Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.2. Газдық күшейткішсіз ионизациялық тіркеу әдістері.

1.2.1. Газдардағы электрондар мен иондардың қозғалысы .

Бөлшектердің энергиясын нақты өлшеу үшін барлық түзілген электрондар

мен иондар камераның электродтарына жетуі қажет. Соңғысы әрқашан жүзеге

аса бермейді, өйткені электрондар мен иондар электр кернеулігі сызықтарының оның бойымен қозғалуымен қатар үздіксіз, тәртіпсіз жылулық қозғалыста болады, мұның барлық өзі заряд тасушылардың сәйкес электродтарға жиналуына кедергі жасайды. Сонымен қатар, электрондардың молекулалармен өзара соқтығысулары кезінде теріс иондар түзілуі, рекомбинация және соққы әсерінен ионизациялану процестері жүреді. Барлық бұл құбылыстар –диффузия, рекомбинация, теріс иондардың түзілуі- орташа ток пен импульстің шамаларын өзгертеді. Келтірілген құбылыстардың маңызды мәнге ие екендігін токтың зарядталған бөлшектермен сәулеленетін камераға түсірілген кернеуге тәуелдігі нақты көрсетеді (1.1-суретте көрсетілген). U0 кернеу тудырған Ι аймақта туындаған барлық электрондар мен иондар электродтарға толық жете алмайды, ал ΙΙ аймақта рекомбинация мен диффузия процестері әлсіз болғандықтан заряд тасушы бөлшектер электордтарға толықтай жетеді. Кернеуді одан әрі ұлғайтатын болсақ, екінші реттік ионизацияның туындауы нәтижесінде токтың кескін ұлғаюына алып келеді.

1.1-сурет

Вольт-амперлік сипаттамада ток тұрақты болатын аймақтың ұзындығы камераны толықтыратын газға, қысымға, температураға, иондалу тығыздығына тәуелді. Қысым жоғары, ионизацияның тығыздығы үлкен, әсіресе электрлік теріс иондардың түзілу мүмкіндігі жоғары газдармен камера толтырылған жағдайда вольт-амперлік сипаттамадағы ΙΙ-аймақ болмауыда мүмкін. Бұл аймақтың жоғарғы шекерасы электрондардың екі соқтығысу аралығында газ молекулаларын иондалуыға жеткілікті энергияға ие болатындай кернеулікпен анықталады. Осы аймақтың төменгі шекарасы диффузия мен рекомбинация процестерінің дәрежесімен анықталады. Диффузия, рекомбинация және теріс иондардың туындау процестерінің туындау механизмдерін қарастырайық [4].

Электрондар мен иондардың диффузиясы. Электрондар мен иондар, газдың молекулалары секілді, осы түрдегі бөлшектердің концентрациясы төмен болған бағыты бойымен қозғалады. Мұндай «орташа қозғалыс» диффузия коэффициентімен сипатталады. Диффузия коэффициенті- бұл бөлшектердің берілген түрі үшін тұрақты шама болып, осы бөлшектердің берілген бағытындағы ∂2n/∂x2 тығыздығының өзгеру жылдамдығы ∂2n/∂t2 мен көлем бірлігінде бөлшектердің уақыт бойынша өзгеруі ∂n/∂t арасындағы қатынасты сипаттайды, яғни

(1.1)

Диффузия коэффициентінің өлшемі бар [см2/сек]. Статистикалық физикада белгілі болғандай, диффузия коэффициенті D бөлшектің орташа еркін жүру λ ұзындығы және соқтығысулар арасындағы орташа жылдамдық υ-ға тікелей байланысты. Бұл байланыс, егерде λ шамасы υ шамасына тәуелді болмса және бөлшектердің соқтығысулары кезінде шашыраудан соң олардың бұрыштар бойынша таралуының мүмкіндіктері бірдей болса, өте қарапайым түрге ие болады. Бұл қатыснас

D= немесе D= , егер λ= (1.2)

Мұнда, λ0 –бірлік қысым кезіндегі орташа еркін жүру жолы, р-қысым, λ=λ0/p. Диффузия коэффициентерінің шамасы ауыр иондар мен электрондар үшін әртүрлі мәнге ие болды. Алайда ол айырмашылық олардың тек абсолют мәндерінде ғана емес. Ауыр оң және теріс иондар үшін диффузия коэффициентерін сыртқы электр өріске тәуелсіз деп есептеуге болады, себебі сыртқы электр өрісі әлсәз болса, газ молекулалары мен иондарының қозғалысы жылулық қозғалыс ретінде бірдей болады. . Егерде иондардың энергиясы сыртқы өріс есебінен аз өзгерсе, онда λ0 және υ шамаларының мәні де аз өзгереді. Электрондар үшін жағдай басқаша болады. Серпімді соқтығысу нәтижесінде электрондар өз энергиясының аз үлесін жоғалтатын болғандықтан электр өрістегі электрондардың орташа энергиясы электр өрісінің кернеулігіне тәуелді болады, сондай-ақ электрондар үшін λ шамалары олардың υ жылдамдығына тәуелді болады.

Қысым p=1атм және температура 150С күйдегі иондар үшін диффузия коэффициентінің мәндері 1.2- кестеде келтірілген. Температура артқанда орташа жылдамдықта артады, сондықтан D коэффициенті ұлғаяды Қысымның төмендеуі кезінде λ артады, бұл да D коэффициентінің артуына әкеп соқтырады. 1.2-кестеден көрініп тұрғандай, оң және теріс ауыр иондардың диффузия коэффициентері онша ерекшелене бермейді. D+ және D- шамаларындағы айырмашылық атомында оң және теріс зарядтардың әртүрлі орын алмасуын байланысты болуы мүмкін.