- •2.3 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
- •1.6 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
- •1.6 Тісті жұлу операциясының этаптарын атаңыз. Науқасқа тісті жұлғаннан кейінгі ұсынысты беріңіз.
- •2.7 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
- •4.5 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
- •4.5 Тісті жұлу операциясының этаптарын атаңыз. Науқасқа тісті жұлғаннан кейінгі ұсынысты беріңіз.
Болжамды диагноз. 1.6 тіске таңдалған хирургиялық емдеу әдісін негіздеңіз.
1.6 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
1.6 тісті жұлу үшін жансыздандыру тәсілдерін атап шығыңыз.
1.6 Тісті жұлу операциясының этаптарын атаңыз. Науқасқа тісті жұлғаннан кейінгі ұсынысты беріңіз.
Тісті жұлғаннан кейін пайда болуы мүмкін жергілікті асқынуларды атаңыз. Альвеола аймағының ашылуы және альволаның өткір қырларының болуынан пайда болған ұяшықтарға ауыру сезімі кезіндегі сіздің тактикаңыз, асқынудың себептері.
Ситуациялық есеп №7
Науқас А., 63 жаста, стоматологиялық емханаға 2.7 тісте қайталанатын, тамақ тістегенде күшейетін қатты ауру сезімімен шағымданып келді. Ауру анамнезінде: 3 апта бұрын науқас дәрігер стоматологқа 2.7 тісті емдеу мақсатымен қаралған. Дәрігер-стоматолог-терапевтпен консервативті емдеу жүргізілген, бірақ ем түбір өзектерінің облитерациясы мен өтімділігінің нашарлығы салдарынан нәтижесін болған. Тіс герметизмге шыдамады. Сыртқы тексеріс кезінде: бет конфигурациясы өзгеріссіз, тері жамылғысы таза, регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысын тексеруде: 2.7 тістің дистальді-шайнау беткейінде терең кариозды қуыс, тіс қуысымен байланысқан. Тістің перкуссиясы қатты ауырсынады. 2.7 тістің айналасындағы шырышты қабат ісінген, қызарған, пальпацияда ауырсыну сезімі бар. Ауыз ішілік ретген көрінісінде: ұрттық түбір өзегі 1/3 ұзындықта көрінеді, дистальді бағытқа қисайған. Ұрттық түбірінің ұшында сүйек тінінің деструкциясы овальді формада анық шекарамен диаметрі 3-4 мм ошақ анықталды.
Тапсырма:
Болжамды диагноз 2.7 тіске таңдалған хирургиялық емдеу әдісін негіздеңіз.
2.7 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
2.7 тісті жұлу үшін жасалатын жансыздандыру әдістерін таңдаңыз.
2.7 тісті жұлу кезеңдерін атаңыз. Науқасқа тісті жұлғаннан кейін ұсыныстар беріңіз.
Тісті жұлу кезінде мүмкін болатын жоғарғы жақ қуысына еніп кеткен кезде сіздің тактикаңыз. Асқынудың себептері.
Ситуациялық есеп №8
Науқас М., 28 жаста, 1.5 тісін жұлдыру үшін хирургиялық кабинетке келеді. Соңғы кезде үнемі сыздап ауыратын сезім мазалайды. 1.5 тіс бұрын ауырған, соңғы екі жыл ішінде үздік-үздік жедел ауру сезімі болған. Емханаға тісті емдеу мақсатында қаралған, бірақ ауру сезімдері тағы да пайда болған. Медициналық картасының соңғы жазбасында 1.5 тіс периодонтит диагнозымен емделген, өлеттенген ұлпаны алу барысында пульпоэкстрактор түбір өзекте сынған, сынықты алып, өзекті өтуге мүмкіндік болмағаны анықталды. Сыртқы қарауда: бет-әлпет конфигурациясында өзгерістер жоқ, тері жамылғысы қалыпты, таза, регинарлы лимфа түйіндері сәл ұлғайған. Ауыз қуысын қарауда 1.5 тіс сауыт бөлігі 2/3 деңгейде зақымдалған, перкуссияда ауырады. Ауыз ішілік рентгенограммада түбір өзегінің үштен бір бөлігінде сынған инструмент байқалады, түбір ұшы аймақта сүйек тінінің оваль пішінде, шекарасы анық 3мм сүйек тінінің деструкциялық ошағы анықталды. Дәрігер 1.3 тісті жұлуды шешті.
Есеп:
Болжамды диагноз. 1.5 тіске таңдалған хирургиялық емдеу әдісін негіздеңіз.
1.5 тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз және атаңыз.
1.5 тісті жансыздандыру әдістерін атаңыз.
1.5 тісті жұлу кезеңдерін атаңыз. Жұлынғаннан кейін ұсыныс беріңіз.
Тісті жұлғаннан кейін пайда болатын жергілікті асқынуларды атаңыз. Жұлынған тіс ұяшығынан қан кеткен жағдайда сіздің тактикаңыз. Асқыну себептері.
Ситуациялық есеп №9
Науқас М. 65 жаста, 2.4 тісін жұлдыруға хирург-стоматологқа қаралды. Пациент ортопедиялық емге дайындалуда. Сыртқы қарауда: бет-әлпет конфигурациясы ешқандай өзгеріссіз, лимфа түйіндері ұлғаймаған, тері жамылғысы таза. Ауыз қуысын қарағанда: 2.4 тіс түбір бифуркациясына дейін зақымдалған, түбірлері қызыл иекті жарақаттайды.
Есеп:
Болжамды диагноз. 2.4 тіске таңдалған хирургиялық емдеу әдісін негіздеңіз.
2.4 тіс түбірін жұлуға арналған құралды таңдаңыз.
2.4 тісті жансыздандыру әдістерін атаңыз.
2.4 тісті жұлу кезеңдерінде атаңыз. Жұлғаннан кейін науқасқа ұсыныс беріңіз.
Тісті жұлу барысында болатын жергілікті асқынуларды атаңыз. Сынған жағдайда және көрші тістің шығуы кезінде сіздің тактикаңыз. Асқынулардың себебі.
Ситуациялық есеп №10
Науқас К., 26 жаста, 4.5 тістің сауытының бұзылуына шағымданып қаралды. Анамнезінен: тісжегінің асқынуы бойынша 6 жыл бұрын тіс емделген, нәтижесіз эндодонтиялық ем жүргізілген. 2 жыл бұрын пломба түсіп қалған, тіс біртіндеп бұзылған. Сыртқы бет-әлпетін қарағанда: бет-әлпетінің конфигурациясы өзгеріссіз, регинарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысын қарап тексергенде: 4.5 тістің сауыты ½ терең тісжегі қуысынан бұзылған. Тісжегі қуысының дистальды қабырғасы қызылиек жиегінен төмен деңгейде жоқ. Тіс қуысында – пломбылық материал. Перкуссия ауырсынусыз. 4.5 тіс маңындағы өтпелі қатпардың сілемейлі қабаты пастозды, кішкене цианоздалған, басқанда ағарады, пальпация ауырсынусыз, тістемі – ортагнатиялық. Ауыз ішілік рентгенограммада: 4.5 тіс түбір өзегі түбірдің 2/3 ұзындығына рентгенконтрастты материалмен толтырылған. Периапикальды тілдерде дөңгелек пішінді диаметрі 5 мм шекарасы анық сүйек тінінің деструкциясы анықталды.
Тапсырма:
