметикалық ауытқуы, аз өнімділігі зертханалық жұмыс жасауда улы газдардың бөлінуіне, сәйкесінше, өртке және жазатайым жағдайларға алып келуі мүмкін. Созу және кептіру шкафтарының жұмысқа жарамдылығына көз жеткізіңіз. Созу және кептіру шкафтарының жұмысқа жарамсыздығы электр тогының соғуына немесе өртке алып келуі мүмкін.

2.5 Өрт сөндіру және алғашқы көмек көрсету құралдарының барын тексеру:

- медициналық дәрі-дәрмек;

- өрт сөндіргіштер;

- киіз немесе басқа да заттар;

- құрғақ және таза құмы бар жәшіктер;

- күректер;

2.6 Жабдықтың істен шығуы немесе кез-келген ақаулықтар (түтін, жалын, иістер және т.б.) болған жағдайда басқарушыға хабар беру керек.

2.7 Кез-келген жұмысқа тек жұмыстың барлық кезеңдері түсінікті және ешқандай күдік тудырмайтын жағдайда ғана кірісуге болады. Жұмыс жоспарын алдын-ала ойластырып қою керек[36]

3.1.2Жеке бастың гигиенасының ережелері

Химиялық зертхананың жұмыс орындарында тамақ сақтауға және тамақтануға тыйым салынады.

2.1 Зертхана ыдыстарын жеке қолданыс үшін қолдануға рұқсат етілмейді.

2.2 Зиянды заттар бөлінетін, өрт және жарылғыш заттармен, сонымен қатар шаң және түтін түзетін заттармен жұмысты ауа тарту сөресінің астында жасау қажет.

2.3 Шыныдан құрастырылған қондырғыларды жинап және қайта шашу кезінде қолды сүлгімен қорғау керек.

2.4 Пробиркада заттарды қыздырған кезде оның ауыз жағын өзіңізге қарама-қарсы бетке бағыттау қажет.

2.5Вакуумды пайдаланып жұмыс жасау алдында қондырғының герметикасын тексеріп алу қажет. Қондырғыны жинау алдында барлық шлифтерді вакуумды маймен жағып шығу керек, аспаптарда сынықтардың болмауын тексеру керек.

2.6 Қыздырылатын аспаптарды және жұмыс істеп тұрған зертханалық құрал-жабдықтарды қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

2.7Электр қондырғылары мен аспаптардың жерлендіру желісінің дұрыстығына назар аудару, сонымен қатар қуаттылығы бар қондырғылар мен механизмдерге де назар аудару керек.

2.8 Электр қондырғылардың және электр жүйесінің ақаулығын кезекші электрикке хабарлау қажет.

2.9 Электр қондырғыларын өз бетінше жөндеуге тыйым салынады.