Бауырды пальпация тәсілімен зерттеу.
Бауырды сипалап зерттеуден алдын бауырдың төменгі шекарасын анықтап алу керек. Бауырды пальпациялау «Образцов-Стражеско әдісі» бойынша жүргізіледі. Пальпация көмегімен бауырдың орналасқан орны, көлемі, беткейінің тегістігі, қыры, сезімталдығы яғни ауырсыну аймақтары, консистенциясы тексеріледі.
1. Бауырды пальпациялағанда науқасты горизонталь қалыпта немесе сол қырына жатқызып, қажет жағдайда вертикаль қалыпта тұрғызып, кеудені алдына қарай еңкейтіңкіреп тексеруге болады. Бауырды пальпация ету ережелері:
2. Науқасты жатқызып, басын сәл көтеріңкі салғызып, қолдарын кеудесіне қойғызып, аяқтарын тізесінен бүктіру керек.
3. Дәрігер науқасқа бетін беріп,оның оң жағына отырады.
4. Дәрігер кеуденің оң жағын қапсыра ұстау үшін, сол қолдың төрт саусағын белдің оң жақ бөлігіне, кеуденің артына, бас бармағын қабырға доғасына қояды. Бұл кеуденің тыныс алған кездегі қимылын шектеп диафрагманың төмен қарай қозғалуын күшейту үшін жасалады.
5. Іштің оң жақ қабырға асты аймағына бауырдың төменгі шекарасынан 3-5 см төменірек жерге оң қолдың алақаны төселеді. Науқас тыныс шығарған кезде үстіртін қимылмен іштің терісін жиыра тартып алған оң қолдың саусағын ішке сүғып, науқасқа терең тыныс алғызады. Осы кезде бауыр саусақтардың ұшын орағытып, олардың астынан сырғып кетеді.Оң қол орнынан тапжылмауға тиіс.
Қалыпты жағдайда бауырдың пальпациялағанда астыңғы қыры тегіс,үшкірлеу, әрі жұмсақ, бүғана орта сызығы бойымен қабырға доғасы астынан шықпайды, сезімталдығы төмен. Веноздық қан іркілгенде бауыр қыры жұмсақ, әрі дөңгелектеніп тұрады, кейін нығыздалып ауыра бастайды. Бауыр циррозында бауыр қыры өткір әрі нығыз. Бауыр ісігінде, лейкозда, бауыр амилойдозында эхинококкта, бауыр беткейінің тегістігі өзгеріп кедір-бұдыр болады, өзі нығыз, ал қыры нығыз ғрі өте үшкір болады.
Өт қабын пальпациялау.
Пальпация көмегімен өт қабының көлемі, консистенциясы, жылжымалылығы анықталады. Тексеру «Образцов-Стражесконың үстіртін және терең сипау әдісімен» жүргізіледі, қалыпты жағдайда өт қабы пальпациялағанда сезілмейді. Өт қабы қабынғанда, мысалы;өткір холециститте, төменденгенде, өт қабы эмпиемасында, өт қабы тасы ауруында, ұйқы безі ісігінде, т.б. процесстер шарпығанда өт қабының қабырғасы қалыңдап, өзі ұлғайып оңай пальпацияланады. Өт қабы іштің тік бұлшық етінің сыртқы қырымен қабырға доғасы түйіскен аймақта жайғасқан. Осы аймақты бауырды пальпациялаған ретпен, пальпациялау керек. Өт қабының өзі пальпациялағанда сезілмегенімен ауырсыну сезімі байқалып, өт жолдарының қабынуын бейнелейтін симптомдар төмендегідей:
1. Өт қабы тұсын бас бармақпен немесе ортаңғы саусақпен жеңілдеу соққылағанда байқалатын қатты ауырсыну - Захарьин симптомы.
2. Науқас тыныс алған сәтте сол қолдың басын оң қабырға доғасы астына баяу әрі терең сұққанда пайда болып, әрі күшейетін ауырсыну белгісі-«Образцов-Мерфи-Кера» симптомы.
3. Оң қабырға доғасын өт қабы тұсынан қолдың қырымен ептеп ұрғанда пайда болатын ауырсыну сезімі -«Грекова Ортнер» симптомы.
4. Бүғана төс сүйір бұлшық етінің бұғанаға бекитін жерін басқанда ауырсыну сезімі бүғана үсті аймағында, иықта немесе оң қабырға тұсында орналасады. Бұл«Френикус феномен симптом» деп аталады.
5. Тыныс алған сәтте өт қабының тұсын жеңілдеу соққылағанда туындайтын қатты ауырсыну сезімі -«Василенко белгісі» деп атапады.
Бауырды перкуссия жасау әдісі.
Перкуссия бауырдың орналасқан орнын, көлемін жоғарғы және төменгі шекарасын анықтау үшін қолданылады. Перкуссия Курлов тәсілі бойынша жүргізіледі. Бауырды перкуссиялағанда қалыпты жағдайда тынық немесе тұйық дыбыс анықталады. Бауырдың төменгі жэне жоғарғы шекаралары алдыңғы қолтық асты сызығы, бұғана орта сызығы, оң жақ төс жаны сызығы, алдыңғы орта сызық, сол жақ төс жаны сызығы, және сол қабырга доғасы бойымен анықталады.
Оң бұғана орта сызығы мен бауырдың жоғарғы шегін анықтау.
Оң бұғана орта сызығы мен бауырдың Алдыңғы орта сызық пен баыр төменгі шегін анықтау. дың жоғарғы шегін анықтау
Алдыңгы орта сызықпен Сол қабырға доғасы бойымен
бауырдың төменгі шегін анықтау. бауырдың шекарасын анықтау
М.Г.Курлов тәсілімен бауырдың қалыпты өлшемдері.
Алдыңғы қолтық асты сызығымен бауырдың төменгішекарасын анықтау.
Алдыңғы қолтық асты сызығымен бауырдың төменгі шекарасын анықтау; қалақша саусақ алдыңғы қолтық асты сызығымен кіндік тұсына қойылып, жоғары қарай тұйық дыбыс шыққанша тықылдатып, қатаң дыбыс пайда болған жерге нүкте, қалақша саусақтың сыртқы қырымен 10 қабырға тұсына қойылады. Қалыпты жағдайда бауырдың төменгі шекарасы 10 қабырғада.
Оң жақ төс жаны сызықпен бауырдың төменгі шекарасын анықтау; қалақша саусақ осы сызықпен кіндік тұсына қойылып, жоғары қарай тұйық дыбыс шыққанша тықылдатылады, тұйық дыбыс пайда болған жерге саусақтың сыртқы қырымен нүкте қойылады. Бұл қалыпты жағдайда оң жақ қабырға доғасының төменгі қырынан 2 см төменде орналасады.
Оң жақ төс жаны сызықпен бауырдың жоғарғы шекарасы; анықтау үшін қалақша саусақты осы сызық бойымен бұғанаға параллель қойып төмен қарай тұйық дыбыс шыққанша тықылдатып, тұйық дыбыс пайда болған жерге нүкте, саусақтың жоғары қараған қырына қойылады. Қалыпты жағдайда оң жақ төс жаны сызығымен бауырдың жоғарғы шекарасы 6 қабырғаның жоғарғы қырында анықталады.
Бұғана орта сызығымен бауырдыц жоғарғы шекарасы 6 қабырғаның төменгі қыры тұсында және нүкте қалақша саусақтың жоғарғы қырымен белгіленеді. Оң жақ бұғана орта сызығымен бауырдың төменгі шекарасын анықтау;
Ол үшін қалақша саусақ кіндік тұсына қойылады, соң осы сызық бойымен жоғарыға қарай тықылдатып, қатаң дыбыс естілген жерге нүкте, қалақша саусақтың төменгі қырына қойылады. Қалыпты жағдайда бұғана орта сызығы бойынша бауырдың төменгі шекарасы - оң жақ қабырға доғасының төменгі қырымен жанасады.
Алдыңғы орта сызық бойымен бауырдың төменгі шекарасын анықтау;бұл үшін қалақша саусақты кіндік тұсына қойып, жоғарыға қарай тықылдатып, қатаң дыбыс пайда болған жерге нүкте, қалақша саусақтың төменгі қырына қойылады. Қалыпты жағдайда бауырдың төменгі шекарасы алдыңгы орта сызық бойымен семсерше өсіндісінен 3-6 см төменде орналасады.
Алдыңғы орта сызықпен бауырдың үстіңгі шекарасын анықтау мүмкін емес,себебі бұл жерде дыбысы онымен бірдей жүрек шектеседі. Сондықтан бұрын бүғана орта сызығымен анықталған нүктені алдыңғы орта сызығында оған деңгейлес жердегі шартты нүкте арқылы көлденең сызықпен қосса, сол жер алдыңғы орта сызық бойынша бауырдың жоғарғы шекарасы болады.
Сол жақ төс жаны сызықпен бауырдың төменгі шекарасы сол жақ қабырға доғасының төменгі қырымен жанасады.
Сол қабырға доғасымен бауырдың төменгі шекарасын анықтау; ол үшін қалақша саусақ 9 қабырға тұсына, сол қабырга доғасына перпендикуляр қойылып, төске қарай қатаң дыбыс пайда болғанша перкуссия жасалады, нүкте қатаң дыбыс пайда болған жерге қалақша саусақтың сыртқы қырымен қойылады. Қалыпты жағдайда бауырдың төменгі қыры бүл жерде 7 -8 қабырға тұсында орналасады немесе сол төс жаны сызығынан сыртқа шықпайды.
Бауырдың қатаң дыбысты аймағының биіктігі қалыпты жағдайда;
1-Бұғана орта сызығы бойымен 9-10 см тең
2-Алдыңғы орта сызықпен -8-9 см тең
3-Сол қабырға доғасы бойымен -6-7 см тең.
Бауырдың қалыпты шекарасы.
Сызықтар |
Жоғарғы шегі |
Төменгі шегі |
Алдыңғы қолтық асты |
анықталмайды |
10 қабырға тұсында |
Оң жақ төс маңы сызыгы. |
6-қабырғаның жогарғы қырында |
Оң жақ қабырға доғасының төменгі қырынан 2 см төмен орналаасады |
Сол жақ төс маңы сызығы. |
анықталмайды |
Сол жақ қабырға доғасының төменгі қырымен жанасады. |
Бүғана орта сызығы бойынша. |
6 қабырғаның төменгі қырында |
Оң жақ қабырға төменгі қырымен жанасады. |
Алдыңғы орталық сызық. |
Анықтау мүмкін емес. |
Төс сүйегінің семсерше өсіндісінен 3-6 см төмен орналасады. |
Сол жақ қабырға доғасы бойынша. |
анықталмайды |
7-8 қабырға тұсында немесе сол жақ төс маңы сызығынан сыртқа шықпайды. |
