Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жүректі лаб.аспап тек!.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

Электрокардиограмманы тіркеу әдістері.

Электрокардиограмма 12 тіркемеде алынады. стандарттық тіркемеде ЭКГ тіркеу үшін электродтар оң және сол қолға қойылады да, оң қолға қызыл түсті штепсель жалғанады, сол қолға сары түсті штепсель жалғанады. ІІ стандарттық тіркемеде электродтар оң қол мен сол аяққа қойылады, оң қолға қызыл түсті, сол аяққа жасыл түсті штепсель жалғанады. IIIстандарттық тіркемеде электродтар сол қол мен сол аяққа қойылады, сол қолға сары түсті, сол аяққа жасыл түсті штепсель жалғанады. Жүректің электр осінің қалыпты жағдайында электрокардиограмма тісшелерінің ең биік мөлшері IIстандартты тіркемеде болады да, ең аласа тісшелер IIIстандартты тіркемеде болады.

Iстандарттық тіркеме миокардтың алдыңғы қабырғасындағы биотогін ұстап, анықталған өзгерістерді қағазға түсіреді.IIIстандарттық тіркеме миокардтың артқы жақ қабырғасының биотогын ұстап, өзгерістерін тіркейді.IIстандарттық тіркеме І-мен және IIIстандарттық тіркеменің қосындысы болғандықтан оның биотогының қай жерден шығатынын анықтаудың маңызы жоқ. Электрофизиологиялық тұрғыдан қарағанда қол мен қолдың, аяқ пен қолдың арасында өзіндік потенциал айырмашылығы болуы мумкін. Стандарттық тіркемелерде бұл айырмашылық ЭКГ элементтерінің мөлшеріне әсерін тигізуі мүмкін. Бұл кемшілікті күшейтілген бір полюсті аяқ қол тіркемелерін қолданып жоюға болады. Қол мен аяқтағы, не қолдардағы электродтарды бір өткізгіш арқылы қосса, потенциал айырмашылығы төмендеп, нольге жақындайды. Бұл қосылған электрод индиферентті электрод, ал қосылмаған бос элекгрод активті электрод деп аталады. Активті электрод қойылған қол немесе аяққа қарап, оң қолдың күшейтілген бір полюсті тіркемесі AVRдеп белгіленеді, (a-augemented, v-потенциал айырмашылығы, R- right- оң жақ) сол қолдың күшейтілгенбір полюсті тіркемесі AVL(1-left- сол қол); аяқтың күшейтілген тіркемесі AVF(foot- аяқ ) болып белгіленеді. АVR- оң қолдан, AVL- сол қолдан, AVF- сол аяқтантіркеледі. AVRжәне AVLтіркемеде миокардтың алдыңғы қабырғасындағы өзгерістер,AVFтіркемеде миокардтың артқы қабырға сындағы өзгерістер тіркеледі.

Көкірек тіркемелері.

ЭКГ-ны Вильсон әдісімен бір полюсті көкіректік тіркемелер арқылы тіркеу. Көкіректік немесе кеуде тіркемелері арқылы жүректің электр тогінің көлденең жэне сагитальды жазықтықтар бойынша таралуы жазып алынады. Бір полюсті кеуде тіркемелерінде екі қол және аяқтағы электродтар бір индиферентті электродқа қосылады да, активті электрод кеуде торының (сарайының) үстіне орналастырады. Кеуде тіркемелері V әрпімен белгіленеді де, қасына тіркеменің түріне қарай араб цифрі қосылады. Көкіректік электродтардың 6 позициясы: VI - тіркемеде активті электрод төстің оң жақ қырына 4 қабырға аралығына.

V2 - тіркемеде төстің сол жақ қырына 4 қабырғааралығына.

V3 - тіркемеде V2 мен V4 тіркемелері аралығына немесе сол жақ төс маңы сызығымен 4 мен 5 қабырғааралығы ортасына.

V4 - тіркемеде сол жақ бүғана орта сызығымен 5 қабырға аралығының қиылысқан жеріне.

V5 - тіркемеде сол жақ қолтық алды сызығы бойындағы 5 қабырға аралығына.

V6 - тіркемеде сол жақ қолтық орта сызығы бойындагы 5 қабырға аралығына қойылады. Кеуде тіркемелерінде активті электрод жүрекке жақын орналасқандықтан, бұл тіркемелер жүректегі патологиялық өзгерістердің орнын анықтауда басқа тіркемелермен салыстырғанда маңызды. VI, V2 тіркемелерінде қарыншалар аралық қалқа мен оң қарынша немесе жүректің оң жағының биотогі тіркеледі. V-3тіркемеде өтпелі аймақтың биотогі тіркеледі. V4 тіркемеде жүрек ұшы мен сол қарыншаның алдыңғықабырғасының биотогі тіркеледі,V5, V6 тіркемеде сол қарыншаның алдыңғы және бүйір жағының биотогі тіркеледі.

Қалыпты электрокардиограмма.

Электрокардиограмма жүрек бөліктерінің қозуын білдіретін тісшелерден тұрады. Тісшелер латын әрпімен белгіленеді; Р, Q, R, S, Т, U. Жоғары қарай бағытталған тісшелер оң тісшелер: Р, R Т, U.

Төмен қарай бағытталған тісшелер теріс тісшелер; Q, S.