- •Ауру анамнезі.
- •Қарап тексеру.
- •Шаш пен түктің өсу сипаты.
- •Тері асты май қабатының дамуындағы өзгерістер.
- •Сүйек пен буын және бұлшықеттердегі өзгерістер.
- •Ішкі секреция бездері патологияларын зертханалық зерітеу әдісі.
- •2. Ультрадыбыспен зерттеу. Удз.
- •3.Пункциялық биопсия.
- •5 . Радионуклидті зерттеу.
Тері асты май қабатының дамуындағы өзгерістер.
Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда май денеге біркелкі жиналады, гипофиз бен жыныс бездерінің қызметі өзгергенде май іштің төменгі жағына сан мен бөксеге жиналады. Иценко -Кушинг синдромында науқастың аяқтарына қарағанда беті мен тұлғасын май басады. Науқастың өте қатты арықтап жүдеуі тиреотоксикозда, сусамырда, гипофиз ауруында (Симмондс ауруында) жиі кездеседі, бұл гипофиз кахексиясы деп аталады.
Сүйек пен буын және бұлшықеттердегі өзгерістер.
Акромегалиямен науқастың аяқ, қол, бет, жақ және қас үсті доғалары сүйектерінің қатты өсіп ұлғаюынан, қаңқаның түрлі сүйектері бір біріне сәйкессіздеу , әрі оте қатты болып қалыптасады. Төменгі жақ сүйегі алға қарай шығыңқыланып, тістердің бір біріненалшақтауы байқалады. Қалқанша маңы безінің қызметінің жеткіліксіздігінде қанда кальций мөлшерінің азаюынан қол саусақтарындағы бүккіш бұлшық еттердің тонустық тырыспасы салдарынан ( акушер қолы) симптомы, бет бұлшық еттері құрысып (күлегеш кейіп), немесе (балық ауыз) сипмтомдары байқалады.
Сипалау арқылы терінің серпінділігін, құрғақтығын,ылғалдылығын, тері асты май қабатының даму дәрежесін, қалқанша бездің көлемін, тығыздығын, без үстінің яғни беткейінің сипатын, түйінді - түйінсіздігін анықтауға болады. Тиреотоксикозбен науқас терісі ылғалды, жылтыр, жұқа және ыстық болады. Гипотиреозбен науқас терісі құрғақ, қабыршақтанған, қалың, дөрекі, салқын әрі дымқыл болады. Гипопаратиреозбен науқас терісі ылғалды, салқын, ал қантсыз диабетпен науқас терісі мен кілегей қабықшалары құрғақ, акромегалиямен науқас терісі, тері асты май қабаты, кілегей қабатгары гипертрофияланған яғни қалың әрі дөрекі, қант диабетімен науқас терісі, кілегей қабаттары құрғақ әрі қабыршақтанған болады. Қалқанша безді пальпациялау үшін дәрігер екі қолының бүгілген саусақтарын төс - бұғана сүйір бұлшықеттердің артқы қырына тереңдете сұғып, бас бармақтарды оның алдыңғы қырына қоюы керек, осы кезде науқастың жұтынуын талап етсек, қалқанша без кеңірдекпен бірге қозғалып, саусақтардың арасымен сырғиды. Осылай сипалау тәсілі бездің көлемінің өзгерісін,жылжыма
л ылығын, механикалық әсерден ығысу мөлшерін, ауырсынуын, тамырлар дың соғуын анықтауға көмек береді.
Перкуссия.
Перкуссия көмегімен төстің артқы жағында орналасқан жемсауды, жүректің көлемін, шекарасын анықтауға болады.
Аускультация.
Аускультация тәсілі ішкі секреция патологияларында өзгеріске ұшырайтын жүрек тондарын, патологиялық озгерістер салдарынан пайда болатын жүректегі шуларды есту, анықтау үшін қолданылатын тәсіл.
Ішкі секреция бездері патологияларын зертханалық зерітеу әдісі.
1.Қанды жалпы клиникалық зерттеуге алудың - мақсаты қан құрамындағы қан жасушаларының саны мен сапасын анықтау.
2. Қанды биохимиялық зерттеу. Қанды биохимиялық зерттеуге алудың мақсаты; қан құрамындағы тиреоидты гормондар мөлшерінің деңгейін анықтау.
1.Қалқанша без қызметінің сенімді көрсеткіштерінің бірі қан құрамындағы бос тироксин ( сТ4), жалпы және бос трийодтиронин (оТЗ, сТЗ), және гипофиздін тиреотропты гормоны (ТТГ) мөлшерінің деңгейі анықталады. Қалқанша бездің функциональдық белсенділігін анықтайтын гормон Т4, себебі ол қалқанша безде түзіледі. Қазіргі уақытта қан құрамындағы гормондар деңгейі радиоиммунды, флюорометриялық «Аркус немесе Дельфия» әдістері, күшейтілген люминесценциялық «амерляйт» әдісімен тексеріледі. Қан құрамындағы гормондар деңгейі дәрмектер әсерінен өзгеруі мүмкін. Салицилаттар, бутадион, фуросемидпен емдегенде тиреоидты гормондар деңгейі төмендейді, керісінше кордарон, эстрогендермен емдегенде тиреоидты гормондар деңгейі жоғарылайды.
2. ТТГ -ң (гипофиздің тиреотропты гормоны) релизинг факторы «Тиролиберин» - мен функциональды сынақ жүргізу.
Бұл үшін таңертеңгілі уақытта қан құрамындағы ТТГ -ң деңгейі анықталады, анықталғаннан кейін науқас көк тамырына 500 мкг тиролиберин енгізіледі де, енгізгеннен кейін 30, 60, 90, 120 мин қан қайта тексеріледі. Егер 30 минутта қанды тексергенде ТТГ-ң мөлшері екі есе жоғарылаған болса - бұл біріншілік гипотиреоздың симптомы болып табылады, егер 90 мин. не 120 мин өткеннен кейін тиробилинге реакция анықталмаса, бұл науқаста тиреотоксикоз ауруының бар екендігін (гипофиздің қызметі қалыпты болған жағдайда) көрсетеді. Кейде гипофиздің тиреотроптық қызметінің патологиялық бұзылысынан, оның көк тамырға енгізіл ген тироли беринге жауабы баяу болады немесе болмайды. Бұл жағдайда екіншілік гипотиреоз туралы ой туады.
3. Қалқанша без қатерлі ісіктерінің диагностикасында қалқанша без малигнизациясының маркерлері тексеріледі: Қандағы тиреоглобулин деңгейін анықтау. Бұл әдіс қалқанша бездің қатерлі ісігімен науқасқа тағайындалған негізгі емнің барысын бақылауда маңызы үлкен. Тиреоглобулин деңгейінің жоғары болуы тиреотоксикоз, қалқанша без қатерлі ісігінің кейбір түрлерінен тән.
4. Тиреостимулдаушы немесе тиреодемберуші иммуноглобулинді (ТСИ) анықтау.
5.Тиреостимулдаушы иммунноглобулиннің деңгейін анықтау тиреотоксикоз ауруының диагностикасында рөлі үлкен.
5. Кальцитонин - қалқанша безге пункциялық биопсия жасалғаннан кейін немесе безге ота жасалғаннан кейін тексеріледі.
6.Тиреотосқауылдаушы (тежеуші) аитиденелерді анықтау (опр. тиреоблокирующих антител).Қан құрамында тиреотежеуші антиденелер деңгейінің жоғары болуы аутоиммунды тиреоидитке тән және оның деңгейін анықтау аутоиммунды тиреоидит пен эндемиялық жемсау арасында, тиреоидиттің гипертиреоидты фазасымен тиреотоксикоз арасында диф.диагностикасын жүргізу үшін тексеріледі.
7. Тиреоглобулинге қарсы - антитиреоидты антиденелерді анықтау. Бұлар қалқанша бездің аутоиммундыпатологияларының диагностикасында қолданылады.
8. Қан құрамындағы гормондармен қатар белок, холестерин, глюкоза мөлшері тексеріледі.
3. Несепті жалпы клиникалық зерттеу; мақсаты - несептің физикалық қасиеттерін, белоктың мөлшерін, микроскоппен тексергенде патологиялық элементтердің бар жоқтығын анықтау.
4.Скрининг әдісімен несептегі иод мөлшерін анықтау. Скрининг әдісімен несептегі йод мөлшерін анықтау: егер несептегі йод мөлшері 1 г. креатининге есептегенде 10 мг процент немесе 50 мг-н кем болса, бұл организмде йод жетіспеушілігінің жеңіл дәрежесі, егер 5 мг проценттен кем болса, бұл йод жетіспеушілігінің орташа дәрежесі, егер 2 мг проценттен кем болса - бұл эндемияның ауыр дәрежесі болып саналады.
Аспаптармен зерттеу.
1. Рентгенологиялық зерттеу. А). Төстің артқы жақ кеңістігінің рентгеноскопиясы. Рентгеноскопия төстің артқы жағында орналасқан жемсауды және көлемі үлкен жемсауда кеңірдек пен өңештің тарылу, ығысу деңгейін анықтауда үшін қолданылады.
Б). Бассүйекті рентгенографияға түсіру. Бас сүйегінің рентгенографиясы гипофиз аймағында орналасқан адемоманы анықтау үшін жүргізіледі.
В). Тиреоидолимфография. Рентгенографияның бұл әдісі қалқанша без қатерлі ісігінің диагностикасында және шеткі аймақтық лимфа түйіндердің жағдайын анықтауда қолданылады.
Г). Кардиоангиография.Ренгенографияның бір түрі кардиоангиография көмегімен жүрек және жүректің ірі қан тамырларының көлемі тексеріледі.
