Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
(3-5 жас) балалармен мерекеле.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237 Кб
Скачать
☆

Кіші және орта жастағы балаларды би және музыканы тыңдауға оқытуда музыка жетекшілерінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастырудың заманауи әдістері мен нысандары

Барлық балалар музыканы тыңдауды, ән айтуды, әнге билегенді ұнатады. Баланың сүйікті әнін, музыкалық іс-әрекеттің түрін ерекшелеу бір қарағанда мүмкін емес болып көрінеді. Дегенмен де, баланың жеке табиғатын бақылау үдерісінде педагог тәрбиеленуші үшін іс-әрекеттің қай түрі барынша тартымды, сүйікті және қызықты екендігін байқай алады.

Тыңдау балалардың музыкалық іс-әрекетінің түрі ретінде.

Музыканы тыңдау – музыкалық-көркемдік іс-әрекеттің кеңінен таралған түрі.

Музыкалық шығарманы тыңдау үдерісінде оның музыкалық-көркемдік қабылдауы жүзеге асырылады. Мектеп жасына дейінгі бала музыканы қалай тыңдайды? Мектеп жасына дейінгі балалар музыкалық шығармаларды толыққанды көркем қабылдай алады? Ересек адам мен баланың музыкалық қабылдауы ерекшеленеді ме? Осы сұрақтарға жауап берейік.

Сонымен, ересек пен баланың музыкалық қабылдауында қандай жалпы және ерекше белгілер бар?

Музыкалық қабылдау, ең алдымен, арнайы тыңдау үдерісінде дамиды. Музыканы арнайы тыңдау, музыкалық тәжірибенің жинақталуы музыкалық талғам, музыкалық мәдениетті, сондай-ақ адамның музыкаға деген махаббатын қалыптастырады.

Е. В. Назайскинский пікірінше, бір-бірінен ерекшеленетін екі үдеріс бар: музыканы қабылдау және музыкалық қабылдау. «Музыкалық қабылдау өнер ретінде, шынайылықты көрсету ерекше нысаны ретінде, эстетикалық көркемдік феномен ретінде музыканың мәнін түсінуге бағытталған қабылдау болып табылады». Музыканы қабылдау – есту органына әсер ететін және естілетін нәрсе».

Музыкалық қабылдау көркемдік қабылдаудың бір түрі ретінде – танымда көркем шығармалықты жай ғана көрсету емес, шығарма авторымен қабылдаушының серіктестігінің күрделі үдерісі. Шығарма авторының қызметінен көркемдік қабылдауының ерекшелігі «кері бағытта – нәтижені қабылдаудан (шығармадан) шығармаға салынған идеяға қарай жылжиды». Қабылдау өнімі «автор ойластырған идея және бейнемен сәйкес келетін және сәйкес келмейтін «екінші ретті» бейне және мәнге айналады.

Мектеп жасына дейінгі бала – тыңдаушы: мінез-құлық сипаттамасы.

Өзіңізді балалық шақ кезіңізде немесе өз тәрбиеленушілеріңіздің балалық шағын есіңізге түсіріңіз. Музыкалық іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне сіздің немесе сіздің балаларыңыздың қатысуы бірдей болды ма, әлде бір іс-әрекет барынша тартымды болды ма: музыканы тыңдау немесе ән айту, билеу, музыкалық аспаптарда ойнау? Немесе шығарма жазу?

Мұндай талғамдылықтың мәні неде? Неліктен бір балаларға ән тыңдау, басқа балаларға ән айту ұнайды?

Ең алдымен, талғамдылық баланың белгілі бір психотипімен, оның психологиялық ерекшеліктерімен байланысты.

Баланың бірегей табиғатын сүйікті музыкалық іс-әрекет – тыңдау арқылы ашып көрейік. Барлық жіктеу секілді мектеп жасына дейінгі бала – тыңдаушының мінез-құлқының сипаттамасын құрудың шартты сипаты бар.

Бала-тыңдаушы қандай психологиялық ерекшеліктермен ерекшеленеді?

Бала-тыңдаушы – бұл, бірінші кезекте, тыңдағанды және естуді (түсінетін, уайыммен бөлісу) жақсы көретін бала. Тыңдау аясына тек музыка ғана емес, әдебиет, театрландырылған іс-әрекет, ойын, әңгімелесу кіреді. Бұл бала – әсер алушы, әсер, эмоцияны жинақтаушы. Мұндай бала зерек болып келеді. «Ол өте алғыр бала, өте сезімтал», - дейді анасы. Немесе: «Ол өте сондай әсерленгіш, өткен аптада театрға бардық, ол әлі күнге дейін әсерде жүр, Шерткіш пен тышқан патшасын» ұмыта алмайды, үнемі музыканы есіне түсіреді ... бір нәрсені қайта-қайта сала береді».

  1. Неліктен музыканы тыңдау іс-әрекетін мектепке дейінгі жаста басым бағыт деп аталады?

  2. Мектепке дейінгі жаста музыкалық қабылдаудың толыққандығын анықтайтын факторларын атаңыз.

  3. Балалардың тыңдау іс-әрекетінде шығармашылықтың мәні неде?

  4. Бала-тыңдаушының мінез-құлықтарын атаңыз.

  5. Педагог музыканы тыңдайтын бала музыкалық тұрғыда дамитындығына ата-аналарды қалай көндіре алады?

Ырғақты қозғалыс үдерісінде музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдарды қолдану.

Балалардың музыкалық іс-әрекеттің бірі ырғақты қозғалыс болып табылады.

Қозғалудың жүйелі сабақ барысында балалардың музыкалық-есту қабылдауы дамиды. Балаларға қозғалыстарды нақты орындау үшін үнемі музыканы тыңдауы керек.

Музыкалық-дидактикалық ойындарда балалар еліктейтін ойыншықтар қолданылады. Қозғалыстарды жаттаудың ойын нысаны ырғақты суретті дұрыс орындауға көмектеседі. Хоровод, биді жаттау кезінде дыбыс шығаратын ойыншықтарды және музыкалық аспаптарды қолданған жөн.

Егер би қозғалыстарының элементтеріне оқыту музыкалық-дидактикалық ойындарды шығармашылық тапсырмаларды орындаумен үйлестірген кезде балалардың музыкалық-ырғақты іс-әрекеті барынша табысты өтеді.

Тәрбиешінің бала ойынындағы рөлі маңызды: балаға бағыт береді, ойынға қатысушылардың өзара қарым-қатынасын бақылайды. А.С.Макаренко: «мен педагог ретінде олармен ойнауым қажет. Егер мен тек үйрету, талап ететін болсам, оларға кедергі боламын, пайдалы боламын, бірақ жақын болмаймын. Мен кішкене ойнауым керек, мен өзімнің әріптестерімнен соны талап етемін» деп жазған.

Тәрбиеші музыкалық-дидактикалық ойынға белсенді қатысқанда, оның толық қатысушысы болған кезде музыкалық-дидактикалық ойындарға оқытудың нәтижелілігі көрінеді. Ойын барлық балаларды, соның ішінде белсенділігі төмен балаларды да өзіне тартуға, жақындатуға көмектесетін іс-әрекеттің нысаны.

Музыкалық ойындарды ұйымдастыра отырып, балаларға барынша дербестілік беру қажет. Тәжірибе көрсеткендей, балаларға неғұрлым сенімділік білдірсеңіз, олар соғұрлым берілген тапсырманы бар ықыласпен және адалдықпен қарайтын болады.

Музыкалық-дидактикалық ойындар құралдарға қарағанда белгілі біл ережелердің, ойын іс-әрекеттері немесе сюжеті болады.

Музыкалық-дидактикалық құралдар көру көрнекілігін (жылжымалы элементтері бар суреттер, үлестірме қағаз) білдіреді.

Музыкалық дыбыстардың ерекшеліктерін ажыра алу (жоғарылығы, динамикасы, тембр) музыкалық-сенсорлық қабілеттіліктер негізінде болады.

Музыкалық-сенсорлық қабілеттіліктердің дамуы балалардың есту назарын белсендіру, музыка тілінің алғашқы бағдарын жинақтау құралдары болып табылады.

Ойындар мен құралдардың әртүрлі жіктемесі болады. Мәселен, Н.А.Ветлугина музыкалық-сенсорлық қабілеттіліктерді дамыту үшін ойындарды үстел үсті, қимылды және топтық деп бөледі.

Кейде ойындар мен құралдар музыкалық іс-әрекет түрлерінің негізінде бөлінеді.

Л.Н. Комиссарова музыкалық қабылдауды дамыту үшін музыкалық-дидактикалық құралдарды үш топқа бөледі. Музыка түрін, бейнешілдігін және музыкалық мәнерлілігін ажыра алу үшін бөлінеді.

Музыкалық сезімді дамыту үшін ойындар мен құралдар таныс әуенді тануға, музыка сипаттамасын айқындауға, жанрларды ажыратуға көмектеседі. Бұл жерде ойын мен құралдардың түрлері қолданылуы мүмкін. Лото түріндегі үстел үсті ойындары, мұнда әуеннің сәйкес суретін бекітеді, қимыл ойындарын, сюжетті және сюжетті емес ойындар қолданады, балалар жанрлардың ауысуымен, музыка сипаттамасымен кейіпкерлердің қимылдарымен келістіреді.

Жоғары дыбысты қимылдарды ажырату және қайталаумен байланысты музыкалық-есту қабілеттіліктерін дамыту үшін ойындар мен құралдар.

Балаларға әуенді дауыспен немесе музыкалық аспапта жаңғыртуды қамтитын ойындар ұнайды.

Музыкалық-есту қабілеттіліктерін белсендіру үшін музыкалық-дидактикалық құралдар, үстел үсті және топтық ойындар қолданылады.

Әртүрлі құралдардың көмегімен жоғарылығы бойынша дыбыстарды модельдеу есту, көру және балалардың қимылдарын біріктіре отырып, музыкалық-есту қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді.

Ырғақ сезімін, музыкалық ырғақтың эмоционалдық мәнерлілігін сезіну және оны дәл қайталау қабілеттіліктерін дамыту шапалақтау, музыкалық аспаптарда, қимыл-қозғалыс көмегімен әуенді ырғақпен қайталаумен байланысты музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдар қолданылады.

Ырғақ пен музыка сипаттамасын қимыл-қозғалыс арқылы жеткізу үшін ойынның барлық түрлері қолданылады.

Сонымен, музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдар музыкалық тәрбиелеудің әртүрлі әдістерін үйлестіреді. Бейнелік, ойын нысаны, әртүрлі жаттығуларды қолдану балалардың іс-әрекетке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Балалардың музыкалық қабілеттіліктерін дамыту педагогтың үнемі назарында болуы тиіс, әртүрлі әдістер мен құралдармен, соның ішінде музыкалық-дидактикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылуы тиіс.