- •Жылқы өнімінен жасалатын ұлттық тағамдарын дайындау технологиясы, гигиенасы және ветеринариялық санитариялық сараптау. Қазақтың ұлттық тағамдары
- •Қазы-қарта және оларды айналдыру
- •Қазы мен қартаны ветеринариялық-санитариялық сараптау
- •Органолептикалық әдістер
- •Зертханалық зерттеулер
- •Қышқылдық ортаны ( рн) – анықтау
- •3. Стандарттың талабы бойынша өнімге сәйкес қазы мен қарта технохнохимиялық анализ жүргізу Мора әдісі бойынша натрий хлорид мөлшерін анықтау
- •Пероксидазаны анықтау
- •Сорпадағы белоктардың ыдырауынан пайда болған өнімдерді анықтау
- •Эбер әдісі бойынша аммиакты анықтау
Қазы мен қартаны ветеринариялық-санитариялық сараптау
Қажетті құрал-жабдықтар: Сапасы әртүрлі қазы, қарта сынамалары, микроскоп, 0,2%- бензидин ерітіндісі, 1%-сутегінің асқын тотығы, 5%-CUSO ерітіндісі, 0,14 азот қышқыл күміс ертіндісі, 5%-хром қышқыл калий ерітіндісі, Несслер реактиві, 10%- сірке қышқыл қорғасын ерітіндісі, 200-250 мл-лік колбалар, цилиндр 15-100 мл-лік, сүзгіш қағаз, пинцет, скальпель, Михаэлис компараторы, грам әдісімен бояуға арналған реактивтердің жиынтығы.
Органолептикалық әдістер
Қазы
А) қабықшаның жағдайы: сырты таза, бүтін, кірленбеген, кілегейсіз, көгермеген, ақшыл-сұр түсті.
Б) қабықша астындағы қазының жағдайы: түсі қою-қызыл, көгеру белгілері жоқ, кілегейсіз, таза, майының түсі ақшыл немесе сары.
В) кескендегі түрі- түсі: боялуының біркелкілігі мен дақтардың бар жоқтығына көніл аударады.-
Сапалы өнімнің түсі: қызылдан қою-қызылға дейін біркелкі боялған дақсыз, майының түсі ақшыл сары, сарғыш немесе қоныр.
Г) консистенциясы. Сапалы өнімнің консистеннциясы – тығыз, тері асты майы қоймалжың немесе тығыз.
Д) Иісі. Сапалы өнімнің иісі – жағымды, балауса тұздалған өнімге тән, дәмдеуіштер қосылған.
Қарта
А) Сыртқы түрі- таза, кірленбеген, көгермеген, кілегейсіз, геморрагиялық қабыну процестері жоқ; кілегей қабықша жағындағы қатпарларының түсі- қызғылт ; сірілі қабықша жағының түсі қызыл-сұр ; ішек түтігіндегі май ұлпаларының түсі: ақшыл- сары, сары.
Б) Консистенциясы- жұмсақ, майының консистенциясы – қоймалжың.
Зертханалық зерттеулер
Бактериоскопия- боялу деңгейі; микроорганизмдер саны.
Зерттеуге арналған қазының сыртын спиртовкада күйдіріп , стерилденген қайшымен мөлшері 2,0 х 1,5 х 2,5 см бір кесек ет кесіп алып, төсеніш шыныға жұғын-таңба жасалады. Препаратты ауада кептіреді, жалынға үстап бекітеді Грамм әдісі бойынша бойды да, микроскоп арқылы зерттейді.
Сапасы жақсы өнім- әлсіз боялған беткі қабатында бір-екі коккилер мен таяқшалар .Терең қабатынан дайындалған жұғындыда микробтар кездеспейді.
Сапасы күмәнді- анық боялған, беткі және терең қабатынан дайындалған жұғындыда микроптар саны 10-30-ға дейін.
Сапасы нашар болғанда- қою боялған препараттың көру аймағында микроптар саны 30-дан артық болады.
Дайындалған өнімдерден (қазы, қарта) судың сығындысын дайындау және оларды зерттеу.
Қышқылдық ортаны ( рн) – анықтау
РН-анықтау үшін еттің сөлін дайындау керек (1:4). Ол үшін 20 гр сынаманы ұсақтап турап езгілеп, оған 80 мл су құйып, жақсылап араластырады да, біраздан соң (15 минут) сүзіп алады. Сүзілген қазының сөлі (фильтрат) тұнық болуы керек. Дайын болған қазының сөлін РН-пен пероксидазаны анықтауға қолданады. РН-ты Михаэльс компораторы арқылы анықтайды.
Ол үшін 1 пробиркаға 6 мл қазының сөлі және 1 мл индикатор паранитрофенол құйып жақсылап араластырады, ал 2 пробиркаға 3 мл қазының сөлі құйылады, басқа ештеңе қосылмайды. 1 пробирканы компаратордың бірінші қатарындағы ортаңғы қуысына қояды. Оның екі жақ шетіндегі қуысқа стандартты ерітіндісі бар пробиркалар қойылады.
2 пробирканы екінші қатарға стандартты ерітіндінің артына қояды. Олардың түрін салыстыру арқылы РН-тың шамасын анықтайды.
Сапасы жақсы өнімнің РН- шамасы 5,8 - 6,4 болу керек, сапасы күмәнді 6,5 - 6,6, сапасы нашар 6,7 және одан да жоғары болады.
