- •2 Курс студентеріне 2009-2010 оқу жылының 3 семестріне арналған
- •Дәріс кешені
- •2. Стандарттаудағы негізгі тапсырмалары:
- •3. Стандарттау облысындағы негізгі түсініктер.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •3. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жалпы сипаттамасы.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •2.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау.
- •3. Мэк ұйымы. Құрлымы және функциялары.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •1. Сертификаттаудың мазмұны мен мағынасы.
- •2. Сертификаттаудың негізгі мақсаты мен ұстанымдары.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •2. Сертификаттаудың заңды және нормативтік базасы.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •Теориялық
- •Қолданбалы
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
- •050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
2. Стандарттаудағы негізгі тапсырмалары:
дайындаушылар,тұтынушылар, ұйымдастырушылар, тапсырыс берушілер арасын- дағы өзара түсіністікті қамтамасыз ету;
өнім сапасына, жұмыс процессіне, мемлекеттік және тұтынушының, адамдардың денсаулығы мен мулкіне, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді талаптарын орнату;
өнімнің (құрылғылық, электрлік, электрмагниттік, ақпараттық) өзара алмастырмалық талаптарын орнату;
өнімнің, бұйымның, материалдардың мінездемелермен көрсеткіштерін келістіру;
метрологиялық ережелердің, нормалардың, қосымшалардың талаптарын орнату;
бақылауды (сынауды, өлшеуді) нормативті –техникалық қамтамасыз ету және өнімді, жұмысты, қызмет көрсетуді сертификаттау, сапаны бағалау;
ҚР-ның заңдарын стандарттау саласы бойынша жабдықтар мен тәсілдерімен орнатуға атсалысу;
3. Стандарттау облысындағы негізгі түсініктер.
Жұмыстың көлеміне байланысты стандарттау халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.
Халықаралық стандарттау дегеніміз- кез-келген мемлекет органдары қатыса алатын стандарттау жұмысы. Халықаралық стандарттаудың нәтижесі болып қатысқан мемлекеттер қолдана алатын халықаралық стандарттар.
Мемлекетаралық стандарттау дегеніміз- мемлекетаралық стандарттаудың обьекті- лері болып табылады.
Аймақтық стандарттау дегеніміз- мемлекеттің бір экономикалық немесе география-лық аймағының органдары қатыса алатын стандарттау жұмысы. Аймақтық және халық- аралық стандарттауды мемлекеттердің мамандарымен жүргізіледі.
Ұлттық стандарттау дегеніміз- бір ғана мемлекетте бола алатын стандарттау.
Стандарт. Стандарттаудың халықаралық ұйымы келесі анықтаманы енгізді: «Стандарт- бұл тағайындалған органмен бекітілген оңтайлы шешімге жетуі үшін бағытталған нор-мативтік құжат». ҚР-ның Стандарттау туралы Заңына сәйкес Стандарт дегеніміз – екі жақтың негізінде келіскен, бірнеше рет қолданылатын тәртіптерді орнатқан, жалпы ұстанымдары бар құжат.
Стандарттау саласындағы нормативтік құжат дегеніміз- стандарттау саласындағы әртүрлі ережелерді,мінездемелерді, принциптерді (ұстанымдарды) тағайындайтын құжат.
Жүздеген халықаралық ұйымдар стандарттау мен сертификаттау ұйымдары тұтынушылар мүддесін қорғайтын біріңғай құжаттар дайындап, өзгермелі өндірістік жүйелерді, техниканы, машиналар мен приборлар жүйесін күні бұрын құрастырылған бөліктерді пайдаланып, жобалауды жүзеге асырмақ. Болашақта стандарт жүйесі қауіпсіздікке, тех-никалық үйлесімділік пен алмастырымдылыққа, экологиялық ұстанымдарға негізделген.
Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.
050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар тмо-21,23 оқытушы: Кушалиев д.К.
2-ші дәріс
Тақырыбы: «Стандарттау түрлері және нормативтік құжаттар»
Дәріс сабақтарының сұрақтары:
1.Стандарттау әдістері.
2.Стандарттау функциялары.
3.Стандарттаудың нормативтік құжаттары.
1.Стандарттау әдістері дегеніміз - стандарттаудың алдына қойған мақсаттарына жетуге бағытталған, тәсілдердің жиынтығы. Стандарттау әдістеріне – шектеу әдісі (симплификация), типтеу, унификациялау, агрегаттау және стандарттау(параметрлік) әдістері жатады.
Шектеу әдісі - бұл қоғамдық өндірісте одан әрі өндіруге және қолдануға тиімсіз деп табылған нақты обьектілерді анықтауға бағытталған кәсіп.Бұл әдіс экономикалық тиімді және өтімді бұйымдар мен материалдардың номенклатурасын қысқартады.
Типтеу әдісі – құрылғылардың, технологиялық ережелерді, құжаттардың түрлерін дайындап - жасайтын кәсіп.Типтік шешімдер құрылыста, машина жасауда, технологиялық реттеуде, ұйымдастыру және басқару кәсібінде кеңінен қолданылады.Әдіс технико-экономикалық тиімді және жаңа обьектілерді дайындауға, олардың сапасын арттыруға уақыт шығынын қысқартады және еңбек пен қаржы шығынын азайтады.
Унификациялау әдісі – бірдей функционалды арналған типтік бөлшектер,агрегаттар санын қысқартатын кәсіп - өнімді унификациялау деп аталады. Унификацилаудың негізгі бағыттары:
Бұйымдардың, машиналардың, жабдықтардың, аспаптардың, түйіндер мен бөлшектердің қатарларын дайындау;
Унификацияланған технологиялық процесстерді дайындау;
Унификациялау бойынша жұмыстардың нәтижесі әр түрлі рәсімделеді;
Унификациялау деңгейінің бір көрсеткіштерінің бірі болып - унификация коэффициенті табылады, ол төмендегі формула бойынша есептелінеді:
Мұндағы: n- бұйымдағы бөлшектердің жалпы саны; дана.
n – алғаш дайындалған оригинал бөлшектердің саны.
Бұнда бөлшектердің жалпы санына оригиналдықтан басқа стандартты бөлшектер кіреді.
Агрегаттау әдісі – геометриялық және функционалдық өзараалмастырмалық негізінде, әртүрлі бұйымдарды дайындау кезінде көп мәрте қолданылатын машиналарды, аспаптарды және жабдықтарды стандартты түйіндерден құрастыру әдісі.Агрегаттау машинажасауда, радиотехникада кеңінен қолданылады.
Стандарттау әдісі- унификациялау, типтеу, агрегаттау және шектеу әдістері базасында обьектілер номенклатурасын халық шаруашылығына тиімді құрастырып, нәтижесін стандарт түрінде рәсімдейді.
2.Стандарттау функциялары.Әлеуметтік және техникалық, экономикалық мақсатқа жетуі үшін стандарттау белгілі функияларды орындайды.
Реттеу функциясы. Ол обьектілерді алуан түрлілігін, нормативтік құжаттардың қысқартып, шектеуге негізделген.
Сақтау функциясы.Өнімді тұтынушылардың, дайындаушылардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Рессурстарды сақтау функциясы. Ол материалдық, энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстарды шектеп, ресурстар шығынын үнемдеуге негізделген нормативтік құжаттарды орнату арқылы орындалады.
Коммуникативтік функция. Ол адамдардың, соның ішінде мамандардың құжат-құралдардың, аппарат жүйелерін компьютерлік,спутниктік және жолдама беру жолдарын пайдалану бойынша өзара қарым- қатынасына негізделеді.Бұл функция саудадағы кедергілерді жойып, экономикалық және ғылыми- техникалық қатынасқа ықпалдауға бағытталған.
Өркениеттеу функциясы. Өнім мен қызмет көрсетудің сапасын жоғарлатуға бағытталған. Мемлекеттік стандарттар талаптарынының қатаңдығы, ел тұрғындарының өмір ұзақтығына тікелей байланысты.
Ақпараттық функциясы. Стандарттау материалдық өндірісті, ғылымды, техниканы және басқа сфераларды да, техникалық және басқарма аппараттарының тасымалдағышы ретінде өндірісті каталогтарымен, өнімдердің этлондарымен, үлгілермен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етеді.
Құқықтық функциясы. Стандарттау обьектілеріне қойылатын талаптарды міндетті стандарт түрінде заңды және жалпы қолдану арқылы заңды түрге енгізуге негізделген.
