Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
srs.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48 Кб
Скачать
☆

1. Лауазымдық міндеттері

      4. Парамедик:       1) жұқпалы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимнің, асептиктердің, сақтаудың, өңдеудің, зарарсыздандырудың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың ережелерін сақтауға);       2) дәрігердің, орта медицина қызметкерінің нұсқаулары бойынша, ал олар жоқ кезде - өздігінен шақырту орнында және жол бойы пациенттерге медициналық қызмет көрсетудің барлық процесстерін орындауға (пациенттің жай-күйін бағалауға, алынған деректерді талдауға, науқастардың және зардап шеккендердің ағзасының тіршілік етуін қолдау үшін негізгі жедел медициналық манипуляцияларды жүзеге асыруға, стационарға қазіргі заманғы тасымалдауды ұйымдастыруға);       3) дәрігердің, орта медицина қызметкерінің нұсқаулары бойынша, ал олар жоқ кезде - аталған жай-күй кезінде белгіленген іс-қимыл тәртібіне сәйкес пациенттерге өмірлік айғақтары бойынша өздігінен дәрілік препараттарды, шокқа қарсы (анафилактикалық шок кезінде) заттарды енгізуге, қажеттілігіне қарай көліктік мобильдендіруді қамтамасыз етуге;       4) дәрігердің орта медицина қызметкерінің нұсқаулары бойынша, ал олар жоқ кезде - өздігінен медициналық манипуляциаларды өткізу кезінде немесе жол бойында туындаған, пациенттерде айқындалған барлық жіті асқынулар мен аурулар туралы диспетчерге және ауысымның бас дәрігеріне хабарлауға;       5) дәрілік препараттардың дұрыс сақталуын, есепке алынуын және есептен шығаруын қамтамасыз етуге;       6) пациенттердің мүддесі үшін әріптестерімен және басқа қызметтің қызметкерлерімен өзара әрекет етуге;       7) бекітілген медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуге;       8) өзінің кәсіптік біліктілігін жүйелі түрде жоғарылатып отыруға міндетті.

2. Құқықтары

      5. Парамедиктің:       1) дәрігердің орта медицина қызметкерінің нұсқаулары бойынша, ал олар жоқ кезде - өздігінен жедел жағдайларды диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес айқындалған емдеу манипуляцияларын жүргізуге;       2) өзінің кәсіби міндеттерін нақты орындау үшін қажетті ақпаратты алуға;       3) қажеттілігіне қарай аға фельдшерден санитариялық көлікті жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, күтіп-қарау нысаналарымен және өзінің функционалдық міндеттерін сапалы орындау үшін қажетті т.б. қамтамасыз етуді талап етуге;       4) бекітілген тәртіппен өзінің біліктілігін жоғарылатуға, атқарып отырған лауазымға сәйкестігін растау мақсатында аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өтуге құқығы бар.

3. Жауапкершілік

      6. Парамедик:       1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен айқындалған шекте - осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін;       2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық кодекстерінде айқындалған шекте - өзінің міндетін жүзеге асыру процесінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін;       3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық кодекстерінде айқындалған шекте - материалдық шығын келтіргені үшін жауапты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]