Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМҚ-503 ЕДШ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

1)Денсаулық. Денсаулықтың физикалық,психикалық, рухани сипаттамасы?

2) Жүрек аурулары кезінде қолданылатын емдік тамақтану?

3) Сөс қалыптастыруда жанұяның рөлі?

1) Адамдардың денсаулығы дегеніміз - оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дұрыс дамып, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы болып табылады.Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады. Физикалық денсаулық-адам организмінің мүшелер мен мүшелер жүйесінің жағдайын,даму деңгейін,функционалды мүмкіндігін,қоршаған ортаның әр түрлі факторларына бейімделу деңгейін көрсетеді. . Психикалық денсаулық – ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды. Рухани денсаулық — ол адамдардың ақпаратты қабылдау қабілеттілігі мен түрткілік (мотивациялық) іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың сипаттамасын көрсетеді.

2) Емдәм № 10.Емдәмнің мақсаты қан қысымын жақсарту, жүрек тамырларының жұмысың, бауыр, бүйрек, зат алмасуды қалпына келтіру. Жалпымінездеме:-Майлар мен көміртегі арқылы калорияны төмендету. Жүрек тамырларын және нерв жүйесін қоздыратын, бауыр мен бүйректің қабынуына әкеп соғатын, ішкі құрылысты желдендіретін заттарды азайту. Құрамында калий, магний бар тағамдарды мол пайдалану (сүт, көкөніс, жеміс). Қиын қортылатын тағамдарды пайдаланбау.

3) Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Ата-ана ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеу үшін мінез-құлқын тәрбиелеуі керек.

Адан уулу Азамат

№1 сұрақ.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндеттері?

№2 сұрақ.

Сауықтырудың дәстүрлі емес әдісі?

№3 сұрақ.

Тыныс алу мүшелері ауруларында жүргізілетін емдік тамақтану?

Жауап:

1) «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын жақсарту болып саналады.

  • Негізгі міндеттері:Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;

  • Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;

  • медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту

2) Сауықтырудың дәстүрлі емес әдісі:

  • Иванов әдісі:Су кез келген тірі организмді құрайды. Сол себепті, судың көмегімен жүргізілетін іс шаралардың емдік әсері жоғары. ТМД елдерінде Иванов әдісі бойынша салқын суға шомылу танымал.

  • Инемен емдеу: Акупунктура (лат. acus – инежәнеpunctura – егу), чжень-цзю терапия, игнипунктура (лат. іgnus – от) – дененіңжұмсақтіндерініңбелгілібірнүктелерінеарнайыжасалғанинелердішаншуарқылыемдеуәдісі. ИнеменемдеудіңшығутарихыҚытай, Корея, Жапонияелдеріндегіежелгі (дәстүрлі) медицинаныңдамуыментікелейбайланысты.

  • Аюрведа: Науқастарғахимиялықдәрідәрмектердітағайындамайтын, көне медицина ғылымы.

3) Тыныс алу мүшелері ауруларында жүргізілетін емдік тамақтану

Диета №11 стол.науқасқа диетотерапияны организмнің иммунологиялық реактивін жоғарлатуға бағытталған,қабыну процесін тез жою,интоксикацияны төмендету,жүрек-қан тамыр және асқорыту жүйесі мүшелерінің,бүйрек функциясын жеңілдету мақсатында қолданады.

  • Ұсынылатын тағамдар мен азық-түліктер:Нан,нан-тоқаш өнімдері.Ақ нан,кептірілген нан,печенье,бисквит.Көжелер.Ет сорпасынан.Ет және балық тағамдары.Сиыр,бұзау,құс еттерімен котлет,қайнатылған балық.Сүт,сүттен жасалынатын тағамдар.Сүт,тәтті айран,қаймақ,ірімшік.Жұмыртқа тағамдары.Қуырылған және суда піскен жұмыртқа.Көкөніс тағамдары.Қайнатылған және ұсақталған көкөністер

Пневмония кезінде 1 күндік ас мәзір.

Тәңертеңгі ас 8ººде

Сүттен жасалған ботқа .1 стакан сүттен жасалған шай немесе кофе

11ººде

1 стакан жемісті кисель немесе малинаға 1 шай қасықта бал араластырып жеу.

Түскі ас14ººде

200 мл дәнді дақылдармен ет қосылған сорпа.70 гр картошкадан дайындалған пюре.100 гр нан аспайтын қуырылған балық.Сүтпен жасалған шай немесе кофе.

17ººде

200 гр жеміс пюресі,1 стакан кисель

Кешкі ас 20ººде

100 гр творог,1 стакан итмұрын,100 гр шоколад

Ұйықтар алдында 1 стакан сүт

Тәулік бойы 150-200гр нан,шекер және май қалауы бойынша

Утепов Нүркен