Диагностикасы
Негізгі және қосалқы диагностикалық шаралардың тізімі.
Жоспарлы госпитализацияға дейінгі міндетті диагностикалық шаралар:
офтальмолог- дәрігермен кеңес;
визометр;
көздің биомикроскопиясы ;
офтальмоскопия;
эхобиометрия;
тонометрия;
кераторефрактометрия;
ИОЛ есептеу
Көз жасы жолдарын жуу;
ЛОР, стоматолог, терапевт;
Тарм маман иелерінен кеңес алу (эдокринолог, кардиолог, фтизиатр және т.б.);
Клинико-лабораториялық зерттеу (жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, нәжісті гельминттерге зерттеу, коньюктива қуысынан бак,анализ алу, ЭКГ, коагулограмма, биохимимялық қан анализі, АИВ –на қан анализі, гепатит маркерлеріне анлиз тапсыру.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
Офталмолог- дәрігерден кеңес;
Визиометрия;
Биомикроскопия;
Офтальмоскопия;
Тонометрия;
Эхобиомтерия;
Кераторефлектометрия;
ИОЛ есептеу.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
А-В сканирлеу ;
ЭФЗ
Ультрадыбыстық биомикроскопия;
Тор қабықтың морфометриялық анализі;
Периметрия;
Гониоскопия;
СЭ микроскопия;
Пахиметрия;
Толқындық фронтты зерттеу;
Контрасттық сезімталдықты зерттеу.
Катарактаны зерттеудің негізгі ақпараттық әдісі болып- көз түбін зерттеу табылады. Мұндай зерттеу кей жағдайда белгілі өзгерістерді лезде анықтап береді. Одан да терең зерттеу- жарықтық ( саңылаулық) лампа- биомикроскопия арқылы жасалады. Бұл жағдайда жарық бағыттал,ған түрде түседі және ұлғайтып көрсетеді. Оның жарық сәулесі саңылау тәрізді.
Тексеріс нәтижесі бойынша: вазометрия - коррегирленген және коррегирленбеген көру өткірлігінің төмендеуі; биомикроскопия: көз бұршағы түрлі интенсивтілікте бұлыңғырлануы, көзде дистрофиялық өзгерістредің болуы, ісінген катаракта кезінде көз алмасында иньекция, қасаң қабықтың ісінуі, кіші алдыңғыкамера; офтальмоскопия- көз бұршағы түрлі интенсивтілікте бұлыңғырлануы салдарынан көз түбі көруге мүмкін емес; гониоскопия- алдыңғы камера бұрышының іртүрлі деңгейде ашық болуы байқалады
Ажыратпалы диагностика [1]:
Ісіктер |
Көз бұршағы мөлдір, көз бұршағы артында ақ түсті тамырланған түзілістер бар |
Тор қабықтың сыпырылуы , шалатуған балалардың ретинопатиясы |
Көз бұршағы мөлдір, офтальмоскопия кезінде – тор қабық сыпырылған, фиброзды өзгерген, қысқарған. |
Персистирлеуші 1-лік шыны тәрізді дене |
Шыны тәрізді денеде витреоретинальді ауырлық анықталады, ДЗН фиксирленген. |
Коатс ауруы |
Макулярлы зонада субретинальді дистрофиялық ошақ, тор қабықтың экссудаивті сыпырылуы. |
Торлы қабаттың көлемді колобомасы |
Артқы кесіндіде түрлі дәрежедегі ұзақтықтағы торлы қабат ақауы |
Көз ішілік қабыну(токсоароз, метастатикалық эндофтальмит) |
Артқы кесіндідгі анық шекаралары бар хориоретинальді ошақ, қабыну кезінде қалыңдаған,перифокальді қабынумен ,шыны тәрізді денедегі экссудациямен. |
Емі :
Емнің негізгі мақсаты: көру бұзылысы симтомдарын жақсарту тиісті рефракциялық нәтижелерге қол жеткізу, физикалық, психикалық жағдайын жақсарту.
Консервативтік ем – эффективтілігі жоқ, тек катарактаның бастапқы кезеңдерінде ғана әсер етуі мүмкін және операция жасауға болмайтын жағдайданемесе операцияға дайындық ретінде қолданылады.
Хирургиялық ем - катаракта емінің ең негізгі әдісі болып табылады.
І) Консервативтік ем [1] :
-Таурин : 10мл -2 там* 3 рет күн;
-Витаминдік тамшылар: 15мл 2 там*3/5 рет күн;
-Цитохром С, аденозин, никотинамид :15 мл 2 там* 3рет күн ай бойы ;
-Натрий азапентацен полисульфанат:15 мл 2 там* 3рет күн 1 ай бойы.
ІІ) Хирургиялық ем[ 3] :
ИОЛ -мен немесе ИОЛ имплантациясынсыз катарактаның экстракапсулярлы экстракацясы ;
Факоэмульсификация;
Көз бұршағаның артқы капсуласының бұлыңғырлануы орын алған жағдайда –кіші жастаға балаларға факоэмульсификация және капсулорексис жасалады.
Катарактаның факоэмульсификациясы – тігіссіз хирургиялық емнің ең қауіпсіз және тиімді түрі.
Факоэмульсификацияның физикалық қағидалары- ультрадыбыстың көмегімен көз бұршағы затын бұзу, сұйықтықтың үнемі ағуын қамтамассыз ету.
Факоэмульсификация тиімділігі: тігістерді қажет етпейтін кіші мөлшердегі кесу, астигматизм индуцирленуінің минимальді деңгейі, ИОЛ қою тез әрі қауіпсіз, геморрагиялық асқынулары жоқ, қыықа уақыт ішінде жоғары көру өткірлігіне қол жеткізу, қыса уақытта сауығу және жүктемені шектеу.
Қасаң қабықты 2,2мм кесу :
Капсулорексис Факоэмульсификация кезеңдерінің бірі:
Факоэмульсификация кезіндегі факофрагментация әдісі :
Көз бұршағы заттарын аспирациялау және ИОЛ имплантациясы
Интракапсулярлы түрле ИОЛ енгізу
